"Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-4/176 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 15-05/854 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 6 қарашада № 12250 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-4/176 бұйрығына 
(бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11376 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидаларын бекіту туралы»;
      Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      Қағидалар тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидалары»;
      Қағидалардың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидалары «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленді және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуге арналған пестицидтер (улы химикаттар) қорын құру және сақтау тәртібін айқындайды.»;
      Қағидалар мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
      «6. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау Қазақстан Республикасының химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс.
      7. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау қорғау шаралары сақтала отырып жүзеге асырылады, олар:
      1) сақтауға арналған орамаға және ыдысқа қойылатын талаптарды;
      2) химиялық өнім орамасының рұқсат етілген массасын және оның сақталу мерзімін;
      3) сақтау кезінде өнімнің химиялық өнімнің басқа түрлерімен сыйысымдылығын;
      4) сақтауға қойылатын жалпы талаптарды (температура, қысым, ылғалдылық, жарық);
      5) өздігінен жануға және өздігінен ыдырауға, оның ішінде қауіпті өнімдер түзей отырып ыдырауға бейім химиялық өнімге қолданылатын арнайы шараларды;
      6) орамасын, ыдысын қауіпсіз түрде қайталап пайдалану және (немесе) оларды кәдеге жарату жөніндегі шараларды;
      7) авариялық жағдайларды болғызбау және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды;
      8) персоналдың жеке қорғану құралдарын;
      8. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау оның тұтыну қасиеттерін және адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті қасиеттерінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін орамада жүзеге асырылады.
      9. Пестицидтерді (улы химикаттарды) массасының жол берілетін нормасы оның әсер етуі немесе түрлену өнімдері қауіпсіздігін белгіленген мерзім ішінде қамтамасыз етуге тиіс.
      10. Негізгі пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіптілік қасиеттерін арттыра түсетін, жаңа қосылыстар түзу қабілеті бар пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезінде осындай түрлену мүмкіндігін болғызбайтын барабар қорғау шаралары қамтамасыз етілуге тиіс.
      11. Ұқсас заттар үшін ғана ыдысты қайта пайдалануға болады. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау шарттары оның кездейсоқ араласып кету мүмкіндігін болғызбауға тиіс.».
      Жоғарыдағы оң жақтағы бұрышындағы «Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицитердің (улы химикаттардың) қорын құру қағидаларына қосымша» сөздері мынадай редакцияда жазылсын:
      «Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицитердің (улы химикаттардың) қорын құру және сақтау қағидаларына қосымша».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 8 қазан

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________Е. Досаев
      2015 жылғы 7 қазан

Өсімдіктер карантині жөніндегі
іс-шараларды жүргізу үшін
пестицитердің (улы химикаттардың)
қорын құру және сақтау қағидаларына
қосымша

Өсімдіктер карантині жөніндегі
іс-шараларды жүргізу үшін
пестицитердің (улы химикаттардың)
қорын құру қағидаларына қосымша

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін
пестицитердің (улы химикаттардың) қорының нормативтері

р/с
Карантиндік объектілердің атауы Өңделетін алаңның пестицидтер (улы химикаттар) қоры (пайызда), дейін
Карантиндік зиянкестер

1

Grapholitha molesta (Busck.) –
Жемістің шығыс жемірі

30

2

Quadraspidiotus perniciosus (Comst.) –
Калифорниялық қалқаншалы сымыр

100

3

Pseudococcus comstocki Kuw. –
Комсток сымыры(құрты)

30

4

Hyphantria cunea Drury. –
Америкалық ақ көбелек

30

5

Myiopardalis pardalina Big – Қауын шыбыны

30

6

Lymantria dispar L.(asian race) –
Жұпсыз жібек көбелегі

30

Карантиндік арамшөптер

7

Ambrosia artemisiifolia (L.) –
Жусан жапырақты ойраншөп

10

8

Ambrosia psilostachya (D.C.) –
Көп жылдық ойраншөп

10

9

Acroptilon repens (D.C.) – Жатаған укекіре

10

10

Solanum rostratum Dun. – Тікенекті алқа

10

11

Cuscuta sp.sp – Арам сояуылар

10