"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қазанда № 12195 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларындағы іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          А. Рау

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 23 қыркүйек

                                      Қазақстан Республикасы
                             Инвестициялар және даму министрінің
                                       міндетін атқарушының
                                      2015 жылғы 10 қыркүйек
                                         № 906 бұйрығымен
                                           бекітілген

  «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу
  өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс
индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу
      және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру»
            мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

                     1. Жалпы ережелер

      1. «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

          2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

       4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – 23 (жиырма үш) жұмыс күн;
      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат (бұдан әрі – өңдеу шарттары туралы құжат).
      Өңдеу шарттары туралы құжатты қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды түрде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүргізіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес демалыс және мейрам күндері немесе жұмыс күні аяқталғаннан кейін хабарласқан жағдайда, арызды қабылдау мен көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды алуға арналған өтiнiш;
      тұлғаны куәландыру құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);
      сыртқы экономикалық мәміле, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар жасалғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
      шетелдiк тауарлардың және (немесе) Кеден одағы тауарларының және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес олардың өңделген өнiмдерiнiң атауы мен сыныптамасын, олардың саны мен құнын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      тауарларды өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесi;
      2) порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды алуға арналған эдектронды өтiнiш, көрсетілетін қызметті алушыны куәландыратын ЭЦҚ;
      сыртқы экономикалық мәміле, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар жасалғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
      шетелдiк тауарлардың және (немесе) Кеден одағы тауарларының және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды өңдеу өнiмдерiнiң атауы мен сыныптамасын, олардың саны мен құнын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      тауарларды өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесi.
      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін берген мәліметтерін және құжаттарын үшінші тұлғаларға беруге, жариялауға қақысы жоқ, егер өзгелері Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілмесе.

     3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
    мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
  (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
              (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе мына мекенжай бойынша Министрліктің басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012 кабинет, телефоны: 8 (7172) 75 43 22, 75 43 23.
      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

       4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
  электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
                  қойылатын өзге де талаптар

       12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 85, 75 48 76. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

                                «Жеңіл, тау-кен металлургия, химия,
                                фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі
                                салаларында, сондай-ақ машина жасау
                              және құрылыс индустриясында тауарларды
                             Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және
                              ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы
                               құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін
                                 қызмет стандартын бекіту туралы»
                               Қазақстан Республикасы Инвестициялар
                                         және даму министрінің
                                      2015 жылғы 10 қыркүйектегі
                                       № 906 бұйрығына қосымша

                                                              Нысан

       Тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі
      тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған
                                  өтініш
         __________________________________________________________
          (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
       _____________________________________________________ (кімнен)
    (Өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы (Т.А.А)

                                Өтініш

_____________________________________________________________________
    (кеден одағының кеден аумағында/аумағынан тыс, ішкі тұтыну үшін)
_____________________________________________________________________
                      (өңдеу түрін көрсету)
______________________________________________________ өңдеу шарттары
туралы құжатты беруді сұраймын
_____________________________________________________________________
      Қажетті мәліметтер:
1. Тұлғаның атауы____________________________________________________
                        (өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)
_____________________________________________________________________
БСН, СТН (заңды тұлғалар үшін), СТН, ЖСН (жеке тұлғалар үшін), банк
деректемелері) ______________________________________________________
2. Өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар)
туралы мәліметтер ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН (заңды тұлғалар үшін), СТН, ЖСН
(жеке тұлғалар үшін), банк деректемелері)
3. Тауардың атауы____________________________________________________
4. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды, оның саны мен
құны_________________________________________________________________
5. Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын
құжаттар, оған қосымша және (немесе) толықтыру немесе тұлғаның ниетін
растайтын өзге құжаттар туралы мәліметтер ___________________________
_____________________________________________________________________
6. Өңдеу өнімдерінің шығу нормалары мен атауы________________________
_____________________________________________________________________
7. Тауарларды өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау
тәсілдері____________________________________________________________
8. Тауарларды сәйкестендіру тәсілі __________________________________
_____________________________________________________________________
9. КО СЭҚ ТН-ға сәйкес қалдықтар мен артық қалдықтар сыныптамасының
атауы, олардың саны мен құны ________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Тауарларды өңдеу мерзімі ________________________________________
11. Балама/шетелдік тауарлармен алмастыру ___________________________
_____________________________________________________________________
                 (егер мұндай алмастырулар болжанса)
12. Қалдықтарды кейіннен коммерциялық пайдалану мүмкіндіктері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
13. Кеден органдары _________________________________________________
                 (тауарларды өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру
                     және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
14. Қоса берілетін құжаттар__________________________________________

Басшы       _____________                ____________________________
               (қолы)                     (тегі, аты, әкесінің аты)

Мөрдің орны
20_______ жыл «___» ______
Өтініш қарауға 20______ жыл « __ » ______ Кіріс № ______ қабылданды.