"Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 572 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қазанда № 12184 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 384 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 03.08.2017 № 384 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 224 (28163) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім және ғылым саласындағы мамандардың сәйкестігін растау және біліктілікті беру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-6-бабына сәйкес әзірленген, білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 19 наурызда № 10513 болып тіркелген "Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 116 бұйрығымен белгіленген тәртіппен аттестатталған маман;";

      2-тараудың 2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру тәртібі";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "4. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беруді мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі тәуелсіз мекеме (бұдан әрі – СРМ) жүзеге асырады.

      5. Үміткерлердің біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру туралы өтініштерін (бұдан әрі - өтініш) СРМ осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдайды және өтініш түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарастырады.

      6. Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімдерін өткізу мақсатында СРМ жанынан өкілеттік мерзімі / күнтізбелік бір жыл болатын біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.";

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "3) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасына сәйкес біліктілік емтихандарын қабылдау;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімінің объективтілігін және ашықтығын қамтамасыз етеді;";

      12-тармақтың 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1) кәсібі бойынша біліктілік сәйкестігін растау (растамау) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу);

      2) кәсібі бойынша біліктілігін беру (бермеу) және біліктілік туралы сертификат беру (бермеу).";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "13. Комиссияның біліктілік сәйкестігін растау немесе тиісті біліктілігін беру туралы шешімі хаттамамен ресімделеді және СРМ бұйрығымен бекітіледі.";

      2-тараудың 3-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "3-параграф. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "14. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру рәсімінде СРМ мыналарды қамтиды:

      1) үміткерден өтініштерді қабылдау;

      2) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасына сәйкес өтініштерді бағалау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік сәйкестікті растауға және біліктілігін беруге арналған өтініш бойынша шешім қабылдау;

      3) тараптардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін көрсете отырып, СРМ мен үміткер арасында біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қызметтерін жүргізуге арналған шарт жасау;

      4) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру және бағалау нәтижелерін құжаттау сызбасының талаптарына сәйкес емтихан өткізу;

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау бойынша шешім қабылдау және оң шешім қабылданған жағдайда біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру туралы сертификатын беру;

      6) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасына сәйкес қайта сертификаттау өткізу.

      7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген сертификаттарды есепке алу тізілімдегі тиісті жазбамен сертификат беру.";

      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "3) біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасын жетілдіру туралы ұсыныс енгізу.";

      22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "22. Сертификат алған тұлға, сертификат бүлінген жағдайда нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сертификатының көшірмесін беру туралы СРМ-ға өтініш беру керек, сертификаттың бүлінген түпнұсқасын өтінішке қоса ұсыну қажет.

      "23. СРМ сертификаттың жоғалуы мен бүлінуі туралы өтінішті қарайды және сертификаттарды беруді есепке алу тізілімінің негізінде "Көшірме" сөзін, бұрынғы нөмірлерді, берілу күні мен қолданылу мерзімін көрсетумен біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сертификатының көшірмесін береді.";

      Білім және ғылым саласындағы мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру қағидаларының 1, 2, 3 және 4-қосымшасы осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Б.Қ. Молдабаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты күнтізбелік оң күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 572 бұйрығына 1-қосымша
  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 1-қосымша

      Нысан

      Біліктілік сәйкестігін растауға және

      оларға біліктілігін беруге арналған

Өтініш

ФОТО

4х6

      _____________________________________________________________ (кімге)

      (мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      органының толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (кімнен)(аты-жөні, лауазымы, жұмыс орны, мекен-жайы, телефоны, e-mail)

      _________________________________________________ бойынша сәйкестікті

      (біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру саласын көрсету)

      растауды сұраймын.

      Мен _____________________________________________________ саласындағы

      сертификаттау процесіне қатысты нормативтік құжаттардың шарттарымен

      және талаптарымен таныстым және қабылдаймын.

      Менің өтініштегі нысанда келтірген деректерімді тізілімде жариялануға

      болады.

      Мен берген мәліметтер рас, келешекте біліктілік сәйкестігін растау

      және біліктілігін беру органына және жеке мәліметтердегі барлық

      өзгерістерді хабарлауға міндеттенемін.

      Мен дұрыс емес ақпарат берген жағдайда тізілімнен шығаруды түсінемін

      және қабылдаймын.

      Қосымшалар:

      1. Жеке куәлік (көшірмесі);

      2. Жұмыс орнынан мінездеме (болған жағдайда)

      3. Білім туралы құжаттың (көшірме, болған жағдайда);

      4. Тиісті мамандық бойынша еңбек өтілін растайтын құжат

      (көшірме, болған жағдайда);

      5. Сертификаттау саласындағы біліктілікті арттыру туралы куәлік

      (көшірме, болған жағдайда).

      Күні, өтініш берушінің қолы, қол қоюларды ажырату.

      Ескерту – барлық көшірмелердің әр беті ұйымның мөрімен немесе

      нотариалды түрде расталады.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 572 бұйрығына 2-қосымша
  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жоспары
20__ жылғы "___"__________

      _____________________________________________________________________

      (біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру органының атауы)

      20 __ жылғы "___"_________ өтінішті қарастырып қосымша құжаттармен

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің аты-жөні, мекен-жайы, телефоны)

      біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беруге

      _____________________________________________________________________

      (қызметтің атауы)

      Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру жөніндегі орган

      ШЕШТІ:

      1. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      _________________________________________ сызбасы бойынша өткізілсін.

      (біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру сызбасының нөмірі)

      2. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру үшін өтініш

      берушінің құзыреттілігін тексеру

      _____________________________________________________________________

      (құзыреттілігі тексерілетін орталықтың атауы) базасында жүргізілсін.

      3. Біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      _____________________________________________________________________

      (нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні (керек болса

      тармақтардың нөмірлері) талаптарға сәйкес өткізілсін.

      4. Жұмыстар _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (шарттың нөмірі мен күнін көрсету)

      негізінде жүргізілсін.

      _________________________________ М.О. ______________________________

      (Біліктілік сәйкестікті растау (тегі, аты-жөні)

      жөніндегі орган басшысының қолы)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 572 бұйрығына 3-қосымша
  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

      _________________________________________________________________

      жөніндегі органның атауы

СЕРТИФИКАТ

      Осы сертификат ___________________________________________________ ке

      (тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (негізінде сертификат берілген нормативтік құжат)

      ________________________________________________________ біліктілікті

      беруге/растауға сәйкес берілді

      берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген

      № ____________________________ 20 ____ жылғы "___" __________ берілді

      20 __ жылғы "__" _______ ға дейін жарамды

      Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарын бітірген диплом алған

      күннен бастап бір жыл аралығында сертификаттаудан өткен тұлға үшін

      мерзімсіз болады.

      Заңды тұлғаның басшысы (егер мамандардың біліктілік сәйкестігін

      растау және біліктілігін беру органы заңды тұлғаның құрылымдық

      бөлімшесі болып табылса)

      ____________________ _________ ____________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

      МО

      Мамандардың біліктілік сәйкестігін растау және біліктілігін беру

      органының басшысы

      ________________ _________ ____________________

      (лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 572 бұйрығына 4-қосымша
  Білім және ғылым саласындағы
мамандардың біліктілік сәйкестігін
растау және біліктілігін беру
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

Берілген сертификаттарды есепке алу
ТІЗІЛІМІ

п/п

Сертифи-

каттың

тіркеу

нөмірі

Беріл-

ген күні

(күні,

айы,

жылы)

Серктификат

алған тұлға

А.Ж.Т.

Сертификат

берген өкілетті

органның аталуы

Кәсіптің

мамандықтың

аталуы

немесе

кәсіптік

қызметтің

саласы

Сертификаттың

жарамды мерзімі

Алушының

қолы