Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 15-02/810 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 қазанда № 12176 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 15-02/810 бұйрығымен
бекітілген

"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/654 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12088 болып тіркелген) бекітілген "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Көрсетілетін мемлекеттiк қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандарттың 6-тармағына сәйкес.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері:

      көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш пен құжаттарды қабылдап алады, құжаттарды қабылдау күні мен уақытын, сондай-ақ құжаттарды қабылдаған көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсете отырып қолхат береді, қарар жазу үшін өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – өтініштер мен құжаттарды ресімдеу уақыты – отыз минуттан артық емес;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысын айқындайды, оған көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын қарауға жолдайды – өтініштерді және құжаттарды беруге арналған уақыт – екі сағаттан артық емес;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, оған көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын жолдайды – өтініштер мен құжаттарды беруге арналған уақыт – бір сағаттан артық емес;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды береді – көрсетілетін қызметті алушының өтініштері мен құжаттарын қарауға және дәлелді бас тартуды дайындауға арналған уақыт – екі жұмыс күнінен артық емес;

      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініштер мен құжаттарда көрсеткен мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61-бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) бекітілген Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 15, 16, 30, 31-тармақтарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу жоспарымен салыстырады, қорытындының жобасын дайындайды – құжаттарды қарау және қорытындының жобасын дайындау – сегіз жұмыс күнінен артық емес;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қорытынды жобасын келісуді жүргізеді немесе оны пысықтауға кері қайтарады – қорытынды жобасын келісуге арналған уақыт – бір сағаттан артық емес;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қорытынды жобасына қол қояды немесе оны пысықтауға кері қайтарады – қорытынды жобасына қол қоюға арналған уақыт – екі сағаттан артық емес;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы:

      көрсетілетін қызметті алушыға электрондық түрде ресімделген, қағаз жеткізгіште басып шығарылған, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрі және қолымен куәландырылған қорытындыны береді – қорытындыны беруге арналған уақыт – отыз минуттан артық емес;

      көрсетілетін қызметті беруші электрондық түрде жүргізетін шығыс хат-хабарлар журналында белгі қояды.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:

      кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушының барлық талап етілетін құжаттарының болуы туралы белгі немесе көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту;

      көрсетілетін қызметті алушы өтініште және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында көрсеткен мәліметтердің көрсетілетін қызметті алушы бекіткен пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеу (ұсақ мөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізу жоспарларына сәйкес келуі;

      қорытындының жобасын келісу және қол қою;

      қорытындыны беру.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекетік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық – функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске қосылады:

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты басшысы;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      Порталмен жұмыс істеу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесіне қатысатын ҚФБ-нің әрқайсысы өзінің есептік жазбасымен және паролімен тіркелуге және авторизациялануға тиіс.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ҚФБ-сы арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде көрсетіледі.

4. Порталмен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға не көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңба болу шартымен электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және көрсетілетін қызметті берушінің ҚФБ-сі мен көрсетілетін қызметті алушының арасындағы порталдағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің порталдағы іс-қимылдары мен шешімдерінің қадамдық сипаттмасында келтірілген.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің және порталдың жұмыс кестесі Стандарттың 8-тармағында көрсетілген.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының шешіміне
сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті
және өндірістік) сынақтарын
және (немесе) ғылыми
зерттеулер жүргізу үшін
өсімдіктерді қорғаудың
тіркелмеген құралдарының
(пестицидтердің) үлгілерін
әкелуге арналған қорытынды
(рұқсат құжаты) беру"
мемлекеттік қызмет
регламентіне
1-қосымша

"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді
қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған
қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес процестері анықтамалығы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     


  Еуразиялық экономикалық
комиссия алқасының шешіміне
сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және
өндірістік) сынақтарын және
(немесе) ғылыми зерттеулер
жүргізу үшін өсімдіктерді
қорғаудың тіркелмеген
құралдарының (пестицидтердің)
үлгілерін әкелуге арналған
қорытынды (рұқсат құжаты)
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 25.09.2017 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Көрсетілетін қызметті берушінің порталдағы іс-қимылдары мен шешімдерінің қадамдық сипаттамасы

      1. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері порталда өзінің есептік жазбасымен авторизацияланады, жүйеге кіру үшін өз деректерін толтырады және "Келіп түскен өтінімдер" деген қосымша бетті таңдап алады



      2. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері кіріс нөмірін береді және "Өтініш" деген қосымша беттегі "Келіп түскен өтінішті өңдеу" дегенді басады.



      3. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері осы қызметтік бизнес-процесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысын таңдайды және "Сақтау" түймесін басады.



      4. Міндет көрсетілетін қызметті берушінің басшысына "Өңдеуге міндеттер" келіп түседі, ол порталда "Міндет тағайындау" деген қосымша бетте "Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына" міндетін тағайындау үшін "Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы" деген өзінің есептік жазбасымен авторизацияланады.



      5. Міндет көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына "Өңдеуге міндеттер" келіп түседі, ол порталда "Міндетті тағайындау" деген қосымша бетте "Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына" міндет тағайындау үшін "Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы" деген өзінің есептік жазбасымен авторизацияланады.



      6. Міндет көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына "Өңдеуге міндеттер" қосымша бетке келіп түседі, ол порталда өтінішті өңдеу және барлық қосымша парақтарды тексеру үшін "Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы" деген өзінің есептік жазбасымен авторизацияланады.



      7. Жауапты орындаушысы "Мәліметтер нысаны" және "Талап етілетін құжаттардың тізімдемесі" деген қосымша беттерді ашады, барлық құжаттардың бар-жоғын тиісті бағанадарды белгілей отырып (бар, сәйкес келеді), қарап шығады. Барлық қажет құжаттар бар болған және сәйкес келген жағдайда "Барлығы ұсынылған" және "Сақтау" түймесін басады. Құжаттар сәйкес келмеген жағдайда "Ескертпе" жолын толтырады.



      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы "Шешім" және "Редакциялау" қосымша беттерді ашады, тиісті жолдарды толтырады. Оң шешілген жағдайда шешім жобасын қалыптастырады, "Шешім негізі" деген қосымша беттің жолын толтырады және шешім жобасын құрылымдық бөлімшенің басшысына келісуге жолдайды. Бас тартқан жағдайда "Бас тарту себебі" деген қосымша беттің жолын толтырады.



      9. Міндет мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесіне сәйкес шешім жобасын келісу процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына келіп түседі, ол "Шешім" деген қосымша бетке деректерді толтырғаннан кейін қорытындыны келіседі және міндетті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды немесе шешім жобасын пысықтауға жібереді.



      10. Шешім жобасы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бизнес-процесіне сәйкес қорытынды жобасына қол қою процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келіп түседі, ол "Шешім" деген қосымша бетке деректерді толтырғаннан кейін қорытындыға қол қояды немесе шешім жобасын пысықтауға жібереді.



      11. Шешімге қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы құжатты "Менің рұқсатты құжаттарым" деген қосымша беттен қорытындыны қарап, жүктей алады. Қол қойылған қорытынды "Рұқсат құжаттарының тізілімі" деген қосымша бетте сақталады.