Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 748 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қазанда № 12171 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары тіркеудің техникалық құралдарымен жарақтауды тиісті жылға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде кезең-кезеңмен жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция
      генерал-полковнигі                          Қ. Қасымов

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы «___» ___________

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 748 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жол-патрульдік полициясы бөліністері қызметкерлерінің қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау фактілерін және іс-әрекетін тіркеудің техникалық құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

р/с №

Мүлік атауы

Саны (к-т)

Тиесілігі

Ескертпе

Пайдалану уақыты

1

Портативтік бейнетіркегіш (бейнежетон)

1

Жол-патрульдік полициясының әрбір қызметкеріне

Қызмет өткеру кезінде қолдану үшін

7 жыл

2.

Деректерді зарядтаудың, мұрағаттаудың және сақтаудың мультимидиялық терминалы (деректерді босату жүйесі)

50

Әрбір Ішкі істер департаментіне

1 станция 56 портативтік бейнетіркегішке дейін

7 жыл