Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын, шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қазанда № 12152 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысаны (үлгісі);
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мақта талшығының сапасы паспортының нысаны (үлгісі) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                       А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      _________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 20 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________ Е. Досаев
      2015 жылғы 3 қыркүйек

Қазақстан Республикасы           
Ауыл шаруашылығы министрінің        
2015 жылғы 30 наурыздағы          
№ 4-5/280 бұйрығына             
1-қосымша                   

Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және
шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мақта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын беру арқылы шитті мақтаны бастапқы өңдеу және қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететін заңды тұлға;
      2) өтініш беруші – шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
      3) сынау – шитті мақтаның бір немесе бірнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция;
      4) шитті мақта партиясы – сапасы туралы бір ілеспе құжатпен ресімделген бір селекциялық және өндірістік сорттағы, типтегі және сыныптағы шитті мақтаның саны;
      5) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік – шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына және (немесе) шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;
      6) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткізудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
      7) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана (орталық) – шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі – зертхана (орталық)).
      3. Зертхана (орталық) жүзеге асыратын шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмыс түрлері аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестатымен расталады.
      4. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік бiр мекенжайға, көлiк құралының бiр түрiмен тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған шитті мақтаның әрбiр бiртектi партиясына берiледi.

2. Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу
және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібі

      5. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау:
      1) сынамалар іріктеуді;
      2) сынақтар өткізуді;
      3) шитті мақтаның сапасы туралы куәлік ресімдеуді қамтиды.
      6. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау зертхана (орталық) мен өтініш беруші арасында жасалған шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмысты жүргізуге арналған шарт (бұдан әрі - шарт) негізінде жүргізіледі.
      7. Өтінім беруші зертханаға (орталыққа) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге өтінім (бұдан әрі - өтінім) береді, ол тіркеледі және оны зертхана (орталық) меңгерушісі өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде қарайды.
      8. Зертхана (орталық) меңгерушісі шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу жөніндегі маманды (бұдан әрі – зертхана (орталық) маманы) айқындайды, оған тапсырма мен өтінімнің көшірмесі беріледі.
      9. Сынамаларды iрiктеу өтiнiм тiркелген сәттен бастап 24 сағаттан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.
      10. Сынамаларды іріктеуді зертхана (орталық) маманы өтінім берушінің немесе оның өкілінің және мақта өңдеу ұйымы өкілінің қатысуымен жүргізеді.
      Сынамаларды іріктеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеу актісімен ресімделеді. Сынамалар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта сынамаларын тіркеу журналында тіркеледі, ол нөмірленеді және зертхана (орталық) меңгерушісімен қол қойылады.
      11. Шитті мақтаның іріктеп алынған сынамалары тастар, қорапшалар немесе олардың жақтаулары, жапырақтар түріндегі бөгде қоспаларсыз іріктеледі.
      Зиянкестермен және аурулармен (өсімдік биті, гоммоз, бактериялы-саңырауқұлақты ауру, «балтамшы») залалданған шитті мақта сапасына сараптама жүргізуге жатпайды.
      12. Сынақтар өтінімде көрсетілген сапа көрсеткіштері мен сынақ әдістері бойынша органолептикалық (шитті мақтаның сыртқы түрін стандарттық үлгілермен салыстыру жолымен) және аспаптық бағалау арқылы зертханада (орталықта) жүргізіледі.
      Сынақ нәтижелері бойынша сорт, түр, сынып, ластану және ылғал көрсеткіштері айқындалады, шитті мақтаның өзге сапа көрсеткіштері өтінім берушінің талабы бойынша айқындалады.
      Сынақ жүргізу мерзімдері зертхана (орталық) мен өтінім беруші арасында жасалған шартта жазылады.
      13. Сынақтан өткен, полиэтилен пакетке буып-түйілген және зертхана (орталық) маманы мөрлеген шитті мақта сынамалары зертханада (орталықта) мынадай мерзім ішінде:
      1) тиеп жөнелтілген және сақтаулы партияларға – шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің күші мерзімі ішінде;
      2) сапа бойынша келіспеушіліктер болған жағдайда – келіспеушіліктерді қарау толығымен аяқталғанға дейін сақталады.
      Сынақтан өткен шитті мақта сынамалары сөрелермен және қажет болса көтеру механизмдерімен жабдықталған, едендік төсемі бар үй-жайда сақталады. Сынамаларды сақтауға арналған үй-жайда сыз бен көгеру іздеріне жол берілмейді.
      14. Сараптама нәтижелері алынғаннан кейін 24 сағат аспайтын мерзімде шитті мақтаның сапасы туралы куәлік өтінім берушінің жеке өзіне немесе сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі, көшірмесі зертханада (орталықта) қалады және бір жыл бойы сақталады.
      15. Шитті мақтаның сапасы туралы куәлік түсінікті етіліп және түзетулерсіз толтырылады.
      16. Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің қолданыс мерзімін берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырмай зертхана (орталық) белгілейді.

Шитті мақтаның сапасына             
сараптама жүргізу және шитті          
мақтаның сапасы туралы куәлік          
беру қағидаларына                  
1-қосымша                       

Нысан                  

20__ жылғы «__» ___________

       Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуге №___
                           өтінім

Өтінім беруші (Өкіл) ________________________________________________
Мекенжайы ___________________________________________________________
Телефон, факс _______________________________________________________
______________________________________ мақта өңдеу ұйымында сақтаулы,
              (атауы)
___________________________________________________________ арналған,
               (мақсаты көрсетілсін)
салмағы _______________________________________________________ тонна
                            (жазбаша)
шитті мақта партиясының сапасына сараптама жүргізуді өтінемін.
Сынақтар мынадай сынақ көрсеткіштері мен әдістері бойынша жүргізіледі:
_____________________ ________________________________ ______________
  (көрсеткіш атауы)     (стандарттың нөмірі және күні)     (норма)

Өтінім беруші ______________ ________________________________________
              (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Мөр орны
Зертхана (орталық) маманы ______________________ орындауға жіберілді.
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Орындалуы туралы белгі: _____________________________________________

Шитті мақтаның сапасына             
сараптама жүргізу және шитті          
мақтаның сапасы туралы куәлік          
беру қағидаларына                  
2-қосымша                       

Нысан                  

                20____ жылғы «___» _______________
                  № _______ сынамаларды іріктеу
                              АКТІСІ

Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі жұмыстар жүргізуге
зертхана (орталық) мен өтінім беруші арасында жасалған 20__ жылғы
«__» ________ № ___ шарт (келісімшарт) негізінде, мен, ________
__________________________________ шитті мақтаның сапасына сараптама
   (зертхана (орталық) атауы)
жүргізу жөніндегі маманы ___________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда)
__________________________________________________________ қатысуымен
(өтініш берушінің, мақта өңдеу ұйымы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
                (бар болған жағдайда))
______________________________________ қолданыстағы стандартқа сәйкес
      (стандарттың № мен күні)
шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алдым.
Шитті мақтаның тұрған жері __________________________________________
                                (мақта өңдеу ұйымының атауы)
Шитті мақта партиясының № ___________________________________________
                                         (жазбаша)
Партия салмағы ________________________________________________ тонна
                                         (жазбаша)
Іріктелген сынама саны _________________________________________ дана
                                         (жазбаша)
Іріктелген сынама салмағы, килограмм ________________________________
                                                (жазбаша)
Сынамаларды іріктеу күні мен уақыты: 20_жыл «_ » _____ сағат __ минут
Зертхана (орталық) маманы: __________ _______________________________
                (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мақта өңдеу ұйымының өкілі: ________ ________________________________
                (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Өтінім беруші:__________ ____________________________________________
               (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Шитті мақтаның сапасына             
сараптама жүргізу және шитті          
мақтаның сапасы туралы куәлік          
беру қағидаларына                  
3-қосымша                       

         Нысан            

               Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы

Р/с

Күні

Өтініш
беруші

Сынамалар
іріктеу
жүргізілген
мақта өңдеу
ұйымының
атауы

Партия
салмағы,
тонна

Сынамаларды
іріктеу
актісінің №
мен күні

Сынаманы
іріктеген
зертхана
меңгерушісінің
тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған
жағдайда) және
қолы

1

2

3

4

5

6

7















Шитті мақтаның сапасына             
сараптама жүргізу және шитті          
мақтаның сапасы туралы куәлік          
беру қағидаларына                
4-қосымша                    

Нысан                  

     Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналы 

Р/с

Куәліктің
берілген
күні және
нөмірі

Шитті
мақта
иесі

Сынамалар
іріктелген
орын

Сынамаларды
іріктеу
актісінің
№ мен күні

Партия
№ мен
салмағы

Сынаманы
іріктеген
маманның
тегі, аты,
әкесінің аты
(бар болған
жағдайда)
және қолы

1

2

3

4

5

6

7















Қазақстан Республикасы           
Ауыл шаруашылығы министрінің        
2015 жылғы 30 наурыздағы          
№ 4-5/280 бұйрығына             
2-қосымша                   

Нысан)             
Форма             

Шитті мақта іріктелген күн             «____»____________ 20___ жылға
20___ жылғы «____» ____________________________________ дейін жарамды
Дата отбора проб хлопка-сырца Действителен до

«____» _________________ 20___ год «____» ________________ 20___ года
Шитті мақтаның сапасына сараптау жасау жөніндегі зертхананың атауы
Наименование лаборатории (центра) по экспертизе качества хлопка-сырца
Аккредиттеу аттестатының № және күні ______________ Мекенжайы _______
№ и дата аттестата аккредитации Адрес

             № _______ шитті мақтаның сапасы туралы куәлік
                 Удостоверение о качестве хлопка-сырца №

20___жылғы «____» _____________________ сынамаларды іріктеу актісімен
қоса сараптамаға берілген шитті мақтаның сынамасына
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________ берілді
Выдано на пробу хлопка-сырца, представленную на экспертизу с актом
отбора проб № _______ от «____» ____________20___года _______________
Мақтаның сорты _ Егін жылы __ Партия № __ Жинау түрі __ Мақсаты _____
Сорт хлопчатника Год урожая № партии Вид сбора Назначение

Өнеркәсіптік сорт ___________________
Промышленный сорт
Типі ________________________________
Тип
Сыныбы ______________________________
Класс

Арамшөп қоспаларының салмақтық
үлесі_______________________ %
Массовая доля сорных примесей
Ылғалдың салмақ үлесі
_________________________ %
Массовое отношение влаги
Өзгелері
Прочие

Зертхана (орталық) меңгерушісі _________________________ Мөр орны
Заведующий лабораторией (центром)                        Место печати

Қазақстан Республикасы           
Ауыл шаруашылығы министрінің        
2015 жылғы 30 наурыздағы          
№ 4-5/280 бұйрығына             
3-қосымша                   

Нысан              
Форма             

                №    мақта талшығы сапасының паспорты
                 Паспорт качества хлопка-волокна №

_____________________________________________________________________
20 ___ жыл «___» __________ «____»__________20___ жылға дейін жарамды
«___» ________ 20___год Действителен до «___» ____________ 20___ года
Мақта өңдеу ұйымының атауы және орналасқан жері
_____________________________________________________________________
Наименование и местонахождение хлопкоперерабатывающей организации
Шығу тегі
_____________________________________________________________________
Происхождение
Мақта тазалау зауытының коды ______ Партия № _____ Бума № ___________
Код хлопкоочистительного завода Партия № Кипа №
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Нормативные документы по стандартизации
Селекциялық сорт ________ Типі _______ Сорт _________ Сыныбы ________
Селекционный сорт         Тип          Сорт           Класс

Штапель ұзындығы 1/32 дюйм (Staple)
__________________________________
Штапельная длина в 1/32 дюйма(Staple)
Шағылысу коэффициенті (Rd)
________________________________ %
Коэффициент отражения (Rd)
Трэш коды (Т)
Трэш код (Т)
Қоқсықты қоспалар саны (Cnt)
______________________________ шт.
Число сорных примесей (Cnt)
Ұзындығы бойынша біркелкілік индексі
(Unf)
________________________________ %
Индекс равномерности по длине (Unf)
Үлестік үзіліс жүктелімі (Str)
Удельная разрывная нагрузка (Str)
Қоспалардың болуы
Наличие примесей

Микронейр (Mic)
Микронейр (Mic)
Сарғаю мөлшері (+b)
Степень желтизны (+b)
Арамшөп қоспаларының алаңы
(Area)
_____________________________ %
Площадь сорных примесей (Area)
Жоғарғы орташа ұзындығы (UHM)
Верхняя средняя длина (UHM)
Қысқа талшықтың индексі (SFI)
_____________________________ %
Индекс коротких волокон (SFI)
Үзілгендегі созылу (Elg)
_____________________________ %
Удлинение при разрыве (Elg)
Жабысқақтығының болуы
Наличие клейкости

Зертхана (орталық) меңгерушісі _________________________ Мөр орны
Заведующий лабораторией (центром)                        Место печати