"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қазанда № 12149 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы
30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда № 42 (1639) «Юридическая газета» газетiнде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша:
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

158

YARUS-TK-ON-KZ

159

ПОРТ DPG-35 ФКZ ломбардтарға және шыны ыдысты қабылдау орындарын арналған

160

ЭКР 2102 ФKZ (Online KZ нұсқасы)

161

Миника 1102 ФKZ (Online KZ нұсқасы)

162

Меркурий - 115 ФKZ (Online KZ нұсқасы)

163

Штрих-MPAY-K-KZ

164

IKKM-Light-KZ

165

IKKM-touch-KZ

166

IKKM-standart-KZ

167

Штрих-mobile-ККМ-KZ

168

YARUS TK KZ online ОФД

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                       Б. Сұлтанов