"Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 466 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қазанда № 12140 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 571-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5463 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 20 ақпанда № 27 (1450) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      42-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

                                    Қазақстан Республикасы
                                       Қаржы министрінің
                                  2015 жылғы 7 қыркүйектегі
                                        № 466 бұйрығына
                                             қосымша

                                    Қазақстан Республикасы
                                       Қаржы министрінің
                               2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                       № 637 бұйрығына
                                           42-қосымша

                                                   Нысан