Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қазанда № 12138 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы көлік құралдарымен;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                        В.Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________ Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 8 қыркүйек

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына  
1-қосымша      

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ
кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік
инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Арнайы көлік құралдарының атауы*

Функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдардың саны

Арнайы көлік құралы

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдары


Алматы қаласы бойынша экология департаменті

Алматы облысы бойынша экология департаменті

Департамент экологии по Атырау облысы бойынша

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті

Батыс Қазақстан облысы бойынша экология депаратменті

Павлодар облысы бойынша экология департаменті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

Жамбыл облысы бойынша экология департаменті

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

Қарағанды облысы бойынша экология деапртаменті

Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті

Қостанай облысы бойынша экология департаменті

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті

Астана қаласы бойынша экология департаменті

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

Ақмола облысы бойынша экология департаменті

3

 
4

 
4
 

4
 

4
 
 

4
 

4
 
 

4
 

4
 
 

4
 

4
 

4
 

4
 

3
 

4
 

 
4

      Ескертпе: * арнайы көлік құралы - жеңіл автомобиль базасындағы, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға арналған көлік құралы.

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына  
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ
кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік
инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Арнайы су көлік құралдарының атауы*

Арнайы су көлік құралдарының функционалдық
мақсаты

Арнайы су көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер

Арнайы су көлігінiң саны

Теңiз

Өзен

Арнайы су көлік құралдары

Каспий теңізі бассейнінде, Ертіс өзенінде және трансшекаралық өзендерде қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы су көлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру (судың, түп шөгінділерінің және атмосфералық ауаның ластануын талдамалық бақылау)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдары



Атырау облысы бойынша экология департаменті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті

1

1
 

1

      Ескертпе: * арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарда және өзге теңіз суларында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.