Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қазанда № 12134 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрiнiң
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 693 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды cертификаттауды жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы маманның, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде білім алған адамдардың сертификат алу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) маман - медициналық бiлiмi бар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде білім алған жеке тұлға;

      2) мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;

      3) маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – жеке тұлғаға тиісті клиникалық мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын беретін құжат;

      4) үміткер - осы Қағидаларға сәйкес маман сертификатын алуға үміткер маман.

2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі

      3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған адамдардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау және оларға маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу мақсатында жүргізіледі.

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген), уәкілетті орган аккредиттеген денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлықты бағалауды және мамандар біліктілігіне сәйкестікті растауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін кәсіптік даярлықты бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандар біліктілігіне сәйкестікті растау негізінде жүргізіледі.

      4. Сертификаттаудан өту үшiн үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат алуға өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      Бағалаудың оң нәтижесінің көшірмесі (санат беру туралы куәлік болған кезде мәлімделген кезден 1 жылдан кеш емес мерзімде алынған Бағалау нәтижесі);

      орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білімі туралы дипломның көшірмесі;

      мәлімделген мамандық бойынша интернатураны не резидентураны немесе клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

      мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәліктің көшірмесі (болған жағдайда);

      соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәліктің көшірмесі (сертификаттаудан өтуге өтініш берген кезде 5 жылдан кешіктірмей оқуды бітірген, интернатура, резидентура, орта оқу орнының түлектерін қоспағанда, үміткерлер ұсынады);

      Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәліктің көшірмесі;

      білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, некеге отырғаны немесе некені бұзғаны туралы куәліктің көшірмесі.

      5. Тиісті мамандық бойынша сертификат осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде және осы Қағидалардың 9, 10, 11, 12-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде беріледі.

      6. Сертификатты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің тиісті аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитет департаменті) береді.

      Мамандардан өтініштерді қабылдау Комитет департаментінің кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Үміткерлер сертификат алу үшін құжаттарды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес тізбе бойынша қолда бар сертификаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 күннен кейін береді.

      7. Сертификат беру мерзімі үміткердің өтініші Комитет департаментінде тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

      8. Сертификат (бұдан әрі - Номенклатура) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасына сәйкес мамандықтар бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде беріледі.

      Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Номенклатураның 1-бөлімінде көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін интернатурада және (немесе) клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатура, резидентураны бітіргенін көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды бітіргенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Үміткерлер Номенклатураның 3-бөлімінде көрсетілген мамандықтар бойынша сертификаттарды алу үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімін және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өткенін немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімін, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавритатты бітіргенін және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын растайтын құжаттарды ұсынады.

      9. Клиникалық практиканы жүзеге асыратын жоғары, орта және орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар үміткерлер үшін сертификаттау кезінде соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша жалпы 108 сағат көлемінде біліктілікті жоғарылатудан өту қажет.

      Мамандығы бойынша еңбек қызметінде 5 жылдан артық үзілісі бар мамандар сертификатты алу үшін жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті жоғарылатудан өтеді.

      10. "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" және "Стоматология" мамандықтары бойынша оқуды 1998 жылдан кейін оқуды бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 6-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжатты ұсыну болып табылады.

      "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін аяқтаған, "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларына (бұдан әрі – Біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидалары) сәйкес оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып, мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.

      Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.

      Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.

      11. Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар сертификат алу үшін:

      1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;

      "Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;

      "Акушериялық іс" мамандығы бойынша "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы дипломды, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;

      2) 2012 жылғы 1 қыркүйекке дейін "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы дипломды, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.

      12. "Гигиена және эпидемиология", "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-лаборант", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар, медициналық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша сертификаттауға жіберіледі.

      13. Маман сертификатын беру туралы шешім осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар негізінде қабылданады және Комитеттің тиісті департаменті басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      14. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында Комитет департаментінің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзiм аяқталғаннан кейiн сертификаттың қолданыс мерзімі тоқтатылады.

      15. Сертификатты беруден бас тарту үшін:

      1) үміткердің Бағалаудың теріс нәтижесін ұсынуы;

      2) мәліметтер нысанының толық әрі дұрыс толтырылмауы;

      3) үміткердің білімі туралы құжаттарының (дипломы, интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату куәлігі) мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеуі;

      4) оқу мерзімі бойынша қайта даярлаудан және біліктілігін жоғарылатудан өту туралы құжаттардың сәйкес келмеуі;

      5) Біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларымен бекітілген нысанға даярлау және біліктілігін арттырудан өту туралы құжаттардың сәйкес келмеуі;

      6) осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы негіз болып табылады.

      16. Біліктілік санаты берілмейтін және берілетін сертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар клиникалық практикаға жіберуге арналған сертификатқа теңестіріледі және онда көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданыста болады.

      17. Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған үміткерлер олардың білімі және (немесе) біліктілігі "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес танылғаннан кейін сертификаттауға жіберіледі.

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      Басшысы ____________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      кімнен _____________________________

      тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда), ЖСН)

      Тұрғылықты мекенжайы:

      ________________________________

Өтініш

      Сізден ________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және

      клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беруді сұраймын.

      Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _______________________

      (үміткердің қолы)

      _______________________

      (толтырылған күні)

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Санитариялық-эпидемиологиялық бейін мамандарын қоспағанда,

      клиникалық практикамен айналысатын, медициналық білімі бар мамандар

      үшін кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін

      растау нәтижесі (Бағалау нәтижесінің электрондық көшірмесі қоса

      беріледі).

      1.1. Мәлімделген мамандықтың атауы ____________________________

      1.2. Бағалау қорытындысын берген орган ________________________

      1.3. Бағалау қорытындысын алу күні, айы, жылы _________________

      2. Медициналық білімі _________________________________________

      2.1. Білімі (орта медициналық білімі, орта білімнен кейінгі

      медициналық білімі, жоғары медициналық білімі) (дипломның

      сканерленген көшірмесі)

      2.2. Дипломның нөмірі _________________________________________

      2.3. Дипломның сериясы ________________________________________

      2.4. Білім беру ұйымының толық атауы __________________________

      2.5. Оқыған елі _______________________________________________

      2.6. Түскен жылы ______________________________________________

      2.7. Бітірген жылы ____________________________________________

      2.8. Диплом бойынша мамандығы _________________________________

      2.9. Диплом бойынша біліктілігі _______________________________

      2.10. Дипломның нострификациясы және танылуы (Қазақстан

      Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін)

      (нострификация туралы құжаттың сканерленген көшірмесі)

      Оқыған елі ____________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы _______________________________

      Ностификация туралы куәлік берген орган _______________________

      Нострификация бұйрығының нөмірі _______________________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі ________________________________

      Нострификация куәлігінің берілген күні ________________________

      3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура, клиникалық

      ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары

      медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың сканерленген

      көшірмесі)

      3.1. Интернатура мамандығы ____________________________________

      3.2. Түскен жылы ______________________________________________

      3.3. Бітірген жылы ____________________________________________

      3.4. Оқу ұзақтығы _____________________________________________

      3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі ______________________________

      3.6. Ұйымның толық атауы ______________________________________

      3.7. Интернатураны өту орны ___________________________________

      3.8. Клиникалық ординатура мамандығы __________________________

      3.9. Түскен жылы ______________________________________________

      3.10. Бітірген жылы ___________________________________________

      3.11. Оқу ұзақтығы ____________________________________________

      3.12. Оқудың сағат бойынша көлемі _____________________________

      3.13. Ұйымның толық атауы _____________________________________

      3.14. Резидентураны өту орны __________________________________

      3.15. Резидентура мамандығы ___________________________________

      3.16. Түскен жылы _____________________________________________

      3.17. Бітірген жылы ___________________________________________

      3.18. Оқу ұзақтығы ____________________________________________

      3.19. Оқудың сағат бойынша көлемі _____________________________

      3.20. Ұйымның толық атауы _____________________________________

      3.21. Өту орны ________________________________________________

      4. Мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік

      туралы мәліметтер (құжаттың сканерленген көшірмесі)

      4.1. Қайта даярлау бойынша куәлік нөмірі ______________________

      4.2. Қайта даярлау мамандығы __________________________________

      4.3. Оқытқан ұйымның атауы ____________________________________

      4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі ______________________________

      4.5. Оқудың басталуы __________________________________________

      4.6. Оқудың аяқталуы __________________________________________

      5. Мәлімделген мамандық бойынша санат бере отырып қолданыстағы

      куәлік (маман сертификаты) мәліметтері (болса)

      5.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі ________________________________

      5.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі _______________________________

      5.3. Берген орган _____________________________________________

      5.4. Куәліктің (сертификаттың) қолданыс мерзімі _______________

      5.5. Мамандығы ________________________________________________

      5.6. Біліктілік санаты ________________________________________

      6. Мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практикаға жіберуге

      рұқсат беру үшін қолданыстағы маман сертификатының мәліметтері

      (болса)

      6.1. Бұйрықтың күні мен нөмірі ________________________________

      6.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі _______________________________

      6.3. Берген орган _____________________________________________

      6.4. Сертификаттың қолданыс мерзімі ___________________________

      6.5. Мамандығы ________________________________________________

      7. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер

      7.1. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі (жылы, айы, күні)

      _____

      7.2. Жалпы медициналық еңбек өтілі (жылы, айы, күні) __________

      7.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _____________________________

      7.4. Атқаратын лауазымы _______________________________________

      7.5. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың №

Бұйрықты шығару күні














      8. Мәлімделген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін

      жоғарылату:

      1) Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылату куәлігі

      туралы мәліметтер ___________________________________________________

      2) Біліктілігін жоғарылату туралы куәліктің нөмірі ____________

      3) Цикл атауы _________________________________________________

      4) Оқытқан ұйымның атауы ______________________________________

      5) Оқудың басталуы ____________________________________________

      6) Оқудың аяқталуы ____________________________________________

      7) Оқудың сағат бойынша көлемі ________________________________

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды сертификаттауды жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

      нысан

Маман сертификаты

      _________________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      (номенклатура бойынша мамандық)

      мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық

      практикаға жіберу үшін осы маман сертификатын алды.

      Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20 _____

      жылғы "___"_____________ № _____ бұйрығы

      Сертификат 20 ____ жылғы "___" ____________ дейiн жарамды

      Тiркеу № ___________

      Берiлген күнi 20__ жылғы "__" ___________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрiнiң
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 693 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң күші
жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5884 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы № 1 жарияланған).

      2. "Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 457 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7844 болып тiркелген, "Егемен Қазақстан" газеті 2012 жылғы 24 қазандағы № 696-701 (27773), "Заң газеті" 2012 жылғы 23 қарашадағы № 178 (2186) басылымдарында және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2012 жылғы 19 қазанда № 18 жарияланған).

      3. "Денсаулық сақтау саласында бiлiктiлiк емтиханын өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 381 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9631 болып тiркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 тамызда, "Егемен Қазақстан" 14.08.2014 ж. № 157 (28381) жарияланған).