Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 21.10.2016 № 912 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4376 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысаны мындай мазмұндағы 8-1-бағанмен толықтырылсын:
«
8-1. |
Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса) |
».
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев