Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 06.12.2017 № 11-1-2/576 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Консулдық заңдастыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы № 264 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1350 болып тіркелген, 2001 жылғы № 2 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Консулдық заңдастыру ережелерінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шет мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлерді заңдастырылған жағдайда ғана қарауына қабылдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Сыртқы істер министрі | Е.Ыдырысов |