«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/613 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 9-1/723 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12079 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.05.2016 № 232 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9939 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Субсидиялауға:
      1) айналым қаражаттарын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа;
      2) технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бағытталған АӨК саласындағы қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемері жатады.
      Субсидиялау қайтарымды лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
      Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бұрын жасалған субсидиялау шарттарын ескере отырып, тиісті қаржы жылының тиісті бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
      Субсидиялауға, сондай-ақ, нысаналы мақсаты қарызға алынған қаражатты толық немесе ішінара өтеу болып табылатын, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген нысаналы мақсатты қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелері жатады.
      5. Комиссия мақұлдаған қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарттардың бүкіл қолданылу мерзімінде жүзеге асырылады.
      Қарыз шарттарының қолданылу мерзімдері ұзартылған кезде субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды.
      Қарыз шарттарының талаптары өзгерген жағдайда, бұрын комиссия мақұлданған және жылдар бойынша аударған субсидиялар сомалары артпайды, субсидиялау мерзімдері ұзартылмайды. Сыйақы сомасы азайған жағдайда, субсидиялар сомаларын азаю жағына қайта әр жыл бойынша жеке-жеке есептеу жүргізіледі.
      Субсидиялар көлемдерін есептеу қаржы институттары бұрын берген қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте субсидияларды есептеу операторға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған өтінім (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінім) берілген жылдың 1 қаңтарынан басталады.
      Операторға субсидиялауға арналған өтінім берген жылы жасалған қарыз шарттары бойынша субсидия көлемдерін есептеу кредит немесе лизинг нысанасын берген сәттен басталады.
      Қаржы институты шетелдік валютамен берген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әкімшінің субсидиялар сомасын қаржы институттарына аударуы күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырылады. Оң бағамдық айырмашылық жағдайында, оны болашақ субсидиялар есебіне қосып есептейді, ал егер кері бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны қарыз алушы төлейді.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Оператордың көрсететін қызметтерін әкімші тиісті қаржы жылына жасалатын қызметтер көрсету жөніндегі шартқа сәйкес, тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген қаражат шегінде төлейді»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сыйақы мөлшерлемесін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 7 (жеті) %-ға төмендету жолымен оны субсидиялау мыналар:
      «Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары-резиденттерімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасудың, оның талаптары мен үлгі нысанының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 11 маусымдағы № 113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6299 болып тіркелген) сәйкес өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған;
      мамандандырылған ұйымдардың мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамасыз етуге арналған;
      мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының мынадай түрлерін (жиынтықта) сатып алуға арналған қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:
      1) комбайндар, тракторлар, тракторлық тіркемелер, сепкіштер, су таситын техникалар;
      2) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;
      3) жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;
      4) механикалық күректер;
      5) тырмалардың, соқалардың, қопсытқыштардың барлық түрі;
      6) суаратын жүйелер;
      7) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;
      8) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;
      9) нығыздап-сораптаушы, пішен маялағыштар;
      10) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;
      11) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;
      12) сауу қондырғылары;
      13) мал шаруашылығы фермаларына арналған шетен қора жабдығы және көң шығару жүйесі;
      14) автонауалар, жеке науалар;
      15) құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;
      16) сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;
      17) сүт талдағыштар;
      18) сүт қабылдауға арналған қондырғылар;
      19) пастеризаторлар;
      20) өзі құйып алатын сепараторлар;
      21) деаэраторлар;
      22) сүттің майлылығын автоматты түрде стандарттау қондырғылары;
      23) мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;
      24) сүт тасығыштар;
      25) зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;
      26) шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);
      27) ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).
      Қарыз шартында осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген техникалар мен жабдықтарды сатып алу көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өзінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының кемінде 50 (елу) шартты мал басының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер учаскелерінің бар екендігі туралы растауды қосымша ұсынады. Бұл жағдайда, субсидиялауға бір қарыз алушыға әр түрден техника мен жабдықтың бір бірлігі ғана жатады.
      Бір түрдегі техника мен жабдықтың екінші және одан кейінгі бірліктері қарыз алушыда талап етілетін нормативке сәйкес жеткілікті ауыл шаруашылығы жануарларының басы немесе жемшөп дақылдарын өсіретін жерлері болған жағдайда осы тармақта көрсетілген талаптар бойынша субсидияланады.
      Бір түрдегі техника мен жабдықтың бір бірлігіне мал басының жол берілген нормативі ауыл шаруашылығы жануарларының 200 шартты басын немесе жемшөп дақылдарын өсіру үшін пайдаланылатын 300 (үш жүз) гектар жерді құрайды.
      Осы тармақтың шарттарына сәйкес субсидияланатын бір түрдегі техника мен жабдықтың екінші және одан кейінгі бірліктері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мал шаруашылығы мен жемшөп өндірісі саласындағы бір түрдегі техника мен жабдықтың екінші және одан кейінгі бірліктерін субсидиялау есебіне сәйкес айқындалады.
      Егер, бір қарыз шартында да осы тармақта баяндалған субсидиялау талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алу көзделген болса, қаржы институты/қарыз алушы бөлек төлем кестесін береді.
      Бөлек төлем кестесі ұсынылмаған жағдайда, субсидиялау осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау түрінде қолдау жүзеге асырылатын қарыз шарттары, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылған қарыз шарттары субсидиялауға жатпайды.
      Қаржы институтына субсидиялауға арналған өтінім берілген күнге негізгі қарыздар мен сыйақыны өтеу бойынша орындалмаған міндеттемелері бар қарыз шарттары субсидиялауға жатпайды.
      Комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған қарыз шарттарының бағдарламаға қайта қатыстырылуына жол берілмейді.
      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға комиссия субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кредитті/лизингті қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары жатпайды.
      Кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру, негізгі құралдарды (оның ішінде биологиялық активтерді) сатып алу кезінде оның құнын арзандатуды субсидиялау, жаңа өндірістік қуаттар құруға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен қатар жүреді.
      14. Қаржы институттары/қарыз алушылар мынадай құжаттарды қалыптастырады және оларды операторға жолдайды:
      1) субсидиялауға арналған өтінім.
      Бұл ретте, субсидиялауға арналған өтінімге қоса мыналар беріледі:
      қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі, сондай-ақ, қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын/субсидияланбайтын есептеулері қоса берілген жаңартылған кестенің жобасы;
      кредитті/лизингті мақсатты пайдаланғандығын растайтын, қаржы институты куәландырған құжаттардың көшірмелері: кредиттік қарызды мақсатты пайдалану актісі, кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжаттан үзінді-көшірмелер;
      егер субсидиялауға арналған өтінімге қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған болса, басқа адамның қол қою құқығына арналған сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі;
      қарыз алушының кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасына қатысуына келісу туралы қаржы институтының хаты (қарыз алушы субсидиялауға арналған өтінім берген жағдайда ұсынылады);
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасынан үзінді-көшірме немесе уәкілетті мемлекеттік органнан жемшөп дақылдары себілген алаңдар туралы растама;
      қаржы институты куәландырған айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа, сондай-ақ технологиялық жабдықты, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алуға арналған бастапқы кредиттік шарттардың көшірмелері;
      2) бар болса, банк операцияларын жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (бір рет - алғашқы өтінім беру кезінде ұсынылады).
      Субсидиялауға арналған өтінімге қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және ол қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген өтінімдер қабылданбайды.»;
      17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) әкімшіге электрондық жеткізгіште осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды, қарыз алушылардың осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы оператордың қорытындысын, әрбір қарыз шарты бойынша тиесілі субсидиялар көлемінің есебін жолдайды;»;
      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «33. Қаржы институты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін және жыл соңында 10 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жай-күй бойынша ақпарат) операторға қаржы институты куәландырған арнайы банктік шоттан үзінді-көшірмені қоса бере отырып, субсидиялау шартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есепті ұсынады. Оператор тоқсан сайынғы негізде есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін және жыл соңында 15 желтоқсанға дейін (1 желтоқсандағы жай-күй бойынша ақпарат) әкімшіге төлемдер мониторингін береді»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсыну) өзгерген жағдайда, қаржы институты операторға қаржыландыру шарттарының өзгеруі жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін қоса отырып хат, негізгі борышты, сыйақыны, субсидия көлемін өтеудің жаңартылған кестесін жолдайды. Бұл ретте, қолданыстағы қарыз шартының талаптарын қарыз алушының келісімімен ғана өзгертуге болады.»;
      5-қосымшада:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы шарт бойынша әкімші Шартта айқындалатын талаптарда, осы Шартқа 2-қосымшада көрсетілген қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне (бұдан әрі - субсидиялау кестесі) сәйкес тиісті «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Қаржы институты:
      1) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін операторға осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялардың нақты пайдаланылғаны туралы есеп ұсынуға «20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп» нысаны осы Шартқа сәйкес 4-қосымшада көрсетілген түсіндірме бойынша толтырылады);
      2) Қарыз алушы негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) айдан артық уақыт орындамаған жағдайда, осы факті анықталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бұл туралы операторға жазбаша хабарлауға;
      3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (сыйақы мөлшерлемесі, сыйақыны төлеу мерзімдері, негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу бойынша кейінге шегеруді ұсыну) өзгерген жағдайда, операторға қаржыландыру шарттарын өзгерту жөнінде қабылданған шешімнің көшірмесін қоса отырып хат, негізгі борышты, сыйақыны және субсидиялар көлемін өтеудің жаңартылған кестесін жолдауға;
      4) операторға осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аударуға арналған өтінім ұсынуға міндетті.»;
      Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына 4-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                     А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 19 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 15 тамыз

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 5 тамыздағы  
бұйрығына № № 9-1/723  
1-қосымша        

Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы     
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін 
субсидиялауға шартына  
1-қосымша        

Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл
шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялауға республикалық бюджеттен
қаражат аударуға арналған өтінім

20__ жылғы ____ __________
______________________________________ қаржы институты тиісті «Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20___ жылғы ______________ № _____ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен қаржы институтының № ________________________ шотына ____________________ кезеңге _____________________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

      Қаржы институтының басшысы ___________________________________
                   (қолы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Мөр орны

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 5 тамыздағы  
бұйрығына № № 9-1/723  
2-қосымша        

Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы     
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін 
субсидиялауға шартына  
3-қосымша        

20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін субсидиялардың нақты
пайдаланылуы туралы есеп
 

Р/с

Қарыз алушының атауы

ЖСН/ БСН

Шарттың № және күні

Кредит сомасы, теңге

Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі бойынша барлық көзделгені (комиссия Хаттамасы бойынша бекітілген), теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды әкімшіге қайтару (нақты), теңге

Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялардың қалдығы (11-бағана – 13-бағана), теңге


әкімші қаржы институтына

қаржы институты қарыз алушыға

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы (7-бағана- 9-бағана)

оның ішінде есепті кезеңде(8-бағана -10-бағана)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14












































Жиыны:













      Қаржы институтының басшысы ____________________________________              Мөр орны (қолы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 5 тамыздағы  
бұйрығына № № 9-1/723  
3-қосымша        

Кредиттер, сондай-ақ   
технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы     
техникасының лизингі бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін 
субсидиялауға шартына  
4-қосымша        

Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

20 ___ жылғы ____ тоқсан үшін субсидиялардың нақты
пайдаланылуы туралы есеп

Есепті кезең - 20 ___ жылғы ____ тоқсан

Индексі: № 1-МС нысан
Кезеңділігі: тоқсандық
Ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институты
Қайда ұсынылады: «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – әкімші).
      Ұсыну мерзімі: қаржы институты операторға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін береді.
      Оператор әкімшіге тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін береді.

Р/с

Қарыз алушының атауы

ЖСН/ БСН

Шарттың № және күні

Кредит сомасы, теңге

Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі бойынша барлық көзделгені (комиссия Хаттамасы бойынша бекітілген), теңге

Барлық аударылған субсидиялар, теңге

Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге

Пайдаланылмаған субсидияларды әкімшіге қайтару (нақты), теңге

Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялардың қалдығы (11-бағана – 13-бағана), теңге


әкімші қаржы институтына

қаржы институты қарыз алушыға


барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы

оның ішінде есепті кезеңде

барлығы (7-бағана - 9-бағана

оның ішінде есепті кезеңде
(8-бағана -10-бағана)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14












































Жиыны:













      Қаржы институтының басшысы ____________________________________
                      (қолы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

«20 ___ жылғы ____ тоқсан
үшін субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп»
нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. «20___жылғы ____ тоқсан үшін субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп» нысанын Қаржы институты операторға тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне дейін, оператор Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күніне дейін ұсынады.
      2. Нысан мынадай нұсқада толтырылады:
      «Р/с №» деген 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
      «Қарыз алушының атауы» деген 2-бағанда субсидиялауға мақұлданған қарыз алушы көрсетіледі;
      «ЖСН/БСН» деген 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
      «Шарттың № және күні» деген 4-бағанда қарыз алушының қарыз шартының нөмірі және күні көрсетіледі;
      «Кредит сомасы, теңге» деген 5-бағанда жасалған қарыз шартында көрсетілген кредиттің жалпы сомасы және осы көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      «Шарттың бүкіл қолданылу мерзімі бойынша барлық көзделгені (комиссия Хаттамасы бойынша бекітілген), теңге» деген 6-бағанда шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне көзделген субсидия сомасы және осы көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      «Барлық аударылған субсидиялар, теңге» деген 7, 8, 9 және 10-бағандарда аударылған субсидиялар қаражатының жалпы нақты көлемі, оның ішінде есепті кезең үшін әкімші қаржы институтына және қаржы институты қарыз алушыға аударған субсидиялар көлемі және осы көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      «Ауытқу (+, -) (+) артық төлем, (-) жетіспеу, теңге» деген 11 және 12-бағандарда әкімші қаржы институтына және қаржы институты қарыз алушыға аударған жалпы нақты субсидия көлемдері арасындағы айырмашылық (11-баған = 7-бағана – 9-бағана), оның ішінде есепті кезең үшін әкімші қаржы институтына және қаржы институты қарыз алушыға аударған субсидиялар арасындағы айырмашылық (12-баған = 8-бағана – 10-бағана) және осы көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      «Пайдаланылмаған субсидияларды әкімшіге қайтару (нақты), теңге» деген 13-бағанда қаржы институты әкімшінің есебіне аударған пайдаланылмаған субсидиялардың нақты сомасы және осы көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі;
      «Қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялардың қалдығы (11-бағана – 13-бағана), теңге» деген 14-бағанда қарыз алушыларға нақты бөлініп берілгенен кейінгі қалған субсидиялардың сомасы мен әкімшіге пайдаланылмаған субсидиялар сомасының төлемі арасындағы айырмашылық (14 бағана = 11-бағана - 13-бағана) және осы көрсеткіштің өлшем бірлігі көрсетіледі.