"Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12077 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 сәуірде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына 2-қосымшаға:
      Компанияны корпоративтік басқару құрылымы (акциялар пакетінің (қатысу үлесінің) мөлшерін көрсете отырып, Компанияның акциялары (қатысу үлестері) өзіне тиесілі заңды тұлғаларға қатысуы деген 1.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.2. _________ жағдай бойынша Компания тобының, оның тобына кіретін барлық, оның ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын ұйымдарды көрсете отырып, корпоративтік құрылымы:

                                                            2-нысан

Компания

Бірінші деңгейдегі ұйымдар

Екінші деңгейдегі ұйымдар

n деңгейдегі ұйымдар

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)

ҰҚН

БСН

атауы

акциялардың % (қатысу үлестері)













































































Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны туралы жиынтық ақпарат

ҰҚН

Еншілес ұйымдар

Бірінші деңгейдегі ұйымдар

Екінші деңгейдегі ұйымдар

Үшінші деңгейдегі ұйымдар

n деңгейдегі ұйымдар

Жиыны

АҚ







ЖШС







Өзге де ҰҚН







Жиыны







                                                                  ».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 18 тамыз