"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 13 тамыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 4-5/544 бұйрығымен бекітілген |
"Шитті мақта сапасының куәлігін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) өтініш тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: шитті мақта сапасының куәлігі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, дүйсенбі - жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің бланкісін Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде алуға болады.
Құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күні және өтінімді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты және тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаты бар болса немесе заңды тұлғалар үшін атауы көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесіне тіркеу туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, телефон: 8 (7172) 555995, 555763 беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тізаңркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша |
20__ жылғы "___" ____________
Шитті мақта сапасына сараптама жүргізуге
№ _____ өтінім
Өтінім беруші _______________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________
Телефон, факс _______________________________________________________
_______________________________ мақта өңдеу ұйымында сақтауда тұрған,
(атауы)
___________________________________________________________ арналған,
(мақсаты көрсетілсін)
массасы _______________________________________________________ тонна
(жазбаша)
шитті мақта партиясының сапасына сараптама жүргізуді сұраймын.
Сынақтар мынадай сынақ көрсеткіштері мен әдістері бойынша
жүргізіледі:
_____________________ ________________________________ _____________
(көрсеткіш атауы) (стандарттың нөмірі және күні) (норма)
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және жалған
мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес
жауапкершілік туралы хабардармын.
20__ жылғы "___" _____________ ______________________________________
(өтінім беру күні) (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтінім беруші ______________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Зертхана (орталық) маманына___________________ орындауға жіберілді.
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Орындалуы туралы белгі: _____________________________________________