Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 12065 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                 А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы «___» _________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________ Е. Досаев
      2015 жылғы 15 тамыз

                                     Қазақстан Республикасы
                                 Ауыл шаруашылығы министрінің
                                   2015 жылғы 8 шілдедегі
                                     № 4-2/616 бұйрығымен
                                          бекітілген

Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінiң егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқымдардың, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінiң (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын сараптау жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
      3. Тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасына сараптама (бұдан әрі – сапасына сараптама) «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) қағидаларға сәйкес аттестатталған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы бірегей және элиталық тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, сондай-ақ мемлекеттік тұқым ресурстары үшін жүргізіледі.
      4. Тұқымдарды сараптауды «Тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-2/60 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11010 болып тіркелген) қағидаларға сәйкес аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар жүзеге асырады.

2. Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінiң егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібі

      5. Тұқымдардың сапасына сараптама жасау қолданыстағы ұлттық стандарттарға және тұқым шаруашылығы саласындағы басқа да нормативтiк құжаттарға (бұдан әрі – стандарт) сәйкес өнгіштігі және (немесе) тіршілікке бейімділігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы (толық талдау) көрсеткіштері не көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуі (толық емес талдау) бойынша жүргізіледі. Мақта тұқымының сапасына сараптама жасау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: өнгіштігі, ылғалдылығы, жетілгендігі, механикалық зақымдануы, 1000 дәннің салмағы, ластануы, қамбалық зиянкестермен залалдануы, қызып кетуі, талшық қалдығы, түктену қалдығы.
      6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің, мемлекеттiк сорт сынау учаскесі мен станциясының, сондай-ақ сақтауында мемлекеттiк тұқым ресурстары бар астық қабылдау кәсiпорнының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түрлерi бойынша тұқымның сапасына зерттеулер жүргізу санын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрылған комиссия айқындайды(бұдан әрі – комиссия), комиссия құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, облыстың (ауданның) мемлекеттік тұқым шаруашылығы жөніндегі инспекторы, салалық қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік палаталарының өкілдері кіреді. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      7. Тұқым сапасының нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін себуге, сақтауға және егуге дайындалған партиялардан тұқым сынамалары алынады.
      Тек қана себуге арналған тұқымдар тобынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым өндiрушілердiң өтiнiмi бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi аттестатталған зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi.
      Өткізілуге тиiс тұқым топтарынан сынамалар iрiктеп алуды тұқым өндiрушi өкiлiнiң қатысуымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жүргiзедi.
      Тұқымның партиясы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін байқаудан өткізу актісімен бірге жолданады.
      Сынамаларды іріктеп алу стандарттарға сәйкес жүргізіледі және 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеп алу актісімен екі данада ресімделеді. Актінің бір данасы сынама іріктеп алынған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде қалады, екінші данасы сынамамен бірге тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертханаға жолданады.
      8. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері негізінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұқымның кондициялылығы туралы куәлік немесе № 1 тұқымды талдау нәтижесін береді.
      Тұқымның кондициялылығы туралы куәлік осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген егістік сапасы барлық көрсеткіштер бойынша тексерілген (толық талдау) және стандарт талаптарына сайкес келетін тұқым партияларына беріледі.
      Тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті өнгіштігінің орнына тұқымның тіршілікке бейімділік нормасын ескере отырып, жиналған жылы егуге пайдаланылатын күздік дақылдардың тұқымына, егіске дейін он бес және одан аз күн бұрын ылғалдылығы мен зиянкестермен залалданғандығын айқындамай (сатуға арналған тұқымнан басқа) талдау жүргізілетін тұқымға беруге рұқсат етіледі.
      Тұқымды талдау нәтижесі № 2 (осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген сапа көрсеткіштерінің бірі бойынша ұлттық стандарттың талаптарына (толық талдау кезінде) сайкес келмейтін тұқымға, сондай-ақ сапаның барлық көрсеткіштері бойынша тексерілмеген тұқымдарға да (толық емес талдау) беріледі.
      9. Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті және (немесе) тұқымды талдау нәтижесін өнгіштігі айқындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде береді.
      Тұқымдарға жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша қызмет көрсету туралы актіні осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жасайды, бір данасы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертханада қалады, екінші дана ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге, үшінші дана бөлімге беріледі.
      10. Сынаманың талдаудан қалған бөлігі ауданда осы дақылдың егісі аяқталғаннан кейін (аудандық статесептілікке сәйкес) бір ай ішінде тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі аттестатталған зертханада сақталады.
      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін немесе тұқым сынамасын қайталап талдауға алған кезде сынаманың қалған бөлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қайтарылып беріледі.
      11. Тұқымның сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша қызметтер көрсету туралы акті негiзiнде бөлім осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудан бойынша көрсетiлген қызметтерді бағалау актiсiн екi данада жасайды, бір данасы жергілікті атқарушы органның облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) жолданады.
      Басқарма, бөлім ұсынған көрсетілген қызметтерді бағалау актiлерiн тексереді, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн жасайды және оны бекiтеді.
      Облыс бойынша көрсетiлген қызметтердің жиынтық актiсiнiң негiзiнде белгiленген тәртiппен тұқымның сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша көрсетiлген қызметтерді қаржыландыру жүргiзiледi.
      Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне (төртінші тоқсанда тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей) басқарма тікелей және соңғы нәтижелердің нақты көрсеткіштерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігіне ұсынады.

                                Тұқымдардың, оның iшiнде отандық
                           ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің
                          егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және
                              егiстiк сапасына сараптама жүргізу
                                    Қағидаларына 1-қосымша

                                                           Нысан

            Сынамаларды iрiктеп алу актісі № ____
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________тиесiлi
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, жөні, тегі, аудан,
                              облыс)
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi* тұқымының егістік сапасын айқындау үшiн
Мен, _________________________________ 20__жылғы_____________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (күнi, айы)
___________________________________________________________қатысуымен
(ұйым, өкiлдердiң лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
   (сатуға арналған тұқым партиясынан сынамаларды iрiктеп алған,
               сондай-ақ даулы жағдайларда толтырылады)
_____________________________________________________________________
     (бөлiмше (бригада), астық қабылдау кәсiпорны және басқалары)
сақталған тұқымды қарау және сақтаулы партиялардан
____________________ бойынша орташа сынамалар iрiктеп алу жүргiзiлдi.
(стандарт нөмiрi)

                  1. Тұқымдар туралы мәлiметтер

Р/с №

Атауы

Реттік нөмiрi




1

2

3

4

5





















1) Ауыл шаруашылығы өсiмдiгiнiң түрi_________________________________
2) сорт______________________________________________________________
3) сорт құжатының атауы, № және күнi_________________________________
4) сорттық тазалық немесе типтілік,%_________________________________
5) репродукция_______________________________________________________
6) егiн жылы_________________________________________________________
7) партия нөмiрi_____________________________________________________
8) партия салмағы, центнер___________________________________________
9) бақылау бiрлiктерiнiң нөмiрлерi___________________________________
10) орын (қап) саны__________________________________________________
11) тұқымды сақтау орны, қойма нөмiрi, қамба_________________________
12) тұқым қайдан және қашан алынды___________________________________
13) тұқым қандай өңдеуге ұшырады_____________________________________
14) партия нешiншi рет талданып отыр,________________________________
    соңғы талдаудың күнi мен нөмiрi__________________________________
15) дәрiлеу жүргiзiлдi ме және қандай препаратпен____________________
16) қандай талдау үшiн сынама iрiктеп алынды_________________________
17) тұқымның мақсаты_________________________________________________
18) тапсырылған сынамалар саны:
      Қапшықта_______________________________________________________
      шөлмекте_______________________________________________________
      пакетте________________________________________________________
      2. Сынамалар___________________________________________________
тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаға жiберiлді_____
Сынамаларды iрiктеп алған адам_______________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Өкiлдер: ____________________________________________________________
               (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
      Кепiлдік: тұқым партияларының араласудан, ластанудан, өнгiштiгi
мен басқа да егістік сапасының төмендеуiнен сақталуына, сондай-ақ
iрiктеп алу кезiнде сынамалардың телнұсқаларының сақталуына
______________________________________________________кепілдік береді
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты,
      әкесінің аты (бар болса), қолы)
Сақтауға жауапты тұлға_______________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Бақылау бiрлiктерiн орналастыру сызбасы (сынаманы іріктеп алған адам
толтырады)

*Ескертпе: осы нысан мақтаны, қант қызылшасын және гүл дақылдарын
қоспағанда, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарына қолданылады.

                             Тұқымдардың, оның iшiнде отандық
                         ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің
                         егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және
                             егiстiк сапасына сараптама жүргізу
                                   Қағидаларына 2-қосымша

                                                       Нысан

Тұқымның кондициялылығы туралы
№ ____ куәлiк
20__ жылғы ________________ дейiн жарамды
(күнi, айы)

_____________________________________________________________________
  (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
                  (бар болса), облыс, аудан)
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________сақтаулы
                  (№ ___ бөлiмше (бригада)

20_ жылғы__________ № ______________ акті кезінде талдауға ұсынылған
      (күнi, айы) ___________________________________________алынған,
_________________репродукциясы,________________________жылғы егiннiң
_____________________________________________________________________
              (ауыл шаруашылығының өсiмдiгi, сорты)
салмағы ______центнер, фракция №____тұқымының №____________партиясына
берiлдi.
Орын (қап) саны, № ____ қойма, № ____ қамба үйiндiде
Тұқымның мақсаты_____________________________________________________
Тұқымның сапасы _________________________________________сыныпқа сай.
                                (жазбаша)

Талдау нәтижелерi

_____________________________________________________________________
1. Тазалығы _________________ %, оның iшiнде______________________ %
2. Қалдық, барлығы_____%, оның iшiнде басым топтар________________ %
_____________________________________________________________________
3. Басқа өсiмдiктердiң тұқымдары (1 килограммға (бұдан әрі – кг-ға)
дана немесе %)_______________________________________________________
4. Азықтық шөптердiң басқа түрлерiнiң тұқымдары_____________________%
5. Басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)_____
6. Арамшөптiк өсiмдiктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %),
      Барлығы________________________________________________________
      оның iшiнде:
      неғұрлым зиянды арамшөп тұқымдары
      (азықтық шөптер үшiн, 1 кг-ға дана)____________________________
      жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана)____________________
7. Қаракүйелiк құрылымдар___________________________________________%
8. Қарамықтар_______________________________________________________%
9. Өсу қуаты________________________________________________________%
10. Өнгiштiгi_______________________________________________________%
      оның iшiнде қаттылары_________________________________________%
      өсiру жағдайлары_______________________________________________
11. Тіршілікке бейiмдiлiгi__________________________________________%
      анықтау әдiсi__________________________________________________
12. Себуге жарамдылығы______________________________________________%
13. Ылғалдылығы_____________________________________________________%
14. 1000 дәннiң салмағы_________________________________________грамм
15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезiнде толтырылады:
центрифугалау әдiсiмен ____ дана немесе биологиялық әдiспен
______________________%)
16. Зиянкестермен жайлануы___________________________________________
17. Тұқым сынамаларын сырттай қарау деректерi:
      түсi қалыпты     иiсi қалыпты
      қарайған     шіріген
18. Басым түрлердiң ботаникалық құрамы:
басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары________________________________
                                               (атауы)
сорттық өсiмдiктердiң тұқымдары______________________________________
                                               (атауы)
19. Басқа анықтамалар:_______________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсыныстар:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Зертхана
меңгерушiсi__________________________________________________________
               (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөрi)
20__ жылғы ________________
             (күнi, айы)

                                   Тұқымдардың, оның iшiнде отандық
                             ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің
                            егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және
                                егiстiк сапасына сараптама жүргізу
                                       Қағидаларына 3-қосымша

                                                             Нысан

                 № 1 тұқымды талдау нәтижесi

      № ___

  Тұқымның кондициялылығы туралы куәлiкке қосымша ретiнде берiлдi.
               20__ жылғы ________________ № ______
                             (күнi, айы)

Кондициялығы туралы куәлiктiң қолданылу мерзімі 20__жылғы____________
                                                         (күнi, айы)
дейін ұзартылды.

1. Өнгiштiгi________________________________________________________%
2. Өсу қуаты _______________________________________________________%
3. Зиянкестермен жайлануы___________________________________________
            (алдында кенелер жайлаған тұқымдар бойынша толтырылады)
Қорытынды мен ұсыныстар:
Зертхана меңгерушiсi_________________________________________________
                   (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөрi)
20__ жылғы ______________
            (күнi, айы)

                                   Тұқымдардың, оның iшiнде отандық
                             ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің
                            егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және
                                егiстiк сапасына сараптама жүргізу
                                         Қағидаларына 4-қосымша

                                                              Нысан

               № 2 тұқымды талдау нәтижесi

      № ___

_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты,
                     облыс, аудан)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________сақтаулы
                     (№ ___ бөлiмше (бригада)

20_ жылғы__________ №________________ акті кезінде талдауға ұсынылған
        (күнi, айы)
_____________________ алынған,________________________ репродукциясы,
_______________________________________________________ жылғы егiннiң
_____________________________________________________________________
           (ауыл шаруашылығының өсiмдiгi, сорты)
салмағы ____ центнер, фракция № ___ тұқымының № _______________
партиясына берiлдi.
Орын (қап) саны, № ____ қойма, № ____ қамба үйiндiде
Тұқымның мақсаты_____________________________________________________
Талдау нәтижелерi____________________________________________________
1. Тазалығы ______________ %, оның iшiнде___________________________%
2. Қалдық, барлығы ______ %, оның iшiнде басым топтар______________ %
3. Басқа өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)
______________________________
4. Азықтық шөптердiң басқа түрлерiнiң тұқымдары____________________ %
5. Басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %)
6. Арамшөптiк өсiмдiктердің тұқымдары (1 кг-ға дана немесе %),
   барлығы___________________________________________________________
      оның iшiнде: неғұрлым зиянды арамшөп тұқымдары (жемдік шөптер
      үшiн, 1 кг-ға дана)____________________________________________
      жатаған бидайықтың тұқымдары (1 кг-ға дана)____________________
      карантиндiк арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана)_____________
      улы арамшөптердiң тұқымдары (1 кг-ға дана)_____________________
7. Қаракүйелiк құрылымдар___________________________________________%
8. Қарамықтар_______________________________________________________%
9. Бидай нематодасының берiштерi (1 кг-ға дана)_____________________
10. Өсу қуаты_______________________________________________________%
11. Өнгiштiгi_______________________________________________________%
оның iшiнде қаттылары_______________________________________________%
Өсiру жағдайлары____________________________________________________
12. Тіршілікке бейiмдiлiгi__________________________________________%
Анықтау әдiсi_______________________________________________________
13. Ылғалдылығы_____________________________________________________%
14. 1000 дәннiң салмағы________________________________________грамм
15. Аурулармен залалдануы (тұқымды талдау кезiнде толтырылады:
      центрифугалау әдiсiмен _____ дана немесе биологиялық
      әдiспен_____________________ %)
16. Зиянкестермен жайлануы___________________________________________
17. Тұқым сынамаларын сырттай қарау деректерi:_______________________
      түсi қалыпты    иiсi қалыпты
      қарайған        шіріген
18. Басым түрлердiң ботаникалық құрамы:______________________________
      басқа дақылды өсiмдiктердiң тұқымдары__________________________
                                                 (атауы)
      сорттық өсiмдiктердiң тұқымдары________________________________
                                                 (атауы)
19. Басқа анықтамалар:_______________________________________________
_____________________________________________________________________
Қорытынды мен ұсыныстар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Толық немесе толық емес талдау жүргiзген кезде:

Тұқымдар мынадай
көрсеткiштер бойынша
кондицияланбаған

Талдау кезiнде
анықталды

Стандартпен
белгiленгенi

1

2

3













Тұқымдар__________________________және қайтадан толық талдауға жатады
             (өңдеу түрi)
Толық емес талдау жүргiзген кезде:
Тұқымдар_____________________________________________________________
                    (талдау жүргiзiлген көрсеткiштердің атауы)
бойынша ұлттық стандарттың талаптарына сайкес.
Зертхана меңгерушiсi_________________________________________________
                    (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөрi)
20__ жылғы ________________
            (күнi, айы)

                            Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл
                        шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне
                         арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк
                                 сапасына сараптама жүргізу
                                  Қағидаларына 5-қосымша

                                                          Нысан

   Тұқымның сұрыптық және егістік сапасын айқындау бойынша
                қызметтер көрсету туралы акті

                  № ____2015 ж «_____»___________.

____________облысы________________________ ауданының ауыл шаруашылығы
бөлімінің атынан, бөлім басшысы______________________________________
                                (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
бірінші тараптан, және_______________________ ауданның тұқым сапасына
сараптама жасау жөніндегі зертханасы атынан,
зертхана меңгерушісі__________________________________екінші тараптан
                   (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
_____________________________________________________________________
       (отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің атауы)
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың мынадай көлемде
тұқымның сапасына сараптама жасау бойынша қызметтер көрсетуі туралы
осы акті жасасты:

Р/с №

Дақыл

Зерттеу жүргізілген күні

Зерттеулер жүргізілді

Тексерілген тұқымның көлемі, тонна

Зерттеу жүргізілді

Бір зерттеудің құны, теңге

Жалпы сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7















_______________ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
_____________________________________________________________________
           (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөрі)

Қызмет көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiнің басшысы
_____________________________________________________________________
          (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөрі)
Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана меңгерушісі
_____________________________________________________________________
         (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), қолы, мөрі)

                                Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл
                           шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне
                           арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк
                                    сапасына сараптама жүргізу
                                      Қағидаларына 6-қосымша

                                                            Нысан

                                                       «Бекітемін»
                                         ___________ ауданының ауыл
                                                      шаруашылығы
                                                      бөлім басшысы
                   _________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты(бар болса), қолы, мөрі)
                                         «____» __________ 2015 жыл.

_______________облысы________________ауданы_________________бойынша
20___ жылғы_____(айы) көрсетілген қызметтерді бағалау актісі

Р/с №

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң атауы

Жүргізілген зерттеулер

Тексерілген тұқымның көлемі, тонна

Жүргізілген зерттеулер саны

Бір зерттеудің құны, теңге

Жалпы сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6



































































Ауданның ауыл шаруашылығы            Тұқым сапасына сараптама жасау
бөлімінің маманы                     жөніндегі зертхана меңгерушісі
___________________________          ____________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты             (тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болса), қолы)                    (бар болса), қолы, мөрі)

                            Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл
                         шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне
                         арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк
                                сапасына сараптама жүргізу
                                  Қағидаларына 7-қосымша

                                                           Нысан

_____________облысы бойынша «Тұқымдық және көшет материалының
сұрыптық және себу сапасын анықтау» бағдарламасы бойынша көрсетілген
қызметтердің жиынтық актісі

Жергілікті атқарушы орган__________________облысының ауыл шаруашылығы
басқармасы мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Тапсырыс беруші)
атынан басқарма басшысы ______________бірінші тараптан, 20______ жылы
_______________облыс әкімдігінің № ____ қаулысымен бекітілген Қаулысы
негізінде іс-әрекет етуші және 20___ жылғы ______ ________ №_________
Жарғы негізінде іс-әрекет етуші ______________екінші тараптан, (бұдан
әрі – Жеткізуші), көрсетілген қызметтерді бағалау актілеріне сәйкес
төмендегі мазмұнда жиынтық актісі жасалынды.

Тапсырыс берушімен 20___ жылы « »__________ жасалынған № ___ Шартқа
сәйкес Жеткізуші мынадай қызметтер көрсетті:

р/с №

Ауданның атауы

Өлшем бірлігі

Жүргізілген зерттеулердің саны

Бір зерттеудің құны, теңге

Сома, теңге

1

2

3

4

5


6

























1. Көрсетілген қызметтердің қосымша мазмұны(ия,жоқ)__________________
                                                       (көрсету)
2. Көрсетілген қызметтерге талап жоқ_________________________________
  (талап болған жағдайда оны көрсету)________________________________
3. Көрсетілген қызметтердің жалпы құны_______________________________
4. Алдын-ала төлеу сомасы____________________________________________
5. Алдыңғы актіленген сомалар________________________________________
6. Төленуге тиістісі_________________________________________________

Тапсырыс беруші ұшін:                Жеткізуші ұшін:
Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы
___________________________________ _________________________________
  (тегi, аты, әкесiнiң аты               (тегi, аты, әкесiнiң аты
   (бар болса), қолы, мөрі)              (бар болса), қолы, мөрі)