Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 11-1-2/314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12036 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 276-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі:
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы істер министрінің
      міндетін атқарушы                          А. Волков

Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 30 шілдедегі
№ 11-1-2/314 бұйрығына
қосымша        

Қосылған құн салығын қайтару жүзеге асырылатын Қазақстан
Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға
теңестірілген шет мемлекеттер өкілдіктерінің, шет
мемлекеттердің консулдық мекемелерінің тізбесін бекіту туралы

      1. Аустрия Республикасының Елшілігі.
      2. Америка Құрама Штаттарының Елшілігі.
      3. Армян Республикасының Елшілігі.
      4. Әзербайжан Республикасының Елшілігі.
      5. Беларусь Республикасының Елшілігі.
      6. Бельгия Корольдігі Елшілігі.
      7. Болгар Республикасының Елшілігі.
      8. Бразилия федеративтік Республикасының Елшілігі.
      9. Біріккен Араб Әмірліктерінің Елшілігі.
      10. Ватикан (Қасиетті Тақ) Елшілігі.
      11. Венесуэла Боливариан Республикасының Өкілдігі.
      12. Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі.
      13. Грек Республикасының Елшілігі.
      14. Грузия Елшілігі.
      15. Жапония Елшілігі.
      16. Израиль Мемлекеті Елшілігі.
      17. Индонезия Республикасының Елшілігі.
      18. Иордан Хашимит Корольдігі Елшілігі.
      19. Ирак Елшілігі.
      20. Иран Ислам Республикасының Елшілігі.
      21. Испания Корольдігі Елшілігі.
      22. Италия Республикасының Елшілігі.
      23. Канада Елшілігі.
      24. Корей Республикасының Елшілігі.
      25. Куба Республикасының Елшілігі.
      26. Кувейт Мемлекетінің Елшілігі.
      27. Қатар Мемлекетінің Елшілігі.
      28. Қырғыз Республикасының Елшілігі.
      29. Қытай Халық Республикасының Елшілігі.
      30. Латвия Республикасының Елшілігі.
      31. Ливан Республикасының Елшілігі.
      32. Ливия Мемлекетінің Елшілігі.
      33. Литва Республикасының Елшілігі.
      34. Мажарстан Елшілігі.
      35. Македония Республикасының Елшілігі.
      36. Малайзия Елшілігі.
      37. Монғолия Елшілігі.
      38. Мысыр Араб Республикасының Елшілігі.
      39. Нидерланд Корольдігінің Елшілігі.
      40. Норвегия Корольдігінің Елшілігі.
      41. Оман Сұлтандығының Елшілігі.
      42. Оңтүстік Африка Республикасының Елшілігі.
      43. Өзбекстан Республикасының Елшілігі.
      44. Палестина Мемлекетінің Елшілігі.
      45. Польша Республикасының Елшілігі.
      46. Ресей Федерациясының Елшілігі.
      47. Румыния Елшілігі.
      48. Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшілігі.
      49. Сербия Республикасының Елшілігі.
      50. Словак Республикасының Елшілігі.
      51. Тәжікстан Республикасының Елшілігі.
      52. Таиланд Корольдігінің Елшілігі.
      53. Түркия Республикасының Елшілігі.
      54. Түрікменстан Елшілігі.
      55. Украина Елшілігі.
      56. Үндістан Республикасының Елшілігі.
      57. Финляндия Республикасының Елшілігі.
      58. Француз Республикасының Елшілігі.
      59. Хорватия Республикасының Елшілігі.
      60. Чех Республикасының Елшілігі.
      61. Швейцария Конфедерациясының Елшілігі.
      62. Эстония Республикасының Елшілігі.
      63. Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулдығы.
      64. Алматы қаласындағы Мажарстанның Бас консулдығы.
      65. Алматы қаласындағы Германия Федеративтік Республикасының Бас консулдығы.
      66. Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы.
      67. Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы.
      68. Алматы қаласындағы Қырғыз Республикасының Бас консулдығы.
      69. Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы.
      70. Алматы қаласындағы Литва Республикасының Бас консулдығы.
      71. Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы.
      72. Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы.
      73. Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығы.
      74. Алматы қаласындағы Польша Республикасының Бас консулдығы.
      75. Алматы қаласындағы Швейцария Конфедерациясының Бас консулдығы.
      76. Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас Консулдығы.
      77. Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы.
      78. Азиялық Даму Банкінің өкілдігі.
      79. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы.
      80. Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдігі.
      81. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ).
      82. Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) кластерлік бюросы.
      83. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы.
      84. Болгар Республикасы Елшілігінің Сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі қызметі (СЭМҚ).
      85. Дүниежүзілік Даму Банкінің өкілдігі
      86. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азиялық өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨ АҮО).
      87. Еуразиялық даму банкінің өкілдігі.
      88. Еуропалық Одақтың өкілдігі.
      89. Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдігі.
      90. Ислам Даму Банкінің өкілдігі.
      91. Қытай Халық Республикасы Елшілігінің Сауда-экономикалық бөлімі.
      92. Мысыр Араб Республикасы Елшілігінің Сауда бөлімі
      93. Ресей Федерациясы Елшілігінің Сауда өкілдігі.
      94. Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК).
      95. Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ)