Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 9-2/695 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 қыркүйекте № 12014 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 5 тамыз


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 9-2/695 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау
үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты және уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түскен кірістер есептелетін Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы (бұдан әрі – ағымдағы шот) ақшаны агент мынадай мақсаттарда:

      1) қолайсыз табиғат құбылыстарының нәтижесінде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандырушыға немесе өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемдерінің елу пайызын өтеуге;

      2) уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыруға пайдаланады.

      3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган мен агент арасында жасалатын шарт негізінде аударылады.

2. Ақшаны пайдалану тәртібі

      4. Агент ағымдағы шоттан сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамының банктік шотына сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеу сомасын аудару үшін Ұлттық Банкке өтемді төлеуге арналған төлем тапсырмасын береді.

      5. Сақтандырушы немесе өзара сақтандыру қоғамы ағымдағы шоттан ақшаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде агенттің сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомалары бойынша агентпен салыстырып тексеру актісін үш данада ресімдейді.

      6. Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсына отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агенттің ағымдағы шоты бойынша ақшаның қозғалысы туралы есепті және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы есепті береді:

      1) сақтандырушылармен немесе өзара сақтандыру қоғамдарымен жасалған салыстырып тексеру актісі;

      2) жүргізілген өтем төлемдері туралы ағымдағы шоттан үзінді көшірме;

      3) өтемдерді төлеуге арналған төлем құжаттарының көшірмелері.

      7. Сақтандырушы агентке көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарлаған және (немесе) берген жағдайда агент сақтандырушыға немесе қоғамға жүргiзiлген сақтандыру төлемiнiң бiр бөлiгiн өтеуден бас тартады.

      8. Агент ағымдағы шоттан түсетін қаражаттың түсімдері және оларды пайдалану жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жарғылық қызмет нәтижелерінен оқшау жүргізеді.

      9. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға және тиісінше бюджетке қайтаруға жатпайды.

      10. Агент өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша ағымдағы шоттан бос қаражатты:

      1) Ұлттық Банкпен депозиттер қабылдау (банктік салымдар) және жинақ шотты ашу мен жүргізу туралы келісім жасасу жолымен Ұлттық Банктегі депозиттерге;

      2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырады.

      11. Уақытша бос қаражатты депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан алынған кірістер ағымдағы шотқа есептеледі.

  Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
ақшаны пайдалану қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

20___ жылғы "___" ________және
20___ жылғы "___" _______ аралығындағы агенттің ағымдағы
шоты бойынша ақшаның қозғалысы туралы есеп

      (теңгемен)

Атауы

Тоқсандар бойынша сома

Есепті кезеңдегі ақша қозғалысының жиыны

1

2

3

4


1

Тоқсанның басындағы ақшаның қалдығы






2

Есепті кезеңде түсетін түсімдер, барлығы (3+4+5)






оның ішінде:






3

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген қаражат






4

Депозиттік шоттан түсетін сыйақы






5

Мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін сыйақы






6

Шығыстар, барлығы (7+8+9)






оның ішінде:






7

Сақтандырушыға немесе өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемдерінің бөлігін өтеу






8

Депозиттерге орналастыру






9

Мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру






10

Есепті кезең соңындағы қаражаттың қалдығы (1+2-6)







      Агенттің басшысы ______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орны

  Өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін
ақшаны пайдалану қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы
20___ жылғы "___" _____ жағдай бойынша есеп

      (теңгемен)

Сақтандыру компаниясының немесе өзара сақтандыру қоғамының атауы (облыс атауы)

Жасалған шарттар саны (бірлік)

Барлық сақтандырылған алаң (гектар)

Сақтанушылармен жасалған шарттар бойынша жалпы сақтандыру сомасы

Сақтандырушының немесе өзара сақтандыру қоғамының сақтанушыларға жүргізген сақтандыру төлемінің сомасы

Агенттің сақтанушыға немесе өзара сақтандыру қоғамына сақтандыру төлемінің бір бөлігін өтеу сомасы

1

2

3

4

5

6

7
















      Агенттің басшысы ______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орны