"Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 4 тамыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-1/618 бұйрығымен бекітілген |
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және
мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) классерлік әдіс - мақта жөніндегі сарапшы (классер) жүзеге асыратын, сорты, сыныбы және штапельдік ұзындығы бойынша мақта талшығын қолмен бағалау;
2) мақта талшығының иесі - меншік құқығында мақта талшығы бар жеке немесе заңды тұлға;
3) мақта талшығының сапасы - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақта талшығының тұтыну қасиеттерінің жиынтығы.
4) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілері - мақта талшығының нақты сорты мен сыныбына тән, түсі, дақ түсуі, құрылымы және ластануы бойынша мақта талшығының сапа сипаттамаларының жиынтығын білдіретін, бекітілген немесе белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген үлгілер;
3. Мақта талшығының сапасының сараптамасы сараптама ұйымының бюджеттік қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-1/55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11004 тіркелген) Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес жүзеге асады.
2. Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және
мақта талшығының сапа паспортын беру тәртібі 1-параграф. Мақта талшығының сараптамалары
4. Мақта талшығының сапасының сараптамасы:
1) сынамаларды іріктеуді;
2) сынамаларды сынақтан өткізуді;
3) мақта талшығының сапа паспортын ресімдеуді қамтиды.
5. Мақта талшығының әрбір бумасынан сынама (100-150 грамм) іріктеуді мақта тазалау зауытында бума тығыздаудан шыққан кезде сараптама ұйымының іріктеушісі жүзеге асырады.
6. Сәйкестендіру мақсатында сараптама ұйымының іріктеушісі мақта талшығының әрбір іріктеп алынған сынамасына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша бума нөмірінің штрих-коды бар биркадан жыртылатын купонды салады.
Купон жыртылып алынған бирка сынама алынған буманың тілінген бөлігіне салынады.
7. Сараптама ұйымының іріктеушісі мақта талшығының іріктеп алынған сынамаларын жыртылған купондармен бірге полиэтилен пакеттерге буып-түйеді және оларды қапқа тығыздап салады. Қап осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша затбелгімен жабылады.
8. Бір өнеркәсіптік және селекциялық сортты және сыныпты шитті мақтадан өңделген мақта талшығынан сынамалар іріктеп алу сараптама ұйымының іріктеушісі мен мақта тазалау зауытының өкілі қол қоятын, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеп алу актісімен ресімделеді, екі данада, оның біреуі мақта тазалау зауытының өкіліне, екіншісі - сынамаларды сараптама ұйымының зертханасына тасымалдауды жүзеге асыратын сараптама ұйымының өкіліне беріледі.
Сараптама ұйымының іріктеушісі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта талшығының сынамаларын бумалап іріктеп алуды тіркеу журналын жүргізеді.
9. Сынамалар салынған мөрленген қаптарды сараптама ұйымның өкілі сараптама ұйымның зертханасына тасымалдайды.
10. Сараптама ұйымның зертханасына жеткізілген сынамалар салынған қаптарды сараптама ұйымының маманы қабылдап алады және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тазалау зауытында іріктеп алынған мақта талшығының сынамалардын қабылдап алу журналына тіркейді.
11. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізуді сараптама ұйымының мамандары сараптама ұйымының зертханасында қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүргізеді.
12. Мақта талшығының сынамалары алдын ала жылдам желдету қондырғысында ұсталады немесе 24 сағат бойы стандартты климаттық жағдайындағы үй-жайда желдетіледі: ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65% + 2%, ауа температурасы 21 0С + 1 0С.
13. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) өнімділігі жоғары өлшейтін автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесі (НVІ типті) арқылы;
2) классерлік әдіспен.
14. Мақта талшығын сынақтан өткізуді бастағанға дейін өнімділігі жоғары мақта талшығын өлшейтін автоматтандырылған сынау жүйесін (НVІ типті) күйге келтіруді жүзеге асырады.
15. Өнімділігі жоғары мақта талшығын өлшейтін автоматтандырылған сынау жүйесі (НVІ типті) арқылы мақта талшығының мынадай көрсеткіштерін өлшейді:
1) микронейр көрсеткіші;
2) түс көрсеткіштері (шағылысу коэффициенті, сарғаю дәрежесі);
3) ластану көрсеткіштері (трэш код, арамшөпті қоспалар алаңы, арамшөпті қоспалар саны);
4) ұзындық көрсеткіштері (жоғарғы орташа ұзындық, ұзындығы бойынша біркелкілік индексі, қысқа талшықтар индексі);
5) мықтылық көрсеткіштері (үлестік үзілу жүктелімі, үзілгендегі ұзаруы).
16. Классерлік әдіс:
1) мақта талшығының сыртқы түрінің стандарттық үлгілерімен салыстыру жолымен сорты мен сыныбы бойынша мақта талшығын органолептикалық бағалауды;
2) штапельді қолмен төсеу жолымен штапельдік ұзындығын анықтауды көздейді.
Бұл ретте сондай-ақ микронейр көрсеткіші (аспаппен), мақта талшығының сынамаларында басқа қоспалардың (мақта тұқымының, линттің, шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу қалдықтарының, майланған мақта талшығының, шірік иісінің) бар-жоғы және жабысқақтығы анықталады.
17. Мақта талшығының сапасын бумалап сынақтан өткізу нәтижелері бойынша әрбір бумаға Заңның 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан (үлгі) бойынша мақта талшығының сапа паспорты ресімделеді.
Мақта талшығы иесінің өтінімі бойынша мақта талшығының сапа бумалық паспорттары негізінде оның есебінен мақта талшығының біртектес партиясына біріктірілген мақта талшығы сапасының паспорты ресімделуі мүмкін.
18. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісі қара немесе көк түсті шарикті немесе қауырсынды қаламмен қолмен не машинкамен басу тәсілімен толтырылады. Мақта талшығының сапа паспортының бланкісін толтыру кезінде түзетулерге жол берілмейді.
Сараптама ұйымының уәкілетті өкілі мақта талшығының сапа паспортының бланкісін толтырады, оған қол қояды және сараптама ұйымы зертханасының мөрімен бекітеді.
2–параграф. Мақта талшығының сапа паспортын беру
19. Мақта өңдеу ұйымына мақта талшығының сапа паспортын сараптама ұйымы мақта тазалау зауытында мақта талшығының сынамаларын іріктеп алғаннан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс.
20. Мақта талшығының сынамаларын сынақтан өткізу нәтижелері негізінде мақта өңдеу ұйымы типі, өнеркәсіптік және селекциялық сорты бойынша біртекті, үш сыныпқа дейін болуға жол берілетін мақта талшығының партиясын жинақтайды, жинақталған мақта талшығы партиясының кондициялық салмағын айқындайды. Мақта талшығын тиеп жөнелту кезінде мақта өңдеу ұйымы жөнелту құжаттарына мақта талшығының сапа паспортын салады.
21. Мақта талшығының сапа паспорты берілген күннен бастап күшіне енеді және мақта талшығын сақтау шарттарын сақтаған жағдайда сегіз ай бойы қолданылады.
22. Мақта талшығының сынамалары сынақтан өткізгеннен кейін мақта талшығының иесі партияны тиеп жөнелткенге дейін, бірақ мақта талшығының сапа паспортының қолданылу мерзімінен асырмай сараптама ұйымының зертханасында сақталады, содан соң мақта өңдеу ұйымына қайтарылады.
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 1-қосымша |
Бума нөмірінің штрих-коды бар бирка
Үлгі
Сараптама ұйымның атауы | Сараптама ұйымның атауы | Сараптама ұйымның атауы | Сараптама ұйымның атауы |
777 123 000023 | 777 123 000023 | 777 123 000024 | 777 123 000024 |
1 | 2 | 1 | 2 |
777 – мақта тазалау зауытының коды;
000023, 000024 – мақта тазалау зауытындағы мақта талшығы бумасының нөмірі.
Ескертпе: 1 жұлынатын купон іріктеп алынған мақта талшығы сынамасына салынады, 2 бирка буманың тілінген бөлігіне салынып тігіледі.
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Затбелгі
_____________________________________________________________________
Мақта өңдеу ұйымының атауы
Мақта тазалау зауытының коды _________
Шитті мақта партиясының №____ Шитті мақтаның өнеркәсіптік сорты _____
Шитті мақтаның сыныбы ________ Селекциялық сорты ____________________
Сынамалар алынған бумалар:
№ бастап ____________________ № дейін _______________________________
Іріктеу мерзімі 200_ жылғы "____" _______________
Іріктеуші _______________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Сынамаларды іріктеп алу актісі
№ ____________________________
200_ жылғы "____" ____________
_____________________________
Мақта өңдеу ұйымының атауы
Мақта тазалау зауытының коды _________
Шитті мақта партиясы №____ Шитті мақтаның өнеркәсіптік сорты ________
Шитті мақта сыныбы ________ Селекциялық сорты _______________________
Бума нөмірі:
____ бастап _________ дейін ____________
Іріктеп алынған сынама саны__ Іріктеп алынған сынаманың салмағы, __кг
Сараптама ұйымның іріктеушісі _______________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мақта тазалау зауытының өкілі _______________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Мақта талшығының сынамаларын бумалап іріктеп алуды тіркеу журналы
Күні | Бригада және ауысым № | Сынама саны | Штрих-код № _____ бастап _____ дейін | Іріктеушінің Т.А.Ә. | Іріктеушінің қолы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Мақта тазалау зауытында іріктеп алынған мақта талшығының
сынамаларын қабылдап алуды тіркеу журналы
Күні | Мақта тазалау зауытының коды | Сынама іріктеу актісінің № және күні | жүкқұжат № және күні | Сынама саны | Сынама салмағы, кг | Ылғалдылық, % | Селекциялық сорт | Шитті мақтаның өнеркәсіптік сорты мен сыныбы | штрих-код № _____ бастап _____ дейін |
1 | 2 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |