"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 536 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 642 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12005 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 536 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 қыркүйекте № 9757 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда, «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 05 мамырдағы №83 (27959) санында, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 05 мамырдағы № 83 (28561) санында жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жете тексеру мен тінту жүргізу қағидаларында:
      130-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі.
      Қағидаларға 11-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің міндетін атқарушы
      полиция генерал-майоры                     Р. Жақыпов