«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
____________________ А. Рау
2015 жылғы «____» __________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
____________________ Ұ. Қарабалин
2015 жылғы «____» ___________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 547 бұйрығымен бекітілді
Бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін
нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін
қызметтерінің) тізбесі
1. Теміржол көлігі саласындағы реттелетін нарықтың көрсетілетін қызметтері:
жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтер;
теміржол жолаушы жылжымалы құрамын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жүк вагондарын ағымдағы ағытпалы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердің («Экспресс» автоматтандырылған басқару жүйесi, «Машинист маршрутын ықпалдастырып өңдеу» автоматтандырылған жүйесі) деректер базаларынан теміржолмен жолаушыларды тасымалдаушылар үшін ақпарат ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтер;
локомотив тартқыш көрсететін қызметтер;
контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
теміржол жүк жылжымалы құрамын жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жабық вагондар операторының көрсететін қызметтері;
платформалар операторының көрсететін қызметтері;
Қазақстан Республикасы теміржол ұйымдарының объектілері мен жүктерін күзету, материалдық құндылықтарын қорғау жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жолаушы вагондарына ТҚ-1, ТҚ-2, ТҚ-3 көлемінде техникалық қызмет көрсетуді жүргізу, жолаушы вагондарын ауыз суымен және қатты отынмен жабдықтау, жолаушы вагондарын ағымдағы ағытпалы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
багажды және жүкбагажын теміржол көлігімен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтер;
пошта жөнелтімдерін теміржол көлігімен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жолаушыларды халықаралық қатынастарда теміржол көлігімен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жолаушыларды облысаралық және (немесе) ауданаралық (қалааралық) қатынастарда теміржол көлігімен тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтер;
теміржол вокзалдарында анықтамалық-ақпараттық көрсетілетін қызметтер;
ақылы қызметтер көрсетуге арналған үй-жайлардан басқа, тасымал процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын теміржол вокзалының алаңдарын ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтер;
тартқыш және мотор-вагон жылжымалы құрамды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2, ТҚ-3, ТҚ-4, ТҚ-6, ТҚ-7, ТҚ-8, КР);
жолаушы және (немесе) жүк вагондарын жөндеу (ағымдағы, деполық, күрделі, пайдалы пайдалану мерзімін ұзартып күрделі жөндеу);
арнайы жылжымалы құрамды күрделі жөндеу;
цистерналарды және битумдық ашық вагондарды булау және жуу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
теміржолдың кірме жолдары саласында көрсетілетін қызметтер: жүк тасымалы, маневрлік жұмыстар, локомотив тартқыштың көрсетілетін қызметтері, локомотивпен тиеу-түсіру орындарына вагондарды беру-алып кету;
жүк ауласының аумағында контейнерлерді тиеу-түсіру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
теміржол құрамының өтуі үшін теміржолдарды ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтер;
2. Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттелетін нарықтың көрсетілетін қызметтері:
электр энергиясының орталықтандырылған саудасын жүргізуге саудалық жүйенің дайындығын қамтамасыз ету;
электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргізу;
электр энергиясын (электрмен жабдықтау) бөлшек саудада өткізу.
3. Азаматтық авиация және порт қызметі саласындағы реттелетін нарықтың көрсетілетін қызметтері:
әуе кемелерiн қарсы алу-шығару (коммерциялық құқықтарсыз транзиттік рейстерге қызмет көрсетуден басқа);
жүктерді өңдеу (коммерциялық құқықтарсыз транзиттік рейстерге қызмет көрсетуден басқа);
әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар материалдарымен қамтамасыз ету (коммерциялық құқықтарсыз транзиттік рейстерге қызмет көрсетуден басқа);
жолаушыларға қызмет көрсету (коммерциялық құқықтарсыз транзиттік рейстерге қызмет көрсетуден басқа);
транзиттік нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету;
VIP ғимаратын пайдалану;
VIP залының жолаушыларына қызмет көрсету;
жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру;
ішкі және халықаралық ұшудың бизнес залында жолаушыларға қызмет көрсету;
тасымал процесін қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың үй-жайларын жалға беру;
жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескопиялық трап арқылы);
әуе кемесін қардан және мұздан тазарту;
жанар-жағар материалдарын (авиациялық отын) сақтау;
авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету және әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін арттыру;
мұнай құю және астық айлақтарын ұсыну;
паром кешені арқылы жүктерді қайта тиеу жөніндегі тиеу-түсіру жұмыстары;
порттың күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
4. Телекоммуникация саласындағы реттелетін нарықтың көрсетілетін қызметтері:
жергілікті телефон байланысы абоненттерін ұялы байланыс абоненттерімен қосуды ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жергілікті телефон байланысының көрсетілетін қызметтері;
соңғы тұтынушыларға Интернет желісіне қол жеткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
Интернет желісіне бастапқы қол жеткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер (байланыс операторлары үшін)
тікелей жұптарды (желілерді) жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
ұялы байланыстың көрсетілетін қызметтері;
хабарлау құралдарын пайдалану-техникалық қызмет көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтер;
телеграф байланысының (жеке және заңды тұлғалар) көрсетілетін қызметтері;
антеналық-мачталық құрылыстардағы орындарды жалға беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жергілікті телефон байланысы арқылы қалааралық (аймақiшiлiк) телефон байланысын ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жергілікті телефон байланысы арқылы қалааралық байланысын ұсыну жөнінде көрсетілетін қызметтер;
қалааралық және халықаралық деңгейлерде байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдықтарын (қолжетімділік тораптарын) қалааралық деңгейде қосу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
кіретін телефон трафигін ұялы байланыс операторларының телекоммуникация желілері нен/не өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
кіретін телефон трафигін тіркелген телефон байланыс операторларының телекоммуникация желілерінен ұялы байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
жергілікті, қалааралық және халықаралық деңгейлерде қосылған тіркелген телефон байланыс операторларының телекоммуникация желілерінен/не кіретін қалааралық, халықаралық телефон трафигін өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
тіркелген байланыс операторларының телекоммуникация желілері арқылы қалааралық, халықаралық және ұялы телефон трафигін жергілікті және (немесе) қалааралық деңгейлерде (транзит) қосылған байланыс операторларының телекоммуникация желілерінен/не өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
қосушы операторлардың телефон трафигін ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының жабдығына (нан) (қолжетімді тораптар) өткізуі жөнінде көрсетілетін қызметтер;
5. Пошта байланысы саласында реттелетін нарықтың көрсетілетін қызметтері:
жазылып алынатын мерзімдік баспасөз басылымдарын тарату қызметiн көрсету жөнінде көрсетілетін қызметтер;
тапсырыс хаттарды қайта жіберу жөнінде көрсетілетін қызметтер;
почта байланысының әмбебап қызметтері.
6. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, газ саласындағы реттелетін нарықтың көрсетілетін қызметтері:
сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
ілеспе мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
тауарлық газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
табиғи және (немесе) мұнай газын қайта өңдеу;
баллондардағы сұйытылған газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
автокөлікті толтыру үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;
сыйымдылықтағы сұйытылған газды бөлшек саудада өткізу;
сыйымдылықтағы сұйытылған газды топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу;
сыйымдылықтағы сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
табиғи құрғақ газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу;
бөгде ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға тиесілі таратушы газ құбырларын, сондай-ақ үй ішіндегі газ желілерін және (немесе) газ жабдығын пайдалану және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету.
7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы реттелетін нарықтың көрсетілетін қызметтері:
шикі мұнайды қайта өңдеу.