"Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 4-2/665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11945 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 06-2/454 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7166 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 501-502 (26894) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі 
№ 4-2/665 бұйрығымен   
бекітілген         

«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң
шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттiк сынау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – құнды шаруашылық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға жіберу туралы Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемкомиссия) қорытындысы негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттiк тiзіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сортын (бұдан әрі – сорт) енгiзу туралы көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығының көшiрмесi не Мемкомиссияның сортты одан әрi сынаудан алып тастау негiздемесi бар қағаз жеткізгіштегі қорытындысы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттар мен материалдарды қамтитын селекциялық жетістіктерді пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімнің болуы (бұдан әрі – рұқсат беруге арналған өтінім) мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмуны, орындау ұзақтығы:
      Көрсетілетін қызметті алушының деректерi бойынша сорттарды сынауды жүргізу кезiнде:
      1) Мемкомиссия кеңсесінің маманы:
      рұқсат беруге арналған өтінімді қабылдауды, қарауды жүзеге асырады және 30 (отыз) минут ішінде қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне тіркеу туралы белгі қояды;
      15 (он бес) минут ішінде рұқсат беруге арналған өтінімді Мемкомиссияның басшысына қарар жазу және жауапты орындаушыны айқындау үшін жолдайды;
      2) Мемкомиссия басшысы рұқсат беруге арналған өтініммен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды, тиісті қарар жазады және кеңсе маманы арқылы рұқсат беруге арналған өтінімді жауапты орындаушыға 3 (үш) сағат ішінде жолдайды;
      3) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы Мемкомиссияның кеңсесіне рұқсат беруге арналған өтінім келіп түскен сәттен бастап 44 (қырық төрт) жұмыс күні ішінде рұқсат беруге арналған өтінімге және сорттың атауына сараптама жүргізеді:
      рұқсат беруге арналған өтінім мен сорттың атауы сараптамасының оң нәтижелері алынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға жаңа сортты шаруашылыққа пайдалылығын сынауға қабылданғаны туралы хабарлама беріледі;
      рұқсат беруге арналған өтінім мен сорттың атауы сараптамасының теріс нәтижелері алынған кезде Мемкомиссия көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруге арналған өтінімнің және (немесе) сорт атауының сәйкес келмейтіндігі туралы жазбаша хабарлайды;
      4) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы жаңа сортты шаруашылыққа пайдалылығын сынауға қабылданғаны туралы хабарлама бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша 132 (жүз отыз екі) жұмыс күні ішінде жаңа сорт бойынша ұсынылған рұқсат беруге арналған өтінімнің «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес бекітілетін Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкестігін бағалауды жүргізеді:
      Қағидаларға сәйкес келген кезде, сортты пайдалануға жіберу туралы хаттамалық шешімге енгізу үшін Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердің мемлекеттiк тiзіліміне өзгерістер енгізуді қарау жөніндегі Мемкомиссияның Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) қарауына жаңа сорт құжаттамасы дайындалады;
      Қағидаларға сәйкес келмеген кезде, мемлекеттік сорт сынауды жүргізу туралы хаттамалық шешімге енгізу үшін Сараптама кеңесінің қарауына жаңа сорт құжаттамасы дайындалады;
      5) Сараптама кеңесі жаңа сорт құжаттамасын қарастырады және 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде Қағидаларда белгіленген нысан бойынша қорытынды жасайды:
      сортты пайдалануға жіберу туралы;
      мемлекеттік сорт сынауды жүргізу туралы;
      6) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы сортты пайдалануға жіберу туралы Сараптама кеңесінің қорытындысын тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      7) Комиссия сынақ нәтижелерін, жаңа сорт құжаттамаларын, Сараптама кеңесінің қорытындысын қарастырады және сортты пайдалануға жіберу не сортты сынаудан алып тастау туралы хаттамалық шешімді 5 (бес) жұмыс күні ішінде шығарады;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сортты Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол болмаған кезеңде оны алмастыратын адамның (бұдан әрі – оны алмастыратын адам) бұйрық жобасын дайындайды және 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне немесе оны алмастыратын адамға қол қоюға жолдайды;
      9) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі немесе оны алмастыратын адам ұсынылған бұйрық жобасын 3 (үш) жұмыс күн ішінде қарастырады және қол қояды;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
      11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бұйрық тіркелгеннен кейін бұйрықтың көшірмесін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мемкомиссияға жолдайды;
      12) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      Мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша сорттарды сынауды жүргізу кезiнде:
      1) Мемкомиссия кеңсесінің маманы:
      рұқсат беруге арналған өтінімді қабылдауды, қарауды жүзеге асырады және 30 (отыз) минут ішінде қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне тіркеу туралы белгі қояды;
      15 (он бес) минут ішінде рұқсат беруге арналған өтінімді Мемкомиссияның басшысына қарар жазу және жауапты орындаушыны айқындау үшін жолдайды;
      2) Мемкомиссия басшысы рұқсат беруге арналған өтініммен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды, тиісті қарар жазады және кеңсе маманы арқылы рұқсат беруге арналған өтінімді жауапты орындаушыға 3 (үш) сағат ішінде жолдайды;
      3) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы Мемкомиссияның кеңсесіне рұқсат беруге арналған өтінім келіп түскен сәттен бастап 44 (қырық төрт) жұмыс күні ішінде рұқсат беруге арналған өтінімге және сорттың атауына сараптама жүргізеді:
      рұқсат беруге арналған өтінім мен сорттың атауы сараптамасының оң нәтижелері алынған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға жаңа сортты шаруашылыққа пайдалылығын сынауға қабылданғаны туралы хабарлама беріледі;
      рұқсат беруге арналған өтінім мен сорттың атауы сараптамасының теріс нәтижелері алынған кезде Мемкомиссия көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат беруге арналған өтінімнің және (немесе) сорт атауының сәйкес келмейтіндігі туралы жазбаша хабарлайды;
      4) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы жаңа сортты шаруашылыққа пайдалылығын сынауға қабылданғаны туралы хабарлама бергеннен кейін мемлекеттік сорт сынауды жүргізу үшін 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің (бұдан әрі – МСУ) мекенжайларын, саны мен жеткізу мерзімін көрсете отырып, тұқымдық және отырғызылатын материалды жеткізуге тапсырма құжатын жолдайды;
      5) МСУ агрономдары шаруашылық құнды белгілер кешені бойынша сортты егістік сынауды жүргізеді және оның экономикалық тиімділігін айқындайды:
      дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, біржылдық жемшөп, көкөніс, бақша, гүлді-сәнді дақылдары және картоп бойынша екі вегетациялық кезеңнен кем емес;
      көпжылдық шөптер бойынша екі циклді қолданудан кем емес;
      жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша екі шаруашылық өнімнен кем емес;
      6) МСУ агрономдары егіні жинау жұмысы аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Мемкомиссияға сорттың егістік сынау нәтижелерін жолдайды;
      7) Сараптама кеңесі сынау нәтижелерін қарастырады және 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде қорытынды жасайды:
      сортты пайдалануға жіберу туралы;
      сортты одан әрі сынаудан алып тастау туралы;
      8) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы Сараптама кеңесінің қорытындысын Комиссия қарауына 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      9) Комиссия сынау нәтижелерін, Сараптама кеңесінің қорытындысын қарастырады және сортты пайдалануға жіберу туралы не сортты сынаудан алып тастау туралы хаттамалық шешімді 5 (бес) жұмыс күні ішінде шығарады;
      10) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сортты Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе оны алмастыратын адамның бұйрығының жобасын дайындайды және 22 (жирмы екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне немесе оны алмастыратын адамға қол қоюға жолдайды;
      11) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі немесе оны алмастыратын адам ұсынылған бұйрық жобасын 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырады және қол қояды;
      12) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
      13) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бұйрық тіркелгеннен кейін бұйрықтың көшірмесін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мемкомиссияға жолдайды;
      14) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:
      көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне тіркеу туралы белгі;
      Мемкомиссия басшысының қарары;
      Мемкомиссияның хабарламасы;
      тұқымдық және отырғызылатын материалды жеткізуге тапсырма құжаты (мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша сынауды жүргізу кезінде);
      Сараптама кеңесінің қарауына жаңа сорт құжаттамасы;
      сорттарды егістік сынау нәтижелері (мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша сынауды жүргізу кезінде);
      сорттың егістік сынау нәтижелерін жолдау туралы ілеспе хат (мемлекеттiк сорт сынау деректерi бойынша сынауды жүргізу кезінде);
      Сараптама кенесінің қорытындысы;
      сынау нәтижелерін және Сараптама кеңесінің қорытындысын Комиссияның қарауына жолдау туралы ілеспе хат;
      хаттама;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе оны алмастыратын адамның бұйрық жобасы;
      қол қойылған бұйрық;
      тіркелген бұйрық;
      бұйрық көшірмесін беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске қосылады:
      1) Мемкомиссия кеңсесінің маманы;
      2) Мемкомиссия басшысы;
      3) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы;
      4) МСУ агрономдары;
      5) Сараптама кеңесі;
      6) Комиссия;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      8) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі немесе оны алмастыратын адам.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
      1) Мемкомиссия кеңсесінің маманы:
      рұқсат беруге арналған өтінімді қабылдауды, қарауды жүзеге асырады және 30 (отыз) минут ішінде қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесіне тіркеу туралы белгі қояды;
      15 (он бес) минут ішінде қабылдау туралы өтінішті Мемкомиссияның басшысына қарар жазу және жауапты орындаушыны айқындау үшін жолдайды;
      2) Мемкомиссия басшысы 3 (үш) сағат ішінде рұқсат беруге арналған өтінімді қарастырады, жауапты орындаушыны айқындайды;
      3) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы:
      44 (қырық төрт) жұмыс күні ішінде пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімге және сорттың атауына сараптама жасауды жүзеге асырады:
      132 (жүз отыз екі) жұмыс күні ішінде жаңа сорт бойынша рұқсат беруге арналған өтінімнің (көрсетілетін қызмет алушының деректері бойынша сынауды жүргізу кезінде) Қағидаларға сәйкестігін бағалауды жүргізеді:
      көрсетілетін қызметті алушыға тұқымдық және отырғызылатын материалды жеткізуге тапсырма құжатын (мемлекеттік сорт сынау нәтижелері бойынша сынауды жүргізу кезінде) 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      4) МСУ агрономдары шаруашылық құнды белгілер кешені бойынша сортты егістік сынауды жүргізеді (мемлекеттік сорт сынау нәтижелері бойынша сынауды жүргізу кезінде) және оның экономикалық тиімділігін айқындайды:
      дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, біржылдық жемшөп, көкөніс, бақша, гүлді-сәнді дақылдары және картоп бойынша екі вегетациялық кезеңнен кем емес;
      көпжылдық шөптер бойынша екі циклді қолданудан кем емес;
      жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша екі шаруашылық өнімнен кем емес;
      5) МСУ агрономдары 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Мемкомиссияға сорттың егістік сынау нәтижелерін жолдайды;
      6) Мемкомиссияның Сараптама кеңесі сынау нәтижелерін 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде қарастырады:
      7) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы Сараптама кеңесінің қорытындысын Комиссия қарауына 10 (он) жұмыс күні ішінде жолдайды;
      8) Комиссия сынау нәтижелерін, Сараптама кеңесінің қорытындысын қарастырады және сортты пайдалануға жіберу туралы не сортты сынаудан алып тастау туралы хаттамалық шешімді 5 (бес) жұмыс күні ішінде шығарады;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сортты Мемлекеттік тізілімге енгізу туралы 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде бұйрық жобасын дайындайды;
      10) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі немесе оны алмастыратын адам ұсынылған бұйрық жобасын 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарастырады және қол қояды;
      11) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдайды;
      12) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде бұйрық тіркелгеннен кейін бұйрықтың көшірмесін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Мемкомиссияға жолдайды;
      13) Мемкомиссияның жауапты орындаушысы бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды
      9. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттiк қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы регламентке қосымшада көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. Осы қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
      11. Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі стандарттың 8-тармағында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызметтер стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімде көрсетіледі.
      Осы қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсету мүмкіндігі көзделмеген.

«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің
шаруашылыққа жарамдылығын  
мемлекеттік сынау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша            

«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын
мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

Схеманың жалғасы

Сызбаның жалғасы