"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 43 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 563 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11943 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 3 қазандағы № 43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9783 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 212-1) жолымен толықтырылсын:
      «212-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Қаратау ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.»;
      мынадай мазмұндағы 221-1) жолымен толықтырылсын:
      «221-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Алматы қаласы Наурызбай ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлтық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                          Т. Жақсылықов