"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 5-2/673 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 тамызда № 11938 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 5-2/197 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9467 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылы 30 қазандағы № 212 (28435) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 5-2/673 бұйрығымен
бекітілген

"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 5-2/389 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11345 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аудару.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз – көрсетілетін қызметті алушы өтінімнің болуы.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдау, оларды осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің басқару жүйесін дамыту жөніндегі шығындарын субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу журналында тіркеу және қабылдау мен тіркеу күнін көрсете отырып, тапсырылған құжаттардың тізімдемесімен бірге өтінімнің немесе ілеспе хаттың көшірмесін, екінші данасын оған беру. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің құжаттарын қарау және субсидияларды бөлу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) хатшысы құжаттардың қабылдануы мен тіркелуі үшін жауапты болып табылады;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын Комиссияның қарауы – көрсетілетін қызметті алушылардан құжаттар қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      3) Комиссия отырысының хаттамасы жасалған күннен бастап:

      Комиссия хатшысының көрсетілетін қызметті алушыларды жазбаша нысанда Комиссия отырысының нәтижелері туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етуі;

      бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) жоспарлануына және орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің екі данада субсидиялар төлеуге арналған ведомості он екі жұмыс күні ішінде қалыптастыруы және бюджеттік бағдарлама басшысына бекітуге жолдауы;

      бюджеттік бағдарлама басшысының субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастыру аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеуге арналған ведомості бекітуі;

      4) бухгалтерлік есеп үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің, қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне субсидияларды төлеуге арналған ведомость бекітілген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынуы.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің басқару жүйесін дамыту жөніндегі шығындарын субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу журналында құжаттарды тіркеу;

      2) Комиссия отырысының хаттамасы;

      3) көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету;

      4) он екі жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеуге арналған ведомость;

      5) субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастыру аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеуге арналған ведомості бекіту;

      6) төлем шоттары тізілімі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) Комиссияның хатшысы;

      2) Комиссия;

      3) бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) жоспарлануына және орындалуына жауапты құрылымдық бөлімше;

      4) бюджеттік бағдарлама басшысы;

      5) бухгалтерлік есеп үшін жауапты құрылымдық бөлімше маманы.

      8. Құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) Комиссия хатшысының көрсетілетін қызметті алушылардан құжаттар қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы;

      2) Комиссияның көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарауы – көрсетілетін қызметті алушылардан құжаттар қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      3) бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыларға хабарлама жіберу;

      4) он екі жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастыру;

      5) субсидиялар төлеуге арналған ведомості қалыптастыру аяқталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде субсидиялар төлеуге арналған ведомості бекіту;

      6) бухгалтерлік есеп үшін жауапты құрылымдық бөлімшенің қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне субсидиялар төлеуге арналған ведомость бекітілген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынуы.

      9. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметтін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет
көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгінуі мүмкіндігі көзделмеген.

      11. Осы қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсету мүмкіндігі көзделмеген.

  "Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің басқару жүйесін дамыту
жөніндегі шығындарын субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу
журналы

Р/с

Өтінім берілген күн

Агроөнеркәсіптік кешен субъектінің атауы


Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Өтінімді тапсырған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ұсынылған құжаттар тізбесі

Өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Өтінім берушінің қолы

























  "Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетудің
бизнес-процестері анықтамалығы