Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11926 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу туралы қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы Министрі             А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/678 бұйрығымен   
бекітілген      

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін
лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және
атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын
әзірлеу және бекіту

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарлары жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – эмиссия) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің бірізді нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) (бұдан әрі – бұйымдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын сырғалар (ілінетін, радиожиілік таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа бұйымдар (құралдар);
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) белгі салу жөніндегі лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмір басуды жүзеге асыратын ұйым;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқор – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған тіркелген лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;
      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған атрибуттар (бұдан әрі – атрибуттар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланатын құрал-саймандар және аспаптар;
      6) процессингтік орталық – Заңға сәйкес функцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесі;
      7) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға енгізу рәсімі.
      3. Лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеуді процессингтік орталық жүзеге асырады.
      4. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) лазерлік станциялардың, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың және өндірушілердің атауы;
      2) лазерлік станциялардың, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың және өндірушілердің деректемелері, байланыс деректері;
      3) фотоматериалдар қоса берілген бұйымдар мен атрибуттардың қысқаша сипаттамасы (техникалық сипаттамасы).
      5. Тіркеу рәсімі жүргізілгеннен кейін лазерлік станцияларға және бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды өндірушілерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуден өткені туралы анықтама, қажет болған жағдайда процессингтік орталықтың интернет-ресурсында автоматты режимде құрылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді беріледі.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге
арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен
атрибуттарды және өндірушілерді тіркеу тәртібі

1-параграф. Лазерлік станцияларды тіркеу

      6. Лазерлік станция процесcингтік орталыққа мыналарды береді:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
      3) бұйымдардың (құралдардың) техникалық сипаттамаларын және сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі);
      4) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірі басылған бұйымдар (құралдар) үлгілерінің әрбір түрінен кемінде екі дана.
      Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін бұйымдарға лазерлік станциялармен басу жазылатын жеке нөмердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының (бұдан әрі - Бірдейлендіру қағидалары) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін аппаратпен жүзеге асырылады.
      7. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар мен үлгілердің негізінде лазерлік станцияларды тіркеуге берілген өтініш туралы мәліметтерді өтініштерді тіркеу журналына енгізеді.
      Осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және/немесе үлгілердің жеткіліксіз саны ұсынылған және/немесе құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш берушіге өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жазбаша тіркеуден дәлелді бас тарту жолданады.
      8. Процессингтік орталық ұсынылған құжаттар және ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері басылған бұйымдардың (құралдардың) үлгілерін көзбен шолып бағалау негізінде жазбаша өтініш тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйымдардың (құралдардың) үлгілеріне басылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің сәйкестігін және лазерлік станциялардың Бірдейлендіру қағидаларының белгіленген талаптарына сәйкестігін айқындайды.
      Бұйымның (құралдың) үлгілеріндегі басылған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмерлерінің және лазерлік станциялардың белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін процессингтік орталық осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқорға енгізу және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес нәтижелерін беру арқылы лазерлік станцияларды тіркеуді жүзеге асырады.
      9. Бұйымдар үлгілеріндегі ауыл шаруашылығы жануарларының басылған нөмірлерінің және лазерлік станциялардың Бірдейлендіру қағидаларының белгіленген талаптарына сәйкессіздігі айқындалған жағдайда процессингтік орталық өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша дәлелді бас тарту жолдайды.

2-параграф. Бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және өндірушілерді тіркеу

      10. Өтініш беруші бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тіркеу үшін процессингтік орталыққа мыналарды береді:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
      3) бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың техникалық сипаттамасын және сапасын растайтын құжаттардың (бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың паспорты және техникалық ерекшелігі) көшірмелері;
      4) бұйымдарды (құралдарды) өндірушілер үшін – Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) бұйымдардың (құралдардың) тіркеуден өткенін растайтын құжат;
      5) бұйымдардың (құралдардың) әр түрінен кемінде екі дана үлгісі (бұйымдарды (құралдарды) тіркеу кезінде);
      6) атрибуттардың әр түрінен бір данасы (атрибуттарды тіркеу кезінде).
      11. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар және үлгілер негізінде бұйымдар мен атрибуттарды, сондай-ақ оларды өндірушілерді тіркеуге берілген өтініштер туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді есепке алу журналына енгізеді.
      Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және/немесе үлгілердің жеткіліксіз саны ұсынылған және/немесе құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, өтініш берушіге өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жазбаша тіркеуден дәлелді бас тарту жолданады.
      12. Процессингтік орталық жазбаша өтінішті тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде:
      1) бұйымдар (құралдар) мен оларды өндірушілердің Бірдейлендіру қағидаларымен белгіленген талаптарға (көзбен көріп бағалау, оларды Жануарлар туралы жазбалар жүргізу жөніндегі халықаралық комитетте (ICAR) өндірушілер тізімінде тіркелгендігін растаудың болуы);
      2) атрибуттардың мынадай талаптарға сәйкестігін анықтайтын рәсімдерді жүзеге асырады:
      таңбалауға арналған атрибуттар Бірдейлендіру қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс;
      сырғалауға арналған аппараттар сырғалардың артқы үшкір жағына арналған арнайы ернеуі жануарлардың құлағына сырғаны орнатқаннан кейін қысқыштардың лезде ашылуына мүмкіндік беретін серіппелі механизмі бар қысқыш түрінде болуы тиіс. Сырғалауға арналған аппарат тот баспайтын және қоршаған ортада жұмыс істеуге төзімді болуы тиіс.
      13. Ұсынылған құжаттардың және бұйымдардың (құралдардың), атрибуттардың және оларды өндірушілердің белгіленген талаптарға сәйкестігі айқындалғаннан кейін процессингтік орталық мәліметтерді осы Қағидаларға 4-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес нәтижелерін беру арқылы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, сондай-ақ оларды өндірушілерді тіркеуді жүзеге асырады.
      14. Бұйымдардың (құралдардың), атрибуттардың және оларды өндірушілердің Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға, сондай-ақ бұйымдар мен атрибуттардың техникалық сипаттамасын және сапасын растайтын құжаттардың ұсынылған үлгілерге сәйкессіздігі айқындалған жағдайда процессингтік орталық үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту жолдайды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын 
бірдейлендіруді жүргізу үшін  
лазерлік станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және атрибуттарды
және оларды өндірушілерді тіркеу
қағидаларына         
1-қосымша           

Тіркеуден өткендігі туралы № ___ анықтама

____________________________________________________________________
                        (заңды тұлғаның атауы,
_____________________________________________________ куәлік берілді
  жеке тұлғанаң тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды өндірушілер және/немесе лазерлік станциялар, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды өндірушілер және/немесе лазерлік станциялар тіркеу Қағидаларына сәйкес ______________________
_____________________________________________________________________
                             (атауы)
      Қазақстан Республикасында № ________________ болып тіркелді
                                  (тіркеу номері)
      20 _____ жылдың ______________ бастап, _________________ дейін
                      (тіркелген күн)        (тіркеу мерізімі)
      Басшы __________________________ ______________________________
                  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Мөр орыны

Ауыл шаруашылығы жануарларын 
бірдейлендіруді жүргізу үшін  
лазерлік станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және атрибуттарды
және оларды өндірушілерді тіркеу
қағидаларына         
2-қосымша           

Нысан

Процесингтік орталыққа
__________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
ЖСН/заңды тұлғаның атауы, БСН)  
Мекен жайы __________________________
_____________________________________

Өтініш

______________________________________________________________
(Лазерлік станциялардың және/немесе ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге
______________________________________________ тіркеуіңізді сұраймын.
арналған бұйымдар мен бұйымдар (құралдар), атрибуттарының және
өндірушілердің атауы)
Мекенжайы бойынша орналасқан: _____________________________________
Мыналар қоса берілді:
1) құжаттар _______________________________________________________
_________________________________________________________________
2) бұйымдар (құралдар), атрибуттардың үлгілері ______________
________________________________________________________________
Байланыс телефондары ______________________ E-mail _________________
Дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын.
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын.
___________________________________________ «___» _________ 20 __ жыл
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Ауыл шаруашылығы жануарларын 
бірдейлендіруді жүргізу үшін  
лазерлік станцияларды, бұйымдарды
(құралдарды) және атрибуттарды
және оларды өндірушілерді тіркеу
қағидаларына         
3-қосымша           

Нысан

Өтініштерді тіркеу журналы

№ р/н

Өтініштің түскен күні

Өтініш беруші

Бұйымдардың (құралдардың), атрибуттардың атауы және үлгілерінің саны

Тіркелді

Ескертпе