Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11907 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12–бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 14 шілде



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 632 бұйрығымен
бекітілген

Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу тәртібін айқындайды.

      1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер Қазақстан Республикасының аталған салада оларды сақтау бойынша оларға қатысты міндеттеме қабылдауына қатысты Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдар және жекелеген мемлекеттердің салған санкциялары болған жағдайларда қолданылмайды және кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушылар сертификаты) берілмейді.

      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) ресімдеуді экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - уәкілетті орган ведомствосы) жүзеге асырады.

      Өтінішті қабылдау және кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

      2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі − портал).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Кепілдік міндеттемелерін (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу тәртібі

      3. Кепілдік міндеттемесі (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) электрондық түрде ресімделіп, арнайы колдан жасалудан қорғалған қағазда дайындалған бланкіде басылып шығарылады және оған мөрмен куәландырылатын кепілдік міндеттемеге (түпкілікті пайдаланушының сертификатына) қол қоюға уәкілетті уәкілетті орган ведомствосының лауазымды тұлғасының қолы қойылады.

      Уәкілетті орган ведомствосы кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес экспорттаушы елдің уәкілетті органына ұсыну үшін ресімдейді.

      4. Кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) келісімшартқа қосылған өнімнің мөлшері мен номенклатурасына қарамастан, бір мәмілеге ресімделеді.

      5. Кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға, егер экспорттаушы елдің заңнамасымен осындай құжаттың ұсынылуы көзделген болса беріледі.

      6. Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алу үшін импорттаушы ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) импорттаушының (түпкілікті пайдаланушының) кепілдік міндеттемесін;

      3) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы шеттету құжаты немесе сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) көшірмесін;

      4) егер өтініш беруші ретінде делдал шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжаты көшірмесін.

      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әр беті мөрмен (бар болған жағдайда) және өтініш берушінің (уәкілетті тұлғаның) қолымен куәландырылады, не құжаттардың көшірмелері тігіледі және олардың соңғы беттері өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) және өтініш берушінің (уәкілетті тұлғаның) қолымен куәландырылады.

      Өтініш электрондық түрде портал арқылы тапсырған жағдайда құжаттар өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде тапсырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Уәкілетті органның ведомствосы мәлімдеушінің өтінішіне рұқсат беру құжаттарын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық тапсырмаған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы белгіленген мерзімдерде құжаттарды одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту береді.

      8. Кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) ресімдеуден мынадай:

      1) өтiнiш берушiнің кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған;

      2) өтiнiш берушiнің және (немесе) кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы болған;

      4) егер өтiнiш берушiге қатысты оның қызметіне немесе кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) болған;

      5) егер өтiнiш берушiге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімі болған, оның негізінде өтiнiш берушiнің кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған жағдайларда бас тартады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органның ведомствосына келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей ресімделеді.

      Уәкілетті орган ведомствосы осы Қағидаларда белгіленген мерзім ішінде кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) не кепілдік міндеттемені (түпкілікті пайдаланушының сертификатын) беруден дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Кепілдік міндеттемелерді
(түпкілікті пайдаланушылардың
сертификаттарын) ресімдеу
қағидаларына 1-қосымша

      нысан

Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесі
(түпкілікті пайдаланушының сертификаты)

№ СЕРТИФИКАТ

1. Импорттаушы (заңды мекенжайы, телефоны) БСН (ЖСН)

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды мекенжайы, телефоны)

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкілікті пайдаланушы (заңды мекенжайы, телефоны)

6. Тауардың атауы

7. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды

8. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды

9. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № және қол қойылған күні)

10. Өлшем бірлігі

11. Саны

12. Осымен, 6-тармақта көрсетілген тауардың елдің өз мұқтажына ғана пайдаланатындығы және экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенгені расталады. Осы құжат қол қойылған күннен бастап экспорттаушы елдің уәкілетті мемлекеттік органына алты ай ішінде ұсынылуға тиіс

13. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы
Тегі, аты, әкесінің аты – бар болған жағдайда (бұдан әрі Т.А.Ә.) Лауазымы
Қолы, М.О.
Күні

      Сыртқы жағы

Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесіне
(түпкілікті Тауардың пайдаланушының сертификатына) қосымша

Р/с

Тауардың атауы

СЭҚ ТН бойынша коды

Бақылау тізімдері бойынша коды

Саны

Өлшем бірлігі

1

2

3

4

5

6

1.






2.






3.






4.






5.






Барлығы парақ
№ парақ

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы
Т.А.Ә. Лауазымы
Қолы, М.О.
Күні

  Кепілдік міндеттемелерді
(түпкілікті пайдаланушылардың
сертификаттарын) ресімдеу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

      ____________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      ____________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген куәлігінің № - жеке кәсіпкер үшін; заңды тұлғаның толық аты-жөні, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, өтініш берушінің заңды тұлғасының мемлекеттік тіркелген куәлігінің немесе анықтамасының № – заңды тұлға үшін.)

      Мекенжайы____________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көшесінің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі, телефоны)

Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкiлікті пайдаланушының сертификатын) алуға арналған ӨТIНIШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2018 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кепiлдiк мiндеттемені (түпкiлікті пайдаланушы сертификатын) беруді сұраймын.

      _________парақ қоса беріледі

      Осымен: көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беретіндігі;

      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтату немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкім) жоқтығы;

      қоса беріліп отырған барлық құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы расталады.

      Өтініш берушіден __________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Толтырылған күні 20___жылғы "______"__________________