Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 9-1/666 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11903 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесi бекітілсін.
      2. «Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат пен қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 10-1/150 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8443 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 қыркүйекте № 203 (28142) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі   
№ 9-1/666 бұйрығымен    
бекітілген         

Мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсiптiк кешен
субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруiне жататын ақпарат
пен қызметтердiң тiзбесi

      1. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне өтеусiз негiзде беруіне жататын ақпараттар:
      1) агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау бағыттары, агроөнеркәсіп кешені саласында қабылданған нормативтік-құқықтық актілер жөнінде, оларға түсіндірмелер, сондай-ақ, ақпараттық-графикалық материалдар;
      2) сынақтан өткен және өңірлерге байланысты (тұқым сорты, тыңайтқыштар, улы химикаттар, сондай-ақ механизация құралдары) өндіріске енгізуге ұсынылған ғылыми-зерттеу институттарының соңғы ғылыми әзірлемелер бойынша одан әрі жұмыс үшін байланыс телефондары мен мекенжайларды ұсына отырып;
      3) отандық және әлемдік аграрлық нарық жаңалықтары, Қазақстанның өңірлеріндегі оқиғалар;
      4) ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды өңдеу өнімдерінің нарықтарының талдамалық зерттеулері және оларға шолу жасау;
      5) сүт өндіру саласы бойынша ақпараттық-талдамалық бюллетень;
      6) ірі қара мал еті бойынша ақпараттық-талдамалық бюллетень;
      7) құс еті бойынша ақпараттық-талдамалық бюллетень;
      8) республиканың барлық өңірлері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің, өсімдіктерінің, тірі малдың, жемшөптің және жанар-жағар майдың ағымдағы бағасы туралы ақпарат;
      9) көктемгі егіс және жинау жұмыстарының ағымдағы жағдайы туралы жедел ақпарат;
      10) республикада және басқа елдерде ұйымдастырылатын жоспарланған көрме-жәрмеңкелік іс-шаралар және оқыту семинарлары туралы;
      11) агроөнеркәсіп кешеніндегі озық технлогиялар және оларды енгізу тәжірибесі және басқа да жаңалықтар туралы;
      12) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері туралы байланыс-анықтамалық ақпарат (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер, агроөнеркәсіптік кешендегі материалдық-техникалық ресурстарды және қызметтерді жеткізушілер);
      13) агробизнесті дамыту саласындағы құзыретті техникалық консультанттардың тізілімі және олардың анықтамалық-байланыс ақпараты;
      14) жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар.
      2. Агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне өтеусіз негізде беруге жататын қызметтер:
      1) оn-line режимінде консультация беру;
      2) Қазақстан бойынша тегін қоңырау шалу телефоны арқылы консультация беру;
      3) брошюраларды тарату;
      4) ауыл шаруашылығы өнімдерін, тамақ өнімдерін, техника мен жабдықтарды сатып алу және сату туралы хабарландыруларды орналастыру.