«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны;
3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. «Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 264 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 307 бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7263 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 12 қарашада № 539-540 (26932) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындауын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрінің
_______________ Ә. Исекешев міндетін атқарушы
_______________ М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөнiндегi
комитетiнің төрағасы
_________________ С. Айтпаева
2015 жылғы 13 шілде
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 734 және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 493 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау
саласындағы тексеру парақтары
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін объектінің атауы: ______________________________________
СТН (ЖСН/БСН) _______________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы: _______________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
функционалдық шарттар өзгерістерінің, аппараттық-бағдарламалық кешенді және ақпараттық технологияларды, ақпараттық жүйенің жоқтығы |
||||
2. |
жалпы құрылымның қауіпсіздік саясаты талаптарына және құрылымда компоненттерді орналастыру сәйкестігі |
||||
3. |
ақпараттық жүйелерді құраушы болып табылатын компоненттер конфигурацияларының сәйкестігі |
||||
4. |
ақпараттық жүйе компоненттерінің, сондай-ақ интеграцияланатын ақпараттық жүйе компоненттерінің (ақпараттық жүйенің физикалық және логикалық құрылымы, функционалдық схемаға түсіндірме жазба) өзара iс-қимылының бекiтілген функционалдық схемасының (жоспары) болуы |
||||
5. |
пайдаланылатын ақпараттық жүйелер ақпараттық қауіпсіздігінің ұйымдастырушылық шараларының болуы |
||||
6. |
есептеу техникасы құралдарын паспорттандыру және ақпараттық ресурстарды пайдалану қағидаларының болуы |
||||
7. |
штаттан тыс (дағдарыстық) жағдайларда пайдаланушылардың іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықтың болуы |
||||
8. |
пайдаланушының компьютерлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану жөніндегі нұсқаулығының болуы |
||||
9. |
вирусқа қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың болуы |
||||
10. |
ақпаратты резервтік көшіру туралы нұсқаулықтың болуы |
||||
11. |
сервер әкімшісінің функциялары мен өкілеттіктерін бекіту жөніндегі нұсқаулықтың болуы |
||||
12. |
пайдаланушылар мен әкімшілердің серверлік үй-жайларға кіру қағидаларының болуы |
||||
13. |
корпоративтік ақпараттық желіде пайдаланушыларды тіркеу қағидаларының болуы |
||||
14. |
жүйелік әкімшілердің жұмысына арналған жадынаманың болуы |
||||
15. |
есептеу техникасы құралдарын пайдаланушы жадынамасының болуы |
||||
16. |
жұмыс станцияларында электрондық поштаны және Интернет қызметтерін пайдалану бойынша нұсқаулықтың болуы |
||||
17. |
бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға лицензияның және компьютерлік, телекоммуникациялық жабдықтарға, қызмет ақы төлеу терминалына, сауда автоматтарына, пос-терминалдар мен басқа да жабдықтарға компьютерлік жүйенің фискальдық режимде ақпараттық процесте пайдаланатын сәйкестік сертификаттарының болуы |
||||
18. |
компьютерлік жүйе құрамына кіретін және ақпараттық процеске (ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері») қатысатын фискалдық режимнің, фискалдық жадының техникалық және бағдарламалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сертификатының болуы |
||||
19. |
компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік жүйелерінің серверлік үй-жайларға және қол жеткізу шектелген үй-жайларға талаптарына сәйкестігі |
||||
20. |
компьютрлік жүйені пайдаланушылар дербес компьютерде сигнатуралар базасы бар лицензиялық немесе өзекті еркін таралатын вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы |
||||
21. |
аппараттық шекаралық машрутизаторлар көмегімен трафикті шифрлай отырып ұйымның аумақтық бөлінген бөлімшелері арасында қорғалған деректерді беру арнасының болуы |
||||
22. |
желіаралық экран арқылы Интернет желісінен шабуылдарды анықтау (болдырмау) жүйесінің болуы |
||||
23. |
пайдаланушының сәйкестендіру және бірдейлестіру жүйелерінің болуы |
||||
24. |
фискалдық режимде пайдаланылатын, компьютерлік жүйенің негізгі және резервтік серверлік жабдығының желілік карталарын тасығышқа қол жеткізуді басқарудың сәйкестендірушісі бойынша трафикті аппараттық желілік талдағыштың болуы |
||||
25. |
компьютерлік жүйенің резервтік көшіру жүйесінің болуы |
||||
26. |
ақпараттық қауіпсіздік қызметінің болуы |
||||
27. |
компьютерлік жүйе бойынша жауапты тұлғалардың болуы |
||||
28. |
ақпараттық қауіпсіздік саясатының болуы (қол жеткізілуі шектеулі ақпаратты басқаруды, қорғауды және бөлуді реттейтін нормалар және практикалық тәсілдер) |
||||
29. |
парольдерді қалыптастыру және пайдалану саясатының болуы |
||||
30. |
резервтік көшіру (мұрағаттау) саясатының болуы |
||||
31. |
пайдаланушылардың, қауіпсіздік әкімшілерінің, жүйелік әкімшілердің қол жеткізу мен міндеттерін шектеу жөніндегі рәсімдерді сипаттайтын құжаттаманың болуы |
||||
32. |
ҚР СТ 1073-2007 «Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» ақпаратты криптографиялық қорғау құралдар сертификатының болуы және криптографиялық төзімділігіне байланысты сәйкес болатын ҚР СТ 1073-2007 сәйкес қауіпсіздік деңгейіне сәйкес болуы тиіс |
||||
33. |
асспаптық тексеру кезінде анықталған осалдықтардың болуы |
||||
34. |
қолма-қол ақша арқылы, сондай-ақ фискалдық есептерді қалыптастыру кезінде сауда операцияларына, қызметтерді көрсетуге байланысты, оларды одан әрі түзету мүмкіндігінсіз компьютерлік жүйенің барлық операцияларын бекітудің жоқтығы. Компьютерлік жүйенің фискалдық есептерінің шығыс нысандары тексеру объектінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады |
||||
35. |
электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру функциясы бөлігіндегі жұмыс атқарып тұрған компьютерлік жүйенің дұрыс жұмыс істемеу фактісінің жоқтығы |
||||
36. |
бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізу үшін компьютерлік жүйенің техникалық талаптарына сәйкестігі актінің болуы |
Уәкілетті органның жауапты лауазымдық тұлғалары:
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
Тексерілетін объектінің иесі:
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 734 және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 493 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау саласындағы
тексеру парағының нысаны
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін объектінің атауы: ______________________________________
СТН (ЖСН/БСН) _______________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы: _______________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
байланыс саласында лицензияланатын қызмет түрлерін көрсетуге лицензияның болуы |
||||
2 |
байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі |
||||
3 |
абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл шегінде жинау мен сақтауды жүзеге асыруы |
||||
4 |
Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдарының пошта байланысының техникалық құралдарының электро магниттік сәулелеу көзі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың, сәйкестiгiн растауы |
||||
5 |
адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жекелеген байланыс құралдарының немесе желілерінің жұмысындағы бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдарды орындауы |
||||
6 |
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, қолданыстағы тексеру сертификаты бар байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар міндетті трафикті есепке алу жүйелерінің болуы |
||||
7 |
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне жергілікті телефон байланысы желілерінің қосылу деңгейлерінің сәйкестігі |
||||
8 |
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне аймақішілік желілерінің қосылу деңгейлерінің сәйкестігі |
||||
9 |
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс желілерінің қосылу деңгейлерінің сәйкестігі |
||||
10 |
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне жылжымалы байланыс желілерінің қосылу деңгейлерінің сәйкестігі |
||||
11 |
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне деректерді тарату желілерінің қосылу деңгейлерінің сәйкестігі |
||||
12 |
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне IP–телефония (Интернет–телефония) операторларының қосылу деңгейлерінің сәйкестігі |
||||
13 |
байланыс операторының, қызмет провайдерінің, ведомстволық телекоммуникациялар желісі, арнайы тағайындалған телекоммуникациялар желісі, корпоративтік желі иелерінің бөлінген «АВС» кодымен нөмірлеудің географиялық анықталатын аймағындағы жергілікті телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу ресурсының 50 пайыздан астамын тағайындалған сәттен бастап екі жылдың ішінде пайдалануы (уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру нәтижелері бойынша барлық бөлінген нөмірлеу сыйымдылығынан пайдаланбайтын бөлігі алып тасталады) |
||||
14 |
нөмірлеу ресурсын алушымен нөмірлеу ресурсын пайдалануы (нөмірлеу аймағын географиалық айқындамайтын «DEF» кодындағы «Х1», «Х1Х2» индекстері; қызметтердің қол жеткізу кодтарын пайдалануымен байланыс қызметтерін ұсынатын (Х1Х2Х3)/(Х1Х2Х3Х4) операторлар кодтары; «1UV (Х1(Х2))» шұғыл жедел, ақпараттық-анықтамалық және тапсырыс беру қызметтеріне қол жеткізу нөмірлері, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының таңдау префикстері) бөлінген сәттен бастап екі жыл ішінде 6 айдан астам пайдалану (уәкілетті орган жүзеге асыратын тексеру нәтижелері бойынша) |
||||
15 |
қалааралық және халықаралық байланыс шетелдік операторлармен трафик алмасуды Қазақстан Республикасының қалааралық және халықаралық байланыс операторлары арқылы жүзеге асыруы |
||||
16 |
қалааралық және халықаралық байланыс операторлары шетелдік операторлармен трафик алмасуды Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесі арқылы жүзеге асыруы |
||||
17 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiнің басқару орталығы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерүсті сегменттерi мен коммутациялық тораптарды қамтуы |
||||
18 |
көліктік желiлердi резервке қою тәуелсiз географиялық трассалар бойынша ұйымдастырылған тәуелсiз айналма жолдарды беру немесе сол тарату желiлерiнде ұйымдастырылатын трактiлерге (арналарға) ауыстыру жолымен жүзеге асыруы |
||||
19 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi құрамында жер үстiндегi байланыс жолдары бойынша көлiктiк желiнiң шетелдердiң байланыс операторларының телекоммуникация желiлерiмен кемiнде бiр тоғысу нүктесiнің болуы |
||||
20 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi құрамында көлiктiк телекоммуникация желiлерiнің болуы |
||||
21 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi құрамында қалааралық және халықаралық коммутация станцияларының болуы |
||||
22 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi құрамында жұмыс iстеуін қамтамасыз ететiн жүйелерi – басқару жүйесi мен техникалық пайдалану жүйесінің болуы |
||||
23 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсi құрамында тактiлi желілiк синхрондау жүйесiнің болуы |
||||
24 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiнде басқа елдердің жалпы пайдалануындағы телекоммуникация желілерімен халықаралық байланысуды ұйымдастыру үшін кемінде үш тарату (екеуi өз желiсiнiң бағытымен және бipeуi басқа елдiң желiсiнiң бағытында) шығуы (үш бағыт) желiлiк тораптардың болуы |
||||
25 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн қамтамасыз ететiн желiлерiн құруды (дамытуды) дербес құруы |
||||
26 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының жұмылдыру дайындығы жөніндегі iс-шараларды орындауы |
||||
27 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiнде кемiнде алты облыстың (географиялық нөмiрлеу аймағы), Астана және Алматы қалаларының аумағын қамтуы |
||||
28 |
қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желiсiнде басқа Қазақстан Республикасы ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы желісімен қосылыстардың болуы |
||||
29 |
техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының болуы |
||||
30 |
акционерлері (қатысушылары) арасында акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бөлу жөніндегі ақпаратты беруі |
||||
31 |
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде қалааралық және халықаралық байланыс операторы телекоммуникациялардың өзара үйлестiрiлген желiсi мүмкiндiктерiн ескере отырып, алынған өтiнiмдердiң негiзiнде соғыс уақытында берiлетiн Байланыс арналарының (трассаларының) тiзбелерiн әзiрлеуі |
||||
32 |
радиожиілік спектірін пайдалануға рұқсаттың болуы |
||||
33 |
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсаттың болуы |
||||
34 |
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық сипаттамалары мен пайдалану жағдайларының рұқсатта жазылған талаптарға сай келуi |
||||
35 |
пайдаланушыларға сапасы жағынан байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес келетiн байланыс қызметтерiн көрсетуі |
||||
36 |
тексеру субъектісінің тарифтеу бірліктерінің өлшемдерін сақтауы |
||||
37 |
абаненттерге шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, апат, анықтамалық және өзге де қызметтермен тегін қосылысты ұсынуды қамтамасыз етуі |
||||
38 |
зияткерлік қызметтер (лотерея, дауыс беру, телевикторина, викторина, анықтамалық ақпараттық қызметтер, танысу қызметтері) ұсынылған жағдайда тарифтелетін қосылудың басталуына дейін байланыс операторымен абонентке осындай қосылыстың құны туралы хабарлауы (ұялы байланыс операторы үшін) |
||||
39 |
байланыс қызметтерін көрсетуге байланысты ақпаратты абоненттерге ұсыну мақсатында ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жүйесін құруы |
||||
40 |
байланыс операторының желісінде абонент алған байланыс қызметтерін, оларды пайдалану уақыты, ұқсас стандартты басқа желі абоненттерінің телефон нөмірлерімен қосылыстары туралы ақпараттарды автоматты түрдегі есепке алуды жүзеге асыруы |
||||
41 |
абоненттерге қалааралық немесе халықаралық телефон байланысы операторын еркін таңдау техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етуі |
||||
42 |
абоненттерге түнгі уақытта (сағат 22:00 ден 06:00 дейін) бұрын абонент сұратпаған, қысқа мәтіндік хабарламаларды және/немесе мультимедиялық хабарламалар арқылы ақпараттарды (жарнамалық сипаттағы таратуларды) жіберу бойынша шек қоюы |
||||
43 |
байланыс операторының абонентке байланыс қызметін көрсеткенде оған өзге ақылы қызметтерді күштеп жүктеуге жол бермеуі |
||||
44 |
абонент телефон байланысы қызметінің сапасы нашарлағаны туралы өтінішті берген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапасын қалпына келтіру бойынша қажетті шараларды қабылдау және абоненттік төлемнің қайта есебін жүргізуі |
||||
45 |
абоненттің кінәсінен емес терминалдың нақты әрекетсіздік кезеңінде абоненттік төлемдерге қайта есеп жүргізуі |
||||
46 |
абонентті телефон желілеріндегі авариялар туралы және осы аварияларды жоюдың болжанатын мерзімі туралы хабардар етуі |
||||
47 |
абонентті абоненттік нөмірді алмастыру туралы және (немесе) себептерді көрсетумен терминалды ажырату туралы 30 күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етуі |
||||
48 |
абоненттерді телефон байланысы қызметтеріне тарифтердің өзгеруі туралы, оларды қолданысқа енгізгенге дейін 30 күннен кешіктірмей хабарлауы |
||||
49 |
уақтылы төлемегені үшін ажыратылған телефон байланысы қызметіне қолжетімділікті, берешекті өтеген кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде тегін қайта іске қосуы |
||||
50 |
абоненттің талабы бойынша оған телефон байланысы қызметін көрсетуге байланысты ақпаратты ұсынуы |
||||
51 |
байланыс операторының абонентке телефон байланыс қызметін көрсету кезінде ол өзге қызметтерді алу шартын орындамаған жағдайда оның құқығын шектеуге жол берілмеуі |
||||
52 |
Байланыс операторы немесе оның өкілімен байланыс қызметін көрсетуге абоненттермен шарт жасасуы |
||||
53 |
Байланыс операторларының олардың желісінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодының тізілімін жүргізуі (ұялы байланыс операторы үшін) |
||||
54 |
өз желісінде абоненттік құрылғы иесінің өтінішімен сәйкестендіру коды бойынша абоненттік құрылғы жұмысын, тоқтата тұру немесе қалпына келтіруі (ұялы байланыс операторы үшін) |
||||
55 |
абоненттерді байланыс құралдарын жартылай немесе толық ағытуға байланысты алдын-алу қызметтері туралы және осы жұмыстарды аталған жұмыстар басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын осы жұмыстарды өткізу мерзімдері туралы хабарлауы |
||||
56 |
тәулік бойы режимінде ағымдағы есеп шотындағы ақшаның балансын тексеруді қамтамасыз етуі (ұялы байланыс операторлары үшін) |
||||
57 |
абонентке көрсетілген ұялы байланыс қызметтеріне артық төленген ақша қаражатын қайтаруы немесе оларды ұялы байланыс қызметтеріне аванстау ретінде есептеуі |
||||
58 |
ұялы байланыс операторының абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсетуде техникалық мүмкіндігі бар, ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасудан бас тартуға жол бермеуі |
||||
59 |
абоненттік нөмірлерді байланыс желісі нумерациясы жоспарының өзгеруіне байланысты абоненттерді осындай ауыстыру себебі туралы абоненттерге алдынала хабарлай отырып тегін ауыстыруы |
||||
60 |
байланыс қызметтеріне төлеу кредиттік есеп айырысу тәсілінің шарттарын сақтауы |
||||
61 |
байланыс қызметтеріне төлеу аванстық есеп айырысу тәсілінің шарттарын сақтау |
||||
62 |
абоненттік нөмір абонентте абоненттің жеке шотында ақша аяқталғаннан бастап он екі айдың ішінде сақталуы |
||||
63 |
абоненттің өтініші бойынша абоненттік нөмірді қосымша төлем алмай қайта тіркеуді жүзеге асыруы |
||||
64 |
пошта жөнелтiмiн жiберудiң бақылау мерзiмiн сақтауы |
||||
65 |
салымның жоғалуына, жетiспеуіне немесе тiркелетiн пошта жөнелтiмi зақымдалуына (бүлiнуіне) жол бермеуі |
||||
66 |
жеделхат мәтiнiн оның мағынасы өзгеретiндей бұрмалауға жол бермеуі |
Уәкілетті органның жауапты лауазымдық тұлғалары:
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
Тексерілетін объектінің иесі:
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 734 және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 493 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік
бақылау саласындағы тексеру парақтары
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін объектінің атауы: ______________________________________
СТН (ЖСН/БСН) _______________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы: _______________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Қазақстан Республикасының уақыт бірлігі эталонынан, позициялаудың спутниктік жаһандық жүйелерінен, жалпыға бірдей танылған халықаралық көздерден уақыттың ағымдағы мәні туралы цифрлық ақпараттың мерзімді берілуін қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені бар аккредиттелетін куәландырушы орталықтың уақытын үйлестіру рәсімінің болуы |
||||
2 |
осы куәландырушы орталықта және оны пайдаланушылар қолданатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша пайдаланылатын АКҚҚ-ға сәйкестік сертификатының болуы |
||||
3 |
акредиттелетін куәландырушы орталық мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастырылған жағдайда, куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі аттестатының болуы |
||||
4 |
тiркеу куәлiгiн керi қайтарып алу бойынша тiркеу куәлiгi иесiнiң талабын сақтау |
||||
5 |
серверлік үй-жайларға қойылатын талаптарды сақтау |
||||
6 |
куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатының болуы |
||||
7 |
куәландырушы орталық қызметінің регламентін немесе қағидаларының болуы |
||||
8 |
тіркеу куәліктерін қолдану саясатының болуы |
||||
9 |
куәландырушы орталық туралы ереженің болуы |
||||
10 |
штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда өтініш берушінің атынан куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін сүйемелдеу, әкімшілендіру, шығару жөніндегі жұмыстарға тікелей қатысып, жұмыстарды жүзеге асыратын жұмыскерлердің іс-қимылы жөніндегі нұсқаулықтың болуы |
||||
11 |
куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарын резервтік көшіру туралы нұсқаулығының бар болуы |
||||
12 |
куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етілуін орнату және ретке келтіру жөніндегі нұсқаулықтың болуы |
||||
13 |
тіркеу куәлігінде тiркеу куәлiгiнiң нөмiрi мен оның қолданылу мерзiмiнің болуы |
||||
14 |
тіркеу куәлігінде электрондық цифрлық қолтаңбаның иесiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн деректердің болуы |
||||
15 |
тіркеу куәлігінде электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтiнің болуы |
||||
16 |
тіркеу куәлігінде электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi жабық кiлтiн жасау үшiн пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба құралдары туралы деректердің болуы |
||||
17 |
тіркеу куәлігінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпараттың болуы |
||||
18 |
тіркеу куәлігінде тиiстi куәландырушы орталықтың реквизиттерiнің болуы |
||||
19 |
өтініш беруші бекіткен куәландырушы орталықтың модульдерінің (компонент бөліктерінің) өзара іс-қимылының схемасының және қолданылатын криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректер және электрондық цифрлық қолтаңба процесін іске асыру жөніндегі басқа да бастапқы деректер (негізгі талаптар) мен жекелеген параметрлерге және куәландырушы орталыққа қойылатын талаптар бар электрондық цифрлық қолтаңба схемаларының болуы |
||||
20 |
электрондық цифрлық қолтаңбаны дұрыс пайдаланбау фактісінің балмауы |
Уәкілетті органның жауапты лауазымдық тұлғалары:
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)
Тексерілетін объектінің иесі:
____________ ______ _________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (егер ол болған жағдайда)