Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11875 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға қаржыландыру нормативтері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 7 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 14 шілде

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 маусымдағы  
№ 711 бұйрығымен бекітілген

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін,
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу
мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері

Облыстардың атауы

Ағымдағы жөндеу
(1 километрге мың теңге)

Күтіп ұстау
(1 километрге мың теңге)

1

2

3

4

1

Ақмола

440,5

324,9

2

Ақтөбе

402,3

308,6

3

Алматы

343,8

281,6

4

Атырау

343,9

165,9

5

Шығыс Қазақстан

370,2

335,4

6

Жамбыл

375,8

275,0

7

Батыс Қазақстан

391,4

290,6

8

Қарағанды

432,2

296,3

9

Қызылорда

360,5

187,0

10

Қостанай

386,6

283,9

11

Маңғыстау

356,9

155,0

12

Павлодар

375,7

295,1

13

Солтүстік Қазақстан

366,5

302,5

14

Оңтүстік Қазақстан

360,0

190,7

15

Астана қ.

1 370,156

1 171,27

16

Алматы қ.

1 207,09

1 072,80

Ескертпе:
      1. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерінде жұмыстарды жіктеуге сәйкес қысқы күтіп ұстау жұмыстары қосылды.
      2. Қаржыландыру нормативтері қосылған құн салығынсыз (ары қарай - ҚҚС) 2001 жылғы базалық бағалармен келтірілген
      3. Ағымдық бағалар деңгейіне өту бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады.
      4. ҚҚС Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен тиісті жылға белгіленетін мөлшерде қабылданады.
      5. Қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 километрі үшін келтірілген. Талап етілетін санаттың нормативін есептеу үшін жол санаттары бойынша төменде келтірілген саралау коэффициенттері қолданылады:

Жұмыс түрі

Автомобиль жолдарының санаттары

Iа/Iб 8 жолақ

Iа/Iб 6 жолақ

Iа/Iб 4 жолақ

II

III

IV

V

Саралау коэффициенттері

Ағымдағы жөндеу

5,06/3,37

3,90/2,60

2,73/1,82

1,13

1

0,74

0,47

Күтіп ұстау

4,59/3,06

3,63/2,42

2,67/1,78

1,24

1

0,89

0,73

      6. Қаржыландыру нормативтері жүру жолағының ені 3,5 метрді құрайтын астананың, республикалық маңызы бар қалалар көшелерінің 1 километрі үшін келтірілген. Астананың, республикалық маңызы бар қалалар көшелерінің талап етілетін параметрлері нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының мынадай санаттары бойынша жоғарыда көрсетілген саралау коэффициенттері қолданылады:
      1) жылдам қозғалыстағы магистральдық жолдар жүру жолағына байланысты Iа/Iб санаттары бойынша;
      2) үздіксіз қозғалыстағы жалпы қалалық маңызы бар магистральдық көшелер II санат бойынша;
      3) жаяу жүргінші-көліктік аудандық маңызы бар магистральдық көшелер V санат бойынша;
      4) тұрғын үй құрылысы салынатын аудандағы жергілікті маңызы бар жолдар мен көшелер IV санат бойынша;
      5) саябақ жолдары IV санат бойынша;
      6) негізгі өту жолдары IV санат бойынша;
      7) велосипед жолағы және жаяу жүргіншілер көшелері V санат бойынша.