"Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 шілдедегі № 789 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11872 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі;
      2) осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Өнімділік 2020» бағдарламасының және құралдардың іске асырылуын мониторингтеу нысандары мен мерзімдері;
      3) осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы шеңберінде жоба паспортының нысаны;
      4) осы Бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы шеңберінде «Өнімділік 2020» бағдарламасы операторының жазбаша растауының нысаны;
      5) осы Бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның мониторингі туралы келісімінің үлгілік нысаны;
      6) осы Бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Өнімділік 2020» бағдарламасының құралын алуға арналған өтінімнің нысаны;
      7) осы Бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімнің үлгілік нысаны;
      8) осы Бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тартылатын компанияның біліктілігі мен қызметкерлерінің тәжірибесін растайтын мәліметтер нысаны;
      9) осы Бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер нысаны бекітілсін.
      2. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 24 маусымдағы № 235 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде 9640-нөмірмен тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде өтінім берушілердің кейбір шығындарын өтеу үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға көзделген қаржылар Бағдарлама операторының ағымдағы шотына тиісті қаржы жылындағы төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшісі бекітетін төлемдер кестесіне сәйкес аударылсын.
      4. Бағдарлама операторы – «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы:
      1) бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен Бағдарлама операторы арасында жасалған шарт негізінде еңбек өнімділігін арттыруда және аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банкте – Қазақстан Республикасының резидентінде ағымдағы есепшотты ашсын;
      2) кезеңдік негізде немесе сұрату бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы жөніндегі есепті ұсынсын;
      3) ағымдағы есепшотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға қажетті ақша қаражаты жетіспейтін жағдайда қаражат түскенге дейін шығындарды өтеуді тоқтата тұрсын;
      4) Бағдарламаның бір мемлекеттік қолдау шарасы шеңберінде көрсетілетін қызметтің бірнеше түрі бойынша мәлімделген кезде өтініш берушіге аталған мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарымен көзделген шығындарды төлеу көлемдеріне сәйкес әрбір қызмет түрі бойынша шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетсін;
      5) қажет болатын жағдайда ағымдағы есепшоттағы қаражатты пайдаланған кезде, бюджеттік бағдарлама әкімшісі бөлген жалпы сома шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары түрлері арасында соманы қайта бөлсін;
      6) Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банк ағымдағы есепшот бойынша есептейтін барлық сыйақыларды ағымдағы шоттағы мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін бөлінген қаражат сомасына қоссын;
      7) Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімнің шарттары бұзылған жағдайда өтінім берушілерден түсетін ақшалай қаражатты бюджеттік заңнамаға сәйкес қайтаруды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы Бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларымен көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      Министрінің міндетін атқарушы              А.Рау

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің міндетін атқарушы
      _______________ Р. Бекетаев
      2015 жылғы 23 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      _______________ Т. Жақсылықов
      2015 жылғы 24 шілде

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 23 шілдедегі      
№ 789 бұйрығына         
1-қосымша             

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі

      1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) 5-бөлімі 4-бөлімшесінің 2-тармағына сәйкес әзірленіп, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу тетігін айқындайды.
      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялардың өнімділігін арттырудың, сондай-ақ объектінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің және өндіру нәтижелерінің сапалы жаңаруына әкелетін кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдірудің үздіксіз және серпінді процесі;
      2) инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзгеде құжаттамалар пакеті;
      3) еңбек өнімділігі - өндіру көлемін (жалпы қосылған құн) және еңбек шығындарын (жұмыспен қамтылғандар саны) сипаттайтын көрсеткіштер негізінде есептелінетін экономикалық көрсеткіш.
      3. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді:
      1) инвестициялық жобаның қаржылық өтемділігі;
      2) еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша орташа салалық деңгейден кемінде жарты есеге немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша орташа салалық деңгейден үш есеге артуы;
      3) өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысы).
      4. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу кезінде өтініш беруші ұсынылған негізгі деректер мен есептеулердің толықтығы мен анықтылығына толық жауапкершілікті өзіне алады. Барлық негізгі деректер мен есептеу көлемдері үшін оларды алу көздері көрсетіледі. Өтініш беруші ұсынылатын деректерді қасақана бұрмаланғаны сараптаманы тоқтату және жобадан бас тарту үшін негіз болып табылады.
      5. Өтініш беруші ұсынылатын құжаттардың, негізгі деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде қолданылған деректер көздері және есептерді жүргізу күні, бағалардың салыстырмалы талдауын көрсетеді.
      6. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын Өтініш беруші қағаз және электрондық тасығышта: Word-форматындағы файлдарда есептері бар кестелер, Excel-форматындағы файлда мәтінді құжаттар ұсынады.
      7. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары нөмірленеді, мұқабасы түптеледі, тігіледі, қағаз пломбамен бекітіледі, онда тігілген және нөмірленген парақтар саны туралы жазба жазылады, сондай-ақ өтінім берушінің бірінші басшысы, (бар болған жағдайда) бас есепші қол қояды және ықтимал Өтінім берушінің мөрі (бар болған жағдайда) басылады. Қол мен мөр бедерлері қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына, ішінара қағаз пломбаға басылып жазылады. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарына орындаушының бірінші басшысы титулдық параққа мөр бедерлерімен қолын қояды. Өтініш беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен бірге оның бірінші басшысының қолымен және өтініш берушінің мөр бедерлерімен таңбасымен куәландырылған оның көшірмесін ұсынады.
      8. Инвестициялық жобаның кешенді жоспары осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

Инвестициялық жобаның кешенді
жоспарын әзірлеу әдістемесіне
қосымша            

нысан

Инвестициялық жобаның кешенді жоспары

1. Жалпы мәліметтер

      1. Өтініш беруші туралы мәлімет:
      1) заңды тұлғаның атауы, ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны, салалық тиесілігі, басшының лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты;
      2) заңды және нақты мекенжайы, телефоны, факс, e-mail;
      3) кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні.
      2. Өтініш берушінің ағымдағы жағдайын талдау:
      1) кәсіпорын қызметі, оның өндірістік құрылымы, кәсіпорын өндіретін өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
      2) соңғы 3 (үш) жылда өнімдердің негізгі түрлерін өндіруді дамыту серпіні: өнім өндіру бойынша қолданыстағы қуаттылық, өнімдерді заттай және құндық мәнде өндіру;
      3) өндірілген өнімдерді негізгі тұтынушылар;
      4) ішкі және сыртқы нарықта сатылатын өнімдердің үлесі.
      3. Кәсіпорынның ұйымдастырушы құрылымы және кадрлық құрамын талдау:
      1) ұйымдастыру құрылымның сипаттамасы;
      2) кәсіпорын бөлімшелері қызметкерлерінің саны және сапалық құрамы туралы ақпарат және басқарушылық персоналы туралы мәліметтер, оның ішінде: атқаратын лауазымы, білімі, біліктілігі, жасы, жұмыс өтілі бойынша деректер;
      3) персоналдың біліктілігін арттыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат;
      4) жобаны басқарудың ұйымдастырушылық сызбанұсқасы (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимыл);
      5) жобаға сәйкес келетін штат кестесі;
      6) басқарушылық тәжірибесі;
      7) ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі.
      4. Жобаның өзектілігі:
      1) жобаны орындау қажеттілігі және орындылығы;
      2) жобаның тиімділігі мен экономикалық орындылығының негіздемесі.
      5. Жобаның мақсаты.

2. Инвестициялық жобаның Бағдарламаның критерийлеріне
сәйкестігі

      6. Инвестициялық жобаның Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігі:
      1) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген Өтінім берушілер үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне (бұдан әрі - қаулы) (түсіндіру жүргізіледі);
      2) күтілетін еңбек өнімділігін бағалау (ұлттық статистиканың деректері бойынша экономиканың тиісті салаларындағы ағымдағы орта салалық деңгейі және/немесе еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің есептері мен мәні бар жоспарланатын салыстыру және есебі жүргізіледі) (кесте нысанында).

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

      7. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы:
      1) кәсіпорынның қаржылық жағдайы, ағымдағы өтімділігі, меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі, (соңғы 3 (үш) жылдағы) кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы ақпарат, есептік кезеңнің басындағы және соңындағы салыстырмалы ақпаратпен қоса актив және пассив баптарының түсіндірмелері, қаржы есебіне түсіндірме жазба, кәсіпорынның соңғы 3 жылдағы және ағымдағы жылдың соңғы есептік күніндегі несиелік тарихы көрсетіледі.
      2) акционерлік қоғамдар үшін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі қоса беріледі (лицензияның көшірмесі қоса беріледі), (егер Өтініш беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын ағымдағы жылғы 30 сәуірде ұсынған жағдайда, онда қаржылық жылға соңғы қаржылық жылдың алдыңғы жылына аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі қоса беріледі).
      Қатысушының еншілес ұйымдары болса немесе ірі компаниялар тобының мүшесі болса, тұтас топтың қаржылық қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайын бағалау үшін шоғырландырылған қаржы есебі көрсетілуге тиіс.

4. Кәсіпорынды жаңғырту бағыттарының негіздемесі

      8. Өндірістік технологияларды жаңғырту қажеттілігінің негіздемесі:
      1) пайдаланылатын технологияларды талдау (өндірістің пайдаланылатын технологияларының ағымдағы жағдайы туралы ақпарат);
      2) өнімдерді өндірудің қолданыстағы тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы талдау;
      3) енгізілетін технологиялардың сипаттамасы, оны таңдау негіздемесі және баламалы нұсқалармен салыстыру, құны туралы ақпарат, инновациялылығы;
      4) күтілетін нәтижелер (қаржылық, әлеуметтік, экологиялық).
      9. Технологиялық жабдықтарды жаңғырту қажеттілігінің негіздемесі:
      1) қолданыстағы технологиялық жабдықтардың сипаттамасы (жабдықтың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат, тозу деңгейі, жобалық және нақты жүктелу деңгейі), өндірістік кешендер/технологиялық учаскелер үшін қосымша жабдықтар сатып алу мүмкіндігі туралы ақпарат;
      2) технологиялық жабдықтарды таңдау негіздемесі және баламалы нұсқалардан бас тарту (таңдап алынған жабдықтардың артықшылықтары мен кемшіліктерінің салыстырмалы талдауы, тізбесі, құны және техникалық сипаттамасы);
      3) болжанатын жабдықтаушылар туралы мәліметтер (жабдықтаушылармен жасалған/дайындалған келісімдерді қоса бере отырып, жабдықтаушылардың байланыс деректері);
      4) ресурстарды қажетті мөлшерде тұтыну көлемі (электр және жылу энергиясы, су), сондай-ақ технологиялық жабдықтарды енгізу нәтижесінде көрсетілген ресурстарды тұтынудағы өзгерістер туралы ақпарат;
      10. Кәсіпорындағы өнімдердің сапасын басқару жүйесі:
      1) шығарылатын өнімдердің сапалық сипаттамалары және оны үздіксіз жақсарту шаралары, сондай-ақ өнімдердің сапасына ықпал ететін факторлар (шикізат, өндірістің қолданылатын технологиялары);
      2) шығару болжанатын өнімдердің халықаралық сапа стандартына сәйкестігі туралы ақпарат.
      11. Өндірістік алаң және инфрақұрылым:
      1) жобаны орналастыру орны, сипаттамасы және орналасуы;
      2) өндірістік алаңның инфрақұрылымы (электрмен жабдықтау, сумен қамту, газбен жабдықтау, кәріз, көліктік қамтамасыз ету);
      3) жаңа өндіріс алаңдарындағы қажеттіліктер және басқа да инфрақұрылымның қажеттіліктері бойынша деректер.
      12. Жобаны ғылыми-инновациялық қолдау:
      1) кәсіпорынның қолда бар ғылыми-инновациялық әлеуеті (кадрлар, ғылыми қызметі, инновациялар әзірлеуді және енгізуді ынталандырудың тетіктері мен құралдары);
      2) кадрлар тартуда, ғылыми қолдау негіздемелерінде, инновацияларды ынталандыру тетіктерінде жасалатын жобаны тиімді ғылыми-инновациялық қамтамасыз ету қажеттілігі.

5. Маркетингтік жоспар немесе стратегия

      13. Кәсіпорынның қолданыстағы маркетингтік жүйесін талдау:
      1) кәсіпорынның маркетингтік-өткізу бөлімшесінің инфрақұрылымы, штаты, мақсаттары мен міндеттері;
      2) кәсіпорындағы өнімдерді өткізуді басқару туралы ақпарат (өткізу – көтерме сауда желілерінің жүйесі, бөлшек сауда жүйелері, тікелей сатылымдар, өткізу тығыздығы, сауда қорларын айқындау, көлікті жоспарлау);
      3) кәсіпорындағы өнімдерді жылжытуды басқару туралы ақпарат (жарнамалық және PR шараларды әзірлеу, сатуды ынталандыру бойынша іс-шаралар, сауда маркасына қатысты саясат).
      14. Өнім нарығын зерттеу:
      1) нарықтағы қазіргі сұранысты және ұсынысты бағалау (негізгі өндірушілер мен тұтынушылар, өндіріс және тұтыну көлемі, нарық үлесі, баға/сапа арақатынасы);
      2) бәсекелі ортаны бағалау;
      3) ұқсас өнімдердің (кемінде 3 және одан көп) бағаларын салыстырмалы талдау;
      4) соңғы 5 жылдағы өндіріс серпінін, өнімдер импортын, экспортын бағалау;
      5) бар әлеуетті жергілікті өндірушілер тарапынан күтілетін сұраныстың ұсынысы мен бәсекелестік деңгейін өзгерту;
      6) жаңғырту нәтижесінде өндірілетін өнімге баға деңгейінің күтіліп отырған өзгерісі;
      7) өнімдерді өткізудің перспективалық нарықтарының орналасқан жері;
      8) өткізу нарығына өнімдерді шығару бойынша колданыстағы және күтілетін кедендік, салықтық және басқа да тосқауылдар.
      15. Өндірістің шикізат, материалдар нарығын және өзге де өндірістік факторларын зерттеу:
      1) өндірістің шикізаттық және өзге де факторларының сипаттамасы (жабдықтаушылар бойынша деректер, өндірістік алаңнан алшақтығы);
      2) өндірістің шикізат, материалдар және өзге де өндірістік факторларының қолжетімділігі;
      3) заттай және ақшалай мәндегі жабдықтау бағдарламасы (жобаны іске асырудың әрбір жылына арналған);
      4) жоба бойынша шикізатты талдау (бағалар, саны, келісімшарттар және т.с.с.);
      5) ұқсас өндірушілердегі шикізаттың бағаларын салыстырмалы талдау.
      16. Маркетингтік стратегия:
      1) өткізудің болжамды көлемінің негізділігі;
      2) жылдар бойынша өндірістік қуаттарды пайдаланудың болжамды деңгейіне сүйене отырып, өнім өндіру жоспары;
      3) өндірілетін өнімдердің номенклатурасы;
      4) өнімге баға белгілеу;
      5) өнімдердің экспорты, жалпы экспорт көлемінен өнім экспортының үлесі;
      6) өнімді ішкі пайдалану.
      17. Жобаның келісімшарттық пысықталуы:
      1) жобаның шикізатты, материалдарды және жиынтықтағыштарды сатып алуға арналған келісімшарттармен қамтамасыз етілуі (сипаттама, жабдықтаушылар тізбесі, сомасы, бағасы, көлемі, жеткізу шарттары мен мерзімі, төлемі);
      2) жобаның өнімдерді өткізуге арналған келісімшарттармен қамтамасыз етілуі (жабдықтаушылар тізбесі, сомасы, бағасы, көлемі, шарттары, жеткізу мерзімдері және төлемі).

6. Қаржылық жоспар

      18. Жобаның көлемі, құрылымы және қаржыландыру көздері:
      1) жобаны іске асырудың әрбір жылы бойынша жобаны іске асыру үшін қажетті қаражат көлемі;
      2) қаржыландырудың сұратылатын шарттары;
      3) жобаны іске асырудың әрбір жылы бойынша жергілікті валютада жоба бойынша инвестициялық шығындардың сметасы (жабдық, технология, тасымалдау, кедендік ресімдеумен, сертификатталаумен және сақтаумен байланысты шығыстар);
      4) жобаның құрылымы және қаржыландыру көздері (қарыз және меншікті қаражаты, құралдар операторының қаражаты).
      19. Шығыс жоспары:
      1) жылдар бойынша заттай және құндық мәнде жоба бойынша шығыстарды бөле отырып, жаңғырту нәтижесіндегі өтініш берушінің қызметін егжей-тегжейлі болжау;
      2) құндық мәндегі жаңғырту нәтижесіндегі өнім бірліктерінің өзіндік құнының калькуляциясы, оның ішінде заттай мәндегі шикізат, материалдар мен жиынтықтағыштар шығыстарының нормалары көрсетіледі.
      20. Кірістер жоспары (жылдар бойынша, жобадан заттай және құндық мәндегі сатуды бөле отырып, барлық қызметтен сату жоспары).
      21. Қаржылық міндеттемелері:
      1) өтініш берушіде бар қаржылық міндеттемелердің тізбесі, оның ішінде қайтарымды қаржылық көмек, кредиттер, облигациялар, екінші деңгейлі банктердің кепілдемелері (кредиторды, шарт нөмірін, игеру басталған күнді, қарыз сомасы мен мерзімін, несиелік берешектің қалдығын, сыйақының жылдық мөлшерлемесін, төлемдердің мерзімділігін, мерзімінің өтуін көрсету);
      2) негізгі қарыз және сыйақы жоспарланатын қарыздар мен берешектерді өтеудің жиынтық кестесі бойынша берешектері бар өтеу кестесі көрсетіледі.
      22. Ақшалай қаражат ағындары (кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен ақшалай қаражаттар түсуін және кетуін болжау (әр жылға, тұтынушылар тарапынан да, жабдықтаушылардың пайдасына да төлем бойынша күтілетін кешіктірулерді есепке ала отырып, жылдар бойынша).
      23. Жобаның тиімділігін талдау (қаржылық циклдің таза келтірілген құнының (NPV) есебі, табыстылықтың ішкі нормалары (IRR), жобаның өтінімділік мерзімі, табыстарды төмендетуге, шығындарды ұлғайтуға жобаның сезімталдығын талдау, экономикалық шығын мен пайданы салыстыру).

7. Тәуекелдерді бағалау

      24. Жобаны SWOT-талдау (әлді және әлсіз жақтары, қатерлер мен мүмкіндіктері).
      25. Бәсеке деңгейін бағалау.
      26. Жоба бойынша мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау (тәуекелдерді анықтау және бастапқы талдау, олардың туындауынан барлық мүмкін болатын нысандары бойынша тәуекелдердің туындау ықтималдығы):
      1) экономикалық тәуекелдер (жобаның коммерциялық және қаржылық тәуекелдері, өтімсіздігінің, қарызды өтеу бойынша міндеттемелердің орындалмауы, өнімдерді асыра өндіру немесе өткізудің мүмкін еместігі тәуекелдері, бәсекелестіктің арту тәуекелі);
      2) техникалық және технологиялық тәуекелдер (өндірістің таңдап алынған технологияларының, жабдық жиынтығының сәйкес келмеуі, жобаның қажеттіліктеріне сәйкес материалдармен қамтамасыз етілмеу тәуекелдері, пайдалануға уақтылы беру тәуекелі, қысқаша ақпарат беріледі);
      3) тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралар.

8. Экологиялық бөлім

      27. Жобаның айналадағы ортаға әсері және зиянды әсерлерді азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары:
      1) қоршаған ортаға болжанатын қолайсыз әсерлердің деңгейін айқындауға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың сипаттамасы;
      2) қоршаған ортаға әсер етудегі алдын ала бағалауға арналған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау);
      3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді шектеумен байланысты табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі.
      28. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсері бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтердің сәйкестігі.

9. Жобаны іске асырудың Жоспар-кестесі (айлар бойынша)

      29. Жобаны іске асырудың Жоспар–кестесі кезеңді, мерзімді көрсете отырып, Гант диаграмма түрінде жасалады.

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының      
2015 жылғы 23 шілдедегі    
№ 789 бұйрығына       
2-қосымша           

«Өнімділік 2020» бағдарламасын және құралдарды іске асыруды
мониторингтеу нысандары мен мерзімдері

      1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруды мониторингтеуді өтінім берушілер және құрал операторлары берген ақпарат негізінде Бағдарлама операторы жүргізеді.
      2. Мониторинг:
      1) Бағдарламаны іске асырудағы проблемаларды дер кезінде анықтауды;
      2) Бағдарламаны іске асыру тиімділігін арттыру бойынша жедел жүйелік шараларды даярлап қабылдауды;
      3) Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдауды алған өтінім берушілер туралы ақпаратты жинақтауды;
      4) «Ұзақ мерзімдік лизингтік қаржыландыру» құралы ұсынылған инвестициялық жобаларды іске асыру туралы ақпаратты жинақтауды қамтиды.
      3. Мониторинг шеңберінде тоқсан сайын:
      1) «Ұзақ мерзімдік лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралын алған өтінім беруші есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, Құрал операторына Инвестициялық жобаның мониторингі туралы келісімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бағдарлама шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы есебін қағаз жүзінде және/немесе электронды түрде тапсырады;
      2) «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралының операторы есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Бағдарлама операторына «Өнімділік 2020» бағдарламасын және құралдарды іске асыруды мониторингтеу нысандары мен мерзімдерінің 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес «Ұзақ мерзімдік лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы операторының есебін тапсырады, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде лизингтік қаржыландыруды алған өтінім берушінің есебін жібереді;
      3) «Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу» құралының операторы есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Бағдарлама операторына «Өнімділік 2020» бағдарламасын және құралдарды іске асыруды мониторингтеу нысандары мен мерзімдерінің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес «Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу» есебін тапсырады;
      4) Бағдарлама операторы есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Бағдарлама әкімшісіне «Өнімділік 2020» бағдарламасын және құралдарды іске асыруды мониторингтеу нысандары мен мерзімдерінің 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес Бағдарламаны іске асыру туралы Бағдарлама операторының тапсырады.
      3. Осы Бағдарламасын және құралдарды іске асыруды мониторингтеу нысандары мен мерзімдерінің 3-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларымен көзделген құрал операторлардың және Бағдарлама оператордың есептерін дайындау үшін мониторингті жүзеге асыру мақсатында Бағдарлама операторы мен құралдар операторы өтінім берушілерден деректерді сұратады.
      5. «Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптау», «Кәсіпорын құзыреттілігін арттыру», «Технологиялық процестерді жетілдіру» және «Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру» құралдарын «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іске асыру мониторингі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес анықталады.
      Құралды іске асыруды мониторингтеу құралды ұсынған күннен бастап 2 жыл ішінде өтінім берушінің жазбаша келісімі негізінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан өтінім беруші туралы бастапқы статистикалық деректерді алу арқылы жүргізіледі.
      Статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан алынған бастапқы статистикалық деректерді алу мүмкін болмағанда және/немесе олар негізінде құралдың іске асырылуын мониторингтеу мүмкін болмағанда, өтінім беруші Бағдарлама операторына жазбаша сұрауына бойынша мониторинг жүргізуге деректерді береді.

«Өнімділік 2020» бағдарламасын және
құралдарды іске асыруды мониторингтеу
нысандары мен мерзімдеріне   
1-қосымша             

нысан

____________ жағдай бойынша «Өнімділік 2020» бағдарламасы
шеңберінде «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну»
құралы операторының есебі

                                                            мың теңге

р/с №

Кәсіпорын атауы

Өтінішнің түскен күні

Өтінішдерді қаржыландыру немесе бас тарту жөніндегі шешімдердің қабылданған күні

Өтініш берушімен жасалған келісімшарттар жөніндегі мәлімет

Өтініш берушімен жасалған Келісім жөніндегі мәлімет

Лизинг мәнінің құны

Есептік күнге қаржыландырылған сома

Өндірістік жабдықтармен жабдықтаушы туралы ақпарат

Жоба бойынша нақтылаушы ақпарат (ағымдағы жағдай). Есептік кезеңде төленген сома туралы, сондай-ақ курстық айырмаышылық себебінен өзгерістер туралы ақпарат көрсетіледі. Жоба бойынша жағымсыз шешім қабылданған жағдайда, ресми хатты қоса тіркей отырып, бас тарту себептерін көрсету

Кредит комитеті,

Басқарма

Директорлар кеңесі

Келісімшарттың нөмірі мен күні

Жоба мерзімі, %

Нөмір

Шарт

Жобаға өтініш берушінің өзінің қатысуы

Мемлекеттік қолдау

Жабдықтарды жеткізушінің атауы

Жабдықтарды жеткізіп беру шартының жасалған күні

Жабдықтарды жеткізіп беру күні

Жабдықтарды іске қосу күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18


















Құрал операторының басшысы: ______________ /аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), тегі/
(қолы)
(мөрі)

«Өнімділік 2020» бағдарламасын және
құралдарды іске асыруды мониторингтеу
нысандары мен мерзімдеріне   
2-қосымша             

нысан

____________ жағдай бойынша «Өнімділік 2020» бағдарламасы
шеңберінде  «Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және
көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір
бөлігін өтеу» құралы операторының есебі

                                                            мың теңге

р/с №

Кәсіпорын атауы

Өңір

Сала

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының атауы

Өтініштің түскен күні

Мемлекеттік қолдауды ұсыну туралы шешімді қабылдаған күн

Шығындар сомасы

Есептік күнге қаржыландырылған сома

Жоба бойынша нақтылаушы ақпарат (ағымдағы жағдай), Жоба бойынша жағымсыз шешім қабылданған жағдайда, ресми хатты қоса тіркей отырып, бас тарту себептерін көрсету

Жобаға өтініш берушінің өзінің қатысуы

Мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












Құрал операторының басшысы: _____________________ /аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), тегі/
(қолы)
(мөрі)

«Өнімділік 2020» бағдарламасын және
құралдарды іске асыруды мониторингтеу
нысандары мен мерзімдеріне   
3-қосымша             

нысан

____________ жағдай бойынша Бағдарламаны іске асыру туралы Бағдарлама операторының есебі

                                                            мың теңге

Рс

Кәсіпорын атауы

Құралдың атауы

Өтініштің түскен күні

Құралды ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні

Сомасы

Есептік күнге қаржыландырылған сома

Жоба бойынша нақтылаушы ақпарат, Жоба бойынша жағымсыз шешім қабылданған жағдайда, ресми хатты қоса тіркей отырып, бас тарту себептерін көрсету

Ағымдағы жағдай

Қорытынды

Өтініш берушінің өзінің қатысуы

Мемлекеттік қолдау

1

2

3

4

5

6

7

8















Бағдарлама операторының басшысы: _____________________ /аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда), тегі/
(қолы)
(мөрі)

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 23 шілдедегі     
№ 789 бұйрығына         
3-қосымша           

Нысан

«Өнімділік 2020» бағдарламасы құралының шеңберінде «Ұзақ
мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» жобасының паспорты
(өтініш берушінің бланкісінде толтырылады)

1.

Өтінім берушінің толық атауы


2.

Заңды және нақты мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, телефон, электрондық мекенжайы)


3.

Бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)


4.

«Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралының талаптарына сәйкестігі

Лизинг мәнінің құны (кемінде 150 млн. теңге (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін кемінде 75 млн. теңге))


Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру мерзімі (10 жылдан көп емес)


Жобаны іске асыруда ақшалай қатысуды қамтамасыз ету (лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15 %)


5.

Қаулымен бекітілген Өтінім берушілер үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкестігі

ЭҚЖЖ коды

атауы



6.

Шығарылатын өнімдер номенклатурасы


7.

Персоналдың, оның ішінде негізгі қызмет персоналының (негізгі өнім (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндірісінде тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер) нақты саны

іс жүзіндегі саны

жоспарлы саны



8.

Кәсіпорынның анықталған және/немесе жоспарланған қуаттығы

табиғи түрде

ақшалай түрде



9.

Жылдарға бөлінген ағымдағы және жоспарланған еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам) (есеп Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2011 жылғы 18 шілдедегі № 199 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес жасалады)

Көрсеткіш

Өлш. бірл.

Ағымдағы деректер

Жоспарланатын деректер (жылдар бойынша)

өндірілген өнім көлемі

мың теңге


...

...

...

2020

Аралық тұтыну (АТ)

мың теңге






Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ)

мың теңге






Персонал саны

адам






Еңбек өнімділігі

мың теңге/адам






мың АҚШ долл./адам






Еңбек өнімділігінің орташа салалық көрсеткіші

мың АҚШ долл./адам






Мен, _____, осы жоба паспортында келтірілген бастапқы мәлеметтердің,
(бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
есептердің, негіздемелердің толықтығы мен шынайылығы үшін
жауапкершілікті өзіме аламын.

_______________ _______________ ________________________________
(лауазымы) (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)

М.О. (бар болған жағдайда)

* жоба паспортына бірінші басшы қолын қояды, құжаттарға сенімхат
негізінде қол қойылған жағдайда, ол құжаттарға қосылады

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының      
2015 жылғы 23 шілдедегі     
№ 789 бұйрығына         
4-қосымша            

нысан

«Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралы
шеңберінде «Өнімділік 2020» бағдарламасының операторын жазбаша
растау

      1. Өтінім берушінің атауы.
      2. Инвестициялық жобаның атауы, іске асырылу орны.
      3. Заңды және нақты мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, телефон, электрондық мекенжайы).
      4. Бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы).
      5. Бас есепші (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы).
      6. Өтінім берушінің құрылған жылы.
      7. Лизинг мәнінің құны.
      8. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландырудың мерзімі.
      9. Жобаны іске асыруда ақшалай қатысуды қамтамасыз ету.
      10. Инвестициялық жобаның іске асырылу жағдайындағы өтінім берушінің еңбек өнімділігінің кемінде 1,5 есе ұлғайтуы/ұлғайтпауы.
      11. Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы мәліметтер: өтінім берушінің Бағдарламаның қосымшасына қаулымен бекітілген Өтінім берушілер үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкестігі/сәйкессіздігі.
      Осы жазбаша растауда көрсетілген өтінім берушінің Бағдарлама талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес өтінім беруші берген жоба паспортына сәйкес келтірілген. Жоба паспортына сәйкес өтінім беруші берілген бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 23 шілдедегі      
№ 789 бұйрығына          
5-қосымша             

Инвестициялық жобаның мониторингі туралы келісімінің үлгілік
нысаны

____________                              201__жылғы «___»___________
(қала)

      Бұдан әрі «Бағдарлама операторы» деп аталатын,_________________
тұлғасында,___________________________________________ негізінде
әрекет ететін, «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ бір
тараптан, бұдан әрі «құрал операторы» деп аталатын___________________
            (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
тұлғасында__________________________________ негізінде әрекет ететін,
____________________________________________________________________,
                  (құрал операторының толық атауы)
екінші тараптан, және _____________________________________________,
                               (өтінім берушінің толық атауы)
бұдан әрі «өтінім беруші» деп аталатын __________________ тұлғасында,
(басшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
___________________________________________ негізінде әрекет ететін,
үшінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, ал әрқайсысы жеке
«Тарап» деп аталатындар мына төмендегілер туралы инвестициялық
жобаларды іске асыру жөніндегі осы келісімді (бұдан әрі - Келісім)
жасасты:

1. Келісім мәні

      1. Өтінім беруші «____________________________________________»
                               (инвестициялық жобаның атауы)
инвестициялық жобасын (бұдан әрі – инвестициялық жоба) іске асыруға
және «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен
бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама)
нысаналы индикаторларына қол жеткізуге (еңбек өнімділігін ұлғайту,
энергия тұтынуды қысқарту, қуат жүктемесін арттыру), құрал операторы
– өтінім берушіге «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралы
түрінде мемлекеттік қолдау шарасын ұсынуға, ал Бағдарлама операторы –
Бағдарлама шеңберінде жобаны іске асыру мониторингін жүргізуге
міндеттенеді.

2. Тараптардың міндеттемелері

      2. Бағдарлама операторы:
      1) Құрал операторын және өтінім берушіні Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге жарамды, Бағдарламаны іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етуге;
      2) Инвестициялық жобаны іске асырудың барлық мерзімі ішінде жобаға мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
      3. Құрал операторы:
      1) Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың барлық мерзімі ішінде жобаға мониторинг жүргізуге;
      2) Бағдарлама операторына тоқсан сайынғы негізде есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, Бағдарлама шеңберінде «Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну» құралының ұсынылу барысы туралы құрал операторының есебін ұсынуға, сондай-ақ Бағдарлама шеңберінде лизингтік қаржыландыру алған өтінім берушінің (өтінім берушілердің) есебін (есептерін) жіберуге міндеттенеді.
      4. Өтінім беруші:
      1) Тоқсан сайынғы негізде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, құрал операторына осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы өтінім берушінің есебін ұсынуға;
      2) Бағдарлама операторына және/немесе құрал операторына одан тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы қосымша ақпаратты ұсынуға;
      3) Инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның кешенді жоспарының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге міндеттенеді.

3. Тараптардың құқықтары

      5. Бағдарлама операторы құрал операторынан және өтінім берушіден инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
      6. Құрал операторы Бағдарлама операторынан Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы және өтінім берушіден инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
      7. Өтінім беруші Бағдарлама операторы мен құрал операторының сараптама бағасының оң қорытындылары болған жағдайда, Бағдарламада белгіленген тәртіпте және жағдайларда, осы Келісімнің 1-тармағында көзделген мемлекеттік қолдау шарасын (шараларын) алуға құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Өтінім беруші мыналарға:
      1) ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылы тапсырылуына және дұрыстығына;
      2) Келісімнің 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген инвестициялық жобаны іске асыру көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты болады.
      9. Құрал операторы мыналарға:
      1) ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылы тапсырылуына және дұрыстығына;
      2) мемлекеттік қолдау шараларын уақтылы ұсынуға жауапты болады.
      10. Бағдарлама операторы ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылы және дұрыстығына жауапты болады.

5. Құпиялылық

      11. Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банк құпиясы, сондай-ақ келісімді жасасу және орындау барысында Тараптар алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.
      12. Тараптар Келісімнің құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      13. Тараптардың кез келгені Келісім талаптарын бұзуда, құпия ақпаратты жариялау не тарату жағдайында, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жариялау салдарынан басқа Тарап шеккен шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.

6. Форс-мажор

      14. Тараптар Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер осы орындамау осы Келісімді жасағаннан кейін еңсерілмейтін күштің күтпеген жағдайларының салдары болса, Тараптар болжай алмаған және тиісті шаралармен алдын алмаған осындай төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижелерінде орындалмаса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларына Тараптар әсер ете алмайтын, оның туындауына олар жауапкершілік арта алмайтын оқиғалар және Келісім бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен жағдайлар жатады.

7. Қорытынды ережелер

      15. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және құрал операторы мен өтінім беруші арасында жасалған қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
      16. Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, оларды жазбаша түрде ресімдеген және одан әрі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
      17. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, есеп шот нөмірлері) өзгерген жағдайда, бір-бірін дереу хабардар етеді.
      18. Келісім Тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін бірдей заңды күші бар үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

      Тараптардың қолдары:

Бағдарлама операторы:
«Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ

Құрал операторы:
«БРК-Лизинг» АҚ

Өтінім беруші:
_______________

Инвестициялық жобаның  
мониторингі туралы келісімге
1-қосымша         

нысан

____________ жағдай бойынша
_______________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
«_________________________________» инвестициялық жобасын іске асыру барысы туралы өтінім берушінің есебі

      1. Бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізу жөніндегі ақпарат

р/с №

Нысаналы индикатордың/мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар (кешенді жоспарда көрсетілген деректер)

Нақты

%

Ескертпе

1

Қуаттардың жүктемесі

%





2

Еңбек өнімділігі

мың АҚШ доллары/бір адамға




Қандай іс-шаралардың есебінен еңбек өнімділігінің ұлғайғанын көрсету

мың теңге/бір адамға





3

Өндірілген өнім көлемі

заттай көріністе





ақшалай көріністе





4

Жұмыс орындарының саны, оның ішінде:

адам





жаңадан құрылған жұмыс орындары





5

объектіні пайдалануға беру күні

күні/айы /жылы




жобаны іске асыру кестесінен ауытқыған жағдайда, себебін көрсету

      2. Жобаның күнтізбелік кестесінің іс-шараларын іске асыру:
инвестициялық жобаның кешенді жоспарында келтірілген күнтізбелік кестеге сәйкес мерзімдері бойынша (кестеден ауытқыған жағдайда, себебін көрсету) іске асырылған іс-шараларды сипаттау.

      3. Бағдарламаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде баламалы қаржыландыру көздерін көрсету;
ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алған кездегі проблемаларды
сипаттау;
инвестициялық жобаны іске асыру барысында туындаған проблемаларды
сипаттау;
кәсіпорынды тиімді жаңғырту үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары
қажет;
Бағдарламаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

Кәсіпорын басшысы: _____________________ /аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), тегі/
(қолы)
(мөр)

Инвестициялық жобаның  
мониторингі туралы келісімге
2-қосымша         

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарының жоспарлы көрсеткіштері


р/с

Индикаторлар

Өлшем бірлігі

Ағымдағы көрсеткіштер

Жоспарлы көрсеткіштер

1

Еңбек өнімділігін арттыру

мың теңге/бір адамға


(жылдары бойынша көрсету)

мың АҚШ доллары/бір адамға



2

Қуаттылықтардың орташа жүктелімі

%



3

Өнім шығару көлемі

Ақшалай көріністе



Заттай көріністе



және басқалары болған жағдайда (Бағдарлама операторының сараптама бағасының қорытындысына сәйкес әрбір инвестициялық жоба бойынша анықталады)




Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының        
2015 жылғы 23 шілдедегі      
№ 789 бұйрығына          
6-қосымша             

нысан

«Қазақстандық индустрия дамыту
институты» акционерлік қоғамы
_______________________________
(өтінім берушінің толық атауы)

«Өнімділік 2020» бағдарламасының құралын алуға арналған өтінім
(өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)

      1. Өтінім берушінің толық атауы
      2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, телефоны, электрондық мекенжайы)
      3. Бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы)
      4. Өтінім берушінің құрылған жылы
      5. Саласы
      6. Негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып)
      7. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы*
      8. Кәсіпорын/ұйым қызметкерлерінің саны*
      9. Кәсіпорынның белгіленген қуаты (заттай және ақшалай көріністе)
      10. Қуаттардың ағымдағы жүктелімі (%)*
      11. Өндірістік жабдықтың тозуы (%)*
      12. Ағымдық еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың/АҚШ доллары США/адам) *
      13. Жоба мемлекеттік және/немесе салалық Бағдарламаның қатысушысы бола ма (болған ба) (егер солай болса, онда қандай мемлекеттік қолдау шараларын алғаныңызды көрсетіңіз)
      14. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде қандай қолдау шараларын қолдану жоспарлануда (керектерін|V| белгілеңіз):
      Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау:
      бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу;
      Индустрияландыру картасының жобалары үшін техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және қажет болған кезде сараптама жасау;
      Кәсіпорынның құзыретін арттыру:
      кадрларды, оның ішінде топ-менеджерлерді даярлау және/немесе қайта даярлау;
      сарапшыларды тарту жолымен ең үздік өндірістік практикаларды енгізу;
      Технологиялық процестерді жетілдіру;
      Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру;
      Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы мен Жол картасын әзірлеу шығындарын өтеу;
      Аумақтық кластерді дамыту стратегиясы мен Жол картасын іске асыру шығындарын өтеу:
      15. Бағдарлама құралын тартудың мақсаты (қысқаша сипаттама, қажеттілікті негіздеу, нәтиже)
      16. Бағдарлама құралын іске асыру кезінде келтірілген шығындардың жалпы құны (теңге)
      17. Құралдарды іске асыру кезеңі (басынан бастап соңына дейін (ай)
      18. Қызмет көрсететін орындаушының атауы
      19. Өтінім берушінің банкілік деректемелерін көрсету

      Осы өтінім арқылы өтінім беруші ұсынған құжаттарының, бастапқы деректерінің, есептеулерінің, негіздемелерінің толықтығына және дұрыстығына жауапкершілікті өзіне алады.
      Өтінім беруші сұралып отырған мемлекеттік қолдау құралының шеңберінде жасалған іс-шаралар бойынша келген шығындар республикалық және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.
      Бағдарлама бойынша құралды алуға өтінімді толтырушы, байланыс жасаушы тұлға (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефондарының нөмірі, электрондық мекенжайы): _________________

Өтінімді толтырған күні ____________

Өтінім берушінің бірінші басшысының қолы _______________

М.О. (бар болған жағдайда)

*Жаңа бизнес бастамаларын іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлік субъектілері Бағдарлама шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу шығындарының ішінара өтелуіне өтінім бергенде жоспарланған көрсеткіштерді толтырады.

Өтінім фирмалық бланкіде, бірінші басшының қолымен және өтінім берушінің мөрі (бар болған жағдайда) қойылып ресімделеді.
Өтінім берушінің бірінші басшысын алмастыратын тұлға қол қойған жағдайда, міндетті түрде сенімхат қоса тіркелуге тиіс.

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 23 шілдедегі      
№ 789 бұйрығына          
7-қосымша             

Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімінің үлгілік нысаны

_______________                          201__жылғы «___»____________
(қала)

      Бұдан әрі «Бағдарлама операторы» деп аталатын атынан,
____________________________________ негізінде әрекет ететін,
___________________________________ тұлғасында «Қазақстандық
индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы,
_________________________, бір тараптан, бұдан әрі «Өтінім беруші»
деп аталатын ________________________________ негізінде әрекет ететін
және
_________________,___________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы) (басшының лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), тегі)
екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп, ал әрқайсысы жеке «Тарап»
деп аталатындар, мына төмендегілер «Өнімділік 2020» бағдарламасын
бекіту туралы» (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысының негізінде
шығындарды өтеу туралы осы Келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1. Келісімнің мәні

      1. Бағдарлама операторы Бағдарлама шеңберінде «________________
__________________________________________________________________»
                        (құралдың атауы)
(бұдан әрі – Құрал)______________________________ кезінде келтірілген
                       (шығындардың түрі)
_____________(сомасы жазбаша) теңге шығынның бір бөлігін өтінімге
сәйкес толық көлемде өтеу түріндегі мемлекеттік қолдауды ұсынуға
міндеттенеді, ал Өтінім беруші Келісімнің 6-тармағының 3)
тармақшасына сәйкес Құралдың нысаналы индикаторына қол жеткізуге
міндеттенеді.
      2. Өтініш беруші шығындарды өтеу шеңберінде шет ел
валютасындағы шығындарын растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда,
шығындарды өтеуге қолданылатын сома өтініш беруші көрсетілген
қызметтер үшін орындаушыға төлеу жасалған күнгі Ұлттық банктің валюта
бағамын негізге ала отырып анықталады.
      3. Бағдарламаның бір құралы шеңберінде бірнеше қызмет түрі
бойынша өтініш білдірілгенде, өтініш берушіге осы құралды ұсыну/
шарттарында көзделген төлеу мөлшерлеріне әрбір қызмет түрі бойынша
шығыстарды шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
      4. Ағымдағы есепшотта мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға
қажет ақша қаражатының жетіспеуі жағдайында, Бағдарлама операторы
қаражат түскенге дейін шығындарды қайтаруды тоқтатады.

2. Тараптардың міндеттемелері

      5. Бағдарлама операторы:
      1) өтінім берушіні Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге жарамды Бағдарламаны іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етуге;
      2) осы Келісімге қол қойылған күнінен бастап 2 жыл ішінде Құралды іске асыру мониторингін жүргізуге міндеттенеді.
      6. Өтінім беруші:
      1) Келісім қосымшасындағы нысан бойынша Бағдарлама операторы Құралды іске асыруға мониторинг жүргізу мақсатында Бағдарлама операторына одан әрі мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға жіберу үшін, өтінім бергенге дейінгі 2 (екі) жылғы және өтінім бергеннен кейінгі 2 (екі) жылғы мәліметтерді қоса отырып, бастапқы статистикалық деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға және Бағдарлама операторына беруге келісімін беруге;
      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған бастапқы статистикалық деректерді алу мүмкін болмағанда және/немесе олар негізінде құралдың іске асырылуын мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда, Бағдарлама операторынан жазбаша сұрау алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мониторинг жүргізуге қажет деректерді беруге;
      3) осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес құралдың нысаналы индикаторына қол жеткізу – кәсіпорынның кірісі көлемін Бағдарлама шеңберінде мемлекет салған 1 теңгеден 2 теңгеден кем болмайтындай мөлшерде ұлғайтуға;
      4) Бағдарлама операторының жазбаша сұрау салуына оны Бағдарлама операторынан алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде осы тармағының 3) тармақшасындағы Құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізе алмағанда Құралды іске асыру барысы туралы ақпаратты беруге;
      5) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаға сәйкес осы тармағының 3) тармақшасындағы көзделген шартарды қоспағанда Келісім шарттарын бұзғанда, Бағдарлама операторынан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Бағдарлама операторы Құрал бойынша шығындарды өтеу түрінде берген ақша қаражаттарын қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

3. Тараптардың құқықтары

      7. Бағдарлама операторы:
      1) Құрал бойынша нысаналы индикаторға қол жеткізе алмаған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан алынған бастапқы статистикалық деректерді алу мүмкін болмағанда және/немесе олар негізінде құралдың іске асырылуына мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда құралдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін Өтінім берушіден Құралдың іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратуға;
      2) осы Келісімді біржақты тәртіпте бұзуға және осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда осы Келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, Құрал бойынша берілген ақша қаражатын өтеуді талап етуге құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Бағдарлама операторы:
      1) Құралды іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылығына және дұрыстығына;
      2) мемлекеттік қолдаудың уақтылы ұсынылуына жауапкершілікте болады.
      9. Өтінім беруші:
      1) Құралды іске асыру шеңберінде негізделіп ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығына, уақтылығына және дұрыстығына;
      2) осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген Құралдың нысаналы индикаторына қол жеткізуге;
      3) осы Келісімнің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген шартарды қоспағанда осы Келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, Құрал бойынша берілген ақша қаражатын шығындарды өтеу түрінде уақтылы өтеуге жауапты болады.

5. Құпиялылық

      10. Осы Келісім шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ Келісімді жасасу және орындау барысында қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.
      11. Тараптар осы Келісімнің құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      12. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұзуда құпия ақпаратты жариялау не тарату жағдайында, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жариялау салдарынан басқа Тарап шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.

6. Форс-мажор

      13. Тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер осы орындамау осы Келісімді жасағаннан кейін еңсерілмейтін күштің күтпеген жағдайларының салдары болса, Тараптар болжай алмаған және тиісті шаралармен алдын алмаған осындай төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижелерінде орындалмаса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларына Тараптар әсер ете алмайтын, оның туындауына олар жауапкершілік арта алмайтын оқиғалар және Келісім бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен жағдайлар жатады.

7. Даулы мәселелерді шешу

      14. Бағдарлама операторы мен Өтінім беруші олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындаған барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер жүргізу процесінде кезінде шешу үшін барлық күштерін жұмылдыруға тиіс.
      15. Егер келіссөздердің нәтижесінде Бағдарлама операторы мен Өтінім беруші дауларды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сотының қарауына беруге құқылы.

8. Қорытынды ережелер

      16. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және құрал операторы мен өтінім беруші арасында жасалған Құралды ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
      17. Осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша түрде ресімдеген және одан әрі Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
      18. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, есепшот нөмірлері) өзгерген жағдайда, бір-бірін дереу хабардар етеді.
      19. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін бірдей заңды күші бар үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.

9. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері

Бағдарлама операторы:
«Қазақстандық индустрия дамыту
институты» АҚ
Мекенжайы:
тел/факс: БСН
ЖСК
БСК
Коды
______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________(аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда),
тегі)

М.О.

Өтінім беруші

_____________________________

Мекенжайы:
тел/факс: БСН
ЖСК
БСК
Коды
_____________________________
(бірінші басшының лауазымы)
______________(аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда),
тегі)

М.О. (бар болған жағдайда)

Шығындардың бір бөлігін өтеу
туралы келісімге қосымша 

нысан

Бастапқы статистикалық деректерді таратуға арналған келісім
(өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)

      _______________________________________ бастапқы статистикалық
          (Өтінім берушінің толық атауы)
деректерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті
органға (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму
министрлігіне) және Бағдарлама операторына («Қазақстандық индустрия
дамыту институты» акционерлік қоғамына) мынадай
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
нысандар бойынша
_______________________кезеңіндегі
________________________________________________көрсеткіштері бойынша
жария етуге келісімін береді.

Компания басшысы
_____________          ______________________________________________
(қолы)                (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)

М.О. (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 23 шілдедегі      
№ 789 бұйрығына          
8-қосымша             

нысан

Жұмысқа тартылған компаниялардың біліктілігі мен
қызметкерлердің тәжірибесін растайтын мәліметтер
(өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)

      1. Атауы _____________________________________________________.
      2. Компанияның соңғы ______ жыл ішінде көрсеткен осы тәрізді
қызметтерінің көлемі (құралдың түріне қарай).

Көрсетілген қызметтер атауы

Тапсырыс берушілердің атауы және телефон нөмірлері

Қызмет көрсеткен орны және жылы

Шарт құны, теңге (көрсетілмеуі де мүмкін)

1

2

3

4

      3. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (осы шарт бойынша
міндеттемелерін орындау үшін орындаушы жұмысқа тартқан қызметкерлер
көрсетіледі)

р/с №

Аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі

Лауазымы

Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

7

      4. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Басқа да заңды және жеке
тұлғалардың берген ұсыныс хаттарын, пікірлерін атап көрсету және қоса
тіркеу.
      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

Компания басшысы
_____________       ____________________________________________
(қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)
М.О. (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 23 шілдедегі      
№ 789 бұйрығына          
9-қосымша            

нысан

Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер
(өтінім берушінің бланкісінде толтырылады)

1. Аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі, __________________

р/с №

Лауазымы

Осы бағыт бойынша қызмет көрсету саласындағы еңбек өтілі

Дипломы, куәлігі және басқа да білімі туралы құжаттар бойынша біліктілігі мен мамандығы

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы (бар болса)

Азаматтығы

1

2

3

4

5

6

      2. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Басқа да заңды және жеке
тұлғалардың берген ұсыныс хаттарын, пікірлерін атап көрсету және қоса
тіркеу.
      Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Ұйым басшысы
      _____________    ______________________________________________
      (қолы)          (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тегі)

      М.О. (бар болған жағдайда)