Астық нарығын реттеу, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 3 шілдедегі № 15-03/609 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 522 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 тамызда № 11860 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 15-3/1134 және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 813 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 15-3/1134 және Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына және  15-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны;
      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің        Ұлттық экономика министрі
      міндетін атқарушы                   ________________Е.Досаев
      ________________С.Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"  
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ________________С.Айтпаева
      2015 жылғы 10 шілдедегі

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
міндетін атқарушының      
2015 жылғы 3 шілдедегі № 15-03/609
және Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің  
2015 жылғы 10 шілдедегі № 522 
бірлескен бұйрығына 1-қосымша 

Астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, астық нарығын реттеу саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілері - астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) объективті критерийлер - астық нарығын реттеу саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      3) субъективті критерийлер - нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      4) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде астық туралы заңнама талаптарының бұзылу салдарынан астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының жоғалу, кем шығу, бүліну, зақымдану, сапасы төмендеу түрінде келтірілген оның салдарларының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы.
      3. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      4. Бақылау субъектілерін тәуекелдердің дәрежелері бойынша бөлу объективті және субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.

2. Объективті критерийлер

      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежелерін бағалау және оларды тәуекелдің жоғары тобына жатқызу бақылау субъектінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы негізінде объективті критерийлер бойынша жүзеге асырылады.
      Бақылау субъектілерінің өз қызметін жүзеге асыру кезінде астық нарығын реттеу саласында заңнаманы бұзуы сақтаудағы астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сапасының төмендеуіне, жоғалуына әкеліп соғады, бұл өз кезегінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіреді.
      Объективті критерийлер бойынша жоғары қоғамдық тәуекелдерді ескере отырып тәуекелдің жоғары дәрежесіне астық қабылдау кәсіпорыны жатады.

3. Субъективті критерийлер

      6. Субъективті критерийлерді айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады.
      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
      Бақылау субъектілері бойынша ақпаратты талдау үшін мынадай ақпарат көзі пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілерін бұрынғы тексерулерді талдау нәтижелері бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
      2) бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
      3) бақылау субъектілеріне заңды немесе жеке тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
      7. Осы критерийлердің 6-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде мынадай субъективті критерийлер айқындалады:

Критерийлердің атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. Ақпарат көзі бойынша «Бұрынғы тексерулердің нәтижелері» (ауырлық дәрежесі төмендегі келтірілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

1

Астық қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту, сақтау және тиеп-жөнелту жүзеге асырылатын астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) меншік құқығын растайтын анықтаманың болуы

өрескел

2

Белгіленген нысан бойынша астық қолхаттарының тізілімін жасау

өрескел

3

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету

өрескел

4

Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы

өрескел

5

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының немесе астық қолхаттарын ұұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы

өрескел

6

Үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша мүлікті кепілге қоюды растайтын құжаттың болуы

өрескел

7

Астықтың сандық-сапалық есеп кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау

елеулі

8

Астықта тауарлық-көліктік жүк құжаттарының болуы

елеулі

9

Орташа тәуліктік сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, белгіленген нысан бойынша автомобиль көлігімен қабылданған астыққа жүк құжаттар тізілімінің болуы

елеулі

10

Белгіленген нысан бойынша астықты тазалау,кептіру актілерін тиісінше ресімдеу

елеулі

11

Берілген, бүлінген, өтелген астық қолхаттары бланкілерінің саны мен сақтау мерзімінің сәйкестігі

елеулі

12

Астық сақтауды қысқы жағдайына ауыстыру бойынша іс-шараларды уақтылы жүргізу

елеулі

13

Астық қолхаттарын беруге және ресімдеуге, сондай-ақ астық қолхаттарының тізілімін жүргізуге жауапты тұлғаларды анықтайтын ішкі құжаттың болуы

елеулі

14

Технологиялық жабдықтың (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы, салыстырып тексерілген таразы жабдығы, тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығының) жарамды күйі

елеулі

15

Астық қоймаларының және олардың технологиялық желілерінің жарамды күйі

елеулі

16

Белгіленген нысан бойынша автомобиль және темір жол таразыларында жүктерді өлшеуді тіркеу журналын толтырудың сәйкес келуі

болмашы

17

Белгіленген нысан бойынша астықтың зертханалық талдау нәтижелерін тіркеу журналының тиісінше толтырылуы

болмашы

18

Астықты тиеп-жөнелтуге алынған бұйрықтардың есебі журналын тиісінше толтыру

болмашы

19

Астықты сақтау кезінде біртекті партиядан алынған орташа сынама бойынша айына бір рет толық техникалық талдау жүргізілгенін растайтын құжаттың болмауы

болмашы

20

Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пунктінің) 10%-ы көлемінде бос қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем үстіндегі транспортердің әрқайсысына ең кемінде бір бос сүрлемнің болуы

болмашы

21

Сақтаудағы астықтың температурасын бақылауды уақытылы жүргізуді растайтын құжаттың болуы

болмашы

       2. Ақпарат көзі бойынша «бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері»:

1

Астық қабылдау кәсіпорындарында сақтауда тұрған астықтың болуы туралы есептілікті ұсынбау

елеулі

2

Астық қолхаттарының алынған, берілген, өтелген, бүлінген және таза бланкілері туралы ақпаратты ұсынбау

елеулі

3

Жаңа түсімнен астық қабылдау кәсіпорындарына сақтауға түскен астықтың саны мен сапасы туралы ақпаратты ұсынбау

елеулі

       3. Ақпарат көзі бойынша «бақылау субъектілеріне заңды немесе жеке тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны» субъективті критерийлер болып табылады:

1

Астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астық сапасының көрсеткіштерін анықтау бойынша бақылау субъектілеріне түскен бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

елеулі

2

Бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы, оны қарау бойынша бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласында заңнаманың бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылды

елеулі

3

Астық қабылдау кәсіпорындарында астық қолхаттарын ұстаушылар алдында астық қолхаттарын беру олардың айналымы және оларды өтеу бойынша бақылау субъектісіне бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

елеулі

4

Бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы, оны қарау бойынша бақылау субъектісіне жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласында заңнаманың анықталған бұзушылықты жою бойынша нұсқама берді

болмашы

      8. Реттеуші мемлекеттік органның тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
      Бір өрескел дәрежедегі бұзушылық 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
      Егер өрескел дәрежедегі бұзушылық анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштерін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.
      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,7 өлшеу коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі.
      Р3 = (К2 х 100/K1) х 0,7
      мұнда:
      Р3 - елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      К1 - тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К2 - елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың анықталған саны.
      Болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,3 өлшеу коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рн = (К4 х 100/К3) х 0,3
      мұнда:
      Рн - болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      К3 - тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К4 - болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың анықталған саны.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (Р) мынадай формула бойынша елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен айқындалады:
      Р = Рз + Рн
      мұнда:
      Р - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р3 - елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн - болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
      1) тәуекелдің жоғары дәрежесі - 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайтын - 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
      9. Ішінара тексерулердің жиілігі жылына бір реттен жиі болмауы тиіс.
      10. Ішінара тексерулер есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша бір жылға қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      11. Іріктеп тексерулердің тізімдері:
      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдығын;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
міндетін атқарушының     
2015 жылғы 3 шілдедегі № 15-03/609
және Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 10 шілдедегі № 522 
бірлескен бұйрығына 2-қосымша

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежелерін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу және ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін әзірленді.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілері - шитті мақтаны өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, оны мақта талшығына бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) мақта нарығының мониторингі - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, өңдеуді, сақтауды және өткізуді қоса алғанда, мақта нарығы деректерін жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
      3) объективті критерийлер - мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
      4) субъективті критерийлер - нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
      5) тәуекел - бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде шитті мақтаны өсіру кезінде, сондай-ақ шитті мақтаны сақтау және өңдеу кезінде туындайтын адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға оның ішінде өсімдік және жануарлар дүниесіне зиян келтіру ықтималдылығы.
      Мақта өңдеу ұйымдарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің заңды, экономикалық және мүлікті мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі, шитті мақтаны және оның өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу кезінде шитті мақтаның сандық-сапалық көрсеткіштерін жасанды төмендетуде көрсетілген, сондай-ақ мақта егетін өңірлерде әлеуметтік ахуал тәуекелінің (қауіпінің) туындауына әкеп соғады.
      3. Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары қолданылады.
      4. Бақылау субъектілерін тәуекелдердің дәрежелері бойынша бөлу объективті және субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.

2. Объективті критерийлер

      5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежелерін объективті критерийлер бойынша бағалау және оларды тәуекелдің жоғары тобына жатқызу бақылау субъектінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы негізінде жүзеге асырылады.
      Бақылау субъектілерінің мақта қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы заңнаманы бұзуы Қазақстан Республиканың тоқыма және тамақ өнеркәсібінің негізін құрайтын стратегиялық тауар болып табылатын мақта сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.
      Объективті критерийлер бойынша жоғары қоғамдық тәуекелдерді ескере отырып тәуекелдің жоғары дәрежесіне мақта өңдеу ұйымы жатады.

3. Субъективті критерийлер

      6. Субъективті критерийлерді айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады.
      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
      Бақылау субъектілері бойынша ақпаратты талдау үшін мынадай ақпарат көзі пайдаланылады:
      1) бақылау субъектілерін бұрынғы тексерулерді талдау нәтижелері бұл ретте, бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
      2) бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
      3) бақылау субъектілеріне заңды немесе жеке тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
      7. Осы критерийлердің 6-тармағында айқындалған ақпарат көздерінің негізінде мынадай субъективті критерийлер айқындалады:

Критерийлердің атауы

Бұзушылық дәрежесі

    1. Ақпарат көзі бойынша «Бұрынғы тексерулердің нәтижелері» (ауырлық дәрежесі төмендегі келтірілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):

1

Белгіленген нысан бойынша мақта қолхаттары тізілімінің болуы

өрескел

2

Мақта тазалау зауытына меншік құқығын растайтын құжаттың болуы

өрескел

3

Мақта қолхаттарын ұстаушылар алдында мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының болуы

өрескел

4

Шитті мақтаны мақта талшығына, бастапқы өңдеудің технологиялық операцияларын сақтау

өрескел

5

Мақта шикізатының сандық-сапалық есеп кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау

өрескел

6

Мақта қабылдау пунктіне келіп түсетін мақта шикізатына тауарлық-көліктік жүк құжаттарының болуы

елеулі

7

Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық операцияларын жүзеге асыруға арналған жабдықтардың (желдеткіш, тиеп-түсіру механизмдері) болуы

елеулі

8

Мақта нарығының мониторингін жүргізу мәселелері бойынша есептіліктің болуы

елеулі

9

Белгіленген талаптарға сәйкес қабылданған шитті мақтаны өлшеу журналынның болуы

елеулі

10

Мақта қолхаттарын беру есебін жүргізудің бар-жоғы

елеулі

11

Шитті мақтаны қабылдауды және оны қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелту туралы салыстырып тексерудің жасалған актілерінің болуы

елеулі

12

Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүк құжаттарын жасаудың болуы

елеулі

13

Жөнелтуге алынған шешімдер есебі журналының бар-жоғы

болмашы

14

Мақтамен жүргізілген операцияларды көрсететін құжаттарды сақтау мерзімдерін сақтау

болмашы

15

Шитті мақтаны талдау карточкасының және шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналының болуы

болмашы

16

Шитті мақтаны қабылдаған туралы түбіртектің болуы

болмашы

     2. Ақпарат көзі бойынша «бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелеріне ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері»:

1

Мақта нарығына қатысушыларда шитті мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің болуы және қозғалысы туралы есепті ұсынбау

елеулі

2

Мақта иелеріне мақта қолхаттарын беру туралы есепті ұсынбау

елеулі

3

Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есепті уақытылы ұсынбау

болмашы

     3. Ақпарат көзі бойынша «бақылау субъектілеріне заңды немесе жеке тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны» субъективті критерийлер болып табылады:

1

Мақта қабылдау ұйымына келіп түсетін шитті мақта сапасының көрсеткіштерін анықтау бойынша бақылау субъектілеріне түскен бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2

Бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы, оны қарау бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының мақта қауіпсіздігі мен сапасы саласында заңнаманың бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартады

елеулі

3

Бір және одан да көп расталған шағымдар мен өтініштердің болуы, оны қарау бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері бақылау субъектісіне Қазақстан Республикасының мақта қауіпсіздігі мен сапасы саласында заңнаманың анықталған бұзушылықты жою бойынша нұсқама береді

болмашы


      8. Реттеуші мемлекеттік органның тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
      Бір өрескел дәрежедегі бұзушылық 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
      Егер өрескел дәрежедегі бұзушылық анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштерін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштері есептеледі, сосын қосылады.
      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,7 өлшеу коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі.
      P3 = (K2 X 100/K1) х 0,7
      мұнда:
      Р3 - елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      K1 - тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К2 - елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың анықталған саны.
      Болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін айқындаған кезде 0,3 өлшеу коэффиценті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
      Рн = (К4 х 100/К3) х 0,3
      мұнда:
      Рн - болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      К3 - тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеруге (талдауға) ұсынылған болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың жалпы саны;
      К4 - болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың анықталған саны.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (Р) мынадай формула бойынша елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу жолымен айқындалады:
      Р = Р3 + Рн
      мұнда:
      Р - тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
      Р3 - елеулі дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші;
      Рн - болмашы дәрежедегі бұзушылықтардың көрсеткіші.
      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект (объект) мыналарға жатады:
      1) тәуекелдің жоғары дәрежесі - 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;
      2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатпайтын - 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.
      9. Ішінара тексерулердің жиілігі жылына бір реттен жиі болмауы тиіс.
      10. Ішінара тексерулер есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша бір жылға қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
      11. Іріктеп тексерулердің тізімдері:
      1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің басымдығын;
      2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелерін ескере отырып жасалады.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
міндетін атқарушының    
2015 жылғы 3 шілдедегі № 15-03/609
және Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің 
2015 жылғы 10 шілдедегі № 522 
бірлескен бұйрығына 3-қосымша 

нысан

Астық нарығын реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

______________________________________________________________қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                              (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Астық қоймасына (элеваторға, астық қабылдау пунктіне) меншік құқығы туралы анықтаманың болуы





2

Белгіленген нысан бойынша астық қолхаттары тізілімнің болуы





3

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету





4

Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы





5

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттың немесе астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы азаматтык-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы





6

Үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша мүлікті кепілге қоюды растайтын құжаттың болуы





7

Астықтың сандық-сапалық есеп кітабын жүргізу бар-жоғы





8

Астықта тауарлық-көліктік жүк құжаттарының болуы





9

Орташа тәуліктік сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, белгіленген нысан бойынша автомобиль көлігімен қабылданған астыққа жүк құжаттар тізілімінің болуы





10

Белгіленген нысан бойынша астықты тазалау, кептіру актісінің болуы





11

Берілген, бүлінген, өтелген астық қолхаттарының саны мен сақтау мерзімінің сәйкестігі





12

Астық сақтаудың қысқы жағдайына ауыстыру бойынша іс-шараларды уақтылы жүргізу





13

Астық қолхаттарын беруге және ресімдеуге, сондай-ақ астық қолхаттарының тізілімін жүргізуге жауапты адамдарды анықтайтын ішкі құжаттың болуы





14

Технологиялық жабдықтың (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы, тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы) болуы





15

Астық қоймаларының және олардың технологиялық желілерінің жай-күйі





16

Белгіленген нысан бойынша автомобиль және темір жол таразыларында жүктерді өлшеуді тіркеу журналының болуы





17

Белгіленген нысан бойынша астықтың зертханалық талдау нәтижелерін тіркеу журналының болуы





18

Астықты тиеп-жөнелтуге алынған бұйрықтардың есеп журналының болуы





19

Астықты сақтау кезінде (біртекті партиядан алынған орташа сынама бойынша айына бір рет) толық техникалық талдау жүргізілгенін растайтын құжаттың болуы





20

Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пунктінің) 10%-ы көлемінде бос қойма сыйымдылығының, элеваторларда сүрлем үстіндегі транспортердің әрқайсысына ең кемінде бір бос сүрлемнің болуы





21

Сақтаудағы астықтың температурасын бақылауды уақытылы жүргізуді растайтын құжаттың болуы





Лауазымды адам (дар)
_____________ _______ _______________________________________________
  (лауазымы)   (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_____________ _______ _______________________________________________
(лауазымы)    (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Тексерілетін субъектінің басшысы
_____________ _______ _______________________________________________
(лауазымы)    (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы
3 шілдедегі № 15-03/609 және
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің   
2015 жылғы 10 шілдедегі  
№ 522 бірлескен бұйрығына
4-қосымша         

нысан

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

____________________________________________________________қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
                                           (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
Орналасқан мекенжайы_________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Белгіленген нысан бойынша мақта қолхаттары тізілімінің болуы





2

Мақта тазалау зауытына меншік құқығын растайтын құжаттың болуы





3

Мақта қолхаттарын ұстаушылар алдында мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының болуы





4

Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық операцияларын сақтау





5

Мақта шикізатының сандық-сапалық есеп кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау





6

Мақта қабылдау пунктіне келіп түсетін мақта шикізатына тауарлық-көліктік жүк құжаттарының болуы





7

Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеудің технологиялық операцияларын жүзеге асыруға арналған жабдықтардың (желдеткіш, тиеп-түсіру механизмдері) болуы





8

Мақта нарығының мониторингін жүргізу мәселелері бойынша есептіліктің болуы





9

Белгіленген талаптарға сәйкес қабылданған шитті мақтаны өлшеу журналынның болуы





10

Мақта қолхаттарын беру есебін жүргізудің бар-жоғы





11

Шитті мақтаны қабылдауды және оны қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелту туралы салыстырып тексерудің жасалған актілерінің болуы





12

Шитті мақтаны мақта қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына жөнелту кезінде тауарлық-көліктік жүк құжаттарын жасаудың болуы





13

Жөнелтуге алынған шешімдер есебі журналының бар-жоғы





14

Мақтамен жүргізілген операцияларды көрсететін құжаттарды сақтау мерзімдерін сақтау





15

Шитті мақтаны талдау карточкасының және шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналының болуы





16

Шитті мақтаны қабылдаған туралы түбіртектің болуы





Лауазымды адам(дар)
_____________ _______ _______________________________________________
  (лауазымы)   (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_____________ _______ _______________________________________________
(лауазымы)    (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Тексерілетін субъектінің басшысы
_____________ _______ _______________________________________________
(лауазымы)    (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 3 шілдедегі № 15-03/609
және Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2015 жылғы
10 шілдедегі № 522 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының күшін жойылған кейбір бірлескен бұйрықтарының тізбесі

      1. «Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнің м.а. 2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/276 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнің м.а. 2011 жылғы 16 маусымдағы № 169 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7067 тіркелген, 2011 жылғы 23 шілдедегі № 309-316 (26710) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      2. «Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/277 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 маусымдағы № 170 бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7068 тіркелген, 2011 жылғы 23 шілдедегі № 309-316 (26710) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      3. «Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/276 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 маусымдағы № 169, «Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/277 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 15-07/124 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 01-04-03/39 НҚ бірлескен бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8451 тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы № 256 (27530) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).