Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 51) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға оның жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы Т. Жақсылықов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 шілдедегі
№ 564 бұйрығымен бекітілген
1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша
көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
2. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – қызметтер) құны «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғалар үшін осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.
3. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер мыналарды қамтиды:
екі кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда концессионерді таңдау бойынша концессиялық ұсынысты әзірлеу;
бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда концессионерді таңдау бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырманы әзірлеуді қоса алғанда концессиялық ұсынысты әзірлеу;
бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда концессионерді таңдау бойынша объектінің нақты алаңына қолда бар жобалау-сметалық құжаттамасының (бұдан әрі – ЖСҚ) байланыстыру құнының есебімен, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша, сондай-ақ техникалық күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және ТЭН қажет етпейтін қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын концессиялық ұсынысты әзірлеу;
екі кезеңдік процедураларды пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде концессиялық жобаның ТЭН техникалық тапсырманы әзірлеуді қоса алғанда конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
бір кезеңдік конкурс өткізу кезінде концессионерді таңдау бойынша құрамына ТЭН қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
бір кезеңдік конкурс өткізілген жағдайда концессионерді таңдау бойынша, объектінің нақты алаңына ЖСҚ байланыстыруды, әзірленген ЖСҚ бар жобалар бойынша және (немесе) техникалық күрделі емес болып табылатын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және ТЭН қажет етпейтін қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын ЖСҚ әзірлеуді қоса алғанда конкурстық құжаттаманы әзірлеу;
концессия келісімшартының жобасын әзірлеу;
бекітілген конкурстық құжаттамаға өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) енгізу;
Концессиялық өтінімдерді қарастыру және таңдау жөніндегі комиссияның конкурсқа қатысушысымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсету, сондай-ақ, келіссөздерге қатысу;
конкурстық өтінімді тәуелсіз бағалау.
2. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
бойынша көрсетілетін қызметтер құнының есептемесі
4. Концессиялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты нақты көрсетілетін қызметтің құнын есептеу үшін концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес тиісті коэффициенттер сомасын 1 адам-сағат құнына және нормативтік еңбек шығындарына көбейту жолымен пайдаланылады:
P = схlх(k1+k2+…)+exp, где
P – қосылған құн салығын есепке алмағандағы концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызмет құны;
с – көрсетілетін қызмет өнім берушісінің 1 адам – сағат құны (қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге);
l – көрсетілетін қызметтің еңбек шығындарының базалық нормативі (осы Әдістеменің 2 қосымшасына сәйкес);
k – концессиялық ұсынысты және конкурстық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызмет құнына түзету коэффициенттері;
exp – Әдістеменің 5-тармағына сәйкес жобаалды және жобалық құжаттаманы дайындауға шығындар (қажет болған жағдайда).
5. Бір кезендік конкурс бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу құнына жобаалды ТЭН және ЖСҚ жобалық құжаттама әзірлеу немесе түзету және т.б. шығындары қосылады.
Жобаалды және жобалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар құнының есептеулері, сонымен қоса үлгілік жоба болған жағдайда ЖСҚ байланыстыру шығындары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Концессиялық жобаның ерекшеліктеріне сүйене отырып көрсетілетін қызмет өнім берушісі күрделі құрылысты қоса алатын жоба үшін жобаалды және жобалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызметтерді қоса отырып, үшінші тараптардың қызметін тартуға құқылы.
Концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу
бойынша көрсетілетін қызметтер
құнын айқындау әдістемесіне
1 қосымша
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша
көрсетілетін қызметтің құнына түзету коэффициенттері
№ |
Ерекшеліктер |
Коэффициент мағынасы, k |
1. |
Құрылыстың болжамды құны: |
|
4 000 000 АЕК төмен |
0,8 дейін |
|
4 000 000 АЕК жоғары |
1,2 |
|
2. |
Жобаның күрделілігіне және ерекшелігіне байланысты салалық коэффициент: |
|
3 |
Сараптама қорытындыларын алу қажеттілігі |
0,5 |
4 |
Концессиялық ұсыныс кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге техникалық тапсырманы әзірлеу |
0,2 |
5 |
Конкурстық құжаттама кезеңінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлеу |
0,4 |
6 |
ТЭН әзірлеу қажеттілігі |
1 |
7 |
Бекітілген концессиялық ТЭН немесе ЖСҚ болуы |
(-0,5) |
8 |
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ТЭН түзету |
0,6 |
9 |
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде ЖСҚ түзету |
0,5 |
10 |
ЖСҚ нақты алаңға байланыстыру |
0,5 |
11 |
ЖСҚ байланыстыру құнын есептеу |
0,5 |
12 |
Конкурстық өтінімдердің тәуелсіз бағалауын жүргізу кезінде конкурстық өтінімде ТЭН болуы |
1 |
13 |
Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсету мақсаттары үшін үшінші тараптардың консультациялық қызметтерін тарту* |
1-3 |
* бюджеттік бағдарламалар әкімшісі анықтайды
Концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу
бойынша көрсетілетін қызметтер
құнын айқындау әдістемесіне
2 қосымша
Көрсетілетін қызмет бірлігіне базалық нормативтік еңбек
шығындары
№ |
Қызмет түрлері |
l, адам-сағ. |
1. |
Концессиялық ұсынысты әзірлеу |
1500 |
2 |
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу (концессия келісімшарты жобасын әзірлей отырп) |
1500 |
3 |
Конкурстық құжаттаманы түзету |
500 |
4 |
Комиссияның концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысушысымен келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызмет көрсетулері, сондай-ақ, келіссөздерге қатысу |
500 |
5 |
Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі екінші кезеңнің конкурстық өтінімін тәуелсіз бағалау |
300 |