«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына, 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтарының нысаны;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес метрология саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру парақтарының нысаны бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 440 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі міндетін атқарушысының 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 5 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7429 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 195-200 (27274) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Техникалық реттеу және метрология саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексерулер бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 154 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 195 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7794 тіркелген, 2012 жылғы 11 тамызда № 495-500 (27573) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
_______________ С. Айтпаева
2015 жылғы 8 шілде
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 728
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 шілдедегі
№ 501 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Техникалық реттеу және метрология саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық реттеу және метрология саласында тәуекел дәрежесін бағалаудың критерийлері (бұдан әрі – критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына, 13-бабының 3-тармағына сәйкес ішінара тексерулер өткізу мақсатында тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін әзірленген.
2. Осы критерийлер техникалық реттеу және метрология саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау, тауардың шығу тегі туралы сертификаты және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру (бұдан әрі – техникалық реттеу) және метрология бөлігінде құқықтық қатынастарға қолданылады.
3. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау бөлігінде техникалық реттеу саласында тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау бойынша лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
2) метрология саласындағы тексерілетін субъектілер – Қазақстан Республикасы аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
3) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру бөлігінде техникалық реттеу саласындағы тексерілетін субъектілер – тауардың шығу тегі туралы сертификатты және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті орган (ұйым);
4) тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
5) тәуекелдерді бағалау жүйесі – тексерулерді белгілеу мақсатында бақылау және қадағалау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін және жекелеген тексерілетін субъектіге тікелей байланыссыз пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері.
4. Іріктеп тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.
2. Объективті критерийлер
5. Техникалық реттеу саласындағы тәуекелді айқындау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаумен, тауардың шығу тегі туралы сертификатты және ішкі айналым тауары үшін шығу тегі туралы сертификат берумен байланысты тексерілетін субъектілердің қызметінің адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығына байланысты жүзеге асырылады.
6. Метрология саласында тәуекелді айқындау Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты тексерілетін субъектілер қызметінің адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығына байланысты жүзеге асырылады.
7. Техникалық реттеу саласындағы тәуекелдің жоғары дәрежесіне объективті критерийлер бойынша мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау бойынша лицензияланатын қызмет;
2) тауардың шығу тегі туралы сертификатты, соның ішінде ішкі айналым үшін тауарының шығу тегі туралы сертификатты беру қызмет түрін жүзеге асыратын тексерілетін субъектілер жатады.
8. Метрология саласында тәуекелдің жоғары дәрежесіне объективті критерийлер бойынша өлшемдерге байланысты нәтижелері:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар;
2) қоршаған ортаны қорғау, геология және гидрометеорология саласындағы қызметті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік есепке алу операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
4) еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
5) қару-жарақ, әскери техника жасау;
6) сынаулар, метрологиялық аттестаттау, өлшем құралдарын тексеру;
7) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін шығару, өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезінде пайдаланылатын қызмет түрлері жатады.
9. Жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесіне объективті өлшемдер бойынша келесі:
1) ғылыми зерттеулер жүргізу;
2) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу кезінде қолданылатын өлшемдерге байланысты қызмет түрлері жатады.
10. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты іріктеп тексерулер жүргізіледі.
3. Субъективті критерийлер
11. Субъективті критерийлерді айқындау мынадай:
1) дерекқор қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
12. Субъективті критерийлерді анықтау үшін мынадай ақпарат көздері:
1) бұрынғы тексерулер нәтижелері. Бұл ретте тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптары сақталмаған жағдайда бұзушылық дәрежесінің ауырлығы (өрескел, едәуір, болмашы) белгіленеді;
2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
3) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет – қорларын талдау;
4) уәкілетті органдар және ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау қорытындысы пайдаланылады.
13. Ақпарат көздерінің негізінде субъективті критерийлер айқындалады, осы критерийлерге 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес олар бойынша тәуекел дәрежелерінің көрсеткіштері беріледі.
14. Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері 3 ауырлық дәрежесі талабына бөлінеді: өрескел, едәуір, болмашы.
Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу орындалмаған талаптардың үлес салмағы (индикаторлары) анықталады
Өрескел дәрежесін бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
Егер өрескел дәреже талабтары (индикаторлары) анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін едәуір және болмашы дәреже талаптарының (индикаторлары) жиынтық көрсеткіштері есептеледі.
Едәуір дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Р3 = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
мұнда:
Р3 – едәуір дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіні (объекті) тексеруге (талдауға) ұсынылған едәуір дәреже индикаторларының жалпы саны;
Р2 – едәуір дәреженің талаптарын бұзушылық саны.
Болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұнда:
Рн – болмашы дәреженің бұзушылық көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіні (объекті) тексеруге (талдауға) ұсынылған болмашы дәреже индикаторларының жалпы саны;
Р2 – болмашы дәреженің талаптарын бұзушылық саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (УР) 0 ден 100–ге дейінгі шкаламен есептеледі және көрсеткіштерді мына формуламен жиынтықтау жолымен анықталады:
Р = Р3 + Рн
мұнда:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Р3 – едәуір дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші;
Рн – болмашы дәрежедегі бұзушылық көрсеткіші.
15. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:
1) тәуекелдің жоғары деңгейіне – тәуекел дәрежесінің 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткішінде және оған қатысты ішінара тексеріс жүргізіледі;
2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне кірмейтін – тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткішінде және оған қатысты тек қана жоспардан тыс тексерістер және өзге бақылау нысандары жүргізіледі.
4. Қорытынды ережелер
16. Ішінара тексерулер жүргізудің еселігі жылына бір ретті құрайды.
17. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша тоқсанға қалыптастыратын ішінара тексерулердің тізімдері негізінде жүргізіледі.
18. Ішінара тексерулер тізімдері мынаны:
1) субъективті критерийлер бойынша тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесінің жоғары көрсеткішті басымдылығын;
2) тексерулерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына жүктемені ескеріп жасалады.
Техникалық реттеу және метрология
саласында тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
1-қосымша
Алдыңғы тексерістер нәтижелері бойынша субъективті критерийлер
(тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының
заңнамасы талаптары сақталмаған жағдайда бұзушылық дәрежесінің
ауырлығы (өрескел, едәуір, болмашы) белгіленеді)
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензияның болмауы |
едәуір |
2 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтамауы |
едәуір |
3 |
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» 988-2007 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарт талаптарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының сәйкессіздігі |
едәуір |
4 |
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» 989-2008 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарт талаптарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының сәйкессіздігі |
едәуір |
5 |
Тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу туралы қорытындысының болмауы |
едәуір |
6 |
Тауардың шығу тегі туралы сертификатты бір жұмыс күні ішінде мыналардың: |
едәуір |
7 |
Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың: |
едәуір |
8 |
Тауардың шығу тегі туралы сертификаты қорғаныш дәрежесі жоқ бланкттерде ресімдеу бойынша талаптардың бұзылуы: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші үшінші данасы – көшірмелері |
едәуір |
9 |
Өтініш берушінің тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттарды тіркеу журналында қойған қолының болмауы |
болмаша |
10 |
«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытындысының болмауы |
едәуір |
11 |
«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың: |
едәуір |
12 |
«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты қорғаныш дәрежесі жоқ бланкттерде ресімдеу бойынша талаптардың бұзылуы: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші және үшінші данасы – көшірмелері |
едәуір |
13 |
Белгіленген үлгідегі өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттың және белгіленген үлгідегі өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болмауы |
едәуір |
14 |
Түрін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсаты үшін сынаудан, тексерістен өтпеген және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналысқа шығаруға және қолдануға тиым салуды сақтамауы |
өрескел |
15 |
Салыстырып тексеру туралы сертификаттың және (немесе) салыстырып тексеру белгісінің таңбасының өлшем құралында және (немесе) пайдалану құжатында болмауы |
өрескел |
16 |
Өлшемді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестаттауының болуы және олардың өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелмеуі |
едәуір |
17 |
Иелiктен шығарылатын тауарлардың санының сатып алу операциялары кезінде осы тауарлардың санын сипаттайтын, шамаға (салмағы, көлемі, шығыны) тауар санының сәйкессіздігі |
едәуір |
18 |
Бөлшектеп өлшелген тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессіздігі |
едәуір |
Техникалық реттеу және метрология
саласында тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
2-қосымша
Расталған шағымдар мен өтініштер бойынша субъективті
критерийлер
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1 |
Техникалық реттеу және метрология саласындағы расталған бір шағымның немесе өтініштің болуы |
едәуір |
2 |
Техникалық реттеу және метрология саласындағы расталған екі немесе одан да көп шағым мен өтініштін болуы |
өрескел |
Техникалық реттеу және метрология
саласында тәуекел дәрежесін
бағалау критерийлеріне
3-қосымша
Мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарының ресми
интернет – қорларын талдау арқылы субъективті критерийлер
№ |
Критерийлер |
Бұзушылық дәрежесі |
1 |
Техникалық реттеу және метрология саласындағы бұзушылық туралы мемлекеттік органдардың ресми интернет – қорларында мәліметтердің болуы |
едәуір |
2 |
Техникалық реттеу және метрология саласындағы бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарыда мәліметтердің болуы |
болмашы |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 728
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 шілдедегі
№ 501 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
нысан
Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау аясында
тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт___________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БИН______________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаушыларға қатысты |
|||||
1 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын дайындауға лицензияның болуы |
||||
2 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауы |
||||
3 |
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» 988-2007 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарт талаптарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының сәйкестігі |
||||
4 |
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы» 989-2008 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық стандарт талаптарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сәйкестігі |
||||
Тауардың шығу тегі туралы сертификатты және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органға (ұйымға) қатысты |
|||||
5 |
Тауардың шығу тегі туралы сертификатты рәсімдеу туралы қорытындысының болуы |
||||
6 |
Тауардың шығу тегі туралы сертификатты бір жұмыс күні ішінде мыналардың: |
||||
7 |
Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларға тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың: |
||||
8 |
Тауардың шығу тегі туралы сертификаты қорғаныш дәрежесі жоқ бланкттерде ресімдеу: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші үшінші данасы – көшірмелері |
||||
9 |
Өтініш берушінің тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттарды тіркеу журналында қойған қолының болмауы |
||||
10 |
«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу туралы қорытындысының болуы |
||||
11 |
«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты екі жұмыс күні ішінде мыналардың: |
||||
12 |
«СТ-KZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты қорғаныш дәрежесі жоқ бланкттерде ресімдеу: бірінші данасы – түпнұсқа, екінші және үшінші данасы – көшірмелері |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар)________________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. бар болған жағдайда)
__________________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы ___________________________________ ___________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 728
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 шілдедегі
№ 501 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
нысан
Метрология саласындағы мемлекеттік бақылау аясында тексеру
парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт___________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БИН______________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Өлшем бірлігін қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын субъектiлерге қатысты |
|||||
1 |
Белгіленген үлгідегі өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификаттың және белгіленген үлгідегі өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы |
||||
2 |
Түрін бекіту немесе метрологиялық аттестаттау мақсаты үшін сынаудан, тексерістен өтпеген және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналысқа шығаруға және қолдануға тиым салуды ұстану |
||||
3 |
Салыстырып тексеру туралы сертификаттың және (немесе) салыстырып тексеру белгісінің таңбасының өлшем құралында және (немесе) пайдалану құжатында болуы |
||||
4 |
Өлшемді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестаттауының болуы және олардың өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі |
||||
5 |
Иелiктен шығарылатын тауарлардың санының сатып алу операциялары кезінде осы тауарлардың санын сипаттайтын, шамаға (салмағы, көлемі, шығыны) тауар санының сәйкестігі |
||||
6 |
Бөлшектеп өлшелген тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестігі |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар)________ ___________ _____________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. бар болған жағдайда)
________ ___________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. бар болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы ___________________________________ ___________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)