Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11817 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
      4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығы (Нормативті құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9536 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қазандағы № 212 (27933) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті (А.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2015 жылғы 2 шілдедегі № 394
бұйрығына 1-қосымша    

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz. «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұсқаларын беру (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.
      Қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің)
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      4. Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық-сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:
      1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және басшылыққа үлестіру үшін беру – бір жұмыс күннің ішінде;
      Рәсімнің нәтижесі – құжатты қабылдау және тіркеу;
      2) мемлекеттік қызметті берушінің басшысы жауапты құрылымдық бөлімшеге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды үлестіреді – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
      3) жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды – он алты жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – куәлікті беру туралы шешім қабылдау;
      4) жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келіседі, сондай-ақ оларды бекітеді және тіркейді – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – куәлікті беру туралы қорытынды және бұйрық;
      5) куәлікті беру – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – куәлік;
      заңды мекенжайы өзгерген жағдайда куәлікті қайта ресімдеу үшін:
      1) Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, басшыға беру, жауапты құрылымдық бөлімшесіне үлестіру – бір жұмыс күні.
      Рәсімнің нәтижесі - электрондық құжат түріндегі сұрау салуды қабылдау, тіркеу және басшының қарары;
      2) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қарау, қорытынды мен бұйрықтың сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісуі, сондай-ақ сондай-ақ оларды бекіту мен тіркеу – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – қорытынды және бұйрық.
      3) қайта ресімделген куәлікті беру – бір жұмыс күні.
      Рәсімнің нәтижесі - қайта ресімделген куәлік немесе куәліктің телнұсқасы.
      Куәлік жоғалғанда, бүлінгенде немесе бұрын берілген куәлік қағаз түрінде болса, куәліктің телнұсқасын беру үшін:
      1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, басшыға беру және жауапты құрылымдық бөлімшесіне үлестіру – бір жұмыс күні.
      Рәсімнің нәтижесі - электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің мөрі және басшының қолы қойылған куәлікті қағазға басып шығару және куәліктің телнұсқасын беру.
      Рәсімнің нәтижесі - куәліктің телнұсқасын беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкер(лер)і;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының қызметкері (лер);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері (лер).
      7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәлікті беру кезіндегі өзара іс-әрекеттер тәртібінің бірізділігін сипаттау:
      1) Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері веб-порталға ұсынылған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің қабылдайды және бір жұмыс күннің ішінде ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға қояды;
      2) тиісті түрде тіркелген, ресімделген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне үлестіру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына бір жұмыс күні ішінде беріледі;
      3) құжаттарды Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкері қарайды және он алты жұмыс күні ішінде олар Стандарт талаптарына сәйкес болған жағдайда қорытынды және куәлікті беру туралы бұйрық дайындайды;
      4) қорытынды мен бұйрық көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісіледі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы бұйрықты тіркейді. Орындаушы бұйрық негізінде куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады, оны Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары келіседі. Одан кейін «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі - бір жұмыс күннің ішінде;
      5) «шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күннен аспай.
      Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәлікті қайта ресімдеу кезіндегі өзара іс-әрекеттері тәртібінің бірізділігін сипаттау:
      1) веб-порталға ұсынылған, Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуын Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері қабылдайды және ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға қояды – бір жұмыс күннің ішінде;
      2) тиісті түрде тіркелген, ресімделген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне беру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін беріледі - бір жұмыс күннің ішінде;
      3) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы қарайды, куәлікті қайта ресімдеу және куәліктің телнұсқасын беру туралы қорытынды және бұрық дайындайды. Қорытынды мен бұрық көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісіледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен бекітіледі. Орындаушы бұйрық негізінде куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады, оны Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары келіседі. «Шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі, қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күннің ішінде.
      Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәліктің телнұсқасын беру кезіндегі өзара іс-әрекеттері тәртібінің бірізділігін сипаттау:
      1) веб-порталға ұсынылған Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысаныдағы сұрау салуын Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері қабылдайды және ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға алады, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін беріледі – бір жұмыс күннің ішінде;
      2) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы қарайды, куәлікті қағазға басып шығарады және оған мемлекеттік қызметті беруші басшысының қолымен және мөрмен расталады – бір жұмыс күннің ішінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау (регламенттелмейді)

      8. «Электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет беруші және қызмет алушының өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау:
      1) Көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында немесе «Е-лицензиялау» порталында тіркеледі және ЭЦҚ қол қою арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;
      2) Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері электрондық құжат нысанында келіп түскен сұрау салуды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне орындау үшін міндетті белгілейтін Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына жібереді;
      3) орындаушы қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысымен және заң қызметімен келісілетін қағаз нысанындағы қорытынды мен бұйрық жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшыларымен бекітіледі;
      4) орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысымен және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасарымен келісілетін куәлікті беру, қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұсқасын беру туралы «шешім жобасын» шығарады немесе куәліктің телнұсқасын басып шығарады;
      5) «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу мен ЭЦҚ қол қою үшін жіберіледі;
      6) «шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі.
      «Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада сипатталған.

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын
аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша  

«Электронды үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау»
веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 2 шілдедегі № 394
бұйрығына 2-қосымша   

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, куәліктің телнұсқаларын беру (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің)
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      4. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық-сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрату мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны:
      1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау, басшылыққа үлестіру үшін беру – жиырма минут.
      Рәсім нәтижесі – құжаттарды қабылдау және тіркеу;
      2) мемлекеттік қызметті берушінің басшысы жауапты құрылымдық бөлімшеге көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бөледі – бір жұмыс күні ішінде.
      Рәсім нәтижесі – қызметті беруші басшының қарары;
      3) жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне оларды одан әрі қарау үшін жібереді – екі жұмыс күні ішінде.
      Рәсім нәтижесі – құжаттарды жіберу;
      4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қарайды - он жұмыс күні ішінде.
      Рәсім нәтижесі – құжаттарды қарау;
      5) жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қараған нәтижелерін қарайды – бес жұмыс күні ішінде.
      Рәсім нәтижесі - куәлікті беру туралы шешім қабылдау;
      6) жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келіседі, сондай-ақ оларды бекітеді және тіркейді – бір жұмыс күні ішінде.
      Рәсім нәтижесі – куәлікті беру туралы қорытынды және бұйрық;
      7) куәлікті беру – жиырма минут ішінде.
      Рәсім нәтижесі – куәлік;
      заңды мекенжайы өзгерген жағдайда куәлікті қайта ресімдеу үшін, сондай-ақ куәлікті жоғалтқан, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде берілген болса телнұсқасын беру үшін:
      1) Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұратуды ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып қабылдау, үлестіру үшін басшылыққа беру – жиырма минуттан аспайды.
      Рәсім нәтижесі - электрондық құжат түріндегі сұратуды қабылдау және тіркеу;
      2) электрондық құжат түріндегі сұратуды жауапты құрылымдық бөлімшеге үлестіру – отыз минут.
      Рәсім нәтижесі – қызмет беруші басшысының қарары;
      3) электрондық құжат түріндегі сұратуды қарау, қызмет берушінің заң қызметімен куәліктің телнұсқасын қайта ресімдеу немесе беру туралы қорытындыны және бұйрықты дайындау және келісу, сондай-ақ оларды бекітиу және тіркеу – бір жұмыс күні.
      Рәсім нәтижесі – қорытынды және бұйрық;
      4) қайта ресімделген куәлікті беру немесе куәліктің телнұсқасын беру – жиырма минут.
      Рәсім нәтижесі – қайта ресімделген куәлік немесе куәліктің телнұсқасы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;
      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкер(лер)і;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының қызметкер(лер)і;
      8) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкер(лер)і;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкер(лер)і.
      7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) өзара іс-әрекеттер тәртібінің жүйелілігін сипаттау:
      1) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген веб-порталға ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері сұратуды ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып қабылдайды және жиырма минут ішінде бақылауға қояды;
      2) тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне беру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін көрсетілетін қызмет берушінің басшысына бір жүмыс күні ішінде беріледі;
      3) жауапты орындаушы Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелеріне оларды одан әрі қарау үшін жібереді– екі жұмыс күні ішінде;
      4) Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды;
      5) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелері қарауының нәтижелерін қарайды және олар Стандарт талаптарына сәйкес болған жағдайда бес жүмыс күні ішінде қорытынды және куәлікті беру туралы бұйрықты дайындайды;
      6) қорытынды мен бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оны бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің және Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы бұйрықты тіркейді. Орындаушы бұйрықтың негізінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және төрағаның орынбасары келісетін куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады. Одан кейін «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі - бір жұмыс күні ішінде;
      7) «шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күнінен асырылмай;
      Куәлікті қайта ресімдеу және телнұсқасын беру үшін құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы өзара іс-әрекеттер тәртібінің жүйелілігін сипаттау:
      1) веб-порталға ұсынылған Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұратуды көрсетілетін қызмет берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы қабылдайды және ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға алынады – жиырма минут ішінде;
      2) тиісті түрде тіркелген, ресімделген электрондық құжат түріндегі сұрату кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне беру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін көрсетілетін қызмет берушінің басшысына беріледі;
      3) жауапты орындаушы электрондық құжат түріндегі сұратуды куәлікті қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұқсасын беру туралы қорытындыны және бұйрықты дайындайды. Қорытындыны және бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі, көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары келіседі және оған көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы бекітеді. Орындаушы бұйрықтың негізінде Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы орынбасары келісетін куәлікті қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұсқасын беру туралы «шешім жобасын» шығарады. «Шешімнің жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу және ЭЦҚ қою үшін жіберіледі, қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күні ішінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші және қызмет алушының өтініш жасау және рәсімдердің (іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында немесе «Е-лицензиялау» порталында тіркеледі және электрондық құжат нысанындағы сұрату, сондай-ақ ЭЦҚ қою арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері электронды құжат нысанында келіп түскен сұратуды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу мен лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне орындауға міндетті белгілейтін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу мен лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін жібереді;
      3) орындаушы Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды оларды одан әрі қарау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелеріне жібереді;
      4) орындаушы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды және Стандарттың 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық салу және бухгалтерлік есеп саласындағы құрылымдық бөлімшелерінің қарау нәтижелерін қарайды және олар Стандарт талаптарына сәйкес келген жағдайда қорытынды және куәлікті беру туралы бұйрық дайындалады.
      5) орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу мен лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысымен және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасарымен келісілетін куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады;
      6) «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу мен ЭЦҚ қол қою үшін жіберіледі;
      7) шешім жобасына» қол қойылғаннан кейін куәлік қызметті алушының «жеке кабинетіне» автоматты түрде жіберіледі.
      «Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы Регламенттің мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада сипатталған.

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы
куәлік беру» мемлекеттік қызмет 
регламентіне 1-қосымша     

Мемлекеттік қызметті алу диаграммасы
«электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау»
веб-порталы арқылы

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің    
2015 жылғы 2 шілдедегі № 394
бұйрығына 3-қосымша  

Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - куәлік, қайта рәсімдеу, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) телнұсқасын беру.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметерлердің)
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      4. Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық-сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:
      1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды және үлестіру үшін басшылыққа беруді жүзеге асырады, сондай-ақ ұсынылған құжаттарды қызмет берушінің басшысы жауапты құрылымдық бөлімдерге үлестіріп береді – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – құжатты қабылдау, тіркеу және қызмет беруші басшысының қарары;
      2) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Стандарттың талаптарына сәйкес болу жағдайында құжаттарды қарау, куәлік беру туралы қорытынды мен бұйрықты дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісу, сондай-ақ оларды бекіту – үш жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – куәлік беру туралы қорытынды мен бұйрық;
      3) куәлік беру – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – куәлік.
      Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда куәлікті қайта ресімдеу үшін:
      1) Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, үлестіру үшін басшыға беру– бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі - электрондық құжат түріндегі сұрау салуды қабылдау және тіркеу;
      2) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жауапты құрылымдық бөлімшеге үлестіру – отыз минут.
      Рәсімнің нәтижесі – қызмет берушінің басшысының қарары;
      3) электрондық құжат түріндегі сұрау салуды қарау, куәлік телнұсқасын қайта ресімдеу және беру туралы қорытынды мен бұйрықты дайындау және қызмет берушінің заң қызметімен келісу, сондай-ақ оларды бекіту және тіркеу – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – қорытынды және бұйрық;
      4) қайта ресімделген куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын беру – бір жұмыс күннің ішінде.
      Куәлік жоғалғанда, бүлінгенде немесе бұрын берілген куәлік қағаз түрінде болса, куәліктің телнұсқасын беру үшін:
      1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, басшыға жауапты құрылымдық бөлімшелерге үлестіру үшін беру – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі - электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
      2) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды қарау, куәліктің телнұсқасын беру туралы қорытынды мен бұйрықты заң қызметімен келісу, сондай-ақ оларды бекіту, сондай-ақ оларды бекіту және тіркеу – бір жүмыс күні ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – қорытынды мен бұйрық.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкер(лер)і;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының қызметкері (лер);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкері (лер).
      7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәлікті беру кезіндегі өзара іс-әрекеттер тәртібінің бірізділігін сипаттау:
      1) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері қабылдайды және ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін береді –бір жұмыс күні ішінде;
      2) тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне үлестіру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына бір жұмыс күні ішінде беріледі;
      3) құжаттарды Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкері қарайды және олар Стандарт талаптарына сәйкес болған жағдайда екі жұмыс күні ішінде қорытындысы және куәлікті беру туралы бұйрық дайындайды;
      4) қорытынды мен бұйрық көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісіледі және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы бұйрықты тіркейді. Орындаушы бұйрық негізінде куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады, оны Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары келіседі. Одан кейін «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі - бір жұмыс күннің ішінде.
      Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәлікті қайта ресімдеу кезіндегі өзара іс-әрекеттері тәртібінің бірізділігін сипаттау:
      1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысандағы сұрау салуын Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы қабылдайды және ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып бақылауға алады –бір жұмыс күннің ішінде;
      2) тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне беру үшін Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін беріледі - бір жұмыс күннің ішінде;
      3) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы қарайды, куәлікті қайта ресімдеу және куәліктің телнұсқасын беру туралы қорытынды және бұрық дайындайды. Қорытынды мен бұрық көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оларды бекітеді. Орындаушы бұйрық негізінде куәлікті беру туралы «шешім жобасын» шығарады, оны Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары келіседі. «Шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісуге және ЭЦҚ қоюға жіберіледі, қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күннің ішінде.
      Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәліктің телнұсқасын беру кезіндегі өзара іс-әрекеттері тәртібінің бірізділігін сипаттау:
      1) Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуын Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері қабылдайды, ЭҚАБЖ-да тіркеу нөмірін бере отырып, басшыға береді, бақылауға алады, электрондық құжат нысанындағы өтініш көрсетілетін қызметті берушінің басшысына кейіннен Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына үлестіру үшін беріледі – бір жұмыс күннің ішінде;
      2) электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы қарап, куәліктің телнұсқасын беру туралы бұйрық пен қорытынды дайындайды. Қорытынды мен бұйрықты қызмет берушінің заң кызметі, төраға орынбасары келіседі және төраға бекітеді. Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы, төраға орынбасары келіскен бұйрық негізінде куәліктің телнүсқасын беру туралы «шешім жобасы» шығарылады. «Шешім жобасы» қызмет беруші төрағасына келісу және ЭЦҚ-мен қол қою үшін жіберіледі, қол қойылғаннан кейін куәлік автоматты түрде қызмет берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі – бір жұмыс күннің ішінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау (регламенттелмейді)

      8. Мемлекеттік қызметті www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсеткен кездегі көрсетілетін қызметті беруші және қызмет алушының өзара іс-әрекеттері тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» порталында немесе «Е-лицензиялау» порталында тіркеледі және ЭЦҚ қол қою арқылы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жібереді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс басқармасының және ішкі әкімшілендіру қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкеріне орындау үшін міндетті белгілейтін Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысына жібереді;
      3) орындаушы қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарайды және қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және заң қызметі келіскен қағаз нысанындағы қорытынды мен бұйрық жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылары оларды бекітеді;
      4) орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы және көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары келіскен куәлікті беру, қайта ресімдеу немесе куәліктің телнұсқасын беру туралы «шешім жобасын» шығарады немесе куәліктің телнұқсасын басып шығарады;
      5) «шешім жобасы» көрсетілетін қызметті берушінің төрағасына келісу мен ЭЦҚ қол қою үшін жіберіледі;
      6) қол қойылғаннан кейін «шешім» жобасы автоматты турде қызмет берушінің «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      «Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада сипатталған.

«Кәсіби аудиторлық ұйымды  
аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша  

«Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау»
веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 2 шілдедегі № 394
бұйрығына 4-қосымша  

«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz. «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі - ХҚКО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру (бұдан әрі -лицензия), қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру немесе нормативтік құқықтық актілері тізілімінде №11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің)
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны:
      Лицензия беру кезінде:
      1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және басшылыққа тарату үшін беру – бір жұмыс күннің ішінде;
      Рәсімнің нәтижесі – құжатты қабылдау және тіркеу;
      2) жауапты құрылымдық бөлімшеге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды үлестіру – бір жұмыс күні.
      Рәсімнің нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне электронды сұрау салуды жіберу және қызмет алушы жөнінде аудиторлық қызметпен айналысуға, лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы жөнінде жауап алу – бір жұмыс күннің ішінде;
      Рәсімнің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің қызмет алушы жөніндегі жауабы (электронды сұрау салуға);
      4) қызмет алушының құжаттары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің жауабын қарастыру – тоғыз жұмыс күні;
      Рәсімнің нәтижесі – лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдау;
      5) жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және «Лицензия беру туралы» бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келіседі, сондай-ақ оларды бекітеді және тіркейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту туралы хат дайындайды – екі жұмыс күннің ішінде;
      Рәсімнің нәтижесі – «Лицензия беру туралы» қорытынды және бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту;
      6) Лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және басшылыққа үлестіру үшін беру – бір жұмыс күннің ішінде;
      Рәсімнің нәтижесі – құжатты қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
      2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Ақпараттық сервисіне электронды сұрау салуды жіберу және қызмет алушы жөнінде аудиторлық қызметпен айналысуға, лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы жөнінде жауап алу, қызмет алушының құжаттары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің жауабын қарау, жауапты құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және «Лицензияны қайта ресімдеу туралы» бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісу, сондай-ақ оларды бекітуі және тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту туралы хат дайындау – бір жұмыс күні;
      Рәсімнің нәтижесі – лицензияны қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
      3) қайта ресімделген лицензия беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап беру – бір жұмыс күннің ішінде.
      Рәсімнің нәтижесі – қайта ресімделген лицензия немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.
      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде:
      1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының лицензияның телнұсқасын алу үшін ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылыққа үлестіру үшін қабылдау, үлестіру, лицензияның телнұсқасын беру үшін Стандарттың 9-тармағында көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, жауапты құрылымдық бөлімшеге үлестіру – бір жұмыс күннің ішінде;
      Рәсімнің нәтижесі – құжаттарды қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті беруші басшының қарары;
      2) көрсетілетін қызметті алушының лицензия телнұсқасын беруге ұсынылған құжаттарды қарау, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және «Лицензияның телнұсқасын беру туралы» бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен келісу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап дайындау – бір жұмыс күннің ішінде;
      Рәсімнің нәтижесі – «Лицензияның телнұсқасын беру туралы» қорытынды және бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің төрағасы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің төраға орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер және аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының қызметкер(лер)і;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің Заң қызметі басқармасының қызметкері (лер);
      7) көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасының қызметкері (лер);
      8) Орталықтың қызмектері.
      7. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) куәлікті беру кезіндегі өзара іс-әрекеттер тәртібінің бірізділігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы бір күннің ішінде веб-порталға ұсынылған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдайды, ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін бере отырып бақылауға қояды және кеәіннен орындаушыға үлестіру үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) орындаушы бір жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Ақпараттық жүйесіне электронды сұрау салуды жібереді және қызмет алушы жөнінде аудиторлық қызметпен айналысуға, лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы жөнінде жауапты алады;
      3) орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің жауабын қарайды, және «Лицензия беру туралы» қорытындыны және бұйрықты (бұдан әрі - бұйрық) немесе он бір жұмыс күннің ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды;
      4) «Лицензия беру туралы» қорытынды мен бұйрық жобасын көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оны бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы «Лицензия беру туралы» бұйрықты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды тіркейді. Бұйрық негізінде порталда электронды түрде лицензия қалыптасады және қызмет беруші басшысының ЭЦҚ-мен екі жұмыс күннің ішінде қол қойылады.
      Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
      1) Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкері веб-порталға ұсынылған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің қабылдайды және бір жұмыс күннің ішінде ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін бере отырып, бақылауға қояды;
      2) орындаушы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Ақпараттық жүйесіне қызметті алушыға қатысты оған аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы жөнінде электронды сұрау салуды жібереді, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің жауабын қарайды және «Лицензияны қайта ресімдеу туралы» қорытынды мен бұйрықты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты бір жұмыс күннің ішінде дайындайды;
      3) қорытынды мен «Лицензияны қайта ресімдеу туралы» бұйрықты жобасы көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оларды бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы «Лицензияны қайта ресімдеу туралы» бұйрықты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жауабын тіркейді. «Лицензияны қайта ресімдеу туралы» бұйрықтың негізінде порталда электронды түрдегі лицензия қалыптасады және қызмет беруші басшысының ЭЦҚ-мен бір жұмыс күннің ішінде қол қойылады.
      Лицензиянының телнұсқасын беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы қабылдайды, бір жұмыс күннің ішінде ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін бере отырып бақылауға қояды және кейіннен орындаушыға беру үшін қызмет берушінің басшысына үлестіру үшін береді;
      2) «Лицензияның телнұсұасын беру туралы» қорытынды мен бұйрық жобасын көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі келіседі және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекітеді. Көрсетілетін қызметті берушінің Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы «Лицензияның телнұсқасын беру туралы» бұйрықты тіркейді немесе лицензяиынң телнұсқасын беруден дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды. Бұйрық негізінде порталда электронды түрдегі лицензия қалыптасады және қызмет беруші басшысының ЭЦҚ-мен бір жұмыс күннің ішінде қол қойылады.

4. Халыққа қызмет көрсету оралығымен өзара іс-қимыл,
мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау (регламенттелмейді)

      8. Орталыққа және «Электронды үкімет» веб-порталы, сондай-ақ «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы өтініш жасау кезінде өтініштің және мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-әрекеттері) іс-әрекеттері тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін орталыққа өтініш жібереді;
      2) ХҚҚО-ның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасының электрондық көшірмесін алып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
      3) орталық қызметкері өтінішті тіркейді және порталда мемлекеттік қызметті таңдайды, қабылдау қызмет алушының тіркелген орны бойынша «электронды» кезек арқылы, алдын-ала жазылусыз және жедел түрде қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, портал арқылы брондау мүмкіндігі бар, қызмет алушының құжатты тапсыруға ең ұзақ күту уақыты - 15 (он бес) минут. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну қажет;
      4) мемлекеттік қызметті алу үшін орталық қызметкері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қызмет берушіге жібереді және ЭЦҚ-мен қол қояды, қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жіберілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
      5) ХҚҚО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде қызмет алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат негізінде, жеке куәлік ұсынған жағдайда (немесе өкілдің нотариалды расталған сенімхаты) дайын құжаттар беріледі. ХҚКО шешімнің бір ай мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды қызмет берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді;
      6) қызмет алушы бір айдан аса мерзім ішінде өтініш білдірген кезде, ХҚКО сұрауы бойынша қызмет беруші бір жұмыс күннің ішінде қызметті алушыға беру үшін дайын құжаттарды жібереді.
      «электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету:
      1) Көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынған құжаттары ЭҚАБЖ-да тіркеледі және қызмет берушінің басшылығына орындаушыға үлестіру үшін жіберіледі;
      2) орындаушы қызмет алушы жөнінде аудиторлық қызметпен айналысуға, лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімінің болуы жөнінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне электронды сұрау салуды жібереді және электронды жауап алады;
      3) орындаушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетіне электронды сұрау салудың жауабын қарайды және «Лицензия беру туралы» қорытындыны және бұйрықты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты дайындайды;
      4) «Лицензияның телнұсқасын беру туралы» қорытынды мен бұйрық жобасын көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі қағаз жүзінде келіседі. Персоналмен жұмыс және ішкі әкімшілендіру басқармасы «Лицензияның телнұсқасын беру туралы» бұйрықты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша дәлелді бас тарту туралы жауап тіркейді.
      5) орындаушы қызметті берушінің Мемлекеттік қызметтер, аккредиттеу және лицензиялау саласындағы бақылау басқармасының басшысымен келісілген лицензияны беру, қайта ресімдеу және телнұсқасын беру туралы «шешім жобасы» немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы жауапты порталға шығарады;
      «Электронды үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада сипатталған.

«Аудиторлық қызметті жүзеге  
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет      
регламентіне 4-қосымша    

«Электронды үкімет» веб-порталы немесе «Е-лицензиялау»
веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы