Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11808 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бекітілген тізбені басшылыққа алсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 9525 болып тіркелген және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында 2014 жылғы 25 маусымда жарияланған «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің аумақтық органдарына және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 19 мамырдағы № 234 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                        Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 27 маусымдағы
№ 567 бұйрығымен  
бекітілген     

Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық
бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік
мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық
жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу,
реконструкциялау және жөндеу тізбесі

      1. Көлік құралдары:
      1) өрт сөндіру автоцистерналары;
      2) механикалық сатысы бар өрт сөндіру автоцистерналары;
      3) газ-сумен (булы-сумен) сөндіру көпфункционалды автомобилі;
      4) көп мақсатты өрт сөндіру-құтқару автомобилі;
      5) алғашқы көмек автомобилі;
      6) жылдам ден қою автомобилі;
      7) ауа-көбікпен сөндіру автомобилі;
      8) ұнтақты сөндіру автомобилі;
      9) газды сөндіру автомобилі;
      10) аралас сөндіру автомобилі;
      11) өрт сөндіру-сорғы станциясы;
      12) сорғы-түтікқұбырлы автомобиль;
      13) түтікқұбырлы автомобиль;
      14) автосаты;
      15) иінді автокөтергіш;
      16) автокөбік көтергіш;
      17) авариялық-құтқару автомобилі;
      18) байланыс және жарықтандыру автомобилі;
      19) газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі;
      20) штабтық автомобиль;
      21) түтінді шығару автомобилі (тіркегіш);
      22) автоотынқұйғыш;
      23) бульдозер;
      24) жаппай тиегіш;
      25) өзі аударғыш;
      26) тралы бар тіркегіш;
      27) экскаватор;
      28) автокран;
      29) трактор;
      30) ассенизаторлық машина;
      31) ауыз суға арналған автомобиль-цистерна;
      32) жүк автомобилі;
      33) шағын автобус;
      34) автобус;
      35) үгіттеу автобусы;
      36) жеңіл жедел автомобиль;
      37) аралас-көпмақсатты өтімділігі жоғары көлік;
      38) екі түйінді автотіркеме;
      29) әмбебап, герметикалық шанағы бар автомобиль (кунг);
      40) дербес жолаушылар салоны бар өтімділігі жоғары автокөлік (вахтовка);
      41) роторлы қар тазалағыш;
      42) жол талғамайтын-қарда жүргіш;
      43) жылжымалы автожөндеу шеберханасы;
      44) жылжымалы өрт-техникалық зертхана;
      45) ілесіп жүретін автомобиль;
      46) жедел-техникалық автомобиль;
      47) сүңгуірлік жабдық жиынтығы бар жедел автомобиль;
      48) жедел-құтқару автомобилі;
      49) жол талғамайтын-батпақта жүргіш;
      50) гидроцикл;
      51) аэробот;
      52) тасымалдауға арналған тіркемесі бар қарда жүргіш;
      53) жүзу құралдарын тасымалдауға арналған тіркеме.
      54) санитарлық автокөлік.

      2. Жүзу құралдары:
      1) көліктік тіркемесі бар катер;
      2) резеңке моторлы қайық;
      3) құтқару қайығы (көліктік тіркемесі бар);
      4) сүңгуірлік бот;
      5) құтқару катері;
      6) ескекті қайық;
      7) 6, 8, 30-орынды үрлемелі қайық;
      8) құтқару салы;
      9) аспалы қайық моторы;
      10) ауа жастығындағы кеме.

      3. Оқу сыныптарын жарақтауға арналған мүлік:
      1) интерактивті тақта;
      2) манекендер.
      

      4. Өрт-техникалық қару-жарақтар, жабдық және мүкаммал:
      1) жонғыш-бұрамакескіш станогы;
      2) автокөтергіштер;
      3) тегістейтін машианалар;
      4) жеңіл автомобильдерге арналған дөңгелектердің қирау-қосылуының электронды стенді;
      5) электр дәнекерлеу аппараттары;
      6) иінді және гидравликалық қыспақтар;
      7) аккумуляторларды зарядтауға арналған ток түзегіші;
      8) ысып жылтырататын машиналар;
      9) автокөліктің агрегаттарынан пайдаланылған майларды құйып алуға арналған құрылғылар;
      10) гараж типтес стационарлық компрессор;
      11) инжекторлы қозғалтқыштардың форсункаларын тазалауға арналған ультрадыбысты ванна;
      12) авто-электркар;
      13) қол немесе электр талі (тельфер);
      14) жылжымалы гаражды типті домкрат;
      15) 6-12 тонналы гидравликалық жолға арналған домкрат;
      16) техникалық қызмет көрсетуге арналған жабдықтамалар және құрал-саймандар жинағы;
      17) жылуанықтағыштар;
      18) тіркемелі мотопомпа;
      19) тасымалданатын мотопомпа.

      5. Авариялық-құтқару құрал-саймандары, сүңгуірлік жабдықтар мен жарақтар, инженерлік жабдықтар:
      1) тыныс алу аппараты;
      2) гидрокостюм (құрғақ және дымқыл типті);
      3) гидрокомбинезон;
      4) сүңгуірлік помпа;
      5) тасымалданатын компрессор;
      6) бетті толық жабатын сүңгуір бетпердесі;
      7) эхолот;
      8) ультрадыбысты жүйе;
      9) қалқымалық компенсатор;
      10) су астын жарықтандыру қондырғысы;
      11) су асты компасы;
      12) құтқару шеңбері;
      13) «Александров» жібі;
      14) сигнал жібі;
      15) түсіру жібі;
      16) құтқару кеудешесі;
      17) жеке сүңгуірлік компьютер;
      18) сүңгуір етігі;
      19) ескекаяқ;
      20) сүңгуір ішкиімі;
      21) сүңгуір пышағы;
      22) жүзгіштік кеудеше-компенсаторы бар тыныс алу аппараты;
      23) тереңдікті өлшейтін қол құралы;
      24) арнайы құрал-саймандар жинтығы;
      25) тыныс алу түтікшесі бар бетке толық киілетін сүңгуір бетпердесі;
      26) су асты фонары;
      27) гидравликалық сорғы;
      28) жақты кеңейткіш;
      29) жақты кескіш;
      30) жақты комбикескіш;
      31) теміржол домкраты;
      32) домкрат тіреуі;
      33) шағын кескіш;
      34) А жиынтықтағы сыналар мен блоктар;
      35) пневматикалық жастықтар;
      36) резервуарларды бекітуге арналған жиынтық;
      37) ағуды герметикалауға арналған жабдық (вакуумдық сору);
      38) бензинмен жұмыс істейтін ара;
      39) дискі кескіш;
      40) темір арқан мен арматураларды кескіш;
      41) электр тойтарғыш;
      42) электр перфоратор;
      43) автономды жетегі бар сорғы станциясы;
      44) токарлық бұрандалы шапқы станогы (шынжырды егеуге арналған);
      45) жиналатын сөмке (жиынтықта);
      46) тасымалданатын электр дәнекерлеу агрегаты (автомобильдік);
      47) электр станциясы;
      48) жоғары қысымдағы компрессор;
      49) автономды жетегі бар компрессор;
      50) аккумуляторларды зарядтауға арналған далада зарядтау құрылғысы;
      51) темір арқан шығыры;
      52) желдетілетін сүңгуірлік құралы;
      53) су асты теле және бейнежүйесі;
      54) қысқы құтқару мүкәммалы;
      55) индикаторлық түтікше жинағы бар портативті (әуе) газ талдағыш;
      56) цифрлық қашықтық өлшегіші бар түнде іздеуге және табуға арналған автономды аспап;
      57) сүңгуірлік телефон станциясы;
      58) стационарлық электр компрессоры;
      59) гидравликалық есік ашқыш;
      60) мотопомпа;
      61) токарь станогы;
      62) фрезерлік станок;
      63) пресс;
      64) бұрғылау станогы;
      65) дөңгелек жөндеу жабдығы;
      66) зардап шеккендерді іздеуге құралы;
      67) автономды жетегі бар жинақтағы компрессор;
      68) дүрбі;
      69) термометр;
      70) шанақты аспап;
      71) инженерлік жабдық.

      6. Ұйымдастыру техникасы:
      1) жинақтағы дербес компьютер (монитор, процессор, принтер, пернетақта, тінтуір, бағандар);
      2) ноутбук;
      3) цифрлық фотоаппарат;
      4) теледидар;
      5) планшет;
      6) цифрлық бейнекамера;
      7) бейнепроектр.

      7. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жарағы мен құралдары:
      1) газсыздандыратын кабина;
      2) жоғары уытты химиялық заттардан қорғайтын жиынтық;
      3) химиялық қорғайтын жаттығу костюмі;
      4) агрессивті сұйықтықпен және заттармен жұмыс істеуге арналған қорғайтын, герметикалық көзілдірік;
      5) панорамалық бетпердесі бар оқшаулаушы газқағар;
      6) сығылған ауада тыныс алу аппараты;
      7) оттекті тыныс алу аппараты;
      8) оттекті өзін-өзі құтқарғыш;
      9) радиациялық сәулеленуді анықтауға арналған өлшеуіш-сигнализатор;
      10) жеке газ талдағыш;
      11) химиялық костюмдердің герметикалығын анықтайтын аспап;
      12) химиялық заттарды анықтайтын аспап;
      13) химиялық барлау аспабы;
      14) газсыздандыратын және дезинфекция жүргізетін арнайы құралдар жиынтығы;
      15) іздеуші өлшеуіш-сигнализатор;
      16) сүзгіш респиратор;
      17) 4 сағаттық қорғаныс әрекеті бар газқағарлар;
      18) сығылған ауада аппараттар үшін әуе (мобильді), стационарлы (бір резервті) компрессор;
      19) әуе баллондарын сынауға арналған стенд;
      20) қозғалмайтын жай-күйдегі сигнализаторы;
      21) резеңкелі электр қорғаныш қолғаптар;
      22) өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі.

      8. Тіршілікті қамтамасыз ету құралдары:
      1) 5, 10, 20-орынды штабты шатыр;
      2) далада душ қабылдайтын қондырғы;
      3) далалық ас үй;
      4) алынып-салынатын ангар.

      9. Психологиялық диагностикалауға және жеңілдетуге арналған бөлме үшін медициналық жабдық, мүкәммал және мүлік:

      1) емделушінің мониторы;
      2) дефибриллятор монитор;
      3) өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат портативті қорғаныш қапта;
      4) электрокардиограф;
      5) оттекті ингалятор;
      6) электрсорғыш;
      7) глюкометр;
      8) пульсоксиметр;
      9) артериялық қысымды өлшеуге арналған жиынтық (тонометр және фонендоскоп);
      10) медициналық газдарға арналған 10 литрлік оттекті баллон;
      11) бактерицидтік сәулелегіш;
      12) тоңазытқыш;
      13) электр плиткасы;
      14) негатоскоп;
      15) алкотестер;
      16) «ауыз-құрылғы-ауыз» жасанды тыныс алуды өткізу құрылғысы;
      17) тыныс алу қол аппараты – Амбу қабы;
      18) үстел;
      19) орындықтар;
      20) таңу үстелі;
      21) медициналық төсек;
      22) киімге арналған шкаф;
      23) құжаттарға арналған шкаф;
      24) дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға арналған шкаф;
      25) бойөлшеуіш;
      26) едендік таразы;
      27) медициналық қалқа;
      28) үстел лампасы;
      29) жалюзи, перделер;
      30) есепке алуға жататын дәрі-дәрмектерді сақтауға арналған сейф;
      31) полиграф;
      32) әмбебап психодиагностикалық кешен, мобильді нұсқа;
      33) ноутбук немесе стационарлы компьютер (монитор және жүйелік блок);
      34) принтер;
      35) сканер-көшіргіш;
      36) музыкалық орталық;
      37) цифрлық фотоаппарат;
      38) цифрлық бейнекамера;
      39) цифрлық бейнепроектор;
      40) проекциялық экран;
      41) диагоналі 72 см кем емес с/к экраны бар түрлі-түсті теледидар;
      42) DVD ойнатқышы;
      43) аэратор – озонатор немесе ауа ионизаторы;
      44) кресло – массажер;
      45) ультракүлгін сәулеленудің тасымалданатын лампасы;
      46) ауабаптағыш;
      47) жұмсақ жиһаз (диван және 2 кресло);
      48) журнал үстелі;
      49) аквариум, оның жабдығы;
      50) еденге немесе үстелге қоятын жасанды су бұрқағы;
      51) релаксациялық және психологиялық жабдық;
      52) ауа-көпіршікті панель немесе құбыр;
      53) психофизиологиялық жүйе;
      54) психикалық түзетуге арналған портативті аспап;
      55) психофизиологиялық талдағыш;
      56) аппараттық-бағдарламалық психодиагностикалық кешен;
      57) фибероптикалық модуль;
      58) әлсіз дәл электрлі төмен жиілікті импульстарды пайдаланып, босаңсуға арналған аппарат;
      59) биологиялық кері байланыс аппараты;
      60) биобасқарудың психологиялық және психофизиологиялық диагностикасы мен тренингтеріне арналған бағдарламалық-аппараттық жиынтық.

      10. Байланыс, ақпараттандыру және есептеу техникасының жабдығы

      1) бейнеқабырға;
      2) жергілікті есептеу желісі (құрылымданған кабельдік желі);
      3) жұмыс станциясы (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір, акустикалық жүйе, үздіксіз қуаттандырғыш көзі, желілік сүзгі);
      4) перифериялық құрылғы (сканер, принтер, көп функционалды құрылғы);
      5) қорғалған корпустағы тасымалды компьютер;
      6) электрондық құжат айналымының сервері жиынтықта;
      7) бейнемен сүйемелдеуді және ілеспе аударманы қамтамасыз ететін конференц жүйе;
      8) бейнеконференция байланысының абоненттік терминалы;
      9) бейнебақылау жүйесі;
      10) цифрлық коммутатор;
      11) позициялаудың ғаламдық жүйесін қабылдағыш;
      12) 1 000 Вт дейінгі қысқы толқынды стационарлы радиостанция (деректер жіберу функциясы бар);
      13) 1000 Вт дейінгі қысқа толқынды радиостанция (мобильді);
      14) қысқа толқынды радиостанция (алып жүретін);
      15) ультра қысқа толқынды диапазондағы репитер;
      16) радиоұзартқыш;
      17) ультрақысқа толқынды транкингтік/конвенциалды радиостанция  (мобильді, стационарлы, алып жүретін);
      18) автоматты телефон станциясы;
      19) құлақтандыру жүйесі;
      20) өтімділігі жоғары автомобиль негізіндегі электрмен қуаттандырғыш станция;
      21) телефонмен және радио сөйлесулерді жазу, үлкен көлемдегі сөйлесу мұрағатын сақтау жүйесі;
      22) автомобильдік бейнетіркегіш;
      23) жарық-сигналды дауыс зорайтқыш қондырғы;
      24) навигациялық аспап;
      25) топтық зарядтық құрылғылар;
      26) серверлік үй-жайлардың ауасын баптау жүйесі;
      27) ультра қысқа диапозон радиостанциялары (алып жүретін, мобильді);
      28) ультра қысқа және қысқа толқынды радистанцияларды өлшеу, баптау және жөндеу жинағы;
      29) планшетті компьютер.

11. Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерінің ғимараттары мен құрылыстарын салу, реконструкциялау және жөндеу

      1) өрт сөндіру депосын, оқу-жаттығу орталықтарын (спорт кешендерін - манеждерді), өрт-техникалық зертханаларды, техникаға арналған гараждар мен қалқалар салу;
      2) өрт сөндіру депосын, оқу-жаттығу орталықтарын, өрт-техникалық зертханаларын, техникаға арналған гараждар мен қалқалар салуға арналған түлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      3) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салу;
      4) ғимараттар, құрылыстар және әскери мақсаттағы объектілерді салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      5) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және құтқарушы-сүңгуірлер жаттығуы үшін бассейндер салу;
      6) суда құтқару станцияларын, бекеттерін және бассейндер салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      7) жедел-құтқару жасақтары үшін ғимараттар мен құрылыстар кешендерін салу;
      8) жедел-құтқару жасақтары үшін ғимараттар мен құрылыстар кешендерін салуға арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      9) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      10) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, қойма үй-жайларын күрделі жөндеу мен реконструкциялау;
      11) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, ұзақ мерзімді сақтауға арналған қойма үй-жайларын күрделі жөндеу бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары.
      12) коммуникациялық құрылыстар салуға, реконструкциялауға, өрт сөндіру бөлімдері және жедел-құтқару жасақтары объектілеріне жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеуге арналған үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.