Дәрілік заттарға медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға жатпайтын тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11806 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 69-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттарға медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға жатпайтын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   T. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 маусымдағы 
№ 516 бұйрығымен бекітілген

Дәрілік заттарға медициналық мақсаттағы бұйымдарға және
медициналық техникаға жатпайтын тауарлардың тізбесі

      1. Науқастарды күтуге арналған заттар:
      1) апликаторлар, соның ішінде магнитофорлық резеңкеден жасалғандары;
      2) қан соратын банкілер;
      3) пергаментті, балауыз, компрестік қағаз;
      4)көзді шаюға арналған ванночкалар;
      5) бой өлшеуіші бар балаларға арналған, еденге қоятын (электрондық), механикалық портативтік, үстелге қоятын, жаңа туған нәрестелерге және 1,5 жасқа дейінгі балаларға арналған және басқа типтегі медициналық таразы;
      6) гипс;
      7) резеңке грелкалар;
      8) резеңке матадан жасалған, компрестік, медициналық және пластикат компрестік төсеме клеенка;
      9) магнитті бұйымдар;
      10) медициналық мақсаттарға арналған металдан, пластмассадан, фарфордан, фаянстан, жартылай фарфордан және майоликтен жасалған бұйым: медициналық астаушалар, түрлі суарғыштар, дәрі қабылдауға арналған шағын стакандар;
      11) жатырға арналған сақиналар (маточные кольца), балаларға арналған түрлі, тіс, мүйіз сақиналар;
      12) балдақтар, таяқтар, балдағы бар тіреулер, таяққа арналған ұштықтар, балдаққаптар;
      13) төсеме шеңберлер;
      14) көз қалақшалары;
      15) массажерлер;
      16) матрастар және ойылуға қарсы жабдықтар;
      17) саусаққа киілетіндер, тамыр тартқыштар;
      18) көз тамшуырлары;
      19) жаңа туған нәрестелердің күтіміне арналған ыдыстар мен заттар;
      20) ортопедиялық төсемелер;
      21) бір реттік медициналық ақжаймалар;
      22) резеңке балондар;
      23) түрлі мақсатта пайдаланылатын медициналық респираторлар;
      24) емізіктер, балалар бөтелкесіне арналған емізіктер;
      25) түрлі мақсатта қолданылатын, соның ішінде ортопедиялық ұлтарақтар;
      26) ауырсынуға қарсы стимуляторлар;
      27) металл, резеңке, фарфор, пластмассадан төсеме ыдыстар, балалардың дәрет ыдысы;
      28) супинаторлар;
      29) суспензорийлер;
      30) ваннаға, ауаға арналған, электронды, сынап және басқа түрдегі термометрлер, гигрометрлер;
      31) инсулиндік шприцтерді сақтауға арналған сауыттар;
      32) мақта-мата, зығырдан жасалған, синтетикалық, бір реттік медициналық халаттар және басқалар;
      33) нәрестелерді жүргізуге арналған құрылғы (ходунки);
      34) кеудеге киетін тостағандар;
      35) эректорлар.
      2. Санитариялық-гигиеналық мақсаттағы заттар:
      1) дәретхана қағазы;
      2) резеңке губкалар;
      3) депиляцияға арналған жабдықтар;
      4) станокқа арналған лезвия, лезвия;
      5) қайшы;
      6) қол жууға арналған щеткалар, аяқ терісінің күтіміне арналған қысқыш щеткалар;
      7) әйелдерге арналған гигиеналық пакеттер, әйелдерге арналған тампондар;
      8) памперстер, балаларға арналған жөргектер;
      9) мұрын сүртетін орамалдар, сулы салфеткалар, қағаз орамалдар;
      10) жаңа туған нәрестелерге арналған гигиеналық заттар;
      11) зарарсыздандырғыш заттар.
      3. Ауыз қуысының күтіміне арналған заттар:
      1) тіс пастасы, тіс ұнтақтары;
      2) емдік-профилактикалық әсері бар шайнайтын сағыз;
      3) тіс щеткалары;
      4) ауыз қуысының күтіміне арналған заттар;
      4. Косметикалық құралдар:
      1) кремдер;
      2) лосьондар, спрейлер, дезодоранттар, аэрозольдер;
      3) гигиеналық далап;
      4) сеппелер;
      5) шаш, бет, дене, қол, аяқ терісі күтіміне арналған заттар;
      6) медициналық, косметикалық, гигиеналық, бактерияға қарсы иіс сабын, кір сабын.
      5. Көзілдірік оптикасының бұйымдары:
      1) көзілдірікке арналған аксессуарлар (сауыттар, сүрткілер және басқалар);
      2) линзалар;
      3) жұмсақ жанаспалы линзалар;
      4) көзілдіріктің құрсауы;
      5) қорғайтын көзілдірік.
      6. Салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге арналған заттар мен құралдар:
      1) емдік, асханалық, емдік-асханалық, ішетін минералды су;
      2) медициналық мақсаттағы тренажерлер;
      3) «Денсаулық» калькуляторлары.
      7. Балаларға арналған емдәм және емдеу-профилактикалық тамақтану өнімдері.