Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы № 531 бұйрығымен бекітілген |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және орта, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар адамдарға кәсiптiк медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк санаттарын беру тәртiбiн айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) – тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
2) лауазымды тұлға – денсаулық сақтау ұйымының басшысы немесе басшының міндетін атқарушы тұлға;
3) маман – медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;
4) мамандардың кәсіби дайындығының және біліктілігінің сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
5) үміткер – нақты мамандығы бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік алуға үміткер маман.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидаларға сәйкес куәлік беру нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік санатын бере отырып, олардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, орта (техникалық және кәсiптік), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық, фармацевтикалық бiлiмi бар мамандар үшiн, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін жүргізіледі.
4. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі – Комитет департаменті) кеңсесі арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің немесе 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш айдан кешіктірмей ұсынады.
Куәлікті маманға оның негізгі жұмыс орны бойынша орналасқан Комитеттің тиісті департаменті береді.
Жоғары мәлімделген санатқа куәлікті алу үшін маман қолданыстағы куәлігін (біліктілік санатын беру туралы маман сертификаты) алған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Біліктілік санатын беру Бағалаудың оң нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Мамандарды бағалау Кодекстің 176-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Бағалаудың теріс нәтижесін алған адамдар куәлік алуға жіберілмейді.
6. Куәлік беру мерзімі үміткердің өтініші Комитет департаментінде тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.
7. Біліктілік санатын беру туралы куәлік "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" (бұдан әрі – Номенклатура) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) сәйкес мамандықтар бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде беріледі.
Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Номенклатураның 1, 2-бөлімдерінде көрсетілген мамандықтар бойынша куәлік алу үшін "Гигиена және эпидемиология" мамандығын қоспағанда, интернатурада, клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатура, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) бітіргенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Үміткерлер Номенклатураның 3-бөлімінде көрсетілген мамандықтар бойынша куәлікті алу үшін "Гигиена және эпидемиология" мамандығын қоспағанда, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімін және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өткенін немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімін, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты бітіргенін және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын растайтын құжаттарды ұсынады.
8. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында Комитет департаментінің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылады.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санаттарын беру тәртібі
9. Куәлікті алу үшiн үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
мәлімделген мамандық бойынша Бағалау нәтижесі;
білімі туралы дипломы;
мәлімделген мамандық бойынша интернатураны не резидентураны немесе клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжат (бар болса);
мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәлік (бар болса);
соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәлік;
мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы біліктілік санаты берілетін маман сертификаты немесе куәлік (бар болса);
клиникалық практикамен айналысатын тұлғалар үшін клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;
Тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен кезде, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғанын растайтын құжат беріледі;
Шет тілінде берілген құжаттарға қосымша мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аударма қосымша ұсынылады.
Өтініш беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметінің бар екендігі туралы ақпарат осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанында көрсетіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санатын беру өлшемшарттары:
1) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;
біліктілігінің екінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 108 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға екінші біліктілік санаты беріледі;
2) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде алты жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;
біліктілігінің бірінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 162 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға бірінші біліктілік санаты беріледі;
3) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі, сондай-ақ мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру;
біліктілігінің жоғары санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы бес жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға жоғары біліктілік санаты беріледі.
Қайтарып алған жағдайда, маман куәлікті қайтарып алғаннан кейін мәлімделген мамандық бойынша өткен жалпы көлемі кемінде 216 сағаттық біліктілікті жоғарылату курстарынан қосымша өткенін растайтын құжаттарын ұсынады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша оқуды 1998 жылдан кейін және "Шығыс медицинасы" мен "Стоматология" мамандықтары бойынша оқуды 2006 жылдан кейін бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 5-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжатты ұсыну болып табылады.
"Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін бітірген, Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткерлер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде "Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 691 бұйрық) Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.
Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, "Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде (бұдан әрі – Клиникалық мамандардың тізбесі) көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар куәлік алу үшін:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
"Мейірбике ісі" мамандығы бойынша "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
"Емдеу ісі" мамандығы бойынша "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Емдеу ісі" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
"Акушериялық іс" мамандығы бойынша "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Акушериялық іс" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
2) 2012 жылғы қыркүйекке дейін "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, "Жалпы медицина", "Мейірбике ісі" мамандықтары бойынша бакалавриатты және "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.
13. "Гигиена және эпидемиология", "Стоматология" мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-лаборант", "Гигиена, санитария және эпидемиология", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар адамдар, медициналық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар мәлімделген мамандық бойынша куәлік алуға жіберіледі.
14. Мәліметтер нысанының толықтығын және дұрыс толтырылуын тексеру оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда үміткерге өтінішті қарауды тоқтату туралы уәжделген жауап жіберіледі.
15. Куәлік беру туралы шешім осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар негізінде қабылданады және Комитеттің тиісті департаменті басшысының бұйрығымен ресімделеді.
16. Куәлікті алу кезінде мыналар ескеріледі:
1) мамандарға бейінді мамандықтар бойынша біліктілігін жоғарылатудан өтуге рұқсат етіледі, бұл ретте мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылату сағаттарының саны жалпы көлемнің 50 %-нан кем болмауы тиіс;
2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты маманның клиникалық қызметінде үзіліс болған жағдайда негізгі мамандығы бойынша еңбек өтіліне мемлекеттік қызметте болған уақыты да қосылады;
3) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар болып табылатын мамандарға мамандығының бейіні бойынша еңбек өтіліне тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттелген кезден бастап сараптамалық қызметінің өтілі қосылады;
4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақтарда (бірлестіктерде) жұмыс істейтін, "қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру", "денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша санат алуға үміткер мамандардың еңбек өтіліне денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақтағы еңбек өтілі де саналады;
5) медициналық ұйымдардың басшылары болып табылатын, клиникалық мамандық бойынша санат алуға үміткер мамандардың клиникалық мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі болған жағдайда ұйым басшысы лауазымындағы еңбек өтілі есептеледі;
6) "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне фельдшер және акушер лауазымындағы еңбек қызметі де саналады;
7) "жалпы дәрігерлік практика" мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне терапевт, жасөспірімдер терапевті, педиатр лауазымындағы еңбек қызметі саналады;
8) "терапия" және "педиатрия" мамандықтары бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне жалпы практика дәрігері лауазымындағы еңбек қызметі саналады;
9) жалпы практика дәрігері лауазымына кіріскен мамандарға "терапия (жасөспірімдер терапиясы)", "педиатрия" мамандығы бойынша қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталады.
10) "онкология және балалар гематологиясы" мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне "онкология" және "гематология" мамандықтары бойынша дәрігер лауазымындағы еңбек қызметі саналады.
17. Тиісті мамандық бойынша бірінші, жоғары санат берілген куәліктің қолданысы мәлімделген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санат алған адамдар үшін мерзімсіз болып табылады.
Тиісті біліктілік санаты берілетін мерзімсіз (тұрақты мерзімге) куәлік алу үшін мамандарға мынадай құжаттар қажет:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін құжаттарды тапсыру кезінде соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде 2016 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатуы туралы куәлік;
бұрын алынған тең мәнді үш куәліктің не бірінші немесе жоғары біліктілік санаты берілетін сертификаттардың көшірмелері.
18. Жоғары немесе бірінші санат берілетін мерзімсіз куәлік мамандарға берілген санаттардың арасы 12 айдан асатын үзіліс болмаған жағдайда беріледі.
Бірінші, жоғары санат берілетін мерзімсіз куәлік қолданыстағы куәліктің немесе маман сертификатының мерзімі өткенге дейін үш ай бұрын, бірақ куәлік немесе маман сертификатының қолданыс мерзімі өткен күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей қоса берілген растау құжаттарының негізінде беріледі.
19. Куәлікті беруден бас тарту үшін:
1) үміткердің Бағалаудың теріс нәтижесін ұсыну;
2) мәліметтер нысанының толық әрі дұрыс толтырылмауы;
3) үміткердің білімі туралы құжаттарының (дипломы, интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату куәлігі) мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеуі;
4) үміткердің ұсынылған құжаттарының оқу мерзімі бойынша және № 691 бұйрықпен бекітілген қайта даярлаудан және біліктілігін жоғарылатудан өту туралы құжаттар нысаны бойынша сәйкес келмеуі;
5) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
6) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген біліктілік санатын беру критерийлеріне сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлігін қайтарып
алу тәртібі
20. Куәлікті қайтарып алуды Комитет департаменттері денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) бойынша:
лауазымды тұлғада:
1) күнтізбелік бір жыл ішінде тексеру нәтижелері туралы актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін ұйымдастыруға бес немесе одан да көп негізделген өтініштер;
2) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі – сертификат) және/немесе денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиісті түріне лицензиясы жоқ маманның клиникалық практикамен он және одан да көп айналысу жағдайы болған жағдайларда;
маманда:
1) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен медициналық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;
2) күнтізбелік бір жыл ішінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша актілермен дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың маманның көрсеткен фармацевтикалық көмегінің сапасына үш немесе одан да көп негізделген өтініштер болған;
3) маман куәлік алу кезінде мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша анықталған жалған ақпарат бергені туралы фактіні анықтау;
4) сертификаты жоқ маманның клиникалық практикамен айналысу жағдайлары болғанда.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Куәлікті қайтарып алуға болатын жағдайды анықтаған немесе осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайлардың болуы туралы ақпаратты анықтаған Комитет департаменті куәлікті берген Комитет департаментіне осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қайтарып алу қолдаухатты жібереді. Куәлікті берген Комитет департаменті осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген ақпартты не қолдаухатты алғаннан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық шығарады.
Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларды өздігінен анықтаған Комитет департаменті осындай жағдай анықталған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде куәлікті қайтарып алу туралы бұйрық (еркін түрде) шығарады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Куәлікті қайта алу үшін, бірақ оны қайтарып алған мерзімнен алты айдан кешіктірмей маман осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Біліктілік санаты берілетін сертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар біліктілік санаты берілетін куәлікке теңестіріледі және онда көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданыста болады.
24. Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған үміткерлер олардың білімі және (немесе) біліктілігі "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес танылғаннан кейін куәлік алуға жіберіледі.
нысан
Біліктілік санатын беру туралы куәлігі
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
_____________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандығы)
мамандығы бойынша___________________________(тиісті) осы бiлiктiлiк
санатын беру куәлігін алды.
Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының
20__ жылғы "___" _____________ № _____ бұйрығы
Куәлік _____________________________________ мерзімге жарамды
(5 жыл немесе тұрақты деп көрсету)
Тiркеу № _______________________________
Берiлген күнi 20__ жылғы "__"___________
нысан
___________________________________
___________________________________
__________________________басшысына
(мемлекеттік органның аумақтық
департаментінің атауы)
кімнен______________________________
____________________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
мекенжайы, байланыс телефоны________
____________________________________
Өтініш
Сізден__________________________________________________________
(мамандық атауы)
мамандығы бойынша ____________________ біліктілік санатын беру туралы
куәлік беруді сұраймын.
Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметерді пайдалануға келісемін.
____________________
(үміткердің қолы)
____________________
(толтырған күні)
нысан
Мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 05.07.2016 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген) нысан бойынша мамандардың біліктілігінің сәйкестігін растайтын бағалаудың қорытындысы.
1.1. Мәлімделген мамандық атауы ______________________________
1.2. Мәлімделген санатқа сәйкес келеді: екінші, бірінші, жоғары
(керектісінің астын сызу қажет)
1.3. Бағалау қорытындысын берген орган_________________________
1.4. Бағалау қорытындысын алу күні, айы, жылы__________________
2. Медициналық немесе фармацевтикалық білімі (білімі туралы дипломның көшірмесі)
2.1. Білімі (орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі, орта білімнен кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімі, жоғары медициналық немесе фармацевтикалық білімі)
2.2. Дипломның нөмірі__________________________________________
2.3. Дипломның сериясы_________________________________________
2.4. Білім беру ұйымының толық атауы___________________________
2.5. Оқыған елі________________________________________________
2.6. Түскен жылы_______________________________________________
2.7. Бітірген жылы_____________________________________________
2.8. Дипломы бойынша мамандығы ________________________________
2.9. Дипломы бойынша біліктілігі_______________________________
2.10. Білімі туралы құжаттардың нострификациясы және/немесе танылуы (медициналық немесе фармацевтикалық білімін Қазақстан Республикасынан тыс жерде алған адамдар үшін: диплом, интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, магистратура), (білімі туралы құжаттың нострификациясы және/немесе танылуы туралы құжаттың көшірмесі)
Оқыған елі _________________________________________________
Білім беру ұйымының толық атауы ____________________________
Нострификация туралы куәлік берген орган____________________
Нострификация бұйрығының нөмірі мен күні____________________
Нострификацияның тіркеу нөмірі _____________________________
Нострификация куәлігінің берілген күні______________________
3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура, клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың көшірмесі)
3.1. Интернатура мамандығы_____________________________________
3.2. Түскен жылы_______________________________________________
3.3. Бітірген жылы_____________________________________________
3.4. Оқу ұзақтығы______________________________________________
3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі_______________________________
3.6. Ұйымның толық атауы_______________________________________
3.7. Интернатурадан өту орны___________________________________
3.8. Клиникалық ординатура мамандығы___________________________
3.9. Түскен жылы_______________________________________________
3.10. Бітірген жылы____________________________________________
3.11. Оқу ұзақтығы_____________________________________________
3.12. Оқудың сағат бойынша көлемі______________________________
3.13. Ұйымның толық атауы______________________________________
3.14. Клиникалық ординатурадан өту орны________________________
3.15. Резидентура мамандығы____________________________________
3.16. Түскен жылы______________________________________________
3.17. Бітірген жылы____________________________________________
3.18. Оқу ұзақтығы_____________________________________________
3.19. Оқудың сағат бойынша көлемі______________________________
3.20. Ұйымның толық атауы______________________________________
3.21. Өту орны_________________________________________________
4. Мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәліктер туралы мәліметтер (құжаттың көшірмесі)
4.1. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі__________________
4.2. Қайта даярлау мамандығы___________________________________
4.3. Оқытушы ұйымның атауы_____________________________________
4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі_______________________________
4.5. Оқудың басталуы___________________________________________
4.6. Оқудың аяқталуы___________________________________________
5. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілік санат беру туралы куәліктің (маман сертификатының) мәліметтері (бар болса)
5.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
5.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
5.3. Берген орган
5.4. Куәліктің (сертификаттың) қолданыс мерзімі
5.5. Мамандығы
5.6. Біліктілік санаты
6. Мәлімделген мамандық бойынша клиникалық практикаға жіберу үшін сертификаттың мәліметтері
6.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
6.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
6.3. Берген орган
6.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
6.5. Мамандығы
7. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер
7.1. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні)
7.2. Жалпы медициналық, фармацевтикалық еңбек өтілі (жылы, айы, күні)
7.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны
7.4. Атқаратын лауазымы
7.5. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі (өтініш берген кезде мәлімделген мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруы тиіс)
Қабылданған күні | Жұмыстан босатылған күні | Жұмыс орны | Атқаратын лауазымы | Бұйрықтың № | Бұйрықты шығару күні |
8. Соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатуы:
8.1. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті жоғарылату куәлігі туралы мәліметтер
8.2. Біліктілікті жоғарылату туралы куәліктің нөмірі
8.3. Циклдің атауы
8.4. Оқыту ұйымының атауы
8.5. Оқудың басталуы
8.6. Оқудың аяқталуы
8.7. Оқу көлемі сағатпен
нысан
__________________________________
_________________________басшысына
(мемлекеттік органның аумақтық
департаментінің атауы)
кімнен____________________________
(маманның ЖСН, тегі, аты, әкесінің
аты (болған кезде)
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс
телефоны, жұмыс орны _____________
Өтініш
Сізден ______________________________________ мамандығы бойынша
(мамандық атауы)
____________ біліктілік санатын беру туралы мерзімсіз куәлік
беруіңізді сұраймын.
1. _______________________ мамандығы бойынша ______ жылғы
"___"__________ № ________ куәлік (сертификат).
2. _______________________ мамандығы бойынша ______ жылғы
"___"__________ № ________ куәлік (сертификат).
3. _______________________ мамандығы бойынша ______ жылғы
"___"__________ № ________ куәлік (сертификат).
Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметерді пайдалануға келісемін.
___________________
(үміткердің қолы)
___________________
(толтырған күні)
нысан
Мәліметтер нысаны
1. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер _______________________
Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні) ____
Жалпы медициналық өтілі (жылы, айы, күні) _____________________
Қазіргі уақыттағы жұмыс орны __________________________________
Атқаратын лауазымы ____________________________________________
Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі ____________________
Қабылдау күні | Жұмыстан босатылған күні | Жұмыс орны | Атқаратын лауазымы | Бұйрықтың № | Бұйрық шығарылған күн |
Біліктілік санатын беру туралы бұрын алған үш куәлік немесе маман сертификаттары туралы мәліметтер (куәліктердің немесе сертификаттардың сканерленген көшірмелері)
1. №1 куәлік (маман сертификаты)
1.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
1.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
1.3. Берген орган
1.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
1.5. Мамандығы
1.6. Біліктілік санаты
2. № 2 куәлік (маман сертификаты)
2.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
2.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
2.3. Берген орган
2.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
2.5. Мамандығы
2.6. Біліктілік санаты
3. № 3 куәлік (маман сертификаты)
3.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
3.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
3.3. Берген орган
3.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
3.5. Мамандығы
3.6. Біліктілік санаты
4. Соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатуы (құжаттың сканерленген көшірмесі):
4.1. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылату куәлігі туралы мәліметтер
4.2. Біліктілігін жоғарылату туралы куәліктің нөмірі
4.3. Циклдың атауы
4.4. Оқытушы ұйымның атауы
4.5. Оқудың басталуы
4.6. Оқудың аяқталуы
4.7. Оқудың сағат бойынша көлемі