Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11777 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 22 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
1-қосымша

"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
2-қосымша

"Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Веб-порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Мыналардың:

      1) веб-порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы веб-порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес электрондық мәліметтер нысаны;

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде өтініштің қабылданғанын растау ретінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы аттестаттау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) аттестаттау жүргізу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) аттестаттау жүргізу үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның аттестаттау жүргізу жөніндегі қызметіне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімнің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі мен орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Веб-портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшелектері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті веб-портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде веб-порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Бірегей және элиталық
тұқымдар, бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген
тұқым өндірушілерді,
тұқым өткізушілерді
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

      (кімге)_______________________________________________________________

      (облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті

      атқарушы органының атауы көрсетіледі)

      (кімнен)_____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі көрсетіледі (мәліметтер ақпараттық жүйеден тартылады))

      Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізу туралы өтініш

      Бірегей тұқымдар, элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар өндіру және өткізу (тұқым өткізушілер үшін – тек өткізу) қызметін жүзеге асыруға аттестаттау, қайта аттестаттау жүргізуді және аттестаттау туралы куәлік беруді сұраймын.

      ____________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы өсімдігінің атауы,

      ____________________________________________________________________

      сорттардың атауы және саны көрсетіледі (бірегей тұқым өндірушілер

      бойынша сорттардың саны көрсетілмейді))

      ____________________________________________________________________

      Жеке тұлға туралы мәліметтер:

      1) жеке куәлігі _______________________________________________________

      (нөмірі, кім және қашан берілгені көрсетіледі)

      2) ЖСН* ____________________________________________________________

      3) мекенжайы ______________________________________________________

      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №,

      ____________________________________________________________________

      телефоны, факсы, электрондық мекенжайы)

      4) банктік деректемелері _______________________________________________

      (шот №, банктің атауы және орналасқан жері)

      ____________________________________________________________________

      Заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

      ________________________________________________________

      (нөмірі және күні көрсетіледі)

      2) БСН* ____________________________________________________________

      3) мекенжайы ______________________________________________________

      (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің №,

      ___________________________________________________________________

      телефоны, факсы, электрондық мекенжайы)

      4) банктік деректемелері _______________________________________________

      (шот №, банктің атауы және орналасқан жері)

      __________________________________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар: _______________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

      Басшы ______________________________________________ ______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                         (электрондық

                                                                  цифрлық қолтаңбасы)

      20 __ жылғы "____" __________ .

      Өтініш 20__ жылғы "___" ____________________ қарауға қабылданды.

      ________________________________________________ ______________

      (өтінішті қабылдаған жауапты адамның                   (электрондық

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                         цифрлық қолтаңбасы)

      Ескертпе:

      * аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

  "Бірегей және элиталық
тұқымдар, бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген
тұқым өндірушілерді,
тұқым өткізушілерді
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Бірегей тұқым өндірушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),

      Тегі ______________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ______________

      3. Телефоны ____________________________________________________

      4. Электрондық почтасы __________________________________________

      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты:

      1) жерге арналған акт (құжаттың нөмірі) ____________________________

      2) жерге арналған актінің берілген күні ______________________________

      6. Жер учаскесін жалдау шарты:

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқық туындайтын негіз

Жалдау мерзімі

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Жерлердің санаты

Нысаналы мақсаты

Пайдалануға қойылған шектеулер мен ауыртпалықтар

Жер учаскесінің бөлінетіндігі

Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      7. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың бар-жоғы туралы мәліметтер:

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

      8. Бірегей тұқым өндіруді жүргізу үшін егістік алаңының (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы.

      9. Бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және кемінде бір ротациядан өткен, игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы*.

      10. Жалпы егіс алаңының кемінде 30 пайызы тұқым шаруашылығы егістері болуы.

      11. Бірегей тұқым өндіру (бастапқы тұқым шаруашылығы) бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

      12. Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы.

      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған бірегей тұқым өндірушінің аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер бірегей тұқым өндірушінің аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс:

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Қорытындының тұжырымы

1

2

3

4

5

      14. Кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар кемінде дақыл жөніндегі бір маман-селекционердің болуы немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен жасалған бірегей тұқым өндіру бойынша бірлескен жұмысты жүзеге асыруға арналған шарттың болуы:

Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

БСН/ЖСН*

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе:

      * аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      15. Кемінде бір агрономның және әр дақыл бойынша маманның, сондай-ақ дақыл мен сорттың тұқым шаруашылығы бойынша жұмысының айрықша әдістерін меңгерген кемінде үш техникалық персонал адамының болуы.

      16. Дақыл мен сорттың биологиялық белгілері мен қасиеттерін ескеретін схемаларға қатаң сәйкестікте бірегей тұқым өндіруді қамтамасыз ету.

      17. Кейіннен элиталық тұқым өндіруді қамтамасыз ету мақсатында бірегей тұқымның жоспарланатын көлемін өндіруге қажетті түр-түрде және көлемде сорттың бастапқы тұқымдық материалының (жеміс, жидек дақылдары мен жүзімнің көшетін өндірушілер үшін аналық екпе ағаштардың) болуы.

      18. Бастапқы буындарды отырғызу үшін 100 пайыз, суперэлита үшін 50 пайыз қажеттілікте тұқым сақтандыру қорларының болуы*.

      19. Бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктері түрлерінің бірегей тұқымдарын өндіру жөніндегі жұмыстардың бүкіл кешенін қамтамасыз ету үшін меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы мамандандырылған селекциялық және тұқым шаруашылығы техникасының болуы.

      20. Тұқым партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жеміс, жидек дақылдары мен жүзімге арналған көму алаңдарының болуы.

      21. Бірегей тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, өткізілген және өз шаруашылығында пайдаланылған бірегей тұқымның саны мен сапасын, шыққан тегін есепке алуды (себу, жарамсыз деп тану, сорттық, түрлік және фитопатологиялық отау (тазалау), егістерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, бірегей тұқымдарды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, өткізу актілері, тұқымдарды есепке алу журналы (ол нөмірленуі, тігілуі және оған қол қойылуы тиіс), тұқымдардың кондициялығы туралы куәліктер, тұқымдарға арналған аттестаттар) жүргізу.

      22. Сортты шығару әдісін, ата-аналық тегінің нысандары, сорт белгілерінің ерекше сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсететін сорт жөніндегі құжаттаманы жүргізу.

      23. Тұқым шаруашылығы жөніндегі есепке алу материалдарының бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз ету.

      Ескертпе:

      * талаптар жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерін өндірушілерге қолданылмайды.

  "Бірегей және элиталық
тұқымдар, бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген
тұқым өндірушілерді,
тұқым өткізушілерді
аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі______________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ______________

      3. Телефоны ____________________________________________________

      4. Электрондық почтасы __________________________________________

      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты:

      1) жерге арналған акт (құжаттың нөмірі) ____________________________

      2) жерге арналған актінің берілген күні ______________________________

      6. Жер учаскесін жалдау шарты:

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқық туындайтын негіз

Жалдау мерзімі

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Жерлердің санаты

Нысаналы мақсаты

Пайдалануға қойылған шектеулер мен ауыртпалықтар

Жер учаскесінің бөлінетіндігі

Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      7. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың бар-жоғы туралы мәліметтер:

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

      8. Элиталық тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес салынған және кемінде бір ротациядан өткен игерілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы*.

      9. Нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес сорттық агротехниканың болуы.

      10. Жалпы егіс алаңының кемінде 25 пайызы тұқым шаруашылығы егістері болуы.

      11. Соңғы үш жылдағы түсімділіктің орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болуы*.

      12. Тұқым шаруашылығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

      13. Жалпы өндіріс көлеміндегі қызметтің негізгі түрінің (элиталық тұқым шаруашылығы) үлес салмағын кемінде 25 пайыз қамтамасыз ету.

      14. Тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңдеп-өсірілетін дақылдардың саны** 5-тен көп болмауы.

      15. Аттестаттау нысанасына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны** 5-тен көп болмауы (жүгеріні қоспағанда), жүгері бойынша 9-дан көп болмауы.

      16. Суперэлитаны егуге арналған қажеттіліктің 50 пайызы мөлшерінде тұқымның сақтандыру қорының* болуы.

      17. Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы.

      18. Аудандастырылған сорттар тізбесіне енгізілген сорттар тұқымдарын өңдеп-өсіру жөніндегі схемалардың болуы.

      19. Тұқым материалын өңдеп-өсіру жөніндегі жұмыстардың барлық түрлері мен оның сапалық көрсеткіштерін есепке алуды ұйымдастыру және олар көрсетілетін құжаттаманы жүргізу.

      20. Элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективалы сорттардың бастапқы тұқым материалының (бірегей тұқымдардың) болуы.

      21. Аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзіміне элиталық тұқымның жоспарланған мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде аудандастырылған және перспективалы сорттардың бірегей немесе суперэлиталық тұқымдарын жеткізу туралы бірегей тұқым өндірушімен және (немесе) тұқым өткізушімен жасалған шарттың болуы:

Шарттың нөмірі

Күні

Тұқым жеткізушінің толық атауы

БСН/ЖСН*

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      22. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғамен жасалған элиталық тұқым өндіруді ғылыми сүйемелдеуге арналған шарттың болуы:

Шарттың нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

БСН/ЖСН*

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе:

      * аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      23. Элиталық тұқымның жоспарланған көлемін өндіру жөніндегі жұмыстар кешенін қамтамасыз етуге арналған меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқым дәрілеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы.

      24. Тұқым партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жеміс, жидек дақылдары мен жүзімге арналған көму алаңдарының болуы.

      25. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, өткізілген және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасын, шыққан тегін есепке алуды (себу, егістерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, өткізу актілері, тұқымдарға арналған аттестаттар, тұқымдардың кондициялығы туралы куәліктер, тұқымдарды есепке алу журналы (ол нөмірленуі, тігілуі және оған тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторының қолы қойылуы тиіс) жүргізу.

      26. Тұқым шаруашылығы бойынша есепке алу материалдарының үш жыл бойы сақталуын ұйымдастыру.

      27. Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі бар (орта білімнен кейінгі немесе жоғары), штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агрономның болуы.

      28. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер элиталық тұқым өсіру шаруашылығының аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс:

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Қорытындының тұжырымы

1

2

3

4

5

      29. Элиталық тұқым өндіруді жүргізу үшін егістік алаңның (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы.

      Ескертпе:

      * талаптар жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерін өндірушілерге қолданылмайды;

      ** талаптар жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерін өндірушілерге, сондай-ақ бір уақытта бірегей тұқым өндіруші де болып табылатын элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қолданылмайды.

  "Бірегей және элиталық
тұқымдар, бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерді, тұқым
өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

Тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _____________

      3. Телефоны ____________________________________________________

      4. Электрондық почтасы __________________________________________

      5. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаты:

      1) жерге арналған акт (құжаттың нөмірі) ____________________________

      2) жерге арналған актінің берілген күні ______________________________

      6. Жер учаскесін жалдау шарты:

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқық туындайтын негіз

Жалдау мерзімі

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы

Жер учаскесінің алаңы (гектар)

Жерлердің санаты

Нысаналы мақсаты

Пайдалануға қойылған шектеулер мен ауыртпалықтар

Жер учаскесінің бөлінетіндігі

Жоспар шекарасындағы бөгде жер учаскелері

7

8

9

10

11

12

      7. Тұқым өндірумен тікелей айналысатын мамандардың бар-жоғы туралы мәліметтер:

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

      8. Тұқым шаруашылығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

      9. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруді жүргізу үшін егістік алаңының (суармалы жерлерде – сумен қамтамасыз етілген ауыспалы егістіктің) болуы.

      10. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру жүргізілетін ауыл шаруашылығы өсімдігінің ерекшеліктерін ескере отырып, нақты топырақты-климаттық аймаққа арналған ғылыми негізделген ұсынымдарға сәйкес енгізілген тұқым шаруашылығы ауыспалы егістерінің болуы*.

      11. Жалпы егіс алаңының кемінде 20 пайызы тұқым шаруашылығы егістері болуы.

      12. Тұқым шаруашылығы жүргізілетін өңдеп-өсірілетін дақылдардың саны* 4-тен көп болмауы.

      13. Аттестаттау нысанасына сәйкес тұқым шаруашылығы жүргізілетін әр дақыл бойынша сорттардың саны* 5-тен көп болмауы (жүгеріні қоспағанда), жүгері бойынша 9-дан көп болмауы.

      14. Аттестаттауға өтініш берген сәттен бастап кемінде екі жыл мерзіміне бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіру үшін элиталық тұқым жеткізу туралы элиталық тұқым өсіру шаруашылығымен және (немесе) тұқым өткізушімен жасалған шарттың болуы:

Шарт нөмірі

Күні

Тұқым жеткізушінің толық атауы

БСН/ЖСН*

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      15. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері селекциясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалармен жасалған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруді ғылыми сүйемелдеуге арналған шарттың болуы:

Шарт нөмірі

Күні

Заңды тұлғаның толық атауы/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

БСН/ЖСН*

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе:

      * аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      16. Нақты агроэкологиялық аймақ үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өңдеп-өсіру агротехнологиясын сақтау.

      17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған тұқым өсіру шаруашылығы аумағында карантиндік объектілердің болмауы, бұл ретте карантиндік объектілер тұқым өсіру шаруашылығының аумағында аттестаттау сәтіне дейін кемінде үш жыл кезеңінде де болмауы тиіс:

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Қорытындының тұжырымдамасы

1

2

3

4

5

      18. Тиісті білімі (орта білімнен кейінгі немесе жоғары) бар кемінде бір агрономның болуы.

      19. Дақылдар мен сорттар бойынша сорт жаңарту жоспарының болуы.

      20. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым сорттарын өсіру жөніндегі схемалардың болуы.

      21. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның жоспарланатын мөлшерін өндіру үшін түр-түрде және көлемде бастапқы тұқым материалының болуы.

      22. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдардың жоспарланатын көлемін өндіру жөніндегі барлық жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы тұқым тазалайтын техниканы және тұқымды дәрілеуге арналған техниканы қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасының болуы.

      23. Тұқым партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, асфальтталған жабық алаңдардың, жеміс, жидек дақылдары мен жүзімге арналған көму алаңдарының болуы.

      24. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әр сорты бойынша өндірілген, өткізілген және өз шаруашылығында пайдаланылған тұқымның саны мен сапасын, шыққан тегін есепке алуды (себу, егістерді қабылдау және (немесе) байқаудан өткізу, тұқымды жинау, кіріске алу, тазалау және өңдеу, өткізу актілері, тұқымдардарға арналған аттестаттар, тұқымдардарға арналған куәліктер, тұқымдардың конденциялығы туралы куәліктер, тұқымдарды есепке алу журналы (оның нөмірленуі, тігілуі және оған тиісті жергілікті атқарушы органның тұқым шаруашылығы жөнінідегі мемлекеттік инстпекторының қолы қойылуы тиіс) жүргізу.

      25. Тұқым шаруашылығы бойынша есепке алу материалдарының бір жыл бойы сақталуын қамтамасыз ету.

      Ескертпе:

      * талаптар жеміс-жидек дақылдары мен жүзім көшеттерін өндірушілерге қолданылмайды.

  "Бірегей және элиталық
тұқымдар, бірінші, екінші және
үшінші көбейтілген тұқым
өндірушілерді, тұқым
өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша

Тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      1. Заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (ол бар болса),

      Тегі ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _____________

      3. Телефоны ____________________________________________________

      4. Электрондық почтасы __________________________________________

      5. Жоспарланған жұмыс көлемін білікті түрде орындау үшін тиісті білімі (орта білімнен кейінгі немесе жоғары) бар, штат кестесінде көзделген мамандар санының, оның ішінде кемінде бір агрономның болуы:

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Білімі бойынша мамандығы

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

      6. Кейіннен өткізу үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын жеткізу туралы тұқым өндірушілермен (тұқымды шетелдік жеткізушілерден сатып алған (импорт бойынша) жағдайда, тұқым жеткізушілермен) жыл сайын жасалатын шарттың болуы:

Шарт нөмірі

Күні

Тұқым жеткізушінің толық атауы

БСН/ЖСН* (бар болса)

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

      Ескертпе:

      * аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі жоқ болған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      7. Тұқым партияларын олардың араласуына жол бермей орналастыруға мүмкіндік беретін меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы мамандандырылған қырмандардың, тұқымдарды сақтауға арналған сыйымдылықтардың (қоймалық үй-жайлардың және (немесе) сүрлем үлгісіндегі қоймалардың және (немесе) бункерлердің), арнайы ыдыстың, жеміс, жидек дақылдары мен жүзімге арналған көму алаңдарының болуы.

      8. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өңдеу, сақтау және өткізу жөніндегі барлық жұмыстар кешенін қамтамасыз ету үшін меншік, лизинг немесе мүліктік жалдау құқығындағы не сенімгерлік басқарудағы мамандандырылған техниканың болуы.

      9. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының әр партиясы бойынша саны мен сапасын, өткізілетін тұқымның шыққан тегін есепке алуды, тұқымның құжатталуын нөмірленуі және тігілуі тиіс тұқымдарды есепке алу журналын жүргізу.

      10. Тұқымдарды сақтау және өткізу жөніндегі материалдардың кемінде үш жыл бойы сақталуын қамтамасыз ету.

      11. Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын өткізген кезде "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес патент иесі (лицензиар) тұқым өткізушіге (лицензиатқа) селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың болуы:

Лицензиялық шарттың нөмірі

Күні

1

2

3

      12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы растаған карантиндік объектілердің болмауы:

Қорытынды нөмірі

Қорытынды күні

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Қорытындының тұжырымы

1

2

3

4

5


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
3-қосымша

"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде Мемкомиссияға құжаттар тапсырған күннен бастап – бір жылға дейін;

      мемлекеттік сорт сынау деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде танаптық тәжірибелер жүргізген күннен бастап:

      дәнді, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөніс, бақша дақылдары, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша – 3 жылға дейін;

      азықтық дақылдар бойынша – 6 жылға дейін;

      жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім бойынша – 12 жылға дейін;

      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес.

      Өтінімді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Мемкомиссия сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінім ұсынады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтініш, екі данада;

      2) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының шаруашылыққа жарамдылығына сынау және бағалау жүргізу кезінде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттама;

      3) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша), екі данада;

      4) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;

      5) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродукциялық бөліктерінің және сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің фотографиялары;

      6) өтініш беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқық мұрагерлері мен делдалдар үшін);

      7) сынауға берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекция сорттары үшін);

      8) тұқымдық және отырғызу материалының үлгілері.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемкомиссияға тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын Мемкомиссияның кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі растайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы сортқа сынау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) сортқа сынау жүргізу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, арызды/шағымды қабылдаған адамның аты-жөні және тегі, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссияның ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) Мемкомиссияның www.goscomsort.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің шаруашылыққа
жарамдылығын мемлекеттік
сынау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтініш нөмірі







 
Тіркелген күні







 

Селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтініш

Өтініш беруші(лер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңдытұлғаның атауы және мекенжайы)
Азаматтығы ________________________________________________________
Хат алмасуға арналған мекенжайы____________________________________
__________________________________________________________________
Телефоны _______________ Электрондық мекенжайы ____________________
Селекциялык жетістік оригинаторының(ларының) атауы(лары) және қатысу
үлесі, %-бен _______________________________________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тегі, түрі (қазақша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (орысша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (латынша атауы)
______________________________________________
____________________________________________________________________



Ұсынылып отырған атауы ____________________________________________________________________ Селекциялық нөмірі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Автор(лар) (егер, автор(лар) өтініш беруші(лер) болып табылмаса)

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Үйінің мекенжайы

Қатысу үлесі, %












Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтініштер

Тіркелген

Өтініш нөмірі

Кезені

Қандай атаумен

елі

күні

Қорғауға беруге

Шаруашылыққа жарамдылығын сынауға

Мен (біз) бірінші өтініште берілген материал осы сортты білдіретінін және осы өтінішке сәйкес келетінін мәлімдеймін(міз)

Оригинатор ұсынып отырған сынау (пайдалану) салалары

Мен (біз) селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығына мемлекеттік сынау жүргізуді өтінемін(міз).
Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінішті қарауға қажетті және осы өтініш пен қосымшаға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс екендігін мәлімдеймін(міз).
Мен (біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сорттың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын(мыз).
Мен (біз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа жарамдылығына сынау жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сондай-ақ сақтауға сорттың эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін(міз).
Өтініш берушінің (берушілердің) қолы (қолдары)
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
Мөр (бар болса) орны