Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11765 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      5) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 23 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 10 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
1-қосымша

"Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжат:

      ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалану негіздемесіне қатысты мәліметтерді, су пайдалану мақсатын, жерасты суларын өндірудің жылдық және маусымдар бойынша есептік көлемін, сондай-ақ пайдаланылатын және резервтік ұңғымалардың санын қамтитын еркін нысандағы өтініш.

      Құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 90-бабының 6-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамадарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не тиісті жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті жергілікті атқарушы орган кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе жергілікті атқарушы орган кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелер туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
2-қосымша

"Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан

      әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ак порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мыналарға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      объектілерді салу кезінде, оның ішінде елді мекеннің шегінде салу кезінде су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;

      объектiнiң бас жоспарының көшірмесі;

      бар объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерiн, коммуникацияларды) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу, олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асырған жағдайда қосымша ұсынылады:

      техникалық шарттардың не өзінің тоғаны болмаған кезде – сумен жабдықтауға арналған шарттың көшірмесі;

      ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі болмаған жағдайда – сарқынды суды шығаруға арналған шарттың көшірмесі;

      су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз не нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша келісу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;

      нобайдың (нобайлық жобаның) көшірмесі немесе жоспарланған қызметті сипаттайтын түсіндірме жазба;

      су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс қызметімен байланысты емес жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі;

      жоспарланған қызметті сипаттайтын түсіндірме жазба;

      жоспарланған қызметке байланысты – пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жобалық құжаттардың, балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды жүргізуге арналған ғылыми ұсынымдардың, орман орналастыру материалдарының көшірмесі;

      2) порталға:

      объектілерді салу кезінде, оның ішінде елді мекеннің шегінде салу кезінде су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

      объектiнiң бас жоспарының электрондық көшірмесі;

      бар объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды және олардың кешендерiн, коммуникацияларды) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу, олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асырған жағдайда қосымша ұсынылады:

      техникалық шарттардың не өзінің тоғаны болмаған кезде – сумен жабдықтауға арналған шарттың электрондық көшірмесі;

      ұйымдастырылған орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі болмаған жағдайда – сарқынды суды шығаруға арналған шарттың электрондық көшірмесі;

      су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар және басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасыз не нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша келісу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

      нобайдың (нобайлық жобаның) электрондық көшірмесі немесе жоспарланған қызметті сипаттайтын түсіндірме жазба;

      су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс қызметімен байланысты емес жұмыстарды жүргiзу шарттарын келісу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiне құқық беру туралы шешімінің электрондық көшірмесі;

      жоспарланған қызметті сипаттайтын түсіндірме жазбаның электрондық көшірмесі;

      жоспарланған қызметке байланысты – пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жобалық құжаттардың, балық өсіру және мелиоративтік-техникалық іс-шараларды жүргізуге ғылыми ұсынымдардың, орман орналастыру материалдарының электрондық көшірмесі;

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратан құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжат, арнайы суды пайдалануға рұқсат, жобалық қызметке арналған лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушілерге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғаны құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгімен расталады;

      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 88-бабының 1 және 2-тармақтарында, 125-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.

      Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында корсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Су объектiлерiнде, су қорғау
аймақтары мен белдеулерiнде
кәсiпорындар мен басқа да
құрылыстарды орналастыруды,
сондай-ақ құрылыс және
басқа да жұмыстар жүргiзу
шарттарын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  Нысан

      Кімге:______________________________ ______________________________________

                              (мемлекеттік органның толық атауы)

      Кімнен:__________________________ _________________________________________

                         (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      Өтініш иесінің мекенжайы ___________________________________________________

                        (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №, телефон)

      Өтініш иесінің деректемелері _________________________________________________

                         (жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендiру нөмiрi,

      __________________________________________________________________________

                         заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендiру нөмiрi)

      Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі (бар болса) __________________________

      Арнайы су пайдалануға рұқсат (бар болса) _____________________________________

                                                      (нөмірі, берілген күні)

      Жобалаушы ұйымның мемлекеттік лицензиясының нөмірі (объектiнiң бас жоспарының

      көшірмесі ұсынылған жағдайда) ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

                                    (нөмірі, берілген күні)

ӨТІНІШ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________________сұраймын.

                               (өтініштің мақсаты)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі

      ________________________________________________________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болса) орны

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Су кодексінің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
4-қосымша

"Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгіну кезінде:

      келесуді беру – күнтізбелік 30 (отыз) күн.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу туралы хат не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мыналарға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      тасымалдайтын желілердегі, су тұтыну нүктелерiндегi судың шығынын, ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайынғы талдау жөніндегі деректер;

      су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларының есептері;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары;

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      тасымалдайтын желілердегі, суды тұтыну нүктелеріндегі, судың шығынын, ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектілерінен су алу көлемдерін қысқарту мүмкіндігін жыл сайын талдау жөніндегі деректердің электрондық көшірмесі;

      су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары есептерінің электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларының электрондық көшірмесі.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратан құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушілерге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғаны, құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгімен расталады;

      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 86-бабында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.

      Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында корсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 1-қосымша
  Нысан

                              Кімге:___________________________________________

                                     (мемлекеттік органның толық атауы)

                              Кімнен:__________________________________________

                                     (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

                              Өтініш иесінің

                              мекенжайы ______________________________________

                                    (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)

                              Өтініш иесінің

                              деректемелері ____________________________________

                         (жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)

                              Бұрын келісілген су тұтынудың үлестік нормалары туралы

                              деректер (нөмірі, берілген күні, мерзімі, егер бұлар өтініш

                              иесінде бар болса) ________________________________

ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келісуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі

      __________________________________________________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

      20 жылғы " "

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін өнімнің бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өнім түрі

Өнімнің өлшем бірлігі

Сумен қамту жүйесі

Су тұтынудың жеке нормасы, текше метр/өнім бірлігі

Технологиялық қажеттіліктерге

Қосалқы және қосымша қажеттіліктерге

Барлығы

оның ішінде су

Барлығы

Оның ішінде

Таза су

айналымда

келесі пайдалануда

 
 
 

Таза су

айналымда

келесі пайдалануда

техникалық

ауыз су

жиыны

техникалық

ауыз су

жиыны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

      Кестенің жалғасы

Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

барлығы

оның ішінде бірқалыпсыз су

Маусымдық тұтынудағы бірқалыпсыз коэффициент

Барлығы

Соның ішінде су

Таза су

айналымда

келесі пайдалануда

Таза су

айналымда

келесі пайдалануда

техникалық

ауыз су

жиыны

техникалық

ауыз су

жиыны

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша

Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін өнімнің бірлігіне су бұрудың үлестік нормалары

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өнім түрі

Өнімнің өлшем бірлігі

Шығынның жеке нормативтері, текше метр/өнім бірлігі

Басқа тұтынушыларға берілген жеке нормативтер немесе кері қайтарылмайтын суды тұтыну нормативтері м3/өнім бірлігі

Суды пайдалану бағыты бойынша суды бұрудың жеке нормалары, текше метр/өнім бірлігі

Технологиялық қажеттіліктерге

Қосалқы өндіріс қажеттіліктеріне

Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне

барлығы

Технологиялық қажеттіліктерге

Қосалқы және қосымша өндіріс қажеттіліктеріне

Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер

барлығы

Оның ішінде ағынды сулар

Тазалауды қажет ететін

Нормативтік таза

жиыны

Тазалауды қажет ететін

Нормативтік таза

Жиыны

 
 
 

 
 
 

Тазалауды қажет ететін

Нормативтік таза

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 4-қосымша

Таза судың есептік шығынын, соның ішінде өнеркәсіптің түрлі салалары үшін оны пайдаланумен ауыз су сапасын салыстыру

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 5-қосымша

Тұрақты суармалау кезінде су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ык, агроклиматтық аймақтардың шифры

Көрсет кіштер

Нетто суландыру нормасы, текше метр/гектар

Суару тәсілдері

Су ысырабы, текше метр/гектар

Су тұтыну, текше метр/гектар

Су бұру, текше метр/гектар

суару кезінде

тасымалдау кезінде текше метр/гектар

атауы

жалпы ауданнан %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1. Су шаруашылығы бассейні

1.1 Су шаруашылығы ауданы


Вегетациялық суару

Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы және ауданы


Үстіңгі бетін







Жаңбырлатып







Тамшылап














Вегетацияаралық суару

Ылғал зарядтылар








Шаю








  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 6-қосымша

Көлтабандап суару кезіндегі су тұтыну және су бұрудың үлестік нормалары

      Ескерту. 6-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ку, агроклиматтық аймақтар шифры

Лиман түрлері

Лимандағы өсімдік өсуі

Лиманды суару нормасы, (салмағы), текше метр/га

Су тұтыну (салмағы, текше метр/га)

Су тарту, текше метр/га

СКД жатуы

терең

жақын

терең

жақын

терең

жақын

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Су шаруашылығы бассейні

Су шаруашылығы ауданы

Ұсақ сулы

Табиғи шалғындар

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

Дақылдарды себу

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

Терең сулы

Табиғи шалғындар

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

Дақылдарды себу

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

 
 
 

  "Су тұтыну мен су бұрудың
үлестік нормаларын келісу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 7-қосымша

Жайылымдарды суландыру кезінде малды суару үшін су тұтынудың үлестік нормалары

      Ескерту. 7-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

КУ, ҚР өңірі

Жануарлар

Жылдың маусымы бойынша суды тұтынудың тәуліктік нормалары, литр/тәул. 1 мал басына

жазда

Көктемде және күзде

қыста

1

2

3

4

5

Оңтүстік өңір

Жануарлар түрлері

 
 
 

 
 
 

 
 
 

Солтүстік өңір

Жануарлар түрлері

 
 
 

 
 
 

 
 
 

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
5-қосымша

"Жер қойнауы бөлігінен тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауызсу және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
6-қосымша

"Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Арнайы су пайдалануға рұқсат" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап немесе порталға жүгіну кезінде:

      рұқсатты беру – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні;

      қайта ресімдеу – 15 (он бес) жұмыс күні;

      рұқсат мерзімін ұзарту – 15 (он бес) жұмыс күні;

      рұқсаттың телнұсқасын беру – 2 (екі ) жүмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алу сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 19-1/1051 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12626 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат, рұқсатты қайта ресімдеу, рұқсаттың мерзімін ұзарту, рұқсаттың телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мыналарға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды жерүстi су объектiлеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне ағызуға рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;

      су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының көшірмесі;

      ауызсу мұқтаждықтары үшін су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға суды дайындау және (немесе) жеткізу үшін су ресурстарын алуды, тежегіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағыстарын реттеу жөніндегі қызметті, су ресурстарын алмай су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулер;

      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз түрінде берілген жағдайда):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитімен шаруашылық-ауызсу және өндірістік-техникалық жерасты суларын жер қойнауы бөлігінен пайдалануға рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;

      су шаруашылығы құрылысы паспортының көшірмесі;

      ауызсу мұқтаждықтары үшін су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға суды дайындау және (немесе) жеткізу үшін су ресурстарын алуды, тежегіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағыстарын реттеу жөніндегі қызметті, су ресурстарын алмай су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулер;

      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалануға рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;

      су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының көшірмесі;

      ауызсу мұқтаждықтары үшін су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға суды дайындау және (немесе) жеткізу үшін су ресурстарын алуды, тежегіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағыстарын реттеу жөніндегі қызметті, су ресурстарын алмай су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулер;

      су жинау үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      су жинауды есепке алу және жиналатын судың сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;

      гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;

      энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;

      балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;

      гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер;

      жерүсті су обьектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      кеменің техникалық сипаттамалары;

      кеменің тіркелген портын (тіркелу орнын) көрсете отырып, оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;

      кемеде жиналатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;

      су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының бары туралы мәліметтер;

      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) порталға:

      өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды жерүстi су объектiлеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне ағызуға рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;

      су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының электрондық көшірмесі;

      ауызсу мұқтаждықтары үшін су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға суды дайындау және (немесе) жеткізу үшін су ресурстарын алуды, тежегіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағыстарын реттеу жөніндегі қызметті, су ресурстарын алмай су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулердің электрондық көшірмесі;

      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанда берілген жағдайда):

      осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитімен шаруашылық-ауызсу және өндірістік-техникалық жерасты суларын жер қойнауы бөлігінен пайдалануға рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;

      су шаруашылығы құрылысы паспортының электрондық көшірмесі;

      ауызсу мұқтаждықтары үшін су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға суды дайындау және (немесе) жеткізу үшін су ресурстарын алуды, тежегіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағыстарын реттеу жөніндегі қызметті, су ресурстарын алмай су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулердің электрондық көшірмесі;

      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):

      осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      Кодекстің 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерүсті суларын жинау және (немесе) пайдалануға рұқсат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы сұрау салу;

      су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортының электрондық көшірмесі;

      ауызсу мұқтаждықтары үшін су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға суды дайындау және (немесе) жеткізу үшін су ресурстарын алуды, тежегіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағыстарын реттеу жөніндегі қызметті, су ресурстарын алмай су объектілерін пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулердің электрондық көшірмесі;

      су жинау үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      су жинауды есепке алу және жиналатын судың сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      су электр станциясының белгіленген қуаты туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      гидроэнергетика мұқтаждықтарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      жерүсті су обьектілерін суды алмай пайдалануға байланысты рұқсат алу үшін қосымша мыналар ұсынылады:

      кеменің техникалық сипаттамаларын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға кеме қатынасы тіркелімінің рұқсатын қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кемеде жиналатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және қалқыма құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының бары туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;

      рұқсатты қайта ресімдеу, мерзімін ұзарту және телнұсқасын алу үшін (рұқсат қағаз нысанында берілген жағдайда):

      осы мемлекеттік қызмет көрсетілетін стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратан құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау, мәліметтерді, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

      көрсетілетін қызметті берушілерге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) тапсырған кезде – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғаны, құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгімен расталады;

      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Кодекстің 66-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесінің келісу туралы сауалға теріс жауабы, сондай-ақ, жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы теріс санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдарың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды портал арқылы беру кезінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуға болады.

      Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында корсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Арнайы су пайдалануға
рұқсат" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан

      Кімге:___________________________________________

      (мемлекеттік органның толық атауы)

      Кімнен:__________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

Арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мыналарға (тиісті ұяшықты белгілеңіз):



жерүсті су объектілеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жергілікті жер рельефіне өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызуға;



тәулігіне елуден бастап екі мың текше метрге дейін алу лимитімен шаруашылық-ауызсуды және өндірістік-техникалық жерасты суларын жер қойнаулары бөлігінен пайдалануға;



2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрi – Кодекс) 66-бабының 1-тармағында көрсетілген құрылыстарды немесе техникалық құралдарды қолдана отырып, жерүсті суларын жинауға және (немесе) пайдалануға рұқсат беруді сұраймын.

      1. Жеке немесе заңды тұлға туралы мәліметтер:

      1) өтініш берушінің мекенжайы ______________________________________________;

                                    (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон);

      2) өтініш берушінің деректемелері ____________________________________________;

                              (жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін - БСН)

      3) су пайдалануға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      байланыс телефоны ______________________________________________________________;

      4) олардың көмегімен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын жылжымайтын

      объектінің кадастрлық нөмірі немесе техникалық құрылғының түгендеу нөмірі

      _______________________________________________________________________________.

      2. Координаталары көрсетілген жерүсті суларын алу және (немесе) пайдалану,

      сарқынды суларды ағызу, жерасты су көзі орындарының ахуалдық схемасы осы өтінішке

      1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      3. Су пайдалану мақсаты ____________________________________________________

      4. Арнайы су пайдалану кезінде пайдаланылатын су объектісі туралы ақпарат осы

      өтінішке 2-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылады.

      5. Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, жерасты су көзінен алынатын

      суды алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі осы өтінішке 3-қосымшаға сәйкес

      (гидроэнергетика және ағысты реттеу мақсатында су объектілерін пайдалануды жүзеге

      асыратын жеке және заңды тұлғаларды қоспағанда, су пайдаланудың әр түріне жеке

      көрсетіледі) нысан бойынша ұсынылады.

      6. Өнімнің бір бірлігіне су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары және оларды

      Қазақстан Республикасың Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетімен

      келісу туралы деректер, ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және

      (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық

      құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн

      олардан су ресурстарын алмай пайдалануды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды

      қоспағанда _______________________

      ________________________________________________________________________________

                        (нормалары, келісу уақыты мен мерзімі)

      7. Су пайдалануды бастаудың және аяқтаудың болжамды мерзімі:

      Су пайдаланудың басталған күні " "      20 жыл

      Су пайдаланудың аяқталған күні " "      20 жыл

      8. Су пайдаланушының өндірістік қызметінің сипаттамасы (шығарылатын өнімнің

      көлемі, қызметкерлердің, қызмет көрсетілетін халықтың саны, қуаты, суарылатын

      учаскелердің алаңдары)____________________________________________________________

      9. Осы өтінішке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайталама су пайдаланушылар

      тізбесі (сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдер арнайы су пайдалануға рұқсат

      алуға арналған құжаттарға қоса беріледі).

      10. Арнайы су пайдалануға бұрын берілген рұқсаттың деректері (нөмірі, берілген күні,

      кім берді, қолданылу мерзімі, егер бұлар өтініш иесінде бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      11. Су пайдалануды есепке алуға, режимдік байқаулар мен зертханалық талдаулар

      жүргізуге арналған жабдықтың сипаттамасы (типі, маркасы, техникалық сипаттамалары,

      саны, зертханаларды аккредиттеу саласы және т.б.)

      _______________________________________________________________________________.

      12. Жылу алмасу (нормативтік-таза) суларын бұруды қоспағанда, тазартылған

      өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды

      ағызған кезде – қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру туралы

      деректер_______________________________________________________________________.

                        (нөмірі, рұқсаттың қолдану мерзімі)

      13. Шаруашылық-ауызсумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын

      жинаған кезде – санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы

      санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды деректері________________________________

                                                       (нөмірі, берілген күні)

      14. Су ресурстарын тиімді пайдалану және су шығынын қысқартуды қамтамасыз ету

      бөлігінде өтініш иесінің ниеті (Кодекстің 72-бабына сәйкес)

      _______________________________________________________________________________.

      Өтініш иесі

      _______________________________________________________________________________.

      (қолы)                              тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөр (бар болған жағдайда) орны

      20 жылғы " "

      Өтініш қарауға 20 жылы " " қабылданды.

      ________________________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Арнайы су пайдалануға
рұқсат беру туралы өтінішке
1-қосымша
  Нысан

Жерүсті суларын алу және (немесе) пайдалану, сарқынды суларды ағызу, жерасты су көзі орындарының АХУАЛДЫҚ СХЕМАСЫ

                         Масштабы __________________

                                          (көрсету)

Су алу (су бұру) орнының (немесе су объектісінің) атауы

Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелермен көрсетілген жер учаскесінің алаңы

Нүктелер №№

Географиялық координаталар

бойлығы

ендігі

градус

минут

секунд

градус

минут

секунд


 
________гектар
________шаршы километр

1







2







3














________гектар
________шаршы километр

1







2







3














_________гектар
________шаршы километр

1







2







3













      Ахуалдық схемада бұрыштық нүктелері көрсетілген жер учаскесінің алаңы

      _____________________________________________________________ гектарды

      (шаршы шақырым) құрайды.

  Арнайы су пайдалануға
рұқсат беру туралы өтінішке
2-қосымша
  Нысан

Арнайы су пайдалану кезінде қолданылатын су объектісі туралы ақпарат

Су объектісінің атауы, негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары (су шаруашылығы құрылғыларына немесе жергілікті рельефке өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, дренаждық және басқа да сарқынды суларды ағызу кезінде осы суларды ағызуға және қабылдауға арналған құрылғылардың сипаттамалары көрсетіледі)

Су көзінің (қабылдағыш-тың) коды*

Арнайы су пайдалану түрі

Пайдалану түрі (коды)**

1





2









      Ескертпе:

      * теңіз – 10, өзен – 20, кеуіп бара жатқан өзен – 21, көл – 30, тоған су қоймасы – 40, құймалы су қоймасы – 40, магистральді канал – 50, магистральді құбыржол – 55, жерасты суы бар қабат – 60, шахта, кеніш, карьер – 61, тік дренаж ұңғымалары – 62, коллекторлық-дренаждық желі – 70, өзен желісімен байланысы жоқ коллекторлар – 71, жерүсті су объектілеріне жететін коллекторлар – 72, суармалы диқаншылық алаңдары – 80, жинағыштар – 81, жергілікті рельеф – 82, фильтрациялау алаңы – 83, су құбыры желілері – 90, кәріз желілері – 91.

      ** ША – шаруашылық-ауызсу, Ө – өндірістік, АШ – ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау, ТС – тұрақты суару, КС – көлтабандап суару, ЖС – жайылымдарды суландыру, ШС – шабындықты суару, ТБШ – тоғанды балық шаруашылығы, ГҚ – арналардағы қабаттарды қолдау, ПҚ – пласттағы қысымды қолдау, ҚСТ – құймалы су қоймаларын толтыру, СТ – суды тасымалдау, ПТ – пайдаланбай тапсыру, ӨБ – өзге бассейнге берілді, ӨМ – өзге мемлекетке берілді, КШ – каналдарды шаю, СӨ – санитариялық өткізгіштер, ГЭ – гидроэнергетика, ТБ – тағы басқалары.

  Арнайы су пайдалануға
рұқсат беру туралы өтінішке
3-қосымша
  Нысан

Жерүсті суларын, ағызылатын сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың есептік көлемі

      Арнайы су пайдалану түрі_________________________________________

Айлар

Текше метр/тәулігіне

Текше метр/айына

1

2

3

4

1

Қаңтар



2

Ақпан



3

Наурыз



4

Сәуір



5

Мамыр



6

Маусым



7

Шілде



8

Тамыз



9

Қыркүйек



10

Қазан



11

Қараша



12

Желтоқсан



Жылына жиыны, текше метр/жылына


  Арнайы су пайдалануға
рұқсат беру туралы өтінішке
4-қосымша
  Нысан

Қайталама су пайдаланушылардың тізбесі

Су пайдаланушылар-дың атауы

Су пайдаланушының суды пайдалануының мемлекеттік есебінің (СПМЕ) коды
(бар болған жағдайда)

Есептік көлемі (текше метр/жылына)

Су пайдалану мақсаты

Шарттың нөмірі және күні

1.

2

3

4

5

6

1






2






3






4











Жылына жиыны, текше метр/жылына



  "Арнайы су пайдалануға
рұқсат" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

                        Кімге:____________________________________________

                               (мемлекеттік органның толық атауы)

                        Кімнен:___________________________________________

                               (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)

                        Өтініш иесінің

                        мекенжайы _______________________________________

                         (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдін №, телефон)

                        Өтініш иесінің деректемелері ________________________

                         (жеке тұлғалар үшін – ЖСН, заңды тұлғалар үшін – БСН)

ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________ байланысты

                              (қысқаша негіздемесі)

      __________________________________________________________________________

                               (өтініштің мақсаты)

      сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініш иесі______________________________________________________________________

            (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда)

                                           (қолы)

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
7-қосымша

"Судың жай-күйiне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыруға және салуға жобалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 19-1/422 бұйрығына
8-қосымша

"Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 43 (қырық үш) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының конкурстық өтінімді тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары мен конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) конкурсқа қатысуға ерікті нысандағы өтініш;

      2) конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар:

      су объектісін пайдаланудың мәлімделетін мақсаттарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базаның болуы;

      қаржыландыру көзі мен көлемдерін көрсете отырып үш және одан көп жылдарға жылдар бойынша даму жоспары (суды қорғау іс-шараларын, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралар өткізуді қоса алғанда);

      конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген уақыттың алдындағы үш ай бойына созылған банктің немесе банк филиалының алдындағы мерзімі өткен қарыздың болмауы туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының мөрімен және қолымен конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күні алдындағы мерзімнен бір ай бұрын берілген анықтаманың түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банк клиенті болған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам қол қойған соңғы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы (егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде өтсе, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін);

      үш айға дейіннен көп уақытқа салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектері жоқ екендігі туралы (егер төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайды қоспағанда), не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес уақыта берілген салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша бір теңгеден аспайтын берешегінің болуы туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;

      3) мыналардың:

      жарғының;

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;

      * ескертпе: "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді тіркеу есебі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;

      жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмелері;

      4) инвестицияға қысқаша негіздемемен су объектісін пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушының ниеті;

      5) мыналарға:

      жергілікті өкілетті органдар белгілеген шарттарда жалпы су пайдалану құқықтарын сақтау жөніндегі;

      суды қорғау іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі;

      оқшауланған немесе бірлесіп суды пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің суды қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және басқа да қызметтердің белгіленген режимдерін сақтау жөніндегі.

      Конкурстық өтінім нөмірлерген беттерімен, тігілген түрде ұсынылады, соңғы беті қолмен және мөрмен (бар болғанда) куәландырылады.

      Құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.03.2017 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамадарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде:

      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не тиісті жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің не тиісті жергілікті атқарушы орган кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе жергілікті атқарушы орган кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелер туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтін нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет ресурсында корсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.