Техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 730 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11764 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру";

      2) көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру";

      3) көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру";

      4) көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу";

      5) көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б.Қанешев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 10 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына 1-қосымша

"Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру"

      мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтінішін қабылдау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) Мемлекеттік корпорация;

      3) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

      сертификат беру кезінде – 15 (он бес) күнтізбелік күні;

      сертификаттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      көрсетілетін қызметті беруші қызмет көрсетуде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарауға жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      Қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат немесе сертификаттың телнұсқасы.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдау және нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) сертификат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификатты алуға арналған өтініш;

      Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралдарына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алғаны туралы хат;

      2.21-2007 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының типін сынау және бекітуді жүргізу тәртібі" ҚР СТ Д-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өлшем құралдары типін сипаттау жобасы екі данада;

      ашық басылымда типтің сипатын жариялауға рұқсаты туралы көрсетілетін қызметті алушының хаты;

      жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      2) сертификаттың телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қажетті құжаттарды беру кезінде – өтінішті қағаз тасығышта қабылдауды растау оның құжаттар топтамасын қабылданған уақыты мен күні көрсетілген тіркеу туралы көшірмесіндегі белгі болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігін және оның өкілеттігін растайтын құжатты (көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхат көшірмесі немесе түпнұсқасы) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын тұлғаның атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы болуы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы шағым жіберген кезде "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді іске асыру, өздігінен қозғалу және толық немесе ішінара қабілеттілігін және мүмкіншілігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына – 1414 жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы, порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-09-37, 27-09-75. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Өлшем құралдарының типін
бекіту туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы
сертификатты алуға арналған
өтініш

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

      Техникалық реттеу және метрология комитетіне

      жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғадан (толық атауы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)).

      Мынадай өлшем құралының: ______________________________________

      (өлшем құралының толық атауы және белгіленуі)

      _________________________________________________ типін бекіту туралы

      (өндірушінің атауы, өндірістің аумақтық орналасқан жері)

      сертификатты беруді сұраймын.

      Қосымша:

      _______________________________________________________________

      (қоса берілетін құжаттар атауы)

      Өндірілген немесе әкелінген өлшем құралдарының бекітілген типке

      сәйкестігіне өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың

      қолданылу мерзімінде кепілдік береміз.

      Жеке тұлға ____________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Заңды тұлғаның

      басшысы _______________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      М.О. (болған кезде)

  "Өлшем құралдарының типін
бекіту туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Өлшем құралдарының типін бекіту туралы
сертификаттың телнұсқасын алуға
өтініш

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

      Техникалық реттеу және метрология комитетіне

      жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғадан (толық атауы,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)).

      Қазақстан Республикасының өлшем брілігін қамтамасыз етудің

      мемлекеттік жүйесінің тізілімінде № ____________ тіркелген мынадай

      өлшем құралын тіркеу нөмірі

      құралының: __________________________________________________________

      (өлшем құралының толық атауы және белгіленуі)

      _________________________________________________ типін бекіту туралы

      (өндірушінің атауы, өндірістің аумақтық орналасқан жері)

      сертификаттың телнұсқасын беруді сұраймын.

      Өндірілген немесе әкелінген өлшем құралдарының бекітілген типке

      сәйкестігіне өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың

      қолданылу мерзімінде кепілдік береміз.

      Жеке тұлға ____________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Заңды тұлғаның

      басшысы _______________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      М.О. (болған кезде)

  "Өлшем құралдарының типін бекіту туралы
сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша

      _________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса)(бұдан әрі - Т.А.Ә.А.)

      немесе ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мекенжайын көрсету) филиалының № ______________ бөлімі ______________________ Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________;

      2) _______________________________________;

      3) ____________ ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ____________________________________________ ________

      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) қолы

      Орындаушы: Т.А.Ә.А. __________________________

      Телефон _______________________________________

      Алдым: ________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20____ жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына 2-қосымша

"Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттамалар туралы мәліметтерді "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:

      сертификат беру кезінде – 15 (он бес) күнтізбелік күні;

      сертификаттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қарауға жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өлшем құралдарының метрологиялық аттестаттау туралы сертификаты немесе сертификаттың телнұсқасы.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш қабылдау және нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) сертификат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты алуға өтініш;

      Мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталықтан өтініште көрсетілген өлшем құралына эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында оң нәтиже алынғаны туралы хат;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      1) сертификаттың телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қажетті құжаттарды беру кезінде – өтінішті қағаз тасығышта қабылдауды растау оның құжаттар топтамасын қабылданған уақыты мен күні көрсетілген тіркеу туралы көшірмесіндегі белгі болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке куәлігін және оның өкілеттігін растайтын құжатты (көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхат көшірмесі немесе түпнұсқасы) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитетінің (бұдан әрі – Комитет), көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Комитет басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының қолы болуы тиіс.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Комитеттің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.

      Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы шағым жіберген кезде "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.kazinmetr интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді іске асыру, өздігінен қозғалу және толық немесе ішінара қабілеттілігін және мүмкіншілігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына – 1414 жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы, порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-09-37, 27-09-75. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Өлшем құралдарын метрологиялық
аттестаттау туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы
сертификатты алуға өтініш

      "Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу

      құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына

      жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), заңды тұлғадан (толық

      атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)).

      Мынадай зауыттық нөмірі бар өлшем құралын _____________________

      (өлшем құралының толық

      атауы және белгіленуі

      _____________________________________________________________________

      (өндірушінің атауы, өндірістің аумақтық орналасқан жері)

      метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметті пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша: ____________________________________________________

      (қоса берілген құжаттардың атауы)

      Жеке тұлға ____________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Заңды тұлғаның

      басшысы ____________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      М.О. (болған жағдайда)

  Өлшем құралдарын метрологиялық
аттестаттау туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы
сертификаттың телнұсқасын алуға өтініш

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

      Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан метрология

      институты (ҚазМетрИн)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық

      мемлекеттік кәсіпорнына

      жеке тұлғадан (толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      жеке сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда), заңды тұлғадан (толық

      атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)).

      Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің

      мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген мынадай өлшем құралын

      _____________________________________________________________________

      (тіркеу нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (өндірушінің атауы, шығарылған елі)

      метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың телнұсқасын беруді

      сұраймын.

      Ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметті пайдалануға келісім беремін.

      Жеке тұлға ____________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Заңды тұлғаның

      басшысы ___________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      М.О. (болған жағдайда)

  "Өлшем құралдарын метрологиялық
аттестаттау туралы сертификат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.А.)

      немесе ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мекенжайын көрсету) филиалының № ______________ бөлімі ______________________ Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________;

      2) _______________________________________;

      3) ____________ ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      ______________________________________________ ______

      Т.А.Ә.А. (Мемлекеттік корпорация қызметкері) қолы

      Орындаушы: Т.А.Ә.А. __________________________

      Телефон _______________________________________

      Алдым: ________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.А./қолы

      20____ жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына 3-қосымша

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      лицензия беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқаларын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қарауға жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау үшін лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      7. Мемлекеттік қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке "Салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 469-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына мынадай лицензиялық алым төленеді:

      1) қызметтің аталған түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі ставкадан 10%-ды құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;

      3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі ставкадан 100%-ды құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысандарда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаға арналған нысан бойынша өтініш;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3 сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;

      өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жеке және заңды тұлғаға арналған нысан бойынша өтініш;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

      лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәлімет алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана:

      ерікті нысандағы өтініш;

      өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).

      2) порталға:

      лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғаға арналған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;

      лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғаға арналған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәлімет алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттың электрондық нысанында сұрау салу.

      Заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, лицензиясы туралы, оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, лицензиялық алымның төленгені (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      10. Мыналар:

      1) субъектілердің аталған санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;

      2) қызмет түріне арналған лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензия берудің келісуші мемлекеттік органмен келісілмеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

      6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуына тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Transporttower" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 75-43-23, 75-44-55.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      1) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі;

      2) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      3) дара кәсіпкердің атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады не заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-07-23, 27-07-20. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын жасау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша

      Нысан

Өтініш

      ___________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      жүзеге асыруға лицензияны қағаз

      тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған

      жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің

      мекенжайы_____________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға __________ ________________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны толтыру күні: 20___ жылғы "__" ___________

  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын жасау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

      Нысан

Өтініш

      ___________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ___________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензияны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________

      шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      Электрондық пошта __________________________________________________

      Телефондары ________________________________________________________

      Факс _______________________________________________________________

      Банк шоты __________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________

      _______ _________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын жасау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын жасау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны

      1. Стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар:

      стандарттың атауы___________________________

      стандарттың нөмiрi__________________________

      2. Өндiрiстiк техникалық база:

      технологиялық жабдықтың атауы_______________

      өлшеу және бақылау құралының атауы__________

      түстер атласының болуы (атауы)______________

      3. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар:

      салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы

      сертификаттың нөмірі ________________________

      салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы

      сертификаттың берілген күні __________________

      сертификатты берген органның атауы___________

      сертификаттың қолданылу мерзiмi______________

  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын жасау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

      Нысан

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      _____________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, _______________ берілген,

      (лицензияны нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны берген

      лицензиардың атауы) лицензияны қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

      мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар жәнехабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшадакөзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы _________________________

      ____________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ____________ _______________________________________ (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын жасау жөніндегі
қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 5-қосымша

      Нысан

Өтініш

      ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________ жүзеге асыруға

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияның нөмірі(лері),

      берілген күні, лицензияны берген лицензиардың атауы)

      лицензияны қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      бөліп шығару ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық пошта __________________________________________________

      Телефондары ________________________________________________________Факс _______________________________________________________________Банк шоты __________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

      (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Басшы ______________ _________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Мөр орны толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына 4-қосымша

"Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген күтудің ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбашща дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын (бұдан әрі – халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары) (олардың ресми аудармаларының) тіркеу нөмірін бере отырып есепке алу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерiнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есепке алу тіркелімін жүргізу туралы өтініш (еркін нысанда);

      2) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекетінің стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын және олардың мемлекеттiк және орыс тілдеріндегі теңтүпнұсқалық аудармасын екі көшірмесі. Шетел тілінен аударманы растауды уәкілетті орган жүзеге асырады;

      3) пайдаланушыны осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен қамтамасыз ету, сондай-ақ пайдаланушының құжаттарды үшінші тұлғаларға беру құқығын растау немесе жоққа шығару жөніндегі төлнұсқа ұстаушының (немесе оның ресми таратушысының) міндеттері қамтылған халықаралық стандарттардың және шетел мемлекетінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының төлнұсқаларын ұстаушымен (немесе оның ресми таратушысымен) шарттың көшірмесі;

      4) халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қатысты олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қорытындысының көшірмесі.

      Ұсынылатын нормативтік құжаттардың әрбір данасы нөмірленеді, тігіледі және көрсетілетін қызметті алушының мөрімен бекітіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсырған кезде қағаз тасығышта өтініштің қабылдағанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емесітігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 491 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8302 болып тіркелген) Халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) олардың құзыретіне кіретін уәкілетті мемлекеттік органның шет мемлекеттерді стандарттау бойынша халықаралық стандарттарды және нормативтік құжаттарды тіркеу үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Transporttower" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 75-43-23, 75-44-55.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      1) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі;

      2) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады не заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-07-12.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына 5-қосымша

"Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтерінің, жеке және заңды тұлғалардың қызметті жүзеге асыру жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтер жұмысын жүзеге асыруы жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу туралы қорытынды беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) ілеспе хат;

      2) мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, метрологиялық қызметтер жұмысын реттейтін нормативтік құжат жобасы.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде – қағаз тасығышта өтінішті қабылдағанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркеу туралы белгі болып табылады.

      9-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтерді алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық емесітігін анықтау болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік
органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Transporttower" ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 27-07-12.

      Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымда:

      1) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі;

      2) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді не заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталықтары арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 79-33-12, 79-33-14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 730 бұйрығына
6-қосымша

"Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін,
Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін
айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 № 1151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация).

      3) www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметінің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      сарапшы-аудитор аттестатын беру кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      сарапшы-аудитор аттестатының телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты (бұдан әрі – аттестат), сарапшы-аудитор аттестатының телнұсқасы не сарапшы-аудитор ретінде аттестаттаудан дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Қағаз тасығышта аттестат, аттестаттың телнұсқасын алу үшін жүгінген жағдайда, аттестат, аттестаттың телнұсқасы электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарына байланысты жүргізілетін техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) сәйкестікті растау жөнiндегi аттестатты алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы мынадай санда есеп:

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      2) тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      жоғары бiлiм туралы дипломның көшiрмесi;

      оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге оның қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң көшiрмесi;

      кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтаманың немесе еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрмесі;

      3) аккредиттеу жөніндегі аттестат алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеу бойынша тағылымдамадан өту туралы есеп (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде үш есеп;

      4) аттестаттың телнұсқасын алу үшін:

      еркін нысандағы өтініш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы аттестаттың немесе біліктілік аттестатының нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, аттестатты немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы растама;

      5) порталға:

      сәйкестікті растау жөнiндегi аттестатты алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша тағылымдамадан өткені туралы мынадай санда есептердің электрондық көшірмелері:

      өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес менеджмент жүйесі бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде төрт есеп немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе аттестаттаудың мәлімденетін бағытында сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп;

      тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшiрмесi;

      жоғары бiлiм туралы дипломның электрондық көшiрмесi;

      оқу орталығы куәлiгiнiң не жеке тұлғаның теориялық даярлығын растайтын сертификаттың электрондық көшiрмесi;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауардың шығарылған елiн, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегі жұмыстарды жүргiзуге оның қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткенi туралы он есептiң электрондық көшiрмесi;

      кемiнде екi жыл жалпы жұмыс өтілін растайтын жұмыс орнынан анықтаманың немесе еңбек кiтапшасынан үзiндiнің электронды көшiрмесі;

      аккредиттеу жөніндегі аттестат алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеу бойынша тағылымдамадан өту туралы есеп (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде үш есеп;

      аттестаттың телнұсқасын алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны (электронды);

      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы аттестаттың немесе біліктілік аттестатының нөмірін, берілген күні мен қолданылу мерзімін көрсете отырып, аттестатты немесе біліктілік аттестатын жарамсыз деп тану туралы растама.

      Аттестат жоғалған, бүлінген жағдайда, егер бұрын берілген аттестат қағаз нысанында ресімделген болса, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетінде" аттестаттың немесе біліктілік аттестатының электрондық көшірмесін алу мүмкіндігі бар.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі (егер мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қағаз тасығышта қажет болған жағдайда, оны алу орнын көрсету қажет).

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігін көрсеткен кезде (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін жібереді. Бір ай ішінде жүгінген жағдайда, Мемлекеттік корпорация сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхатты береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын тұлғаның атына;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым www.con.gov.kz ХҚО интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттік корпорация басшысына жіберіледі.

      Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылдануын растау оның тіркелуі (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы шағым жіберген кезде "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына, ХҚО-ға келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің www.memst.kz интернет-ресурсында;

      3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған;

      4) порталда орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді іске асыру, өздігінен қозғалу және толық немесе ішінара қабілеттілігін және мүмкіншілігін жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдау Бірыңғай байланыс орталығына – 1414 жүгіну арқылы Мемлекеттік корпорация қызметкерімен тұрғылықты жеріне бару арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-07-23, 27-07-19. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (аттестаттау органының толық атауы)

      __________________________________

      (қызмет бағыты)

      бойынша сарапшы-аудиторға кандидат

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.А., ЖСН, лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)

Өтініш

      _____________________________________________________________________

      (қызмет бағыты)

      бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу

      жүйесінің сарапшы-аудиторы ретінде мені аттестаттауды өтінемін.

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы

      заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды

      толығымен орындауға міндеттенемін.

      Қолы, күні

  "Сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға
мәліметтерінің нысаны

      _______________________________________________________________

      (мәлімделетін аттестаттау бағыты)

      Толтырылған күні_____________________________________________________

      1. Жеке деректері:

      Тегі ________________________________________________________________

      Аты _________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болған кезде) _____________________________________

      Туған жылы __________________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат (нөмірі, кім және қашан берді)

      _____________________________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

      Білімі ______________________________________________________________

      Аяқтаған оқу орнының атауы __________________________________________

      Аяқтаған жылы _______________________________________________________

      Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі ______________________________

      (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты болған

      кезде, Қазақстан Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген

      тәртіппен білім беру туралы құжатты нострификациялау туралы

      мәліметтерді көрсету)

      Диплом бойынша мамандығы ____________________________________

      Диплом бойынша біліктілігі __________________________________

      Ғылыми дәрежесі (бар болған кезде) __________________________

      Аттестаты (бар болған кезде) ________________________________

      (сарапшы-аудитордың)

      20 __ жылы "___" _________ № ______________________________ берілген.

      Жұмыс орны __________________________________________________________

      Лауазымы ____________________________________________________________

      телефоны ____________________________________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы ________________________________________________

      2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:

Күні

Ұйым атауы,

лауазымы

Негізгі міндеттері

басталуы

аяқталуы

      3. Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден

      одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, бойынша

      жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлықтан (тағылымдамадан)

      өтуі туралы) туралы деректер:

Жұмыстар жүргізу кезеңі

Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы

Орындалған жұмыстар тізбесі

      4. Даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан

      өткені туралы деректер:

Курстардан өту күні

Оқыту түрі, сағаттар саны

Мамандану (қызмет бағыты)

Куәліктің нөмірі және берілген күні

Оқытуды өткізген оқу орталығы

      _____________________________

      Қолы, күні

  "Сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін, Кеден одағы
тауарының немесе шетел тауарының
мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      нысан

Тағылымдамадан өткені туралы
№ _____ ЕСЕП

      _____________________________________________________________________

      (мәлімделетін аттетаттау бағыты)

      _____________________________________________________________________

      (сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________________________________

      (есептің мәтіні)

      Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (тағылымдамашы) _____________

      ___________________________________ ____________________________

      (тегі және аты-жөні) (қолы)

      Тағылымдама басшысының пікір-мінездемесі:

Бағалау саласы

Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз)

Білімі:

Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізі

Қазақстан РЕспубликасының стандарттау жөніндегі негізін қалайтын нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттары

Жұмыстар мен тексерістер жүргізу әдістері мен процедуралары, тексерілетін нысандар сипаттамалары, оларды бағалау, есептер, қажетті құжаттар және жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау

Білімді іс жүзінде қолдана білу

Жеке қасиеттерін іске асыру

Жалпы баға

      Тағылымдама жетекшісі

      _____________________________________________________________________

      (сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың тіркеу нөмірі,

      _____________________________________________________________________

      Сарапшы-аудитор ретіндегі қызмет бағыты, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс

      өтілі)

      ___________________________ ____________________________________

      (тағылымдама басшысының қолы) (тағылымдама басшысының тегі және

      аты-жөні)

      Ұйым басшысы

      ___________________________ ____________________________________

      (ұйым басшысының қолы) (ұйым басшысының тегі және аты-жөні)

      М.О.

      Ескертпе:

      Есеп мәтінінде көрсетеді:

      1) тағылымдамадан өткен күнді, тағылымдамадан өткен ұйымның

      атуын және мекежайын (Қазақстан Республикасының Аккредиттеу

      субъектілері тізбесінде тіркелген ұйымның аккредиттеу аттестатының

      нөмірі және қолданылу кезеңі);

      2) жұмыстардың ережелер мен процедураларды айқындайтын қандай

      құжаттарға сәйкес жүргізілгенін;

      3) тексерілген тексеру нысанының сәйкестігі (сәйкессіздігі)

      туралы шешімнің ненің негізінде қабылданғаны туралы құжаттар

      көрсетілген жұмыстарды жүргізу тәртібі (сертификаттау/мәлімдеу

      рәсімдерінің қорытындысы, сынақ хаттамаларының және өзге құжаттардың

      нөмірлері);

      4) сәйкестік сертификатын беру/беруден бас тарту туралы

      қабылданған шешім (тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы).

  "Сәйкестікті растау, аккредиттеу,
тауардың шығарылған елін,
Кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.А.)

      немесе ұйымның атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

      Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 100 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мекенжайын көрсету) филиалының № ______________ бөлімі ______________________ Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________________;

      2) _______________________________________;

      3) ____________ ….

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

      _____________________________________________ ______