"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 21 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 19 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 бұйрығымен бекітілген |
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға
байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-29) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық және қала маңындағы, сондай-ақ ауданішілік қатынастарда әлеуметтік маңызы бар жолаушыларды ішкі су көлігімен тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Әлеуметтік маңызы бар тасымалдаулар деп халықтың тасымалдауларға қажеттілігін қанағаттандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау танылады.
3. Субсидиялауға әлеуметтік маңызы бар тұрақты маршруттар арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы шығындары жатады.
Тасымалдауды орындаудан келетін шығындар тасымалдаулардан түсетін кірістер мен пайдалану шығыстары сомасының айырмасы ретінде айқындалады.
4. Ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалалық және қала маңындағы, сондай-ақ ауданішілік қатынастарда әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша тасымалдауды орындайтын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау жергілікті бюджеттен жүргізіледі.
2. Субсидиялар мөлшерін айқындау тәртібі
5. Шығынды маршруттарды субсидиялауға бағытталған сомалар мөлшерін айқындау мынадай көрсеткіштер:
1) маршрут бойынша орындалған тасымалдау үшін кірістер;
2) маршрут бойынша тасымалдауды орындау үшін шығыстар негізінде жүргізіледі.
6. Шығынды маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы ай сайынғы кірістер көлемін белгілейді және субсидияланатын маршруттар бойынша шығыстар көлемін айқындайды.
7. Маршруттар бойынша тасымалдауға арналған шығыстарға:
1) кеме экипажының, оның ішінде жолаушыларға қызмет көрсететін персоналдың жалақы қоры (жалақыға әлеуметтік есептеулермен бірге және қызметкерлерді сақтандыру);
2) отынға шығындар;
3) жағармай материалдарына шығындар;
4) кемеге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге шығындар;
5) амортизациялық аударымдар кіреді.
8. Тасымалдаушы бір жылға әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар бойынша жоспарланған кірістер мен шығыстар сомасын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға жібереді.
9. Тасымалдаушының кірістер мен шығыстар көлемдерін ұсыну дұрыстығын талдауды жергілікті атқарушы орган маршрут бойынша жолаушылар ағынын зерттеу және тасымалдаушының шығыстарын растайтын құжаттарды талдау арқылы жүргізеді.
Тасымалдаушы мен шығынды маршруттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға арналған шығыстарды айқындау жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган тасымалдаушының шығыстарын тасымалдаушының есебінен аудит белгілейді.
10. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ұсынымдары негізінде бекітеді.
Комиссияны жергілікті атқарушы орган құрады және консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыс комитетінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық органдарының өкілдері, сондай-ақ салалық қоғамдық және кәсіподақ бірлестіктерінің, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіреді.
11. Жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімді әзірлейді. Бюджеттік өтінім үшін негіз субсидиялауға жоспарланып отырған маршруттар бойынша тасымалдаушының кірістері мен шығыстары бойынша деректер болып табылады.
Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджетті жергілікті өкілдік орган бекіткеннен кейін бір ай мерзімде шығынды маршруттар бойынша субсидиялаудың жылдық сомасын бекітеді.
3. Субсидияларды төлеу тәртібі мен шарттары
12. Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ай сайынғы Әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы есепті жібереді.
Тасымалдаушы шығындардың әрбір бабы бойынша шығыстар туралы растау құжаттарын (орынндалған жұмыстар актілері және есеп-фактуралары) ұсынады.
13. Әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, жергілікті атқарушы орган мен тасымалдаушы арасындағы шартқа сәйкес уәкілетті орган ай сайын жүргізеді.
14. Субсидияларды төлеу:
1) ұйымның басшысы, бас бухгалтері куәландырған және мөрі басылған ай сайынғы Әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар бойынша нақты кірістер мен шығыстар туралы есеп;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орындалған жұмыстар актісі;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі су көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру бойынша тасымалдаушының тікелей шығыстары тізілімі негізінде жүргізіледі.
Субсидияларды төлеу тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген сомалар шегінде жүргізіледі.
15. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша ішкі су көлігімен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар маршруттар бөлінісінде кірістердің, шығындардың және іске қосылған активтердің бөлек есебін жүргізеді.
16. Маршрутты пайдалану процесінде шарттың талаптарын орындамаған тасымалдаушыларға, сондай-ақ маршрутты пайдалануға құқық жойылған кезде субсидияларды төлеу жүргізілмейді.
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
_________________________________________
(ұйымның атауы)
______________обл. (қаласы, ауданы) бойынша
201 __ жылға арналған
әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар бойынша
жоспарланған кірістер мен шығыстардың сомасы
мың теңге
Маршруттың атауы, № | Еңбекақы | Отын | Жағармай материалдары | ТҚ және ТЖ | Амортизация | Барлық шығыстар | Барлық кірістер | Шығындар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ұйымның басшысы
М О
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы есеп (ай сайын)
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 14 |
Кезең (ай) | Қатынас | Арақашықтық, км. | Жолаушылар айналымы жолаушы, км | 1 жолаушының өзіндік құны, км. | Тасымалданған жолаушылар | Маршрут үшін кіріс, мың тг. | Тасымалдаушының шығыстары, мың тг | Шығыстар жиыны, мың тг. |
20 __ жылға арналған
(жыл басынан бері)
жолаушыларды тасымалдауды орындау туралы есеп
1 | 2 | 3 | 4 | 10 | 11 | 12 | 14 | 15 | ||
Кезең (ай) | Қатынас | Арақашық тық, км. | Жолаушылар айналымы жолаушы, км | 1 жолаушының орташа өзіндік құны, км.тг | Тасы-мал данған жолаушылар | Маршрут үшін кіріс, мың тг. | Шығыстар жиыны, мың тг | Кірістермен өтелмейтін шығыстар, мың тг | ||
Барлығы | Жыл басынан төленген субсидииялар | Субсидиялауға жатады |
Тасымалдаушы
Бас бухгалтер
М О
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына 3-қосымша |
нысан
20____ жылғы "___" ___________
Орындалған жұмыстар актісі
Біз, төменде қол қойған
_____________________________________________________________________
(актілерді қабылдауға жауапты басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
бір тараптан және
_____________________________________________________________________
(басшының, бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.А.)
екінші тараптан, 20___ жылдың________ айы үшін осы орындалған
жұмыстар актісін жасадық.
Кемелер № | Рейстер саны | Жолаушылар айналымы | Маршрутты субсидиялау сомасы (мың тг.) | |||
флот үлгісі | флот үлгісі | флот үлгісі | флот үлгісі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Субсидиялау сомасы 20____жылғы_________айға
______________________________________________құрады
(сома цифрмен және жазумен теңгеде)
Тараптардың заңды мекенжайы:
Тасымалдаушы: Атқарушы орган:
ЖСН/БСН ЖСН/БСН
Банк деректемелері Банк деректемелері
_________________________ _________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.А.) (басшының қолы, Т.А.Ә.А.)
_________________________________ __________________________
(бас бухгалтердің қолы, Т.А.Ә.А.) (актіні қабылдауға жауапты
басшысының қолы, Т.А.Ә.А.)
М О М О
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
нысан
________________________ ___________жылғы___________ай үшін
(тасымалдаушының атауы)
Ішкі су көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша
тасымалдаушының тікелей шығыстарының тізілімі
(мың теңге)
Кезең | Шығыстар атауы | Шығыс құжаты | Шығыс құжаты бойынша сома | Субсидияланатын тасымалдар бойынша шығыстар сомасы |
Басшы _______________________________________________________________
Т.А.Ә.А. қолы
Бас бухгалтер________________________________________________________
Т.А.Ә.А. қолы