Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11753 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 4 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 23 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _____________ В. Школьник
      2015 жылғы 15 маусым

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 маусымдағы 
№ 15-4/513 бұйрығымен  
бекітілген        

Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе
қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып
қою және жою жөніндегі қағидалар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағына карантинді объектілердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою тәртібін айқындайды.
      2. Егер залалданған карантинге жатқызылған өнімді жеткізушіге қайтару мүмкін болмаған жағдайда, ал зарарсыздандыру немесе қайта өңдеу карантинді объектілерді толық жоюға кепілдік бермесе және олардың ену және таралу қаупі төнсе, бұл өнім алып қоюға және жоюға жатады.
      3. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі жасырынған немесе карантинді объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімнен бас тартқан жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді сақтау, әкету, немесе жою рәсімдеріне байланысты мәселелерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бір жұмыс күн ішінде шешеді.

2. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға
немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған
өнімді фитосанитариялық бақылау бекеттерінде
алып қою және жою тәртібі

      4. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде залалданған карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) алып қоюды карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алып қою актісін жасай отырып жүзеге асырады (бұдан әрі - № 1 алып қою актісі).
      5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор үш жұмыс күні ішінде № 1 алып қою актісін (қажет болған жағдайда Республикалық карантиндік зертхана берген фитосанитариялық сараптама куәлігін қоса бере отырып) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамында аумақтық бөлімше, мемлекеттік кіріс органдарының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тұрақты жұмыс істейтін залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия) жолдайды.
      6. Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия № 1 алып қою актісі негізінде:
      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;
      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;
      4) жергілікті атқарушы органның өкілдерін тарта отырып, залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін айқындайды.
      7. Карантинді объектілердің таралуын және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануын болдырмау мақсатында оларды сақтау мемлекеттік кіріс органдарының келісімі бойынша Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия айқындаған арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.
      8. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды өнім иесінің, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия жүзеге асырады.
      9. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді жою туралы актімен ресімделеді (бұдан әрі – № 1 жою туралы акт).
      № 1 жою туралы акт бес данада жасалады: біріншісі - аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – мемлекеттік кіріс органдары үшін, үшіншісі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі - карантинге жатқызылған өнім иесі үшін, бесіншісі - осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда - жергілікті атқарушы орган үшін.
      10. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға, жоюға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің, ал осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайда жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға
немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу
пункттерінде алып қою және жою тәртібі

      11. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде (бұдан әрі - автомобиль өткізу пункттері) залалданған карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) алып қоюды мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-4/263 бұйрығымен бекітілген, № 11746 Нормативтік құқықтық актілерді мемелекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген Зертханалық сараптаманы қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру және өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен мемлекеттік кіріс органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларында (бұдан әрі - Автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік фитосанитариялық бақылау қағидалары) белгіленген нысан бойынша және тәртіппен алып қою актісін жасай отырып жүзеге асырады (бұдан әрі - № 2 алып қою актісі).
      12. Автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы үш жұмыс күні ішінде № 2 алып қою актісін (қажет болған жағдайда Республикалық карантиндік зертхана берген фитосанитариялық сараптама куәлігін қоса бере отырып) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық бөлімшесі басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамында мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары, жергілікті атқарушы органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның өкілдері тұрақты жұмыс істейтін залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия) жолдайды.
      13. Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия № 2 алып қою актісі негізінде:
      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;
      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;
      4) жергілікті атқарушы органның өкілдерін тарта отырып, залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін айқындайды.
      14. Карантинді объектілердің таралуын және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануын болдырмау мақсатында оларды сақтау Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия айқындаған арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.
      15. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды өнім иесінің, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия жүзеге асырады.
      16. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі Автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік фитосанитариялық бақылау қағидаларында белгіленген нысан бойынша және тәртіппен карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді жою туралы актімен ресімделеді (бұдан әрі - № 2 жою туралы актісі).
      № 2 жою туралы акт төрт данада жасалады: біріншісі - автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган үшін, екіншісі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, үшіншісі - карантинге жатқызылған өнім иесі үшін, төртіншісі - осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда - жергілікті атқарушы органның өкілі үшін.
      17. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға, жоюға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің, ал осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайда жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға
немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасы аумағында алып қою және жою тәртібі

      18. Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) аумағында залалданған карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) алып қоюды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісін жасай отырып жүзеге асырады.
      19. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор үш жұмыс күні ішінде алып қою актісін (қажет болған жағдайда Республикалық карантиндік зертхана берген фитосанитариялық сараптама куәлігін қоса бере отырып) аумағында залалданған карантинге жатқызылған өнім анықталған аумақтық бөлімше басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамында аумақтық бөлімше, жергілікті атқарушы органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және сауда объектісі өкілдері тұрақты жұмыс істейтін залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия) жолдайды.
      20. Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия № 1 алып қою актісі негізінде:
      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;
      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;
      4) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін айқындайды.
      21. Карантинді объектілердің таралуын және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануын болдырмау мақсатында оларды сақтау жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия айқындаған арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.
      22. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды өнім иесінің қатысуымен Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия жүзеге асырады.
      23. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі № 1 жою туралы актімен ресімделеді.
      № 1 жою туралы актісі бес данада жасалады: біріншісі - аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – жергілікті атқарушы орган үшін, үшіншісі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі - карантинге жатқызылған өнім иесі үшін, бесіншісі - осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда - жергілікті атқарушы органның өкілі үшін.
      24. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға, жоюға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің, ал осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайда жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Карантинді объектілермен залалданған,
зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге
келмейтін карантинге жатқызылған өнімді
алып қою және жою жөніндегі қағидаларға
1-қосымша              

                                                            Нысан

_____________________________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының
аумақтық бөлімшесінің атауы)

Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе
қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді
алып қою туралы акті

Кімге: ______________________________________________________________
______________________________________________________________ иесіне
Осымен төменде санамаланған карантинге жатқызылған өнім мынадай
себептер бойынша алынатындығы куәландырылады:
өнім ___________________________________________________ залалданған.
Осы карантинге жатқызылған өнімнің импортына тыйым салынған.
Фитосанитариялық сертификат мынадай себептер бойынша жарамсыз:
_____________________________________________________________________
Басқа себептер: _____________________________________________________
Қабылданған шаралар: ________________________________________________
Жою _________________________________________________________________
Қайтару _____________________________________________________________
Залалсыздандыру _____________________________________________________
Тазалау _____________________________________________________________
Басқалары: __________________________________________________________
Алынған карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен саны:
(бүкіл өнім немесе оның бір бөлігі) _________________________________
Карантинге жатқызылған өнім туралы мәліметтер:
Экспорттаушының мекенжайы: __________________________________________
Карантинге жатқызылған өнімді алушының мекенжайы: ___________________
Айыру белгілері (таңбалау): _________________________________________
Жеткізу құралдары: __________________________________________________
№ _______________________________________ фитосанитариялық сертификат
_____________ берген (ұйымның атауы)    Берілген күні _______________

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік
инспектор   _____________ ______________________________________
               (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөр орны 20_ жылғы «___» _____________________

Карантинді объектілермен залалданған,
зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге
келмейтін карантинге жатқызылған өнімді
алып қою және жою жөніндегі қағидаларға
2-қосымша              

                                                            Нысан

Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе
қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған
өнімді жою туралы акті

Акт жасалған орын _____________ акт жасалған күн ____________________
Мынадай құрамдағы ___________________________________________________
____________________________________________________________ комиссия
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)
_____________________________________________________________________
             (карантинге жатқызылған өнімнің атауы, саны)
_____________________________________________________________________
  (карантинге жатқызылған өнім иесінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты
                               (бар болса)
_____________________________________________________________________
                      (жою әдісін, орнын көрсету)
______________________________________________________ жоюды жүргізді

Негізді _____________________________________________________________
                   (негізінде карантинге жатқызылған
_____________________________________________________________________
               өнім жойылғанын құжатты (нөмірін) көрсету)
Комиссия мүшелері: _________________________________________ ________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)  (қолы)
              ______________________________________________ ________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)  (қолы)
              ______________________________________________ ________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)  (қолы)
 
20 ____ жылғы «____»_________________

Карантинге жатқызылған өнім иесінің (өкілінің) қолы
_____________________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)
20 жылғы «____»_________________