Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11743 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 170-бабының 5-6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында трансплантологиялық көмекті одан әрі дамыту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 534 бұйрығына қосымша

Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және
тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының
тізбесін қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) донорлық стационар – тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға мәйіттік донорды кондициялау және дайындау бойынша кешендік іс-шараларды жүзеге асыратын медициналық ұйым;

      3) өңірлік транспланттау орталығы – тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының облыстарының және республикалық маңызы бар қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымы;

      4) республикалық транспланттау орталығы – ғылыми-зерттеу институттарының және ғылыми орталықтардың базасында, республикалық маңызы бар қалаларда тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша қызметтер көрсететін Қазақастан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымы;

      5) транспланттау орталығы (бұдан әрі – Орталық) – республикалық немесе өңірлік транспланттау орталығы;

      6) транспланттау бригадасы – "жалпы хирургия" мамандығы бойынша сертификаты бар және трансплантология, тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау және тасымалдау мәселелері бойынша біліктілігін артырудан өткен дәрігерлердің тобы, сондай-ақ жоғарыда аталған іс-шараларды толыққанды өткізу үшін көмегі қажет басқа мамандар (трансплантолог, перфузиолог, анестезиолог, реаниматолог дәрігерлер, операция мейіргерлері).

      7) тіндер мен жасушалар банкі (бұдан әрі – Банк) – тіндерді (тіннің бөлігін) алу, даярлау, сақтау, консервациялау, тасымалдау жөніндегі қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымы.

2. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау,
консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі
тізбеге денсаулық сақтау ұйымдарын қосу тәртібі

      3. Тізімге қосу үшін үміткер ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын критерийлер:

      1) трансплантология бейініне сәйкес бейінді бөлімшелері, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құрылымдылық бөлімшелері бар (кардиологиялық, пульмонологиялық, нефрологиялық, гепатологиялық және басқа) көп бейінді медициналық ұйымдардың базасында орналасқан;

      2) ағзалық функциялардың жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу үшін кемінде 10 төсегі бар;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қосымша мамандандырылған медициналық жабдықтармен жарақталған;

      4) ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, трансплантология саласында инновациялық медициналық технологияларды әзірлеу мен енгізу мақсатында клиникалық база ретінде пайдаланылатын;

      5) ағзаны қондыру операцияларын жүргізу бойынша кемінде екі операция жүргізу бригадасы және кемінде екі транспланттау жүргізу бригадасы бар;

      6) Орталықтың мамандары мен көп бейінді медициналық ұйымдардың мамандары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ең төменгі біліктілік критерийлеріне сәйкес келеді.

      4. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы "Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы" мекемесіне (бұдан әрі – ТРҮО) қарауға мынадай құжаттардың тізбесін жібереді:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қойылатын медициналық жабдықтардың және мамандардың біліктілігінің болуына медициналық ұйымдардың сәйкестігі туралы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаментінің қорытындысы;

      2) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

      3) қосымша мамандандырылған жабдықтардың тізбесі;

      4) үй-жайдың болуы туралы құжаттар;

      5) медициналық персоналдар туралы мәліметтер (жеке еңбек шарттарының көшірмесі, еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелері, мамандардың сертификаттарының көшірмелері, білімдері туралы, оның ішінде біліктілікті арттырудан өткені туралы құжаттардың көшірмелері);

      6) HLA-типтеу нәтижелерімен "күту парағы" бойынша мәліметтер;

      7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізілген транспланттаулар туралы мәліметтер;

      8) "Жалпы хирургия (трансплантология)" мамандығы бойынша мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары;

      9) транспланттау бригадаларын тасу және ағзаларды (ағза бөліктерін) тасымалдау үшін мамандандырылған санитариялық автокөліктің болуы туралы мәлімет.

      5. Құжаттарды ұсынғаннан кейін ТРҮО оларды қарап және бес жұмыс күні ішінде тізбеге кіргізу туралы ұсыным береді.

      6. ТРҮО құжаттарды қорытындымен қоса денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның Медициналық-экономикалық кеңесінің (бұдан әрі – МЭК) қарауын енгізеді.

      7. МЭК келіскен жағдайда денсаулық сақтау ұйымы уәкілетті органның бұйрығымен Тізбеге енгізеді.

      8. Теріс қорытынды болған жағдайда уәкілетті орган 5-күндік мерзімде ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және транспланттау жөніндегі қызметті көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

3. Транспланттау мақсатында мәйіттерден тіндерді (тіннің
бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу және
консервациялау жөніндегі тізбеге денсаулық сақтау ұйымдарын
қосу тәртібі

      9. Тізбеге қосу үшін үміткер транспланттау мақсатында мәйіттерде тіндерді (тіннің бөлігін) және және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу және консервациялау жөніндегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына (донорлық стационарларға) қойылатын критерийлер:

      1) құрамында реанимация, қарқынды терапия, кардиореанимация бөлімшелері, инсульт орталықтары немесе нейрожарақаттар, полижарақаттар, нейрохирургия (бас миының оқшауланған қатерсіз ісіктері) бөлімшелері бар;

      2) республикалық немесе облыстық маңызы бар қалаларда, облысаралық тас жол магистралінің бойында орналасқан.

      10. Транспланттау мақсатында мәйіттен тіндерді (тіннің бөлігін) және және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу жөніндегі қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымы ТРҮО қарауына мынадай құжаттарды жібереді:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қойылатын медициналық жабдықтардың және мамандардың біліктілігінің болуына медициналық ұйымның сәйкестігі туралы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаментінің қорытындысы;

      2) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

      3) транспланттау бригадаларын тасу және ағзаларды (ағза бөліктерін) тасымалдау үшін мамандандырылған санитариялық автокөліктің болуы туралы мәлімет.

      11. Құжаттарды ұсынғаннан кейін ТРҮО оларды қарап және бес жұмыс күні ішінде тізімге қосу жөнінде ұсыныс береді.

      12. ТРҮО құжаттарды қорытындымен МЭК қарауына енгізеді.

      13. Теріс қорытынды болған жағдайда уәкілетті орган 5-күндік мерзімде транспланттау мақсатында мәйіттерден ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау жөніндегі қызметті көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

4. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау,
консервациялау, тасымалдау жөніндегі тізбеге денсаулық
сақтау ұйымдарын қосу тәртібі

      14. Тізбеге қосу үшін үміткер тіндерді (тіннің бөлігін) дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын критерийлер:

      1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар адам Банктің басшысы болып табылады;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Банк үшін мамандандырылған медициналық жабдықтармен жарақталады;

      3) тіндерді (тіннің бөлігін) сұйық азотта сақтаған жағдайда сақтауға арналған үй-жайлар газ анализаторының дабылы бойынша автоматты түрде қосылатын сору желдеткіші мен апатты желдеткіштің дербес жүйесімен жабдықталады;

      4) Банктің электр жабдығы электр жабдығының резервтік көзінің болуын көздейді.

      15. Тізбеге қосу үшін Денсаулық сақтау ұйымы ТРҮО қарауға мынадай құжаттарды жібереді:

      1) басшы туралы мәліметтерді (жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, басшыны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі);

      2) мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

      1) мамандандырылған жабдықтардың тізбесі;

      2) үй-жайлардың болуы туралы құжаттар;

      3) медициналық персоналдар туралы мәліметтер.

      16. Құжаттарды ұсынғаннан кейін ТРҮО оларды қарап және бес жұмыс күні ішінде Тізбеге қосу туралы ұсыным береді.

      17. ТРҮО құжаттарды қорытындымен МЭК қарауына енгізеді.

      18. Теріс қорытынды болған жағдайда уәкілетті орган 5-күндік мерзімде транспланттау мақсатында мәйіттерден ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау жөніндегі қызметті көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымына жазбаша бас тартуды жібереді.

      19. Тізбеге қосылған Банктер мынадай жағдайларда алынып тасталады:

      1) Банкті тарату, қайта ұйымдастыру;

      2) Банктің жазбаша бас тартуы.

      20. Банктер таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда бір айдың ішінде ТРҮО мен уәкілеттік органды хабардар етеді.

5. Қорытынды ережелер

      21. Тізбені осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның ресми сайтында жарияланады (www.mzsr.gov.kz).

      22. ТРҮО жылына бір рет, 1 қарашадан кешіктірмей, осы Қағидалардың 7-қосымшаға сәйкес Орталық қызметінің Орталықтардың жұмыстарын бағалау индикаторларына сәйкестігіне талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша ұсыным беріп, МЭК қарауына енгізіледі.

  Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау,
алу, сақтау, консервациялау, тасымалдау
және транспланттау жөніндегі денсаулық
сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру
қағидаларына 1-қосымша

Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің міндетті тізбесі

      1) консультациялық-диагностикалық бөлімше (кабинет);

      2) қабылдау бөлімшесі;

      3) клиникалық-диагностикалық зертхана;

      4) клиникалық иммунология зертханасы (типтеу);

      5) микробиологиялық зертхана;

      6) функционалдық диагностика бөлімшесі;

      7) эндоскопия бөлімшесі;

      8) эфференттік терапия бөлімшесі;

      9) сәулелік диагностикалық бөлімше;

      10) қан құю бөлімшесі (қан банкі);

      11) зарарсыздандыру бөлімшесі;

      12) анестезиология-реаниматология бөлімшесі;

      13) операциялық блок;

      14) инфекциялық бақылау кабинеті;

      15) оңалту және қалпына келтіріп емдеу бөлімшесі;

      16) патологоанатомиялық бөлімше;

      17) дәріхана;

      18) санитариялық авиация (бар болса) бөлімшесі.

  Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау,
алу, сақтау, консервациялау, тасымалдау
және транспланттау жөніндегі денсаулық
сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру
қағидаларына 2-қосымша

Орталық үшін қосымша мамандандырылған медициналық жабдықтардың
тізбесі

р/с

Атауы

Талап етілетін саны, дана

жүректі транспланттау үшін

1.

Гемодиализ бен гемодиафильтрацияға арналған аппарат

кемінде 2

2.

Аортаішілік баллонды контрпульсатор үшін аппарат

2

3.

Қанның центрифугалық сорғышы

кемінде 2

4.

Донорлық жүректі тасымалдау үшін аппарат

1

бауырды транспланттау үшін

5.

Байпас – қанайналымын айналуға арналған аппарат

1

6.

Молекуларлық-адсорбциялау-айналу жүйесі

1

өкпені транспланттау үшін

7.

Экстракорпоралдық мембраналық оксигенациялауға арналған аппарат

1

бүйрек пен ұйқы безін транспланттау үшін

8.

Лазерлік литотриптер

1

9.

Пневматикалық литотриптер

1

10.

Ригидтік фиброуретероскоппен нефроскопияға арналған жиынтық

1

11.

Гибкимфиброуретероскоппен нефроскопияға арналған жиынтық

1

жалпы жабдықтар

12.

Масс-спектрометр

1

13.

4-арналық ағымды цитоспектрофлюориметр

1

14.

Көп арналы амплификатор (термоциклер)

1

15.

Блот-гибридизатор

1

16.

Нақты уақыттағы ПТР арналған көп арналы термоциклерм

1

17.

Автоматты иммуноферменттік анализатор

1

18.

Доплермен сараптама класындағы ультрадыбыстық диагностикалау аппараты

кемінде 2

19.

Компьютерлік томограф (бауыр көлемін волюметрияны-есепке алумен

1

20.

Магниттік-резонанстық томограф

1

21.

Ангиограф

1

22.

Қанда тазалау мен аутотрансфузиялау үшін жүйе

2

23.

Венаішілік ерітінділер мен қан препараттарын қыздыруға арналған аппарат

2

24.

Мобилдік рентгенографиялық жүйе

1

25.

Операциялық коагулятор

2

26.

Хирургиялық аспирациялық соруы

2

27.

Төсек жанындағы монитор (АҚ инвазивтік анықтаумен және газ анализаторларымен)

4

28.

Төсек жанындағы монитор (АҚ инвазивтік анықтаумен және газ анализаторларымен)

4

29.

Дәрілік заттарды мөлшерлегіш (FM-station)

10

30.

Жылжымалы көліктік контейнер

кемінде 4

31.

Суық элементтермен изотермиялық контейнер

кемінде 5

32.

Көліктік тоңазытқыш

6

33.

Стационарлық тоңазытқыш

кемінде 2

34.

Доплермен сараптама класындағы мобилдік ультрадыбыстық аппарат

1 (+1)

35.

Қышқыл-сілті жағдай анализаторы

1

36.

Автоматтық режімдегі үш арналы электрокардиограф

1

37.

Жедел медициналық көмекке арналған портативті өкпені жасанды желдету аппараты

2

38.

Арнайы дабылымен санитариялық көлік (арнайы жабдықталған)

кемінде 1

39.

Медициналық үстелдік таразылар

2

40.

Бинокулярлық лупалар (2,5х, 4х, 6х)

5

41.

Микрохирургиялық аспаптар жиынтығы

2

42.

Тамырлық құралдар жиынтығы

2

43.

Кавитациялық ультрадыбыстық хирургиялық аспиратор

1

44.

Балаларға арналған наркоздық аппарат

2

45.

С-доға рентгенологиялық аппарат

1

46.

Аргоноплазмалық коагулятор

1

47.

Тұтқалар жиынтығымен үйлесімді ультрадыбыстық скальпель

2

48.

Балаларға арналған операция үстеліндегі пациентті жылыту жүйесі

2

49.

Эндобейнехирургиялық лапароскопиялық араласуларға арналған тірек (донорлардан ағзаларды алу – бауыр, бүйрек)

1

50.

Хирургиялық аспаптар жиынтығы – миниассистент (жараны кеңейткіштер)

1

51.

Артериялық қысымды, электрокардиогрмманы, бақылау, оттегімен қанықтыру өлшемдерімен пациентті бақылауға арналған монитор

2

52.

Пациенттің құрғақ салмағын анықтауға арналған таразы

1

  Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау,
алу, сақтау, консервациялау, тасымалдау
және транспланттау жөніндегі денсаулық
сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру
қағидаларына 3-қосымша

Орталықтың мамандарына қойылатын ең төменгі біліктілік
критерийлері

р.с.

Бейін бойынша трансланттау орталығы

Біліктілік талаптары

1

Бауырды транспланттау

1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, бауырды (БТ) транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру, транспланттау бөлімшесіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша маман сертификаты;

2) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Анестезиология-реаниматология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), БТ жүргізу кезінде анестезиологиялық қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру, "Анестезиология-реаниматология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

3) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Гастроэнтерология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), гепатология бойынша біліктілікті арттыру, трансплантология (пациенттерді іріктеу, алып жүру және оңалту) бойынша даярлық, "Гастроэнтерология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

4) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Терапия", "Кардиология (ересектер, балалар), оның ішінде интервенциялық", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша маман сертификаты;

5) "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік ісі") мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) медициналық білім, арнайы мамандығы бойыша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және орта дейгейлі біліктілікпен маман сертификаты, трансплантологиялық операцияларды қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда бауырды транспланттау бойынша біліктілікті арттыру.

2

Бүйректі транспланттау

1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, бүйректі (БТ) транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру; транспланттау бөлімшесіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша маман сертификаты;

2) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), бүйректі трансплантау жүргізу кезінде анестезиологиялық қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

3) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Нефрология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), гепатология бойынша біліктілікті арттыру, трансплантология (пациенттерді іріктеу, алып жүру және оңалту) бойынша даярлық, "Эндокринология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты; "Терапия", "Кардиология (ересектер, балалар), оның ішінде интервенциялық", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша маман сертификаты; мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

4) "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік іс") мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) медициналық білім, тиісті мамандық бойынша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік білімі, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және орта дейгейлі біліктілікпен маман сертификаты, трансплантологиялық операцияларды қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда тіндерді транспланттау бойынша біліктілікті арттыру.

3

Жүректі транспланттау

1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, жүректі (ЖТ) транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып, біліктілікті арттыру; транспланттау бөлімшесіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша маман сертификаты;

2) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), жүректі транспланттау жүргізу кезінде анестезиологиялық қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

3) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Кардиология (ересектер, балалар)", оның ішінде интервенциялық" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология бойынша біліктілікті арттыру, трансплантология (пациенттерді іріктеу, алып жүру және оңалту) бойынша біліктілігін арттыру, "Эндокринология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты; "Терапия", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша мамандық сертификаты; мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

4) "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік іс") мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) медициналық білім, тиісті мамандық бойыша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік білімі, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және орта дейгейлі біліктілікпен маман сертификаты, трансплантологиялық оталарды қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда тіндерді транспланттау бойынша біліктілікті арттыру.

4

"Жүрек пен өкпе" кешенін транспланттау

1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, "жүрек пен өкпе" кешенін транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып, біліктілікті арттыру; транспланттау бөлімшесіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша маман сертификаты;

2) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), жүрек-өкпені транспланттау жүргізу кезінде анестезиологиялық қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру, "Анестезиология-реаниматология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

3) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Кардиология (ересектер, балалар)", оның ішінде интервенциялық" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), трансплантология бойынша (пациенттерді іріктеу, алып жүру және оңалту) дайындық, "Эндокринология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты; "Нефрология (ересектер, балалар)", "Терапия", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша маман сертификаты; мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

4) "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік іс") мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) медициналық білім, тиісті мамандық бойынша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және орта дейгейлі біліктілікпен маман сертификаты, трансплантологиялық операцияларды қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда "жүрек-өкпе" кешенін транспланттау бойынша біліктілікті арттыру.

5

Ұйқыбезді транспланттау

1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, атап айтқанда ұйқыбезді транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып, біліктілікті арттыру; транспланттау бөлімшесіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша маман сертификаты;

2) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), "жүрек-өкпе" кешенін транспланттау жүргізу кезінде анестезиологиялық қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

3) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білімі, "Кардиология (ересектер, балалар)", оның ішінде интервенциялық" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология бойынша біліктілікті арттыру, трансплантология (пациенттерді іріктеу, алып жүру және оңалту) бойынша біліктілігін арттыру, "Эндокринология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты; "Терапия", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша мамандық сертификаты; мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес;

4) "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік іс") мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) медициналық білім, тиісті мамандық бойыша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік білімі, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және, трансплантологиялық операцияларды қамтамасыз ету бойынша, трансплантологиялық операцияларды, атап айтқанда ұйқыбезді транспланттауды қамтамасыз ету бойынша біліктілігін арттыру.

6

Мөлдірқабақты транспланттау

1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалану, атап айтқанда мөлдірқабақты транспланттау бойынша біліктілікті арттыру, транспланттау бөлімшесіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша маман сертификаты;

2) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), офтальмологиялық операция жүргізу кезінде анестезиологиялық қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру, "Анестезиология-реаниматология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

3) "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік іс") мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) медициналық білім, тиісті мамандық бойыша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және орта дейгейлі біліктілікпен маман сертификаты, офтальмологиялық операцияларды, атап айтқанда мөлдірқабақты қондыруды қамтамасыз ету бойынша оқудан өткендердің трансплантологиялық операцияларды қамтамасыз ету бойынша біліктілігін арттыру.

7

Тіндерді транспланттау

1) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білімі, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), трансплантология мәселелері, кадаврадан ағзаларды алу және донорлық ағзаларды тасымалдау, оның ішінде адам ағзаларын тасымалдау бойынша, атап айтқанда тіндерді транспланттау бойынша мамандандырылған жабдықтарды пайдалана отырып біліктілікті арттыру; транспланттау бөлімшесіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша маман сертификаты;

2) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), тіндер мен бүйректі транспланттау жүргізген кезде анестезиологияны қамтамасыз ету бойынша біліктілікті арттыру, "Анестезиология-реаниматология ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

3) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, "Гастроэнтерология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), гепатология бойынша біліктілікті арттыру, трансплантология (пациенттерді іріктеу, алып жүру және оңалту) бойынша біліктілікті арттыру, "Гастроэнтерология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша маман сертификаты;

4) "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары/негізгі медициналық білім, мамандық бойынша интернатура, резидентура (клиникалық ординатура), қайта даярлау (мамандандыру), мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, "Терапия", "Кардиология (ересектер, балалар)", оның ішінде интервенциялық", "Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар), "Гематология (ересектер)", "Клиникалық зертханалық диагностика", "Сәулелік диагностика", "Функционалдық диагностика", "Патологиялық анатомия (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша маман сертификаты;

5) "Мейіргер ісі" (немесе "Емдеу ісі", "Акушерлік іс") мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) медициналық білім, тиісті мамандық бойыша маман сертификаты немесе "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандығы бойынша жоғары дәрігерлік білім, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша бакалавриат және орта деңгейлі біліктілікпен маман сертификаты, трансплантологиялық операцияларды қамтамасыз ету бойынша, атап айтқанда тіндерді транспланттау бойынша біліктілікті арттыру.

  Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау,
алу, сақтау, консервациялау, тасымалдау
және транспланттау жөніндегі денсаулық
сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру
қағидаларына 4-қосымша

Жүргізілген транспланттаулар туралы мәліметтер ________________________________

      (медициналық ұйым)

р.с..№

реципиенттің Т.А.Ә.

реципиенттің ЖСН

реципиенттің мекен-жайы

қан тобы (AB0)


транспланттау жүргізілген күні

транспланттаудың түрлері

қандай ағза қондырылған?

тірі донордан

мәйіттік донордан

оң бүйрек

сол бүйрек

бауыр

бауырдың бөлігі

ұйқыбез

жүрек

сол өкпе

оң өкпе

жіңішке ішек

басқалар






































      кестенің жалғасы

қандай тін, жасушалар қондырылған?

транспланттаудан кейінгі асқынулар

реципиенттің Т.А.Ә.

реципиенттің қан тобы (AB0)

Зертханалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігінің болуы

Иммуносупреесорлармен қамтамасыз ету

дің жасушалары

феталдық жасушалар

мөлдірқабақ

тері

шеміршек тін

сүйек тіні

басқа тіндер

жақындағы

алыс



























  Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау,
алу, сақтау, консервациялау, тасымалдау
және транспланттау жөніндегі денсаулық
сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру
қағидаларына 5-қосымша

Банк үшін мамандандырылған медициналық жабдықтардың тізбесі

р/с №

Атауы

Талап етілетін саны, дана

1.

Дьюар криоқоймасы

1

2.

Нәрестелерге арналған реанимациялық үстел

2

3.

Бағдарламаланған криомұздатуға арналған аппарат

1

4.

Рефрижераторлық центрифугалар

1

5.

Төмен температуралық рефрижераторлар

1

6.

Температуралық режимдегі автоматтық мониторингілеумен тоғазытқыш қондырғы (+4-60С)

1

7.

Түтіктерді зарарсыздандырылған бекітуге арналған қондырғы

1

8.

Кіру-сору желдеткішпен ламинарлық шкаф

1

  Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау,
алу, сақтау, консервациялау, тасымалдау
және транспланттау жөніндегі денсаулық
сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру
қағидаларына 6-қосымша

Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және
тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың
бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының
тізбесі

1. Ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алуға, дайындауға, сақтауға, консервациялауға, тасымалдауға және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға жіберілген денсаулық сақтау ұйымдары

р.с.№

Медициналық ұйымдардың атауы

Транспланттау*

бүйрек

бауыр

жүрек

жүрек-өкпе

ұйқыбез

тірі донордан

мәйіттік донора

тірі донордан

мәйіттік донора

1

2

3*

4*

5*

6*

7*

8*

9*



















2. Базасында мәйіттерден транспланттау мақсатында тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау жүргізілетін денсаулық сақтау ұйымдары (донорлық стационарлар)

р.с.№

Медициналық ұйымдардың атауы

Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (тіркеу № және беру күні)

Мекен-жайы, телефондары

Басшының Т.А.Ә.

Ескертпе

1

2

3

4

5

6













3. Тіндерді (тіннің бөлігін) алу, дайындау, сақтау, тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары

р.с. №

Медициналық ұйымның атауы

Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама,жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (тіркеу № және берілген күні)

Мекенжайы, телефоны

Басшының Т.А.Ә.

Тіндердің (тіннің бөлігін) атауы

1

2

3

4

5

6














      3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-бағандарда "рұқсат етілді", "тыйым салынды" деген сөздер жазылады

      "Ескертпе" бағанында донорлық стационардан әуежайға дейін және кері қозғалыс бағытының болуы көрсетіледі

  Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе)
ағзаларды (ағзалардың бөлігін) дайындау,
алу, сақтау, консервациялау, тасымалдау
және транспланттау жөніндегі денсаулық
сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру
қағидаларына 7-қосымша

Транспланттау орталықтарының жұмыстарын бағалау индикаторлары*

Транспланттау

Саны бойынша бағалау

Саны бойынша бағалау

жылына транспланттаулар орындалған саны

Бағалау нәтижесі

Жылына өміршеңдік

Бағалау нәтижесі

бүйректер

жылына <10 операция

ескерту

5 жылдың ішінде пациенттің өміршеңдігі <90% және трансплантет >80%

ескерту

2 жыл қатарынан <10 операция

Транспланттау орталықтарының тізімінен алып тастау

пациенттің <85% және транспланттанттың >75% екі жылдық өміршеңдігі

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау

операциядан кейінгі 15-30 күннің ішінде хирургиялық себептер бойынша өлім

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою

бауыр

жылына <5 операция

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою жөніндегі ұсыным

бірінші жылдағы пациенттік өміршеңдігі <75%

ескерту

<75% пациенттің өміршеңдігі

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою

пациенттің бірінші жылдағы >50% өміршеңдігі

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою

жүрек

жылына <5 операция

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою жөніндегі ұсыным

пациенттің бірінші жылдағы <75% өміршеңдігі

ескерту

жүрек-өкпе

бірінші жылы операцияның болмауы

ескерту

пациенттің бірінші жылдағы <75% өміршеңдігі

ескерту

екінші жылы операцияның болмауы

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою жөніндегі ұсыным

өкпе

бірінші жылы операцияың болмауы

ескерту

бірінші жылы пациенттің өміршеңдігі <75%

ескерту

екінші жылы операцияның болмауы

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою жөніндегі ұсыным

Ұйқы безі

<жылына 1 операция

ескерту

бірінші жылы пациенттің өміршеңдігі <85%

ескерту

<екінші жылда 1 оперция

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою жөніндегі ұсыным

бірінші жылдағы пациенттің өміршеңдігі <75%

Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарып тастау, лицензияның күшін жою

Кадрларды даярлау

Әрбір транспланттау орталығы жылына бейін бойынша бір трансплантологты дайындайды. 2 жылда жаңа кадрлар болмаған жағдайда, ҰР ДС ӘДМ Транспланттау орталықтарының тізімінен шығарады және лицензиясының күшін жояды.


      *Бұл бағалау индикаторлары балалар трансплантологиясы бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты емес.