Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11742 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      Министр                                    Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 19 маусым

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму 
министрінің       
2015 жылғы 30 сәуірдегі  
№ 561 бұйрығымен бекітілген
1-қосымша         

«Пайдаланушы сертификатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру – күнтізбелік тоқсан күн;
      пайдаланушы сертификатының телнұсқасын (бұдан әрі - сертификат телнұсқасы) беру – екі жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сертификатын (сертификат телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
      Пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.
      Пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері штат санына байланысты мыналарды құрайды:
      50 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1144 айлық есептік көрсеткіш;
      51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1232 айлық есептік көрсеткіш;
      201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1272 айлық есептік көрсеткіш;
      401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1319 айлық есептік көрсеткіш;
      601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1363 айлық есептік көрсеткіш;
      1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1407 айлық есептік көрсеткіш;
      2001 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 1458 айлық есептік көрсеткіш.
      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
      8. Мыналардың жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
      өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      пайдаланушы сертификатын бастапқы алу үшін:
      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төленгенін растайтын құжат;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі* немесе анықтама.
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      4) пайдаланушының бірінші басшы қол қойған қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
      5) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі;
      6) көрсетілетін қызметті алушының мынаны:
      көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы;
      жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстарын түрлері;
      ұшу жұмысын ұйымдастыру;
      ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
      ұшуды қамтамасыз ету;
      ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігі;
      техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;
      әуе кемелерінің әзірлігі;
      авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспар қамтитын ақпараты;
      7) ұйымдық құрылымы, басқару құрылымы мен қызметі, Т.А.Ә.А. (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
      8) мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
      ұшу қауіпсіздік бойынша қызметі;
      ұшу қызметі;
      ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша қызметі;
      жер үсті қамтамасыз ету бойынша;
      персоналды даярлау бойынша;
      авиациялық қауіпсіздігі бойынша;
      бортсеріктер қызметі (бар болса);
      сапаны бақылау бойынша;
      9) түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
      10) авиациялық персонал бойынша ақпарат;
      11) ұшуды жүргізу бойынша нұсқау;
      12) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау;
      13) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
      14) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент);
      15) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
      16) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
      17) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
      18) ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;
      19) жұмыс түрлерін көрсете отырып, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттардың тізбесі;
      20) сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың тізбесі.
      пайдаланушы сертификатын кезекті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының өзгерістер мен жаңартулар орын алған осы тармақта көрсетілген, құжаттармен бірге өтінімді ұсынады.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, пайдаланушы сертификаты, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Сертификатын телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатын (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
      Порталға:
      сертификат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
      1) электрондық көшірмелері:
      ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайын қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төленгенін растайтын құжат;
      пайдаланушының бірінші басшы қол қойған, қызметтің сертификаттық талаптарға, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттеме;
      көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты;
      ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен қызметі, Т.А.Ә.А. (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
      мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
      ұшу қауіпсіздік бойынша қызметі;
      ұшу қызметі;
      ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша қызметі;
      жер үсті қамтамасыз ету бойынша;
      персоналды даярлау бойынша;
      авиациялық қауіпсіздік бойынша;
      бортсеріктер қызметі (бар болса);
      сапаны бақылау бойынша;
      Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
      әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
      сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша шарттар;
      бекіту мен келісудің титул парақтары:
      ұшуды жүргізу бойынша нұсқау;
      сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограммнан асатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау;
      техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент);
      пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
      2) көрсетілетін кызметті алушының электрондық түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
      көрсетілетін қызметті алушының негізгі деректері мен құрылтайшысы;
      жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстарын түрлері;
      ұшу жұмысын ұйымдастыру;
      ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
      ұшуларды қамтамасыз ету;
      ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы;
      техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы;
      әуе кемелерінің даярлығы;
      авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары;
      түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
      авиациялық персонал;
      ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету;
      жұмыс түрлері көрсете отырып, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттардың тізбесі;
      пайдаланушы сертификатың телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатының электрондық көшірмесін (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінім.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз боп табылады:
      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінім мен құжаттар топтамасы осы стандартын 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
      көрсетілетін қызметті алушының қызметі сертификаттық талаптарға сәйкес келмейді;
      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуді тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешім (үкім) бар.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-40-01, қабылдау бөлмесінің факсы: 8 (7172) 75-40-00.
      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Пайдаланушы сертификатын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына қосымша       

Нысан

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы
пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға өтінім
Кандидат толтырады

Алғашқы беру
Кезекті беру

1. Жалпы ақпарат

1. Компанияның ресми атауы және саудалық атауы (егер ерекшеленсе):

2. Телефон, факс және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, негізгі қызмет орнының мекенжайы.

Көрсетілетін қызметті алушы
ПС №



Пайдаланушы


Компанияның мекенжайы:
пошталық мекенжайы:

Қосымша қызметтік мекенжайы:



телефон, факс


Қызмет түрі:

электрондық пошта мекенжайы:



3. Болжамды жұмысты бастау күні:

4. Айрықша тәртіпте ұшу-пайдалану агенттігі үшін сұрау салынған шартты белгілер (алғашқы беру):


a)

b)

c)

5. ИКАО/ИАТА коды (3 әріпті код/егер болса, 2 әріпті)


6. Басшылар және негізгі қызметкерлер

Тегі

Лауазымы

Телефон, факс, электрондық поштасы


1) Пайдаланушының басшысы



2) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясының басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



3) Ұшу қызметінің басшысы



4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі басшысы



5) Жер үсті қызмет көрсету жөніндегі басшы немесе тағайындалған жауапты тұлға



6) Персоналды даярлау жөніндегі қызметтің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



7) Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға



8) Бортсеріктер қызметінің басшысы (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшін)



9) Сапаны бақылау қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға


2. Көрсетілетін қызметті алушының техникалық қызмет көрсету және тасымалдар түрлері

7. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуді өз бетімен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетуді шарттар негізінде орындауды жоспарлап отыр

8. Ұсынылатын тасымалдар түрлері:

Жолаушылар және жүк
Жүк
Пошта жөнелтілімдері

3. Әуе кемелері және болжанатын ұшу аудандары туралы ақпарат

9. Әуе кемелері туралы деректер (жеке, жалданған):

10. Болжанатын географиялық ұшу ауданы(-дары):
EUR AFI
NAT NAM
CAR SAM
MID ASIA
PAC AUS
POLAR

1) Түрі, моделі және версиясы бойынша әуе кемелерінің саны:

2) Жолаушылар креслосының саны және/немесе пайдалы жүктеме (кг., тонн)

ӘК ұлттық айырым және тіркеу белгілері:

ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшып көтерілу массасы (MTOW):


ӘК жалдау

шарт №


-ден


дейінгі лизинг

Әуе кемелері иесінің атауы:
Заңды мекенжайы:


4. Ұшу түрлері, арнайы шектеулер мен рұқсат беру туралы ақпарат

Ұшу түрлері:

тұрақты ішкі
тұрақты халықаралық
тұрақты емес ішкі
тұрақты емес халықаралық

Арнайы шектеулер:

Арнайы рұқсат берулер/Мақұлдау:


RVR (m)


DH (м/ft)


LVTO RVR (m)


Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер


MNPS


P-RNAV


BRNAV


RNP


RVSM


TCAS


EGPWS


GNSS


LRNS


VOR


IRU/IRS


DME

EDTO: Бастапқы уақыт


Min

ара қашықтығы


NM

Қосалқы әуеайлаққа дейін ең ұзақ ұшу уақыты


non-EDTO


Min

GPS Approach

EFB


Қауіпті жүктер





5. Авиациялық персоналды дайындау туралы ақпарат

Ұсынылатын персонал дайындығы (ұшу персоналына арналған пилотажды тренажерлер және/немесе кабиналық персоналға арналған тренажерлық қондырғылар):

Қолы:

Күні:

Тегі және лауазымы:

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган толтырады

Мынадай құжаттар қоса берілген өтінім түскен күн:


Тіркеу нөмірі:


Жауапты лауазымды адам:


      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________

20 __ жылғы «___» _____________

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму 
министрінің       
2015 жылғы 30 сәуірдегі  
№ 561 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша         

«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру – күнтізбелік алпыс күн;
      авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік телнұсқасын (бұдан әрі - куәлік телнұсқасы) беру – екі жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлік (куәлік телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
      Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.
      Штат санына байланысты авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
      50 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 743 айлық есептік көрсеткіш;
      51 адамнан 200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 831 айлық есептік көрсеткіш;
      201 адамнан 400 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 871 айлық есептік көрсеткіш;
      401 адамнан 600 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 918 айлық есептік көрсеткіш;
      601 адамнан 1200 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 962 айлық есептік көрсеткіш;
      1201 адамнан 2000 адамды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 1006 айлық есептік көрсеткіш;
      2001 адамнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 1057 айлық есептік көрсеткіш.
      Алым төлемі* екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асыруға болады.
      Ескерту: *женіл және аса женіл авиация пайдаланушылар төлем жинау тек бастапқы сертификаттау кезінде жүзеге асырылады.
      8. Мыналардың жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
      өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      куәлікті бастапқы алу үшін:
      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайда қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төленгенін растайтын құжат;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      4) пайдаланушының бірінші басшы қол қойған қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаулардың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
      5) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының көшірмесі және құрылтай шартының көшірмесі;
      6) көрсетілетін қызметті алушының мынаны:
      көрсетілетін қызметті алушының қызметінің негізгі орнын;
      ұшудың болжамды түрлерін;
      ұшу жұмысын ұйымдастыруды;
      ұшу жарамдылығын қолдау жүйесін;
      ұшуды қамтамасыз етуді;
      ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігін;
      техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
      әуе кемелерінің әзірлігін қамтитын ақпараты;
      7) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә.А. (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;
      8) мынадай:
      ұшу пайдалану;
      ұшу қауіпсіздігі;
      ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі;
      сапаны бақылау жөніндегі;
      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
      персоналды даярлау жөніндегі басшылар тағайындалғанын растайтын құжаттар;
      сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан және кем болатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушыға үшін мынадай:
      ұшу пайдалану;
      ұшу қауіпсіздігі;
      ұшу жарамдылығын қолдау;
      авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі басшылар тағайындалғанын растайтын құжаттар;
      9) түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
      10) авиациялық персонал бойынша ақпарат;
      11) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
      12) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы;
      13) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
      14) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
      15) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
      16) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарлама;
      17) жұмыс түрлері көрсетілген, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
      18) сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылығын қолдауға арналған шарттарының тізбесі;
      куәлік кезекті алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының өзгерістер мен жаңартулар орын алған осы тармақта көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді береді.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері көрсетілетін қызметті берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
      Жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, авиациялық жұмыстарды орындауға куәлікті, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификатын, радиостанция сертификатын қызмет көрсетуші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік информациялық жүйелерден алады.
      Куәлік телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
      Порталға:
      куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
      1) электрондық көшірмелерін:
      ЭҮТШ арқылы осындай төлем жағдайда қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін төленгенін растайтын құжат;
      пайдаланушының бірінші басшы қол қойған қызметтің сертификациялық талаптарға, Нұсқаулардың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
      көрсетілетін қызметті алушының жарғысы және құрылтай шарты;
      ұйымдық құрылымы, басқару құрылымы мен қызметі, Т.А.Ә.А. (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
      мынадай:
      ұшу пайдалану;
      ұшу қауіпсіздігі;
      ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі;
      сапаны бақылау жөніндегі;
      авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
      персоналды даярлау жөніндегі басшылар тағайындалғанын растайтын құжаттар;
      сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан және кем болатын әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушыға үшін мынадай:
      ұшу пайдалану;
      ұшу қауіпсіздігі;
      ұшу жарамдылығын қолдау;
      авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі басшылар тағайындалғанын растайтын құжаттар;
      Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
      әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
      бекіту мен келісудің титул парақтары:
      ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау;
      техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарламасы (регламент);
      пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
      2) көрсетілетін кызметті алушының электрондық түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
      көрсетілетін қызметті алушы қызметінің негізгі орнын;
      ұшудың болжамды түрлерін;
      ұшу жұмысын ұйымдастыруды;
      ұшу жарамдылығын қолдау жүйесін;
      ұшуды қамтамасыз етуді;
      ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігін;
      техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігін;
      әуе кемелерінің әзірлігін;
      түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
      авиациялық персонал бойынша ақпарат;
      жұмыс түрлері көрсетілген, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
      сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылығын қолдауға арналған шарттарының тізбесі;
      куәлік телнұсқасын алу үшін:
      көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген куәліктің электрондық көшірмесін (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз боп табылады:
      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінім мен құжаттар топтамасы осы стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
      көрсетілетін қызметті алушының қызметі сертификаттық талаптарға сәйкес келмейді;
      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуді тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешім (үкім) бар.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-40-01, қабылдау бөлмесінің факсы: 8 (7172) 75-40-00.
      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Авиациялық жұмыстарды орындауға
арналған куәлiк беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша            

Нысан

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)

Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы
Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiкті алуға өтiнiм

      1._____________________________________________________________
           (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi алу
                     (қолдану мерзiмiн ұзарту)
мақсатында _________________________сертификаттау жүргiзудi сұраймын.
       (өтiнiш берушiнiң толық атауы)
      2. Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН/БСН______________________
      3. Көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның немесе жеке
тұлғаның банк деректемелерi: ________________________________________
_____________________________________________________________________
      4. Көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлғаның орналасқан
жерi (мекенжайы) немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғаның
тұрғылықты жері:_____________________________________________________
      5. Көрсетілетін қызметті алушының пошталық мекенжайы (нақты):
_____________________________________________________________________
      6. Байланыс телефоны/факс/электрондық поштаның мекенжайы, АФТН
коды: _______________________________________________________________
      7. ӘК орналасқан әуеайлақ (алаң): _____________________________
      8. Мәлiмделетiн авиациялық жұмыс түрлерi: _____________________
      9. Қазақстан Республикасының шегінде немесе одан тыс ұшу
өңiрлерi: ___________________________________________________________
      10. Ұшуды бастаудың жоспарланған күні _________________________
      11. Басқарушы персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.А. (бар болса), туған жылы, телефон

Тағайындалуы туралы бұйрық

Білімі

Маманның сертификаты (куәлігі)






      12. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшу құрамы

Лауазымы

Т.А.Ә.А. (бар болса), туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі (медициналық қорытындылары)

Жалпы ұшуы

Ұшуға және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсаты







      13. Инженерлік-техникалық персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.А.
(бар болса)

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі

Жалпы жұмыс өтілі

Жұмыстарды орындауға рұқсаты







      14. Әуе кемелері

ӘК типі және борттық нөмірі

Ұшу жарамдылығы сертификатының қолданылу мерзімі

Мемлекет, қала және орналасу әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі





      15. Шет мемлекеттерде авиациялық жұмыстарды орындау

Әуе кемесінің типі және борттық нөмірі

Жалға алушы (тапсырыс беруші)

Мемлекет, қала және орналасатын әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні және қолданылу мерзімі





      16. Көрсетілетін қызметті алушы: – сертификаттау рәсімдерін
орындауға;
      - сертификаттық талаптарға сай болуға;
      - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға ұшуды
ұйымдастыруға, қамтамасыз етiлуi мен орындалуын бақылауды жүзеге
асыруға мүмкiндiк беруге мiндеттенедi.
_____________________________________________________________________
    көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның (басшының лауазымы,
                   Т.А.Ә.А. (бар болса), қолы)
      М.О.
_____________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның Т.А.Ә.А. (бар болса), қолы

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________

20 __ жылғы «___» _____________

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму 
министрінің       
2015 жылғы 30 сәуірдегі  
№ 561 бұйрығымен бекітілген
3-қосымша         

«Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ұшуды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы бар өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
      ұшуды орындау құқығына куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы – комиссия жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыны тексеру актісін жасаған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн;
      ұшуды орындау құқығына куәліктің телнұсқасын (бұдан әрі - куәлік телнұсқасы) беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) – екі жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, бастырып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе ол уәкілетті берген лауазымды тұлғаның қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Мыналардың жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;
      өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін көрсетілетін қызметті берушімен жүзеге асырылады;
      мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен байланыстағы техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс күндері және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) көрсетілетін қызметті алушының мыналарды қамтитын ақпараты:
      көрсетілетін қызметті алушының тіркелген атауы;
      көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының мекенжайы;
      көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсы, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
      жоспарланған ұшуларын түрі;
      әуе кемелері бойынша деректер;
      әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      ұшуды қамтамасыз ету.
      3) ұйымдастыру құрылымы, штаттық кестесі;
      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандар жөніндегі мәліметтер;
      5) командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер;
      6) ұшу жүргізу бойынша нұсқау;
      7) пайдаланушының басшысымен бекіткен Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы;
      8) азаматтық әуе кемелерін ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшірмелері:
      9) ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;
      10) пайдаланушының басшысымен бекіткен әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері;
      11) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін болдырмау бойынша шаралар туралы құжаттар;
      12) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
      13) халықаралық ұшуға арналған құжаттар (орындау кезінде);
      14) пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
      15) әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарттың (келісімшарт) көшірмесі (жалға алуы арналған әуе кемесі бар болса).
      Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттардың көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу, ұшуды орындау құқығына куәлікті (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы), азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу, орындағы шу бойынша сертификат, радиостанция сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      Куәлік телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге қажетті негіздемені және бұрын берілген куәлікті (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінімді ұсынады.
      Порталға:
      куәлік алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы стандартқа қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
      1) электрондық көшірмелері:
      ұйымдастырушылық құрылымы, штаттық кестесі;
      ұшуға жарамдылық сертификаттары;
      ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттар;
      әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері;
      Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
      халықаралық ұшуға арналған құжаттар (орындау кезінде);
      әуе кемесін экипажсыз жалға алу шарты (келісімшарт) (жалға алуы арналған әуе кемесі бар болса);
      бекіту мен келісудің титул парақтары:
      ұшу жүргізу жөніндегі нұсқау;
      техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы;
      азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін болдырмау бойынша шаралар туралы құжаттар;
      2) көрсетілетін кызметті алушының электрондық түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
      көрсетілетін қызметті алушының тіркелген атауы;
      көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының мекенжайы;
      көрсетілетін қызметті алушының негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсы, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
      жоспарланған ұшуларын түрі;
      әуе кемелері бойынша деректер;
      әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      ұшуларды қамтамасыз ету.
      ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен авиациялық мамандар жөніндегі мәліметтер;
      командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер;
      пайдалану ерекшеліктерінің жобасы;
      куәлік телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қажетті негіздемені және бұрын берілген куәліктің электрондық көшірмесін (жоғалу (ұрлау) жағдайларынан басқа) қоса бере отырып, еркін нысандағы өтініш.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетке» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз боп табылады:
      көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінім мен құжаттар топтамасы осы стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
      көрсетілетін қызметті алушының қызметі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-33) тармақшасына сәйкес бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларының 20-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
      көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуді тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешім (үкім) бар.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-40-01, қабылдау бөлмесінің факсы: 8 (7172) 75-40-00.
      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымда:
      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;
      заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.
      12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде
электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ұшуды орындау құқығына куәлік беру    
(жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет     
стандартына қосымша           

Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы ұшуды орындау
құқығына куәлік беруге (жалпы мақсаттағы авиацияны
пайдаланушы)», куәлiгiн пайдалану ерекшеліктеріне өзгерiстер
енгiзуге арналған өтінім

      1. ЖСН/БСН ____________________________________________________
      2. ЖК/ЖТ/ЗТ атауы _____________________________________________
      3. Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның немесе жеке
тұлғаның банк деректемелерi: ________________________________________
      4. Көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның орналасқан жерi
(мекенжайы) немесе өтiнiш берушi жеке тұлғаның тұрғылықты жері:
_____________________________________________________________________
      5. Көрсетілетін қызметті алушының пошталық (нақты) мекенжайы:
_____________________________________________________________________
      6. Байланыс телефоны/факс/ электрондық поштаның мекенжайы, АФТН
коды:________________________________________________________________
      7. ӘК орналасқан әуеайлақ (алаң):______________________________
      8. Мәлiмделетiн ұшулардың түрлерi:_____________________________
      9. Қазақстан Республикасының шегiнде немесе одан тыс ұшу
өңiрлерi: ___________________________________________________________
      10. Басқарушы персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.А. (бар болса), туған жылы, телефон

Тағайындалуы туралы бұйрық

Білімі

Маманның сертификаты (куәлігі)






      11. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшу құрамы

Лауазымы

Т.А.Ә.А. (бар болса), туған жылы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі (медициналық қорытындылары)

Жалпы ұшуы

Ұшуға және авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсаты







      12. Инженерлік-техникалық персонал

Лауазымы

Т.А.Ә.А. (бар болса)

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық

Маманның куәлігі

Жалпы жұмыс өтілі

Жұмыстарды орындауға рұқсаты







      13. Шет мемлекеттерде авиациялық жұмыстарды орындау

Әуе кемесінің типі және борттық нөмірі

Жалға алушы (тапсырыс беруші)

Мемлекет, қала және орналасатын әуежайы

Шарт түрі, нөмірі, күні, қолданылу мерзімі





      14. ________________________________________________ мақсатында
     (ұшуды орындау куәлiгiн алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, iшкi
(халықаралық) әуе желiлерiнде ұшуды oрындау үшiн, пайдалану жөнiндегi
               арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзу)
__________________________________________тексеру жүргiзудi сұраймын.
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Ұшуды бастаудың жоспарланған күнi ___________________________________
_____________________________________________________________________
   (ұзарту/өзгерiстер енгiзу кезiнде тиiсiнше қолданыстағы ұшуды
  орындау құқығына берілген куәлiктің аяқталу мерзiмi немесе жаңа
пайдалану жағдайындағы ұшуды бастаудың жоспарланған күнi көрсетiледi)
      Көрсетілетін қызметті алушы азаматтық авиация саласындағы
уәкiлеттi органға ұшуды ұйымдастыруға, қамтамасыз етiлуi мен
орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге мiндеттенедi ___
_____________________________________________________________________
     (көрсетілетін қызметті алушының (жалпы мақсаттағы авиацияны
  пайдаланушының) - (заңды тұлғаның) (басшының лауазымы, Т.А.Ә.А.
                         (бар болса), қолы)
М.О.
_____________________________________________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының (жалпы мақсаттағы авиацияны
     пайдаланушының) - (жеке тұлғаның) Т.А.Ә.А. (бар болса), қолы)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпиядан
тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін___________________________

20 __ жылғы «___» _____________