"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 19-6/551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11730 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9820 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 18 (28496) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеге:
      мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар:
      1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      5) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      6) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      7) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      8) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
      мынадай мазмұндағы 11-2 тармақпен толықтырылсын:
      «11-2. Комитеттің мынадай бағынысты ұйымдары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
      5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.»;
      14 тармақты келесі мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7), 23-8), 23-9), 23-10) және 23-11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «23-1) бөгеттер иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгілеген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      23-2) су қорғау аймақтарының, белдеулерінің және оларды шаруашылықта пайдалану режимдернің жобалау құжаттамасының келіседі;
      23-3) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға рұқсат беруді келіседі;
      23-4) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердің белгіленуін келіседі;
      23-5) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшін пайдалануды келіседі;
      23-6) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;
      23-7) ағаш ағызу үшін пайдаланылатын су объектілерінің тізбесін және оларды тазарту тәртібін келіседі;
      23-8) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
      23-9) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
      23-10) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
      23-11) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде кезеңдік басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйелерде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
      4) осы бұйрықтан туындайтын басқа іс-шараларды қабылдансын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А.Мамытбеков