Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11712 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Кемелердiң командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. «Ішкі су және теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 239 бұйрығының 1-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9374 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 сәуірде № 9374 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 5 наурыздағы № 43 (28521) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                   Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 1-қосымша

«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама), кемелердің командалық құрамының адамдары үшін аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы (бұдан әрі- анықтаманың телнұсқасы).

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз электрондық өтінішті және (немесе) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері өтінішті тіркеу нөмірін және күнін беру арқылы белгілеумен (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда) қабылдау 2 сағат ішінде және оны қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына оның орынбасарына беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен құрылымдық бөлімшені анықтау 2 сағат ішінде;
      3) құрылымдық бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушыны (бұдан әрі - жауапты орындаушы) анықтауы 2 сағат ішінде;
      4) жауапты орындаушы өтінішті белгіленген тәртіпке сәйкестігіне қарастыруы 2 сағат ішінде;
      5) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы мыналарды қамтамасыз етеді:
      аттестаттау бойынша емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) рәсімдеу 1 жұмыс күні ішінде;
      анықтаманы беру 19 жұмыс күні ішінде;
      анықтаманың телнұсқасын беру 1 жұмыс күні ішінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) анықтаманың немесе анықтама телнұсқасын ресімдеу және оларды қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) анықтамаға немесе анықтаманың телнұсқасына көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;
      3) қол қойылған анықтаманы немесе анықтаманың телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің кеңесіне беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдың бөлімшелер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық түрдегі өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
      4) жауапты орындаушы 7 жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, анықтама телнұсқасын берген жағдайда жауапты орындаушы электрондық өтінімді және өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан құжаттар келіп түскен кезден бастап 2 сағат ішінде қарайды және анықтаманың телнұсқасын ресімдейді;
      5) хабарламаны рәсімдейді 1 жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды;
      6) хабарламада белгіленген мерзімде жауапты орындаушы 1 жұмыс күні ішінде емтихан өткізуді ұйымдастырады, яғни аттестаттауға жататын адамдармен білім деңгейін анықтау үшін әңгімелесу;
      7) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет алушыны емтихан тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде анықтаманы ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде анықтамаға немесе анықтаманың телнұсқасына не бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзгеде көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Өзге көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу және беруді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері қолхат негізінде алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, жеке өзі келіп қол қойғызып және жеке басын куәландырған құжатты ұсыну бойынша (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) кезек тәртібімен (көрсетілетін қызметті берушінің тұрған жері бойынша) жүзеге асырылады;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      көрсетілетін қызметті берушідегі қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетілетін стандартының 9-тармағында көрсетілген қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген жағдайда қажетті құжаттардың тізбесі (не уәкілетті өкілі: өкілдігін куәландыратын құжат бойынша заңды тұлға, нотариат куәландырған сенімхат бойынша заңды тұлға, өкілі нотариат куәландырған жеке тұлға).
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және ресімдері (іс-қимылдары) дәйектілігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылысың № 12 диаграммаларында көрсетілген:
      1) анықтаманы алуға өтінімді ұсынған кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының анықтаманы алу үшін (деректерді енгізу) электрондық өтінімнің нысанын толтыруы;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы салуды электронды үкіметінің шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) жіберу;
      1-шарт - ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3-процесс - ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуына байланысты деректерді алу мүмкін болмауына байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4-процесс - ақпараттық жүйеде электрондық өтініштерді тіркеу;
      5-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға көрсетiлетін қызметті берушіге беру үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6-процесс - көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес бірегей қоса берілген құжаттарымен нөмірі бар өтінішті көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
      2-шарт - көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
      7-процесс – 2-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту;
      8-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің электронды цифрлық қолын (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
      3-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
      9-процесс - 3-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10-процесс - анықтаманы беру және көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына анықтаманың әзірлігі туралы хабарлама жіберу;
      2) анықтаманың телнұсқасын алуға өтінімді ұсынған кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті портал арқылы таңдауы, жеке кабинетке кіру, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, тіркеу куәлігін алу үшін (деректерді енгізу) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінім нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ қол қоюы;
      2-процесс – қызмет алушының деректері туралы салуды ЭҮШ ЖТ МДҚ жіберу;
      1-шарт - ЖТ МДҚ-да көрсетiлетін қызметті алушының деректері болуын тексеру;
      3-процесс - ЖТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушының деректері болуына байланысты деректерді алу мүмкін болмауына байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      4-процесс - ақпараттық жүйеде электрондық өтінімді тіркеу;
      2-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді тексеруді жүзеге асырады;
      5-процесс – 2-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      6-процесс - анықтаманың телнұсқасын беру және (немесе) көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына анықтаманың телнұсқасын әзірлігі туралы хабарлама жіберу.
      11. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс–қимылдары дәйектілігін егжей-тегжейлі сипаттауы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттың жүйелерді пайдалануың сипаттауы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Кемелердің командалық құрамының
адамдарын аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін кызмет регламентіне
1-қосымша           

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

«Кемелердің командалық құрамының
адамдарын аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін кызмет регламентіне
2-қосымша           

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Шартты белгілер:

- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы

- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) атауы

- таңдау нұсқасы

- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 2-қосымша

«Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
      2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз электрондық өтінішті және (немесе) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері өтінішті тіркеу нөмірін және күнін беру арқылы белгілеумен (өтінім қағаз тасығышта берілген жағдайда) қабылдау 2 сағат ішінде және оны қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына оның орынбасарына беру;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен құрылымдық бөлімшені анықтау 2 сағат ішінде;
      3) құрылымдық бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушыны (бұдан әрі - жауапты орындаушы) анықтауы 2 сағат ішінде;
      4) жауапты орындаушы өтінішті белгіленген тәртіпке сәйкестігіне қарастыруы 2 сағат ішінде;
      5) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы мыналарды қамтамасыз етеді:
      диплом беру бойынша емтихан өткізу мерзімі туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) рәсімдеу 1 жұмыс күні ішінде;
      кәсіби дипломды беру 19 жұмыс күні ішінде;
      кәсіби дипломның телнұсқасын беру 1 жұмыс күні ішінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасын ресімдеу және оларды қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) кәсіби дипломның немесе кәсіби дипломның телнұсқасында көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;
      3) қол қойылған кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасын көрсетілетін қызметті берушінің кеңесіне беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе басшысының орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдың бөлімшелер арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық түрдегі өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
      4) жауапты орындаушы 7 жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, кәсіби дипломның телнұсқасын берген жағдайда жауапты орындаушы электрондық өтінімді және өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан құжаттар келіп түскен кезден бастап 2 сағат ішінде қарайды және кәсіби дипломның телнұсқасын ресімдейді;
      5) хабарламаны рәсімдейді 1 жұмыс күні ішінде және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды;
      6) хабарламада белгіленген мерзімде жауапты орындаушы 1 жұмыс күні ішінде емтихан өткізуді ұйымдастырады, яғни диплом беруге жататын адамдармен біліктілік деңгейін анықтау үшін әңгімелесу;
      7) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет алушыны емтихан тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде кәсіби дипломды ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде кәсіби дипломға немесе кәсіби дипломның телнұсқасына не бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен және (немесе)өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өндеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді;
      ХҚО-да құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалау бойынша электрондық кезекті портал арқылы броньдалуы мүмкін;
      құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға/мемлекеттік дерек қорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;
      егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, ХҚО операторы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхат береді;
      2) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариат куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
      10. ХҚО арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алу процесін сипаттау, оның ұзақтығы:
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және ресімдері (іс-қимылдары) дәйектілігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылысың № 12 диаграммаларында көрсетілген:
      1) кәсіби дипломды алуға өтінімді ұсынған кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының анықтаманы алу үшін (деректерді енгізу) электрондық өтінімнің нысанын толтыруы;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы салуды электронды үкіметінің шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы ЖТ МДҚ жіберу;
      1-шарт - ЖТ МДҚ - да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3-процесс - ЖТ МДҚ - да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің болуына байланысты деректерді алу мүмкін болмауына байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4-процесс - ақпараттық жүйеде электрондық өтініштерді тіркеу;
      5-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға көрсетiлетін қызметті берушіге беру үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6-процесс - көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес бірегей қоса берілген құжаттарымен нөмірі бар өтінішті көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
      2-шарт - көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
      7-процесс – 2-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту;
      8-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің электронды цифрлық қолын (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
      3-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
      9-процесс - 3-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10-процесс - кәсіби дипломды беру және көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кәсіби дипломның әзірлігі туралы хабарлама жіберу;
      2) кәсіби дипломның телнұсқасын алуға өтінімді ұсынған кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті портал арқылы таңдауы, жеке кабинетке кіру, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, тіркеу куәлігін алу үшін (деректерді енгізу) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінім нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ қол қоюы;
      2-процесс – қызмет алушының деректері туралы салуды ЭҮШ ЖТ МДҚ жіберу;
      1-шарт - ЖТ МДҚ-да көрсетiлетін қызметті алушының деректері болуын тексеру;
      3-процесс - ЖТ МДҚ-да көрсетiлетін қызметті алушының деректері болуына байланысты деректерді алу мүмкін болмауына байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      4-процесс - ақпараттық жүйеде электрондық өтінімді тіркеу;
      2-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді тексеруді жүзеге асырады;
      5-процесс – 2-шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      6-процесс - кәсіби дипломды телнұсқасын беру және (немесе) көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кәсіби дипломның телнұсқасын әзірлігі туралы хабарлама жіберу.
      12. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс–қимылдары дәйектілігін егжей-тегжейлі сипаттауы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттың жүйелерді пайдалануың сипаттауы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Кемелердің командалық құрамының 
адамдарына диплом беру» мемлекеттік
көрсетілетін кызмет регламентіне 
1-қосымша             

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

«Кемелердің командалық құрамының 
адамдарына диплом беру» мемлекеттік
көрсетілетін кызмет регламентіне 
2-қосымша            

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Шартты белгілер:

- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- таңдау нұсқасы
- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 3-қосымша

«Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
      2) www.egov.kz, «электрондық үкіметтің» веб порталы (бұдан әрі – портал)
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін электронды тапсырыс және (немесе) «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну негіз болып табылады (бұдан әрі – стандарт).
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері 2 сағат ішінде өтінішті тіркеу номерін және күнін иемдеумен қабылдау және қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен өтінішті қарастыруға жауаптыны 2 сағат ішінде анықтау;
      3) құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыруға көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) 2 сағат ішінде анықтау;
      4) жауапты орындаушымен өтінішті орнатылған тәртіпке сәйкестігін қарастыру;
      5) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы куәлікті 4 жұмыс күні ішінде беруді қамтамасыз етеді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) куәлікті ресімдеу және құрылымдық бөлімше басшысымен келісу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының куәлікке қол қоюы;
      3) қол қойылған куәлікті көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылады:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсетумен сипаттау:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағаттың ішінде электронды өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарастыруға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе орынбасары 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлім басшысы 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, куәлікті ресімдейді және 4 жұмыс күні ішінде оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағаттың ішінде куәлікке қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-на және (немесе) басқа да қызмет берушілерге өтініш беру тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға өтініш беру тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын пысықтау ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді.
      ХҚО-да құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезек «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
      Құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға/заңды тұлға мемлекеттік дерек қорынан (бұдан әрі - ЖТ/ЗТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, ХҚО операторы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.
      2) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ХҚО-дан көрсетілетін қызмет берушіге жолдау мерзімі – өтінімді қабылдау күні.
      4) Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес (не сенімхат бойынша оның өкілі: заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша, жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) қажетті құжаттардың тізбесі.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда, ХҚО операторы өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      Көрсетілетін қызмет алушының сұрау салуын ХҚО интеграцияланған ақпараттық жүйесінде тіркеу және өңдеу кезіндегі ХҚО жұмыскерлері іс-қимылдарын сипаттамасы:
      көрсетілетін қызметті алушының тіркеу куәлігін алуға электрондық сұрау салуын растау:
      ХҚО операторы мемлекеттік қызметті көрсету үшін 1 минуттың ішінде ХҚО интеграцияланған ақпараттық жүйесіне логин мен парольді (авторлау үдерісі) енгізеді;
      ХҚО операторы 15 минуттың ішінде тиісті мемлекеттік қызметті таңдайды, өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетілетін қызмет алушының электрондық сұрау салуын растауды және оны Ақпараттық жүйеге жіберуді қамтамасыз етеді;
      куәлікті алу кезіңде:
      көрсетілетін қызметті алушыдан жеке куәлігін алған сәттен бастап ХҚО операторы 1 минуттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеруді (сәйкестендіруді) жүзеге асырады;
      көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын тексеру (сәйкестендіру) оң болған жағдайда, ХҚО операторы 5 минуттың ішінде мемлекеттік қызметті таңдайды, ХҚО интеграцияланған ақпараттық жүйесіне логин мен парольді (авторлау үдерісі) енгізеді, тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салулардың нысанын толтырады және электрондық сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жібереді;
      ЖТ/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер болған жағдайда, ХҚО интеграцияланған ақпараттық жүйесі 2 минуттың ішінде ХҚО операторына көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің бар болуы хабарлама шығарады және электрондық сұрау салудың нысанын одан әрі толтыруды қамтамасыз етеді;
      ХҚО операторы 3 минуттың ішінде электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркейді, өтінішті қабылдайды, өтінішті басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушының қолын қойғызады;
      көрсетілетін қызметті алушы өтінішке қол қойғаннан кейін ХҚО операторы 4 минуттың ішінде өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы электрондық сұрау салуды растауды және оны Ақпараттық жүйеге жіберуді қамтамасыз етеді;
      10. ХҚО арқылы мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесін алу процессін сипаттау, оның ұзақтығы:
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ХҚО-ның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімнің негізінде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсеткен кезде Көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушы үдерістері (іс-қимылдары) реттілігінің және жүгіну тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 12 диаграммасында көрсетілген.
      Куәлікті алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      5 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
      2 шарт - Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағында сәйкестігіне тексеруі;
      7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      8 үдеріс - Көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;
      3 шарт - Ақпараттық жүйе Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
      9 үдеріс - 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10 процесс – куәлікті беру және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктің дайын болғаны туралы хабарлама жіберу.
      12. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының дәйектілігін сипаттау осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында келтірілген.

«Кемелер экипаждарының ең аз
құрамы туралы куәлік беру» 
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

«Кемелер экипаждарының ең аз
құрамы туралы куәлік беру» 
мемлекеттік көрсетілетін  
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Шартты белгілер:

- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- таңдау нұсқасы
- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 4-қосымша

«Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеменің ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және шағын көлемді кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – куәліктің телнұсқасы).

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз электрондық өтінімді және (немесе) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілеген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтініш ұсыну болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі қызметкерінің (өтініш қағаз жеткізгіште берілген жағдайда) өтінішті тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып 2 сағаттың ішінде қабылдауы және оларды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының 2 сағат ішінде құрылымдық бөлімшені анықтауы;
      3) құрылымдық бөлімше басшысының 2 сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің өтінішке жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) анықтауы;
      4) жауапты орындаушының 2 сағат ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкес қарауы;
      5) бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
      6 жұмыс күні ішінде куәлік беруді;
      1 жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын беруді қамтамасыз етеді.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын ресімдеу;
      2) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу;
      3) куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюы;
      4) қол қойылған куәлікті немесе куәліктің телқұжатын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
      5) куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО-ға беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағаттың ішінде электрондық өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не орынбасарына қару үшін береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағаттың ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағаттың ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, куәлік немесе куәліктің телнұсқасын ресімдейді және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді:
      куәлікті беру кезінде – 5 жұмыс күні;
      куәліктің телнұсқасын беру кезінде – 2 сағат.
      5) қызметті берушінің басшысы 4 сағаттың ішінде куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңесіне жібереді;
      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері 4 сағаттың ішінде куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын курьер арқылы ХҚО жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО - мен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді;
      ХҚО-да қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электрондық кезекті «брондау» мүмкіндігі бар.
      Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, заңды тұлғалардың/жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ/ЖТ МДҚ) алынған деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларды қайтарып береді.
      ХҚО операторы егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
      2) көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуының ХҚО-да өңделіу ұзақтығы – 20 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариат растаған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі стандарттың 9-тармағына сәйкес.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО арқылы алу процесін, оның ұзақтығын сипаттау:
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не оның нотариат растаған сенімхат бойынша өкіліне) хабарлама түрінде беруді ХҚО қызметкері күн сайын қолхат негізінде онда көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының № 12-диаграммаларында көрсетілген:
      1) Куәлікті алуға өтінім берген кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу);
      2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
      1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
      4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
      5-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық мекенжайына көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін бірегей нөмірі бар өтініш келеді;
      6-процесс - көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарға қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті ұсынады;
      2-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының жеке басын (сәйкес келуін) тексеруі және өтініштің стандарттың 9-қосымшасына сәйкес келуін тексеруі;
      7-процесс – 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
      8-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
      3-шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
      9-процесс - 3-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
      10-процесс – куәлікті беру және (немесе) оның электрондық почтасына куәліктің дайын екені туралы хабарлама жіберу.
      2) Куәліктің телнұсқасын алуға өтінім берген кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, жеке кабинетіне кіруі, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу), өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
      1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
      4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
      2-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді тексеруді жүзеге асырады;
      5-процесс - 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
      6-процесс – куәліктің телнұсқасын беру және (немесе) оның электрондық мекенжайына куәліктің телнұсқасының дайын екені туралы хабарлама жіберу.
      12. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесі анықтамалығында көрсетілген.

«Шағын көлемді кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу және шағын 
көлемді кеменің ипотекасының  
мемлекеттік тіркеуді растайтын 
құжаттардың телнұсқасын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша     

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1-диаграммасы

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2-диаграммасы

«Шағын көлемді кеменің ипотекасын
мемлекеттік тіркеу және шағын 
көлемді кеменің ипотекасының  
мемлекеттік тіркеуді растайтын 
құжаттардың телнұсқасын беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша     

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Шартты белгілер:

- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- таңдау нұсқасы
- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 5-қосымша

«Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – ХҚО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – куәліктің телнұсқасы).

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз электрондық өтінімді және (немесе) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілеген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу және кеме ипотекасының мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтініш ұсыну болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі қызметкерінің (өтініш қағаз жеткізгіште берілген жағдайда) өтінішті тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып 2 сағаттың ішінде қабылдауы және оларды көрсетілетін қызмет берушінің басшысына не оның орынбасарына қарау үшін беруі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының 2 сағат ішінде өтінішті қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені анықтауы;
      3) құрылымдық бөлімше басшысының 2 сағат ішінде құрылымдық бөлімшенің өтінішке жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) анықтауы;
      4) жауапты орындаушының 2 сағат ішінде өтінішті белгіленген талаптарға сәйкес қарауы;
      5) жауапты орындаушы өтініш түскен кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы уәжделген жауап жібереді;
      6) бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
      6 жұмыс күні ішінде куәлік беруді;
      1 жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын беруді қамтамасыз етеді.
      6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:
      1) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын ресімдеу;
      2) куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісу;
      3) куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюы;
      4) қол қойылған куәлікті немесе куәліктің телқұжатын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
      5) куәлікті немесе куәліктің телқұжатын курьер арқылы ХҚО-ға беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағаттың ішінде электрондық өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не орынбасарына қару үшін береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның орынбасары көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағаттың ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін 2 сағаттың ішінде қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, куәлік немесе куәліктің телнұсқасын ресімдейді және оны қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді:
      куәлікті беру кезінде – 5 жұмыс күні;
      куәліктің телнұсқасын беру кезінде – 2 сағат.
      5) қызметті берушінің басшысы 4 сағаттың ішінде куәлікке немесе куәліктің телнұсқасына қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңесіне жібереді;
      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері 4 сағаттың ішінде куәлікті немесе куәліктің телнұсқасын курьер арқылы ХҚО жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-мен және
(немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйені пайдалану
тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді;
      ХҚО-да қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауына қарай портал арқылы электрондық кезекті «брондау» мүмкіндігі бар.
      Құжаттар топтамасын қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді, заңды тұлғалардың/жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТ/ЖТ МДҚ) алынған деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқаларды қайтарып береді.
      ХҚО операторы егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.
      2) көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуының ХҚО-да өңделіу ұзақтығы – 20 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариат растаған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі стандарттың 9-тармағына сәйкес.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО арқылы алу процесін, оның ұзақтығын сипаттау:
      мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға (не оның нотариат растаған сенімхат бойынша өкіліне) хабарлама түрінде беруді ХҚО қызметкері күн сайын қолхат негізінде онда көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырады.
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының № 12-диаграммаларында көрсетілген:
      1) Куәлікті алуға өтінім берген кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу);
      2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
      1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
      4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
      5-процесс - көрсетілетін қызметті алушыға оның электрондық мекенжайына көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін бірегей нөмірі бар өтініш келеді;
      6-процесс - көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарға қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті ұсынады;
      2-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының жеке басын (сәйкес келуін) тексеруі және өтініштің стандарттың 9-қосымшасына сәйкес келуін тексеруі;
      7-процесс – 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
      8-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
      3-шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
      9-процесс - 3-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
      10-процесс – куәлікті беру және (немесе) оның электрондық почтасына куәліктің дайын екені туралы хабарлама жіберу.
      2) Куәліктің телнұсқасын алуға өтінім берген кезде:
      1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, жеке кабинетіне кіруі, көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, куәлік алу үшін электрондық өтінім нысанын толтыруы (деректерді енгізу), өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы;
      2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректер туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;
      1-шарт - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болуын тексеру;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЖТ/ЗТ МДҚ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкін еместігінен сұрау салынған қызметтен бас тарту;
      4-процесс - электрондық өтінімді ақпараттық жүйеге тіркеу;
      2-шарт - ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді тексеруді жүзеге асырады;
      5-процесс - 2-шартта бар бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту;
      6-процесс – куәліктің телнұсқасын беру және (немесе) оның электрондық мекенжайына куәліктің телнұсқасының дайын екені туралы хабарлама жіберу.
      12. Рәсімдер (іс-қимылдар) кезеңділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметтер көрсету процесіндегі өзара іс-қимылдары тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процесі анықтамалығында көрсетілген.

«Кеме ипотекасын мемлекеттік  
тіркеу және кеме ипотекасының 
мемлекеттік тіркелгенін    
растайтын құжаттардың телнұсқасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне 1-қосымша  

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1-диаграммасы

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2-диаграммасы

«Кеме ипотекасын мемлекеттік  
тіркеу және кеме ипотекасының 
мемлекеттік тіркелгенін    
растайтын құжаттардың телнұсқасын
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет регламентіне 2-қосымша  

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Шартты белгілері:

- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- таңдау нұсқасы
- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 6-қосымша

«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдер қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді немесе көшірме.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілеген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкey туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінім беру болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңесі маманының өтінімді тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып 2 сағаттың ішінде қабылдауы және тіркеуі;
      2) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауы және 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының қарауына беруі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының қарауы және 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына беруі;
      4) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының қарауы және 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманына орындауға (бұдан әрі – жауапты орындаушы) беруі;
      5) жауапты орындаушының өтініш түскен күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
      6. Мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені ресімдеу және оны растау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
      2) Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіге немесе көшірмеге көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысымен келісу;
      3) Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені көрсетілетін қызметті беруші басшысының қол қоюы;
      4) Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен расталған үзіндіні немесе көшірмені көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне беру;
      5) Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектігін сипаттау:
      1) кеңесе маманы тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып, құжаттарды тіркейді, одан кейін 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысына не орынбасарына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды 2 сағаттың ішінде орынбасарына береді;
      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары құжаттарды 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 сағаттың ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және құжаттарды қарауға береді;
      5) жауапты орындаушы өтінім тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені ресімдейді және оны растау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 сағаттың ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені растайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;
      7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуға жүгінген сәттен бастап 20 минуттың ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені береді.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдарының дәйектілігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында келтірілген.

«Кеменің, шағын көлемді кеменің
немесе салынып жатқан кеменің 
ипотекасын мемлекеттік тipкeу 
туралы ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша            

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Шартты белгілері:

- мемлекеттік қызметті көрсетудің басталуы немесе аяқталуы
- көрсетілетін қызметті беруші рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- таңдау нұсқасы
- келесі рәсімге (іс-қимылға) көшу.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 7-қосымша

«Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау:
      1) Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: кеме куәлiгi (бұдан әрі – куәлiк), кеме куәлiгiнің телнұсқасы (бұдан әрі – куәлiк телнұсқасы) және кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығару туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама).

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін электрондық өтінімді және (немесе) «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну негіз болып табылады. (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11369 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт).
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері 2 сағат ішінде өтінішті тіркеу номерін және күнін иемдеумен қабылдау және қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен өтінішті қарастыруға жауаптыны 2 сағат ішінде анықтау;
      3) құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыруға көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) 2 сағат ішінде анықтау;
      4) жауапты орындаушымен өтінішті орнатылған тәртіпке сәйкестігін қарастыру;
      5) жауапты орындаушы өтініш түскен күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауапты 5 жұмыс күні ішінде ұсынады;
      6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
      куәлікті және анықтаманы 6 жұмыс күні ішінде;
      куәлік телнұсқасын 1 жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) куәлікті, куәлік телнұсқасын, анықтаманы рәсімдеу және құрылымдық бөлімше басшысымен келісу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен куәлікке, куәлік телнұсқаға, анықтамаға қол қою;
      3) қол қойылған куәлікті, куәлік телнұсқасын, анықтаманы көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылады:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсетумен сипаттау:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағаттың ішінде электронды өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарастыруға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе орынбасары 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлім басшысы 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді, куәлікті, куәлік телнұсқасын, анықтаманы рәсімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына куәлікті және анықтаманы беру кезіңде - 5 жұмыс күні;
      куәлік телнұсқасын беру кезіңде – 8 сағат ішінде қол қоюға жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде куәлікке қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

4. ХҚО-на және (немесе) басқа да қызмет берушілерге өтініш беру
тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға өтініш беру тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын пысықтау ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді.
      ХҚО-да құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезек «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
      Құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға/заңды тұлға мемлекеттік дерек қорынан (бұдан әрі - ЖТ/ЗТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, ХҚО операторы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.
      2) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес (не сенімхат бойынша оның өкілі: заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша, жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) қажетті құжаттардың тізбесі.
      10. ХҚО арқылы мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесін алу процессін сипаттау, оның ұзақтығы:
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ХҚО-ның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімнің негізінде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсеткен кезде Көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушы үдерістері (іс-қимылдары) реттілігінің және жүгіну тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 1,  2 диаграммаларында көрсетілген:
      1) Куәлікті алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      5 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
      2 шарт - Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
      7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      8 үдеріс - Көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;
      3 шарт - Ақпараттық жүйе Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
      9 үдеріс - 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10 үдеріс – куәлікті беру және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктін дайын болғаны туралы хабарлама жіберу.
      2) Куәліктің телнұсқасын алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының кеме билетін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;

      2 шарт – Ақпараттық жүйе, көрсетілетін қызмет берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінімін тексереді.
      5 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      6 үдеріс – кеме билетінің телнұсқасын шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кеме билетінің телнұсқасы дайындығы туралы хабарлама жіберу.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің анықтамалығында көрсетілген.

«Мемлекеттік кеме тізілімінде 
ішкі суда жүзетін кемелерді, 
«өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша          

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

«Мемлекеттік кеме тізілімінде 
ішкі суда жүзетін кемелерді, 
«өзен-теңіз» суларында жүзетін
кемелерді және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша          

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметке қызмет көрсету басы немесе аяғы
- көрсетілетін қызмет алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- таңдау нұсқасы
- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 8-қосымша

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз»
суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң
тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет
регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан – әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті қабылдау мыналар арқылы жүзеге асырылады:
      1) Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚО);
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электронды үкімет» веб порталы (бұдан әрі – портал).
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесі - шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) басталуы үшін электронды тапсырыс және (немесе) «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген «Жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінішті ұсыну негіз болып табылады. (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11369 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт).
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімдердің (іс-қимылы) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері 2 сағат ішінде өтінішті тіркеу номерін және күнін иемдеумен қабылдау және қару үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығымен өтінішті қарастыруға жауаптыны 2 сағат ішінде анықтау;
      3) құрылымдық бөлімше басшысымен өтінішті қарастыруға көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) 2 сағат ішінде анықтау;
      4) жауапты орындаушымен өтінішті орнатылған тәртіпке сәйкестігін қарастыру;
      5) жауапты орындаушы өтініш түскен күннен бастап бас тарту туралы дәлелді жауапты 5 жұмыс күні ішінде ұсынады;
      6) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы куәлікті 6 жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етеді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) куәлікті рәсімдеу және құрылымдық бөлімше басшысымен келісу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен куәлікке қол қою;
      3) қол қойылған куәлікті көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне беру.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) тартылады:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсетумен сипаттау:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағаттың ішінде электронды өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарастыруға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе орынбасары 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлім басшысы 2 сағаттың ішінде көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының электронды өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді, куәлікті рәсімдейді және 5 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қол қоюға жібереді;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде куәлікке қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-на және (немесе)
басқа да қызмет берушілерге өтініш беру тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-ға өтініш беру тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын пысықтау ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді.
      ХҚО-да құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен операциялық залда жүзеге асырылады, электрондық кезек «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
      Құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға/заңды тұлға мемлекеттік дерек қорынан (бұдан әрі - ЖТ/ЗТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, ХҚО операторы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.
      2) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес (не сенімхат бойынша оның өкілі: заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша, жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) қажетті құжаттардың тізбесі.
      10. ХҚО арқылы мемлекеттік кызмет көрсету нәтижесін алу процессін сипаттау, оның ұзақтығы:
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ХҚО-ның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімнің негізінде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсеткен кезде Көрсетiлетін қызметті берушi мен көрсетiлетін қызметті алушы үдерістері (іс-қимылдары) реттілігінің және жүгіну тәртібі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысушы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылының № 1,  2 диаграммаларында көрсетілген:
      1) Куәлікті алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының тіркеу куәліктерін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жо болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      5 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушыға Көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті Көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
      2 шарт - Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті Стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
      7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      8 үдеріс - Көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны Ақпараттық жүйеге жібереді;
      3 шарт - Ақпараттық жүйе Көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
      9 үдеріс - 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10 үдеріс – куәлікті беру және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктін дайын болғаны туралы хабарлама жіберу.
      2) Куәліктің телнұсқасын алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының кеме билетін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ –да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      2 шарт – Ақпараттық жүйе, көрсетілетін қызмет берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінімін тексереді.
      5 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      6 үдеріс – кеме билетінің телнұсқасын шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кеме билетінің телнұсқасы дайындығы туралы хабарлама жіберу.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің анықтамалығында көрсетілген.

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін
кемелерді және «өзен-теңіз»  
суларында жүзетін кемелерді жалға
алынған шетел кемелерiнiң   
тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша     

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

Портал арқылы электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

«Жалға алынған ішкі суда жүзетін
кемелерді және «өзен-теңіз»  
суларында жүзетін кемелерді жалға
алынған шетел кемелерiнiң   
тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша     

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің анықтамалығы

Шартты белгілер:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметке қызмет көрсету басы немесе аяғы
- көрсетілетін қызмет алушы рәсімінің (іс-қимылының) атауы
- таңдау нұсқасы
- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрінің       
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 673 бұйрығына 9-қосымша

«Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) Министрліктің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО);
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме билеті қағаз түрінде;
      2) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың телнұсқасын беруге өтініш берген кезде – кеме билетінің телнұсқасы қағаз түрінде;
      3) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде – «жойылған» деген мөртаңба қойылған кеме билеті қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің (қызметкердің) құрылымдық бөлімшелерінің
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіз электронды өтінімді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірде № 556 бұйрығымен бекітілген «Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағына сәйкес (немесе) өтінішті беру болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңесінің қызметкері 2 сағат ішінде өтінішті тіркеу номерін және күнін иемдеумен қабылдау (егер өтінішті қағаз түрінде берген кезде) және қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен 2 сағат ішінде өтінішті қарастыруға жауапты құрылымдық бөлімшені анықтау;     
      3) құрылымдық бөлімше басшысымен 2 сағат ішінде өтінішті қарастыруға көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын (бұдан әрі - жауапты орындаушы) анықтау;
      4) жауапты орындаушымен 2 сағат ішінде өтінішті орнатылған тәртіпке сәйкестігін қарастыру;
      5) бас тартуға негіздер болмаған жағдайда жауапты орындаушы:
      кеме билетін беруді 6 жұмыс күні ішінде;
      кеме билетінің телнұсқасын беруді 8 сағат ішінде;
      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығаруды 4 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болады:
      1) кеме билетін, кеме билетінің телнұсқасын, «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін немесе бас тартуды рәсімдеу және оларды құрылымдық бөлімше басшысымен келісу;
      2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысымен кеме билетіне, кеме билетінің телнұсқасына, «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетіне немесе бас тартуға қол қою;
      3) қол қойылған кеме билетін, кеме билетінің телнұсқасын, «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін немесе бас тартуды көрсетілетін қызмет беруші кеңесіне беру.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) мынадай құрылымдық бөлімшелері тартылады:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы;
      4) жауапты орындаушы.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігі мен ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді және (немесе) өтінішті тіркейді де, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе орынбасарына қарауға береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе орынбасары 2 сағат ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарап, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысына береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімше басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызмет алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарап, жауапты орындаушысына береді;
      4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызмет алушының электрондық өтінімін және (немесе) өтінішін қарайды, оларды белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, кеме билетін, кеме билетінің телнұсқасын, «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін немесе бас тартуды рәсімдейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе орынбасарына:
      кеме билетін 6 жұмыс күні ішінде;
      кеме билетінің телнұсқасын 8 сағат күні ішінде;
      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеуден шығарған кезде 4 жұмыс күні ішінде қол қоюға жібереді.
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағаттың ішінде кеме билетіне, кеме билетінің телнұсқасына, «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетіне немесе бас тартуға қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО-на және (немесе)
басқа да қызмет берушілерге өтініш беру тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

      9. ХҚО-на өтініш беру тәртібін сипаттау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының сұрауын пысықтау ұзақтығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға жүгінеді.
      ХҚО-да құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен операциялық залда жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезек «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы броньдалуы мүмкін.
      Құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, жеке тұлға/заңды тұлға мемлекеттік дерек қорынан (бұдан әрі - ЖТ/ЗТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқасымен салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, ХҚО операторы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде ХҚО операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхат береді.
      2) ХҚО-да көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
      3) көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі: заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша, жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
      10. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі алу тәртібін сипаттау және оның ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушыға (не сенімхат бойынша оның өкілі: заңды тұлға үшін өкілеттікті растайтын құжат бойынша, жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) хабарлама түріндегі мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру ХҚО қызметкерімен «терезелер» арқылы әр күн сайын қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде іске асырылады.
      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгінудің және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі осы көрсетілген мемлекеттік қызмет регламентінің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметке қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық қарым-қатынасының № 12 диаграммаларында көрсетілген.
      1) кеме билетін немесе «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының кеме билетін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      5 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушыға көрсетiлетін қызметті берушіге жіберу үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
      6 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар қоса берілген бірегей нөмірі бар өтінішті көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
      2 шарт - көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының тұлғасын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
      7 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      8 үдеріс - көрсетiлетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
      3 шарт - ақпараттық жүйе көрсетiлетін қызметті беруші жауапты орындаушысының ЭЦҚ куәландырылған көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын тексеруді жүзеге асырады;
      9 үдеріс - 3 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      10 үдеріс – кеме билетін немесе «Жойылды» деген мөртаңба қойылған кеме билетін шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына куәліктің дайындығы туралы хабарлама жіберу.
      2) кеме билетінің телнұсқасын алуға сұрау салуды ұсынған кезде:
      1 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматты талаптарды ескере отырып (деректерді енгізу), көрсетiлетін қызметті алушының кеме билетін алуға электрондық сұрау салудың нысанын толтыруы;
      2 үдеріс - көрсетiлетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды ЭҮШ арқылы ЖТ/ЗТ МДҚ жіберу;
      1 шарт - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің болуын тексеру;
      3 үдеріс - ЖТ/ЗТ МДҚ–да көрсетiлетін қызметті алушы туралы деректердің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкінсіздігі себепті сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
      4 үдеріс - электрондық сұрау салуды Ақпараттық жүйеде тіркеу;
      2 шарт – Ақпараттық жүйе, көрсетілетін қызмет берушінің ЭЦҚ куәландырылған электрондық өтінімін тексереді.
      5 үдеріс – 2 шартта орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
      6 үдеріс – кеме билетінің телнұсқасын шығару және көрсетiлетін қызметті алушыға оның электрондық пошта мекенжайына кеме билетінің телнұсқасы дайындығы туралы хабарлама жіберу.
      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігі және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде қолданылатын ақпараттық жүйелердің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процессінің анықтамалығында көрсетілген.

«Шағын көлемді кемелерді және 
оларға құқықтарды мемлекеттік 
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін