«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбекші көшіп-келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп-келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9200 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 63 (27684), «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 63 (28287) сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекші көшіп-келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп-келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасында:
5-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған көші-қон полициясы бөлінісінің қызметкері (бұдан әрі - қызметкер) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне салыстыра тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде:
1) сауалнама-өтініштің сұрақтарына жауаптардың мазмұнын жеке басты куәландыратын құжаттардың (ұлттық паспорты) деректерімен және шетелдікпен әңгімелесу барысында алынған мәліметтермен «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) деректері бойынша және басқа да көздер арқылы салыстырады;
2) шетелдіктің азаматтығын Қазақстан Республикасында кемінде үш ай мерзімге визасыз болу мүмкіндігін көздейтін, Қазақстан Республикасы кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімдер жасасқан елдердің тізімдерімен салыстыра тексереді;
3) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы сауалнама-өтініште көрсетілген еңбекші көшіп-келуші рұқсатының жарамдылық мерзіміне сәйкес келуін тексереді;
4) ішкі істер органдарының және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiтінің деректер базалары бойынша соттылығының бар-жоғына және іздестіруде жүрген/жүрмегеніне тексеруді жүзеге асырады, тексеріс нәтижелері материалдарға қоса тігіледі.
Еңбекші көшіп-келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініштің, дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтаманың және көші-қон карточкасының түпнұсқасы, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелерін еңбекші көшіп-келушіге басталатын жинақтау материалдарына (бұдан әрі - материалдар) қоса тігеді.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Тексеріс нәтижесі оң болған кезде қызметкер «Бүркіт» БАЖ «Жұмыс істеуге арналған рұқсат» ақпараттық объектісіне (бұдан әрі - АО) шетелдік Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде «Бүркіт» БАЖ-да есептік жазбаның жүйелі нөмірін енгізеді. Бұл ретте «Бүркіт» БАЖ:
шетелдіктің елімізде болуының заңдылығын (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күнін, бастапқы тіркеуді ресімдеуді);
орындалмаған сот міндеттемелерінің, сол сияқты қылмыстық теріс қылықтардың жоқтығын (көрсетілген фактілер болған кезде рұқсат беруден бас тарту шығарылады);
бұрын берілген рұқсаттардың бар-жоғын, олардың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін шетелдіктің Қазақстан Республикасынан уақтылы шығуын, сондай-ақ бұрынғы рұқсаттың жарамдылық мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30-дан астам күн өткенін растауды автоматты режимде тексеруді жүзеге асырады.»;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Рұқсатты ұзарту үшін еңбекші көшіп-келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы бөлінісіне мынадай құжаттарды:
1) Қағиданың 5-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды;
2) еңбекші көшіп-келушіге бұрын берілген рұқсат – түпнұсқасы мен көшірмесін;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көшіп-келуші арасында жасалған еңбек шартын;
4) еңбекші көшіп-келуші рұқсатының жарамдылық мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағынан шығу үшін қажетті қаражатты көрсете отырып, төлемге қабілеттілігін растайтын құжат – түпнұсқасы мен көшірмесін;
5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес нысан бойынша медициналық анықтаманы;
6) медициналық сақтандыру – түпнұсқасы мен көшірмесін;
7) сауалнама-өтініштің түпнұсқасын, жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртектің, көші-қон карточкасының, бұрын берілген рұқсаттың, еңбек шартының, төлемге қабілеттігін растайтын құжаттың, соттылығының бар болуы немесе болмауы туралы анықтаманың, медициналық анықтаманың және сақтандырудың көшірмелерін материалдарға қоса тігеді.»;
23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Мыналар:
1) жұмыс беруші – жеке тұлғаларда үй жұмыскерлері ретінде үй шаруашылығында жұмыстар орындаумен (қызметтер көрсетумен) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асыру;
2) еңбекші көшіп-келушіде еңбек шартында көрсетілген, таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін ауруының болуы;
3) еңбекші көшіп-келушінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуы еңбекші көшіп-келушіден рұқсатты қайтарып алу үшін негіздер болып табылады.
Еңбекші көшіп-келушіден рұқсатты қайтарып алу туралы ақпарат қайтарып алу негіздерін көрсете отырып, «Бүркіт» БАЖ-ға енгізіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің веб-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.»
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне (С.С.Сайынов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымов