Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 шілдеде № 11706 тіркелді

Қолданыстағы

      «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер  бағалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрдің
      міндетін атқарушы                              С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы « »

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
       2015 жылғы « »

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің 
міндетін атқарушы 2015 жылғы  
26 наурыздағы № 4-4/258 бұйрығымен
бекітілген          

Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік монополия
субъектісі іске асыратын көрсетілетін қызметтер
бағалары

№ р/с

Карантиндік объектінің түрі

Бүріккіш техниканың түрі *

ҚҚС**-сыз баға, теңге

ҚҚС**-мен баға, теңге

1

2

3

4

5

1.

Жеміс дақылдарының жемістің шығыс жемірі, калифорниялық қалқаншалы сымыр, Комсток құрты секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш

1126,4

1261,57

2.

Декоративті және жеміс екпелерінің америкалық ақ көбелек секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш

5844

6545,28

3.

Бақша дақылдарының қауын шыбыны секілді карантиндік зиянкестері

Желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш

3378

3783,36

4.

Жібек көбелектері секілді орманның карантиндік зиянкестері

Жеңіл авиация, аса жеңіл авиация (АЖА), желдеткішті бүріккіш, аэрозольді генераторлар

1126,4

1261,57

5.

Қазақстан Республикасының карантиндік объектілері тізбесіне қосылған арамшөптердің карантиндік түрлері

Штангалы, желдеткішті немесе арқаға ілінетін бүріккіш

529

592,48

      Ескертпе:
      * Бүріккіш техниканың түрін таңдау карантиндік организмдердің даму ерекшеліктерін, залалданған алаңдарды, химиялық өңдеу жұмыстарын тиімді және уақтылы жүргізуді ескере отырып жүргізіледі.
      ** Карантиндік объектілерге қарсы 1 гектарды химиялық өңдеуге арналған шығындардың құны.