«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 18 маусым
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 7-1/273 бұйрығымен бекітілген
Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті
атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін және өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. ЖАО бөлімшелері Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес дербес бөлімшелер нысанында құрылады.
ЖАО бөлімшесінің басшысы бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады, ал өзге лауазымды тұлғалар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер болып табылады.
4. ЖАО бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерін ұстауға жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.
5. ЖАО бөлімшелерінің құрылымын, штат санын штат санының белгіленген лимиті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бекітеді.
ЖАО бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында анықталған ЖАО бөлімшелерінің міндеттері мен функциялары негізінде белгіленеді.
6. ЖАО бөлімшелерінің өзінің атауы жазылған дөңгелек мөрі және мөртабаны бар.
7. ЖАО бөлімшелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады.
2. Негізгі міндеттері
8. ЖАО бөлімшелерінің негізгі міндеттері:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
3. Негізгі қызметтері
9. Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
4) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
5) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау үшін құжаттарды әзірлеу;
7) ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
13) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
14) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
15) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
17) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
18) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
19) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
20) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
21) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
22) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
23) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
24) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
25) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізуді қамтамасыз ету;
26) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
27) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
28) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу.
10. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау үшін құжаттарды әзірлеу;
6) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
7) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
8) ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
10) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
13) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
14) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін анықтау;
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
16) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
17) тиісті әкімшілік-аумақтың бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
18) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
19) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
20) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
21) жеке және заңды тұлғаларға қатысты орындалуы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;
23) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
24) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
25) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
26) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
27) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
28) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізуді қамтамасыз ету;
29) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
30) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
31) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
32) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
33) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
34) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
35) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
36) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
37) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
38) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн әзірлеу;
39) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру.
11. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
10) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізуді қамтамасыз ету;
28) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
29) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу.
4. Негізгі құқықтары
12. ЖАО бөлімшелері:
1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тоқтату туралы ұсыныс шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;
3) Заңмен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.
5. ЖАО бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру
13. ЖАО бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
14. ЖАО бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ЖАО бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары) болады.
16. ЖАО бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және ЖАО бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
17. ЖАО бөлімше басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
18. Басшы осы мақсатта:
1) өзінің орынбасары (орынбасарлары) болған жағдайда, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) ЖАО бөлімшесінің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер болған жағдайда басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. ЖАО бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары):
1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшенің қызметін үлестіреді;
2) ЖАО бөлімшесінің басшысы болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
3) ЖАО бөлімшесінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. ЖАО бөлімшесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЖАО бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға ЖАО бөлімше басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.