"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 шілдеде № 11683 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 639 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 30.07.2015 № 639 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен, медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 4-тармағына сәйкес, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8467 болып тіркелген, «Казахстанская правда» 2013 жылғы 23 қазандағы № 299 (27573) және «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалар мониторингін ұйымдастыру мен жүзеге асыру, сондай-ақ оларды қалыптастыру қағидасында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидада мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
      1) босатылатын баға (ТМККК шеңберіндегі бөлшек сауда бағасы) – бір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, босатылатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы;
      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларына мониторинг жүргізу – ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасында өндірілетін және әкелінетін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша деректерді жинау, өңдеу және талдау (бұдан әрі - мониторинг);
      4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган);
      5) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы (бұдан әрі – сараптама ұйымы) – дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа түпнұсқалық дәрілік заттарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйым;
      6) бірыңғай дистрибьютор – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, шарттарды, ұзақ мерзімді шарттарды жасау, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      7) импорт бағасы – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды Қазақстан Республикасына әкелу кезінде инвойста көрсетілетін баға;
      8) мониторинг субъектілері – медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      9) орташа көтерме сауда бағасы – дәрілік нысанын, дозасын есепке ала отырып, дәрілік заттың бір халықаралық патенттелмеген атауы (бұдан әрі – ХПА) шегінде дәрілік препараттардың саудалық атауларының көтерме сауда бағасының орташа арифметикалық мәні;
      10) өндіруші бағасы – өндірістік шығындардың барлық түрлерін, жүкқұжат пен жалпы әкімшілік шығыстарды қамтитын дәрілік затты және медициналық мақсаттағы бұйымды өндіруші ұйымның босату бағасы;
      11) өтініш беруші – дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді жүргізуге, тіркеуге/тіркелген бағаларды өзгертуге өтініш, құжаттар және материалдар беруге уәкілетті әзірлеуші, өндіруші, тіркеу куәлігінің иесі, өндірушінің ресми өкілінің мәртебесіне ие заңды тұлға;
      12) сатып алуды ұйымдастырушылар – тапсырыс беруші немесе тапсырыс беруші немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесінде белгіленген адам;
      13) тіркелген баға – өндірушінің бағасын, қауіпсіздікті және сапаны, логистиканы бағалауды жүргізуге жұмсалған шығыстарды, заңнамада көзделген жағдайларда кедендік баж салығын есепке ала отырып, уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның саудалық атауы бойынша бағасы;
      14) көтерме сауда бағасы – дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның көтерме саудада өткізу кезіндегі саудалық атауы бойынша бағасы;
      15) уәкілетті органның формулярлық комиссиясы - консультациялық-кеңесші және сараптама органы;
      16) халықаралық референттік баға – халқының тұрмыс деңгейі ұқсас және бірыңғай кедендік кеңістік елдеріндегі дәрілік нысанды, дозасын есепке ала отырып, бір ХПА шегіндегі дәрілік препараттардың саудалық атауларының көтерме сауда бағасының орташа арифметикалық мәні;
      17) ТМККК шеңберінде дәрілік заттың шекті бағасы – уәкілетті орган белгілеген, одан жоғары бағада сатып алуды жүргізуге болмайтын баға;
      18) дәрілік заттарға ішкі референттік баға белгілеу – дәрілік нысанын, дозасын есепке ала отырып, бір ХПА шегінде дәрілік препараттардың саудалық атауларының көтерме және бөлшек сауда бағалары бөлінісінде дәрілік заттардың бағаларын талдау;
      19) дәрілік заттарға сыртқы референттік баға белгілеу – халықтың өмір сүру деңгейі ұқсас және бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріндегі дәрілік нысанын, дозасын есепке ала отырып, бір ХПА шегінде дәрілік препараттардың саудалық атауларының көтерме және бөлшек сауда бағалары бөлінісінде дәрілік заттардың бағаларын талдау.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Мониторингті Қазақстан Республикасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының бірыңғай дерекқорын қалыптастыру жолымен сараптама ұйымы жүзеге асырады.»;
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) сарапштама ұйымы мен уәкілетті органның формулярлық комиссиясының жұмыс тобының жүргізілген келіссөздерінің нәтижелері бойынша деректерден қалыптасады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5.Дерекқорды қалыптастыру үшін сараптама ұйымына мынадай ақпарат ұсынылады:
      1) өтініш беруші:
      осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде олардың сараптамасын жүргізу кезінде өтініш беруші ұсынған ТМККК шеңберіндегі дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің бағасы туралы ақпарат;
      осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қауіпсіздік пен сапаға бағалау жүргізген кезде өнім импорты кезінде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу бағасы туралы ақпарат;
      осы Қағидаға 45-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ұсынылған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын тіркеуге арналған өтініш;
      2) сатып алуды ұйымдастырушы:
      осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде жүргізілген сатып алу негізінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бағалары туралы ақпарат;
      ақпарат ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей ұсынылады.
      3) фармацевтикалық қызмет субъектілері:
      ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың баға мониторингі үшін мәліметтер;
      4) уәкілетті орган:
      Формулярлық комиссияның келіссөздер жүргізу нәтижелерін ұсынады.»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Сараптама ұйымы осы бұйрыққа 6-1-қосымшаға сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттарға референттік баға белгілеуді жүргізу және олардың бағаларын тіркеу әдістемесіне сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға референттік баға белгілеуді және оларды тіркеуді жүргізеді.
      Уәкілетті орган «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 кыркүйектегі Кодесінің 76-бабының 2-тармағына сәйкес ТМККК көрсету үшін сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың шекті бағаларын белгілейді.
      9. Шекті баға дәрілік заттың әрбір тіркелген саудалық атауына көтерме саудаға үстемебағасы ескеріле отырып, белгіленеді.
      ХПА шекті бағасы дәрілік нысаны мен дозасын ескеріле епке ала отырып бір ХПА бөлінісінде ТМККК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың саудалық атауларының тіркелген шекті бағалары арасындағы орташа арифметикалық мәні ретінде белгіленеді.
      Долларға қатысты теңгенің ресми бағамы 15 пайыздан аса өзгерген жағдайда шекті бағаны белгілеу кезінде долларға қатысты теңге бағамының өзгеру коэфиценті ескеріледі.»;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. ТМККК шеңберінде дәрілік заттардың тіркелген бағалары болмаған жағдайа шекті баға белгіленбейді және орфандық дәрілік заттарды санамағанда ТМККК шеңберінде сатып алу жүзеге асырылмайды.»;
      Осы бұйрыққа 6-1-қосымшамен толықтырылсын.
      2. ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері Қағидаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ға ТМККК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағаларын тіркеу үшін өтінімді ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы бұйрықты мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                    Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің     
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 548 бұйрығына    
қосымша         

Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі
шеңберінде дәрілік заттардың,
медициналық мақсаттағы
бұйымдардың бағалар  
мониторингін ұйымдастыру
мен жүзеге асыру, сондай-ақ
оларды қалыптастыру 
қағидасына 6-1-қосымша

Дәрілік заттардың референттік бағасын белгілеу мен бағаларын тіркеуді жүргізу әдістемесі

      1. Сараптама ұйымы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың референттік бағасын белгілеу мен бағаларын тіркеуді жүргізеді.
      2. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың референттік бағасын белгілеу мен бағаларын тіркеуді жүргізетін сараптама ұйымының қызметкерлері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүдделердің әлеуетті қақтығысын ашу туралы декларацияны толтырады.
      3. Сараптама ұйымы тіркелген дәрілік заттың ішкі бағасын белгілеуді жүргізу үшін бір ХПА бөлінісінде дәрілік препараттардың саудалық атауларының бағаларын:
      1) өндіруші бағасын;
      2) тіркеуге ұсынылған бағаны;
      3) көтерме сауда бағасын;
      4) бөлшек сауда бағасын талдайды.
      Бұл ретте, қайта өндірілген дәрілік заттың (генерик) тіркелген бағасы түпнұсқалық препарат бағасының 70%-ынан аспауы тиіс.
      4. Тіркеу үшін алғаш рет берілген дәрілік затқа ішкі баға белгілеуді жүргізу үшін сараптама ұйымы бір ХПА бөлінісінде дәрілік препараттардың саудалық атауларының бағаларын:
      1) өндіруші бағасын;
      2) тіркеуге ұсынылған бағаны талдайды.
      Бұл ретте, қайта өндірілген дәрілік заттың (генерик) тіркелген бағасы түпнұсқалық препарат бағасының 70%-ынан аспауы тиіс.
      5. Дәрілік заттың сыртқы бағасын белгілеуді жүргізу үшін сараптама ұйымы бір ХПА бөлінісінде дәрілік препараттардың саудалық атауларының бағаларын:
      1) тіркеуге ұсынылған бағаны;
      2) Британдық ұлттық дәрілік формулярдың немесе халықаралық дерекқорларда бір ХПА бөлінісінде дәрілік препараттың шекті бағасын;
      3) Ресей Федерациясындағы бір ХПА бөлінісінде дәрілік препарат бағасын;
      4) Беларусь Республикасындағы бір ХПА бөлінісінде дәрілік препарат бағасын талдайды.
      6. Бағаларға жүргізілген салыстырмалы талдаудан кейін баға:
      1) салыстырылатын референттік бағаларға тең және/немесе одан төмен болса, онда сараптама ұйымы тіркелген бағаны белгілейді және тіркеу үшін уәкілетті органға жібереді;
      2) салыстырылатын референттік бағалардан жоғары болса, онда сараптама ұйымы тіркеуге ұсынылған бағаның негіздемесі үшін өндірушінің өкілін немесе өндірушінің уәкілетті өкілін келіссөзге шақырады.
      7. Өндіруші өкілдері немесе өндірушінің уәкілетті өкілдері сараптама ұйымына осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпаратты ұсынады.
      8. Келіссөздердің қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы сараптама ұйымының басшысы бекітеді және оған өндірушінің өкілдері немесе өндірушінің уәкілетті өкілі қол қояды. Өтініш беруші тіркеу үшін келісілген бағаны осы Қағидаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес сараптама ұйымына ұсынады.
      9. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің өкілдері немесе өндірушінің уәкілетті өкілдері сараптама ұйымының келіссөз нәтижелерімен келіспеген жағдайда қосымша келіссөздерді Формулярлық комиссияның жұмыс тобы жүргізеді.
      10. Тіркеу бағалары көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауларының тізбесі мен хаттама уәкілетті органға жіберіледі.
      11. Формулярлық комиссияның жұмыс тобы өндірушілердің өкілдерімен немесе өндірушілердің уәкілетті өкілдерімен қосымша келіссөздер жүргізеді.
      12. Келіссөздердің қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы жұмыс тобының басшысы бекітеді және оған өндірушінің өкілдері немесе өндірушінің уәкілетті өкілі қол қояды. Өтініш беруші тіркеу үшін келісілген бағаны осы Қағидаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес сараптама ұйымына ұсынады.
      13. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің өкілдері немесе өндірушінің уәкілетті өкілдері келіссөз нәтижелерімен келіспеген жағдайда материалдар Формулярлық комиссияның қарауына жіберіледі.
      Онымен келіспеген жағдайда шекті баға халықаралық референттік баға белгілеу негізінде белгіленеді.
      14. Өндірушінің өкілдері немесе өндірушінің уәкілетті өкілдері сараптама ұйымына осы Әдістемеге 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша баға туралы ақпаратты ұсынады.
      15. Формулярлық комиссия мақұлдағаннан кейін шекті бағалар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітіледі.

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың бағалар мониторингін жүзеге
асыру және ұйымдастыру, сондай–ақ тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде оларды қалыптастыру қағидасының
Дәрілік заттардың референттік
бағасын белгілеу мен бағаларын
тіркеуді жүргізу әдістемесіне
1-қосымша          
Нысан             

Сараптама ұйымы қызметкері
мүддесінің әлеуетті қақтығысын ашу туралы
декларация

Мен (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ________________________
өз қызметімді жүзеге асыру кезінде Формулярлық комиссия туралы Ереже талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттенемін және мынадай мүдделердің әлеуетті қақтығысының бар-жоғын хабарлаймын:_________________________
_____________________________________________________________________

Мен (толық немесе ішінара, акция немесе патент иесі түрінде) дәрілік заттарды, материалдарды немесе құралдарды шығаратын өндірісті, денсаулық сақтау ұйымдарын, дистрибьюторлық фармацевтикалық мекемелерді немесе дәріханаларды (егер бар болса атауын көрсету керек) иеленемін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Мен басқару ұйымдарына (байқау кеңесіне, директорлар кеңесіне, басқа да басқарушы ұйымдарға) дәрілік заттарды, материалдарды немесе құралдарды өндіруші дәріханаларға немесе дистрибьюторлық мекемелерге, денсаулық сақтау ұйымдарына, медициналық сақтандырумен айналысатын сақтандыру ұйымдарына (егер бар болса атауын көрсету керек) кіремін:_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Мен соңғы үш жыл ішінде медициналық мақсаттағы өнімдерді (дәрілік заттар, басқа да препараттар, оның ішінде «классикалық емес» ББҚ, гомеопатиялық), құралдар, протездер, жабдықтар (мен құрамына кірген қоғамдық ұйымдар арқылы, жұмыс орны), (егер болса, атап көрсету керек) шығаратын компаниялардың есебінен демалыс орындарына және кәсіби сапарларға бардым, соның ішінде конференция өткізу үшін тікелей қаржылық қолдау алып отырдым.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Мен соңғы үш жыл ішінде медициналық мақсаттағы өнімдерді (дәрілік заттар, басқа да препараттар, оның ішінде «классикалық емес» ББҚ, гомеопатиялық), құралдар, протездер, жабдықтар (ақылы сипаттағы көрсетілетін қызметтерді, соның ішінде тікелей зерттеу келісімшарты көрсетіледі), (егер болса, онда қандай және қай компаниялармен екенін көрсету керек) шығаратын компаниялардың қызметтерін ұсындым:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Менің басқа мүдделі әлеуетті қақтығысым жоқ, мүдделер қақтығысына қатысты Формулярлық комиссияның саясатын түсінемін.

Күні ___________                                 Қолы __________

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың бағалар мониторингін жүзеге
асыру және ұйымдастыру, сондай–ақ тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде оларды қалыптастыру қағидасының
Дәрілік заттардың референттік
бағасын белгілеу мен бағаларын
тіркеуді жүргізу әдістемесіне
2-қосымша          
Нысан             

Сараптама ұйымдарындағы келіссөздер үшін дәрілік препараттар туралы ақпарат

Халықаралық патенттелмеген дәрілік перпараттардың атауы

Дәрілік перпараттардың сауда атауы

Сыртқы референтті баға белгілеуді талдау деректері бойынша бағасы

Ішкі референтті баға белгіленді талдау деректері бойынша бағасы






Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы
бұйымдардың бағалар мониторингін жүзеге
асыру және ұйымдастыру, сондай–ақ тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
шеңберінде оларды қалыптастыру қағидасының
Дәрілік заттардың референттік
бағасын белгілеу мен бағаларын
тіркеуді жүргізу әдістемесіне
3-қосымша          
Нысан             

Өндірушілер ұсынған дәрілік препараттар туралы ақпарат

Халықаралық патенттелмеген дәрілік перпараттардың атауы

Дәрілік перпараттардың сауда атауы

Дәрілік перпараттарға ұсынылған баға

Дәрілік перпараттдың ұсынылған құнының құрамдас бөлігі

Ескерту